Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет16/19
Дата03.12.2022
өлшемі75,24 Kb.
#161071
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Философия. лекция.
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Лекция әкім.құқ, 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Дүниені танып-білудің мәні. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үніледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады. Танымның субьектісідеп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субьект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным обьектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субьектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным обьектісінеайналады. Адамдардың осындай заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік қызметін практикадеп атайды. Яғни, практика дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
13.Дәріс.
Тақырыбы: Ғылыми танымдағы болмыстың негізгі мәселелері (Онтология)
1. Болмыс ұғымы
2. Болмыстың түрлері,(адам болмысы, руханилық болмысы, әлеуметтік)
3. Болмыстың әлеуметтік мәні
Болмыс категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория. Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам болмысы; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.
"Онтология” термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: “ontos” - болмыс, “logos” - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда “болу” деген қасиетке ие болатын барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарыстырылады. Онтологияның негізгі категориясы болмыс болып табылады.
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялардың арасындағы ең маңыздысы “болмыс” категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік “болудың” сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен “барды”, “болуды” түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: “Қоршаған орта нені білдіреді?”, “Оның шығу тегі қалай?”, “Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?”.
Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән келтіріліп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Белгілі бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзистенциалдық дағдарыстық ахуалды тоқтатудағы оның үстемдігі мен құдіретіне күмән келтірілетін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны құдайлар мен қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден айрылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сеніп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы мен субьективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан әдеттегі көзқарастардың жойылуына әкеледі. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет