Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


«Аяз би» ертегісіне талдау жасау



бет72/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
87.«Аяз би» ертегісіне талдау жасау
Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен.
Кейіпкерлері:
Мадан хан
Жаман - Аяз Би
Қырық уәзір
Меңді қыз
Қой жайып жүрген шал
Мақал-мәтелдер:

«Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар»;


«Сөз тапқанға қолқа жоқ»;
«Қылыш үстінде серт жүрмейді»;
«Аға өлсе -іні мұра»;
«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»;
«Аяз әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл»
Портрет: Жаман - үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, ұсқынсыз адам.
Сюжеттік-композициялық талдау:
Ертегінің басталуы: Ақылы асқан Мадан деген ханның болуы.
Ертегінің дамуы: Құстың, адамның, шөптің жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы; Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі; хан сынағынан сүрінбей өтуі.
Ертегінің байланысы: Жаманның ханға уәзір болуы; Меңдінің жұмбағын шешіп, қызға үйленуі.
Ертегінің шиеленісуі: Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы; Жаманның Барсакелмеске сапары; Жаманның хан өтірігіне жауабы;
Ертегінің шарықтау: Ханның Жаманды Ақша- шегі ханның еліне көшіріп салуы; Жаманды сағынған ханның уәзірлерін жазалауға тапқан ақылы;
Ертегінің шешімі: Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы; Жаманның хан тағына отыруы.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет