Физиканы ағылшын тілінде оқытудың кейбір әдістемелік ерекшеліктері



Дата27.08.2017
өлшемі68,48 Kb.
#29783
ФИЗИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5В011000-физика мамандығының 4-курс студенті А.Джамбулова

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Г.Ә.Қаптағай
Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында білім беру жүйесінің 3-тілділікке өтудің маңыздылығы атап көретілген.

Осы бағдарламаға сай келесідей мәселелерді шешу көзделуде:

- осы бағытта жоғарғы оқу орындарында білікті орта мектеп мұғалімдерін дайындауға қабілетті кәсіби білікті мамандар дайындау;

- Ағылшын тілінде жоғарғы оқу орындары мен мектепте жүргізілетін пәндерге оқу-әдістемелік құралдар жасау;

- ағылшын тілінде оқытудың бағдарламасын, әдістемесін, авторлық әдістемелік жобаларды жасау.

Осыған байланысты тілдерді оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болуда. Олардың бірі пәндік – тілдік интеграциялы CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясы болып табылады. CLIL екінші тілді меңгертуді оқушыларда өздерінің коммуникациядағы қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік бере отырып оқушыда оқуға деген қажеттілік туғыза алатын басқа пәндерді оқыту құралы ретінде қарастырады. CLIL жалпы білімділік дағдылары мен ебдейліктері қалыптасып жатқан оқу саласында екінші шет тілінде лингвистикалық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс болып табылады. Қазіргі таңда CLIL технологиясын көптеген елдер өз іс-тәжиірбесінде сәтті қолануда. Венгрияда оқу пәндері шет тілінде жүргізілетін бұрыннан билингвистік мектептер бар болса, осы технологияны қолдану Болгарияда 50 жылдан астам уақыт бойы жүргізілуде.

CLIL бойынша өткізілген сабақ келесідей құзыреттіліктерден тұруы керек:
• CONTENT(Мазмұн) пәндік саладағы білімдерді, біліктіліктерді дамыту;
• COMMUNICATION (Қарым-қатынас) шет тілін оны қалай қолданатындығын біле отырып қолдану;
• СOGNITION (таным) жалпы білімді қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
• CULTURE (Мәдениет) өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде сезіндіре алу және альтернативті мәдениеттердің бар екендігін сезіндіру.
CLIL бойынша жүргізілген пәндік сабақтарда лексикалық тәсіл грамматикалық тәсілден басымдау.

Шет тілі физиканы оқытуда

Физика тілі ақпараттық- кәсіби салада техникалық ғылымға қызмет етеді, және ғылыми-кәсіби салада маңызды, мұнымен қоса техника әлемі қазіргі таңда барлық қоғам мүшелеріне қатысты. Сондықтан бұл тек физиканы білуді ғана емес жоғары тілдік құзыреттілікті талап етеді. Сабақ материалын шет тілінде түсіндіру ғылыми және лингвистикалық тұрғыдан сауатты болуы керек. Сондықтан физиканы шет тілінде оқытатын мамандарды дайындауда жазба және ауызша қарым –қатынастың арнайы дағдылары:сұрақ қоя білуі, есептер шешімін дұрыс негіздей алуы, ғылыми-техникалық мәтіндердің мағынасын қатесіз баяндай білуі сияқты дағдылар қажетті [1-3]. Әйткенмен іс тәжірибе көрсеткендей шет тілінде физиканы оқытуда тек осы мәселе ғана емес қосымша келесідей мәселелер кездеседі:



  • а) оқу пәніндегі бағдарламалық білімдердің көбеюімен қатар білім алушыларда осыны меңгертудегі тиісті тәсілдердің болмауы;

  • б) сабақтарда шығармашылыққа басымдылық берілетін жаңа инновациялық тәсілдерді қолдануға сабаққа бөлінетін уақыттың аздығымен шектелуі;




  • аудио мәтіндерді тыңдап қойылған сұрақтарға жауап береді, түсінгенін айтады;

  • Физикалық құбылыстарды, процестерді демонстрациялауға интернет желісінен алынған видео материалдар көрсетіледі
    - физикалық құбылыстар кескіні көрсетіліп, осы құбылысты ауызша баяндау ұсынылады.

Мәтінмен жұмыс:

Физика бөлімдері бойынша мәтіндерді бір тілден екіншісіне аударып ауызша мазмұнын айту қарастырылады.



2 Практикалық сабақтарды жүргізу үшін:

  • Тақырыпқа сай тест сұрақтарын шешкізу;

  • есептер шығарту;

  • аудио мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беру;

  • видео материалдар бойынша пікірталастыру және сұрақ –жауап

  • физиканың қандай да бір бөлімін қортындылау үшін белгілі бір тақырып бойынша ессе жазу және т.с.с.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Хомутова Е.В. Интенсивный курс английского языка для физиков. МУ.1983.211с.

  2. Сикорская Н.П. Английский язык для физиков. Минск. 1981.301с.

  3. Дроздова И.В. и др. Учебно-методическое пособие по чтению специальной литературы-1 курс. Воронеж. 2004.


Кілт сөздер: Физикалық терминология, CLIL әдістемесі, эссе, аудиомәтіндер,пәндік-тілдік интеграция

Түйіндеме: В статье рассматриваются основные методические особенности изучения физики на английском языке. Обоснована важность применения технологий CLIL при преподаваний физики. Также в статье приведена основные способы организации урока по физике путем применения различных дидактических средств.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет