Факультетінің деканы



бет8/10
Дата10.11.2016
өлшемі1,65 Mb.
#1401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қарастырылатын сұрақтар: Сабақтың құрылымындағы өзгерістер оқытудың дамушы және тәрбиелеуші қызметін көрсетуге байланысты зерттеу еңбектеріне шолу; Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстарының тіл дамытудағы ролі; Шығармашылық, белсенділік өзінділік ізденістердің дамуы; Тақырыптық, бағдарламалық, публиицистикалық шығарма түрлері; Баяндама, мақала сын-пікір, реферат дайындау; Сөйлеудегі тіл мәдениеті т.б. студенттердің өзіндік ой-пікірін ғылыми негізде жүйелі айта білуге, жаза білуге, ұтымды шешен сөйлеуге төселдірудің жолдары; Мақсаты: Әдебиет сабағының жалпы құрылымдық ерекшеліктерін, әр сбақтың өзіндік мақсат-міндеттерінмеңгерту Әдебиет сабағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы. Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.). Сабақты талдау мәселелері: а) дидактикалық талдау (сабақтың мақсатын айқындау, дидактикалық принциптерді, оқу материалдарынан логикасын сақтау, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды қадағалау, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін сақтау принципін жүзеге асыру). ә) психологиялық талдау, б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсатында жүргізілетіні;
18 дәріс сабақ.

Тақырыбы: : Әдебиет сабағындағы көрнекіліктердің маңызы Қарастырылатын сұрақтар: Әдебиет сбағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы; Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; Бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.). Мақсаты: Қазақ әдебиет пәнін оқытдағы көрнекіліктердің мән-маңызын жэәне олардың түрлерін, қолдану ерекшеліктерін меңгерту Әдебит пәнін оқытуда көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Мектептегі сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар, факультативтік сабақтарда көрнекіліктер, техникалық құралдарды пайдаланудың принципті айырмашылықтары. Көрнекіліктерді сабақта пайдаланудың тәртібі. Әдебиет сабағындағы көрнекіліктердің қызметі оқушылардың тілін дамытып, әдеби-теориялық біліммен қаруландыруда, жазушы шығармашылығы, әдеби көркем шығарманы меңгеруде мұғалімнің алдыға қойған мақсатына қатысты екендігі. Көрнекіліктерді қолдану өтілген материал табиғатына, оқушылардың ықыласына қатыстылығы. Көрнекілікті сабақта пайдаланудың жолдары. Әдебиет сбағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы; Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; Бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.).

19 дәріс сабақ.



Тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика Қарастырылатын сұрақтар: Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студенттің универсиет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Әр бір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары Мақсаты: Студженттерді педгогикалық сарманған даярлау, және құжаттарды толтыру жүйесімен таныстыру Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студенттің универсиет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Әр бір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары: мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (Ү-ІХ) сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабақта оқушының әдебиет пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатнына құру; Жоғары сыныптағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойына көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыфру, эстетикалық деңгейін көтеру; Әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін оқытудың жаңа технологиямен тиімді ұштастыра білу; Өзі бекітілген сынып оқушыларының мінез-құлқы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі, т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде пайдалана білу; Мектеп басшылығы мен педагогикалық практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланысты ынтымақтаса жұмыс істеу.
20 дәріс сабақ. Тақырыбы: Кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы аудиториядан тыс оқу және аудиториядан тыс жұмыстар Қарастырылатын сұрақтар: Студенттер еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, өздігінен ізденіп оқуды тиімді өткізу, көркем шығармаға деген қызығушылықты арттыру эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру; Аудиториядан тыс жұмыстардың түрлері сан-алуан екендігі; а) әдеби шығармашылық үйірмелер; «Шешендік өнер», «Айтыс мектебі» т.б. Әдеби конференциялар, поэзия кештері, кездесулер, «Сырлы сөз клубы» әдебим газеттер шығару; әдеби басылымдарға мақалалар, өлең, әңгіме т.б жариялау; Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мән-маңызын меңгерту, олардың ғылыми-теориялық негіздерін түсіндіру Студенттер еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, өздігінен ізденіп оқуды тиімді өткізу, көркем шығармаға деген қызығушылықты арттыру эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру; Аудиториядан тыс жұмыстардың түрлері сан-алуан екендігі; а) әдеби шығармашылық үйірмелер; «Шешендік өнер», «Айтыс мектебі» т.б. Әдеби конференциялар, поэзия кештері, кездесулер, «Сырлы сөз клубы» әдебим газеттер шығару; әдеби басылымдарға мақалалар, өлең, әңгіме т.б жариялау; өздігінен оқу (аудиториядан тыс) мәселелері жоспарлы түрде ұйымдастырудың жолдары; Көркем шығарманы оқып-үйренудің, өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру: оқытудың жаңа технологиясы мен тиімді ұштастыра білу.

21 дәріс сабақ.



Тақырыбы: Әдебиет пәні кабинеті Дәріс мазмұны: Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видио таспаларды жинастырып сақтайды. Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәні кабинетін жасақтаудың жолдарын меңгерту, қажетті құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар, схема-таблицалардың жүйесін жасақтату

Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видио таспаларды жинастырып сақтайды. Әдебиет кабинетіндегі жұмыстың тиімділігін арттыруда кабинет жабдықтары мен мен техникалық құралдардың елеулі әсері болып келеді. Әдебиет кабинетінің көрнекті жабдықтар: бағдарламаға енгізілген көркемшығарма мәтіндері, оқу құралдары, хрестомаиялар, әдістемелік әдиеттер, сын-зерттеу әдебиеттері, сөздік анықтағыштар, әдеби газет-журналдың қажетті сандары. Плакаттар, альбомдар, иллюстациялық суреттер, экспозициялар, стенділер, ақын-жазушылар портіреті, фотолар, түрлі схемалар, әдеби теориялық ұғымдар үшін жасалған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар, т.б.


22 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шет ел әдебиет үлгілері. Қарастырылатын сұрақтар: Бесінші – он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылаитын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керекутігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінезқұлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дерек-көздік, тәлімдік рөлі, әсер-ықпалы. Онда суреттелетін, баяндалатын оқиғалардың, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары. Мақсаты: Болашақ кәсіби мамандарды қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру және әр тақырыпқа қатысты (мектеп оқулығындағы) материалдарды жинақтау, каталог құруға үйрету Бесінші – он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылаитын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керекутігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінезқұлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дерек-көздік, тәлімдік рөлі, әсер-ықпалы. Онда суреттелетін, баяндалатын оқиғалардың, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары. 5-9 сыныптарға арналған әдебиет бағдарламасында 1 блок әлем әдебиеті үлгілері (шетел әдебиеті) беріледі. Оқушылар үшін бұл - өте қажетті дүние. Біріншіден, әлем әдебиеті үлгілерінен хабардар болады, ақын-жазушылардың атын есітіп біледі, сонымен бірге әдебиеттің жаңа жанрларымен таныс болады.

23 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және әдіскер ғалымдар еңбегі Қарастырылатын сұрақтар: Қ.Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі.Қазіргі технология талаптары. Оқушыны әрбір көркем туындыға, ондағы әдеби тұлғаларға өзінше баға беріп, өзінше ой түюге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері туралы. Поэтикалық талдау үлгілері. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінее қатысты ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың әдістемелік еңбектеріне пайдалана отырып, өзіндік шығармашылық ізедністерге баулу Қ.Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі.Қазіргі технология талаптары. Оқушыны әрбір көркем туындыға, ондағы әдеби тұлғаларға өзінше баға беріп, өзінше ой түюге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері туралы. Поэтикалық талдау үлгілері. Автор туған әдебиеті мен тілінің қадір-қасиетін жете сезіндіре отырып, қазақ ұл-қыздарын отаншылдық рухында тәрбиелеу туралы ой-толғамдарын да ортаға салады. Айтжанова Құттыгүл «Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы» атты оқу құралында қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми заңдылықтарын, проза, поэзия жанрларын, модульді оқыту теорияларын, практикалық жұмыстарда қолдану әдістерін зерттеді. Модульді оқыту, тереңдетіп оқыту, тіл дамыту, шығарма жаздыру жұмыстары – сабақтың түрі, дидактикалық оқыту теориясы психологиялық педагогикалық байланыста эксперименттік қорытындылар талданып, өскелең ғылыми талапқа сай әдебиетті оқытудың әдіснамасы жасады. Сондай-ақ Жұмажанова Т, Ақшолақов, Қ.Мырзағалиев, Қирабаев С, Мақпыров С, Дайырова Ә. Т.б әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.

24 дәріс сабақ. Тақырыбы: М.Әуезов шығармашылығын оқыту Қарастырылатын сұрақтар: 5-сынып, «Ақын қонақтар» (Абай жолы романынан үзінді, 3 сағат); 6-сынып, «Біржан сал Абай ауылында» (Абай жолы үзінді, 3 сағат); «Көксерек» (7-сынып, 5 сағат); 8-сынып, «Қараш-қараш» (3 сағат); 9-сынып (Абай жолы эпопеясы, 5 сағат); 11-сынып, (10 сағат); М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. М.Әуезовтың шығармашылық өмірбаяны. Жазушының әңгімелері. Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиетін оқытуда жекелеген авторлардың туындыларын оқытудаға қатысты мағлұмат беру 5-сынып, «Ақын қонақтар» (Абай жолы романынан үзінді, 3 сағат); 6-сынып, «Біржан сал Абай ауылында» (Абай жолы үзінді, 3 сағат); «Көксерек» (7-сынып, 5 сағат); 8-сынып, «Қараш-қараш» (3 сағат); 9-сынып (Абай жолы эпопеясы, 5 сағат); 11-сынып, (10 сағат); М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. М.Әуезовтың шығармашылық өмірбаяны. Жазушының әңгімелері. М.Әуезовтың өмірі, тағдыры, оның жазушы шығармашылығына әсері. М.Әуезов және оның шығармашылғы туралы қазіргі көзқарас (шындық пен дақпырт). М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері, оның қазақ прозасына әсері. М.Әуезов және әлем әдебиеті. «Абай жолы» эпопеясы. Жазылу тарихы, тағдыры, ол туралы бүгінгі көзқарас. М.Әуезов – дрматург. М.Әуезов және қазақ драмтургиялар өнері, театры. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшлігі трагедия табиғаты. М.Әуезов – ғұлама ғалым. Әуезов және Абай.

25 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді автор ізімін талдау жолдары. Қарастырылатын сұрақтар: Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мақсаты: Көһркем мәтінді талдаудың авторлық идея тұрғыфсынан талдаудың мәнін түсіндіру Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мітінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет мақсаты. Көркем мітінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Әдебиет мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу болып табылады. Оның ең тиімді жолы – үнемі бала пікірін, ойын тыңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарласып, таныстыру емес, алдын-ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту болып табылады. Бұл жұмым төменгі сыныптан, яғни Ү сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Автор ізімен талдау, оның негізгің мақсаттары. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, тадауға ерекше назар аударады. Бірақ талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.

26 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытуда дидактикалық ұстанымдар. Қарастырылатын сұрақтар: Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы прициптердің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін саралау Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы. Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары. Ғылыми ұстанымға: мәтінге эстетикалық талдау жасау; шығарманың сюжеттік – композициялық негізін талдау; көркем әдебиеттегі тарихи ұстанымның ғылыми ұстанымымен байланысы; әдеби-ғылыми стиль, әдебиеттегі ұлттық ұғымдарды қалыптастыру; Оқытудың жүйелілік ұстанымы – Сабақ өзінің логикасы мен оқу материалын жүйелі меңгертуімен құнды. Ойлауға қойылатын негізгі талаптардың бірі – ойлаудың жүйелі дәйекті болуы. Екінші – ойлаудың ақиқаттығы, шындығы. Үшінші – кез келген ойлаудың бір ізді жүйемен тұжырымды болуы. Сабақ логикасы әдебиет пәнінің бәріне ортақ заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Әдебиет пәні мектептегі негізгі эстетикалық пән. Әдеби эстетикалық талғампаздықпен шығарманы таңдап алу - әдебиет оқулығының басты шарты. Көркем шығармаларды іріктеу барысында мына талаптар негізге алынады: әдеби шығармалардың туған дәуірі мен қазіргі кезең үшін де мәнділігі; оқушылардың жасына, дүниетанымына үйлесімділігі, шығармалар мазмұны саясат пен эканомика тұтқынынан арылған, жоғары құрылымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдекбиетке құшатрлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу.

27 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту. Қарастырылатын сұрақтар: Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс Мақсаты: көркем әдебиетті тереңдетіпр оқытудың әдістемелік жолдарын меңгерту Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс. Оның үш түрлі арнасы бар. Біріншісі-педагогикалық процесс. Көркем шығарма арқылы оқушыға берілетін тәрбие. Екіншісі - әдебиет әдіснамасы. Әдебиетті оқыту әдістерінің негізгі принциптері. Үшіншісі-психология жетістіктері. Жаңаша оқыту процесінде оқушылардың қабылдау психологиясы. Оқушылардың деректерді жүйелі меңгеруі оқу процесіндегі түрлі әдістерді дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Деректерді оқушыларға меңгертуде әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, өлкетану-мағлұматтарын оқыту әдістерін психология ғылымдарының жетістіктері мен принциптеріне негіздеп іздестіру қажет. Әдеби-тарихи өлкетану дерек мағлұматтарын оқытудың мақсаты.

28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту. Қарастырылатын сұрақтар: Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Мақсаты: көркем әдебиетті тереңдетіп оқытудың әдістемелік жолдарын меңгерту

Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Бақылаудың барлық міндеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру – дәстүрлі сабақта жүйеленіп, барлық оқушы жаңа сабақты қабылдай алатындай жоспарда меңгеріледі. Жаңа тақырыпты бір сабақта түсініп, практикамен байланыстырып, жаңа сабақ бекітіледі. Қазақ әдебиетін оқытудың басты проблемасы – Ү-ІХ, Х-ХІ сынып арасындағы сабақтастықты (әдістер жүйесі), шешеді. Жеке (индукциялық) оқыту, ойлау әдістерінен жалпы (дедукциялық) ой қорытындысын қорытуға, практикалық әдістерді шығармашылыққа құрып, нәтижесінде терең білім алады. Терең білім алу ақыл-ой еңбегімен, өзіндік жұмыс істеудің дағдыларына байланысты қалыптасады. Бірінші – кітаппен жұмыс істеу: жаңа тақырыптың теориясын екшеп алу; кітапта берілген мысалдарға сәйкес мысалдар тауып, өз еңбегін тиімді ұйымдастыру. Екінші – шығармашылықө жұмысқа дағдыландыру. Мұғалімдер сабақ үрдісінде оқушыны субъект роліне қойып, олардың өзімен бірге қатар жұмыс істеуін талап етіп, бірте-бірте оқушының өзі басқаратын дәрежеге жеткізеді.

29 дәріс сабақ.

Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс. Қарастырылатын сұрақтар: Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мақсаты: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстарының мән-маңызын саралап, меңгерту Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Бұл адамның психикасында өтетеін үрдіс. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі,әдеби тіл бар. Олардың қағидаларын теориялық жағынан білу бір басқа да іс жүзінде орындау қиыншылығы бар. Осы қайшылықты жойып теорияны өмірде, күнделікті оқыту үрдісінде дағдыландырса, оқушының тіл мәдениеті артып шығармашылық жұмысты еркін орындайды. Ол оқушының теориялық білімі мен дағдысына тәуелді. Тіл мәдениеті – жүйелі сөйлеу, жаза біліп, терең мазмұнда ой-толғап, көркем туындыға терең талдау жасай алу.

30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс. Қарастырылатын сұрақтар: Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Мақсаты: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстарының мән-маңызын саралап, меңгерту

Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Ауызша тіл дамыту – тыңдай білуге, әңгімелей, мазмұндай алуға байланысты. Сабақ үрдісінде екеуін қатар жүргізген жөн. Әдеби тіл – сөз байлығы, сөздің суреттеме, көркемдегіш құралдары, сөздің грамматикасы, лексикасы. Әдеби тілде дұрыс сөйлеп жаза білудің негізі – тілдің лексикасында, фонетикасында, грамматикасында, орфоэфиялық құралдарын терең меңгеруге байланысты. Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Ғылыми тіл - әдеби тіл қолданысында, тіл дамыту жұмыстарында ғылыми тілді пайдаланады. Тіл дамытудағы грамматиканың рөлі. Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту. Мәтінді тіл дамыту. Көрнекілік тіл; композициялық тіл; фрозологиялық тіл, сөздік тіл жұмыстары негізінде тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.






Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).


1 апта

1,21,3,4,5,7.

2.

Әдеби базалық білім аймағы.


Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшілігіне баса назар аударылатындығы. Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі ролі. Жоғарғы сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақстастығы. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі.


2 апта

1,2,3,4,

3

Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.



Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.

3 апта

1,2,3,4,5.

4.

Көркем шығарманы оқыту.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат міндеті. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстырмалы талдау.

4 апта

1,2,3,4,5,6

5.

Лириканы оқыту

Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық- көркемдік қуатына сай белгіленетіні; Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып-үйренудегі қызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері.

5 апта

1,2,3,4,5,6,7,

6.

Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері


Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманы танытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу;

6 апта

1,2,3,4,5,

7.

Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) (3 сағат, 6-сынып)


Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор құдіреті, сырлы сезім сиқыры. Абайдың ән қадірін, ән қасиетін ардақтап, Біржанды қадірлі қонақ етіп, өнер сүйер жастарды жинап, үлгі-өнеге көрсетуі, желекті жас келін Әйгерімнің ән салуына еркіндік беруі, өзі сол ортада болып, басшылық етуі. Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес. Әдебиет теориясы. Типтік образ туралы. Қосымша оқуға: «Жетім әңгімесі».

7 апта

1,2,3, 4,5,6,

8.

Әдебиет сабағы негізгі міндеттер


Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ талдау мәселелері; а) дидактикалық талдау; ә) психологиялық талдау; б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсаттында жүргізілетіні;

8 апта

1,2,3,4,5,

9

Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқыту.


5-сынып, «Соғыс», «Қызғыш құс», (2 сағат), 7-сынып, Махамбет Өтемісұлы «Тарланым». (1 сағат). 8-сынып, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Бұл дүниенің жүзінде» (2сағат). 9-сынып, 3сағат. 10-сынып, 3-сағат. Махамбет Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарындары. Әдебиет теориясы: Өлең туралы мәліметті кеңейту.

9 апта

1,2,3,4,5,

10.

Абай Құнанбайұлы шығармашылығын оқыту



5-сынып, Абай. «Қыс», «Ғылым таппай мақтан ба»(2 сағат); 6-сынып, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кріп бойды алар», «Әсемпаз болма әр неге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат); 7-сынып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4-сағат); 8-сынып, (4сағат); 9-сынып, 5сағат; 10 сынып, (10 сағат); 11-сынып;

10 апта

1,2,3,4,5

11.

Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар түзілісі.


Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар. Сабақ кестесіне сай тақырыптың өтілетін күні, уақының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны.

11 апта

1,2,3,4,5,

12.

Әдебиет сабағында оқу-тәрбие жұмысын үйлестіре жүргізу



Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын, шешілетін басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – мұғалімдер жұмысындағы, оқу процесіндегі ең негізгі, ең күрделі процесс екені белгілі. Сабақ мақсатын кешенді жоспарлау, ең алдымен, өтілгелі отырған оқу материалының мазмұны, тақырып ерекшелігі, солардың негізгі түйінді дәлелінен туындайды. Тақырып мазмұны, сонда қамтылатын негізгі ұғымдар.

12 апта

1,2,3,4,5,6

13.

Поэмаларды оқыту.


Батырлар жырын оқыту. «Қобыланды батыр» жырының тарихилығы. Лиро-эпостық поэмаларды оқыту. Психологиялық поэманы оқыту. Сюжетсіз поэманы оқыту. Романтикалық поэманы оқыту. Пәлсапалық лирикалық поэманы оқыту. Поэзиялық шығармалардың тілін талдау.

13 апта

1,2,3,4,5,

14.

Көркем шығармаларды модульді оқыту.


Модульді оқыту әдісі. Кіріспе. Прозалық шығармаларды оқыту. Прозалық модульді оқыту-педагогика ғылымының бір саласы. Прозалық шығармалардың тақырыбы мен идеясын, композициясын таныту модулі. Проза, поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.

14 апта

1,2,3,4,

15.

Сабақ үлгілері мен түрлері.



Сабақ түрлері. Өтілетін тақырыптың ерекшелігі. Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, сабақ мақсаты. Қазіргі сабақтардың тиімді түрлері. Дәріс сабақ. Семинар сабақ. Пәнаралық байланысты оқытуға негізделген үштік сабақтары.

15 апта

1,2,3,4

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тарауларды мұқият талқылау, пәннің ерекшеліктері бойынша, қолданалатын оқыту әдістер, әдебиет және Интернетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының сұрақтарды конспектілеу қажеттілігі бойынша, СӨЖ сұрақтарды міндетті түрде орындалу бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет