Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Жарапазанның бір үлгісін талдау



бет74/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
89.Жарапазанның бір үлгісін талдау
Жарапазан-маусымдық ғұрып фолькорына жататын,түркі халықтарының, әсіресе, мұсылман халықтары арасында кең таралған тұрмыс-салт жырларының бірі.Ол қасиетті Рамазан айында айтылады.
Негізінен, жарапазанды көбіне жас балалар Рамазан айы келгенде үй-үйді аралап айтатын болған.Белгілі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының айтуы бойынша,жарапазанды айтушыларға жас шектеуі қойылмаған.Оны кім айтып келсе де ,үй иесі қатты қуанып, ерекше сыйластықпен қарсы алған деседі.Үй иесі жарапазан айтушының тілектері қабыл болып,періштенің құлағына шалынсын деген ниетпен батасын беріп, сыйлықтар тарту еткен.
Жарапазан айту Орта Азия халықтарының ислам дінін ұстанатын мемлекеттерінде таралған. Мысалға, жарапазан жыры қазақ халқымен қоса, өзбек, түрікмен,түрік халықтарында да айтылады.Дегенмен,әр халықтың жарапазан жырын айту дәстүрі әр қалай болып келеді.
Осы жыр құрылымы мен айырмашылықтарына тоқатала кетсем.
Мысалға, түрік және қазақ халқының жарапазан жырын алсам,
1)Қазақ халқында жарапазан жыры кешкілік кезде,ораза тұтушылардың ауыз ашар уақытында айтылады.
Ал түрік халқында жарапазан жыры түн уақытында, яғни, ауыз бекітер кезеңде айтылады. Олар осы уақытта жарапазан айтып, ораза тұтушыларды сәресіне оятады.
2)Қазақ халқында жарапазан өлең түрінде айтылса, түрік халқында ол көбіне барабанның,яғни, дағыраның сүйемелденуімен айтылады.Олар дағыраны мейлінше қатты соғып, көшелерді аралап, ораза тұтушыларды оятады. Бұрынғы кездерде бір топ адам жиналып, жаяу көшелерді араласа, қазіргі күнде әртүрлі көліктермен де осылай дағыра соғып,жарапазан айтады.
3)Жарапазан жыры біздің халықта негізгі 3 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім үй иесіне арналады, яғни, сол үйді, үй иесін мақтап, мадақтайды.
Мысалы:
– Ассалаумағалейкүм дәуіт, ғалам,

Байларға осы үйдегі бердік салам.


Дін ислам сәлем беріп, сәлем алған,
Қолдасын баршамызды Хақ Тағалам.
Бұл шумақтарда ең алдымен, үй иесіне сәлем беруде.Одан соң үй иесінің жақсы қасиеттерін айтады.Жарапазан жырының бірінші бөлімі осыдан тұрады.
Одан соң, екінші бөлім.Екінші бөлімде, Ораза айы жайында, жалпы дінімізді насихаттау, ізгі айдың берекесі жайында айтылады.Оны жырдың келесі шумақтарынан көре аламыз.Мысалы:
Мұхаммед үмбетіңе жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Ұстаған дін-мұсылман рамазан,
Бір келген он екі айда ораза-иман.
Осылайша осы айға деген құрметін білдіреді.Одан кейін, үшінші бөлім.Үшінші бөлімде үй иесіне өзінің ізгі тілектерін, баталарын айтады. Көбіне сол үй иесінің аңсап жүрген дүниелерін жырға қосқан. Үй иесі бұл үшін өте қуанатын болған. Келесі жыр шумақтары осыған дәлел :
Ақ үйің айға қарап орда болсын,

Ұл-қызың салауатты молда болсын.


Ораза тұтып барған мұсылманның
Пырағы ұжмақта жорға болсын.
Ақ үйің айға қарап шатыр болсын,
Айтқаным жарапазан ақыл болсын.
Күтпеген Хақтың жолын мұсылмандар,
Тартады қиыншылық бақыл болсын!
Айтамын жарапазан есігіңе,
Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.
Ақ батам менің айтқан қабыл болсын,
Байекең ат мінгізер несібеме
Яғни, бұл жырда үй иесінің аңсап жүрген тілегі жырға қосылып отыр, Жаратқаннан бұл жанның үйіне ұл сыйлауын тілеп отыр.

Одан соң, үй иесіде жарапазан айтушыға ізгі ниетпен өз баталарын беріп, сый-сыйапат тарту еткен.


Біздің халқымызда жарапазан жыры осылай айтылады.
Ал,түрік халқының жарапазан жырына тоқаталар болсақ,

Түрік халқында жарапазан жыры "Ramazan manı" деп аталады.Mani-түрік халық әдебиетінде төрт жолдан тұратын, әрқайсысы жеті буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдар бір-бірімен ұйқасатын жыр жолдары.Яғни, "Ramazan manı " дегеніміз-Рамазан жыры,біздің тілде-жарапазан жыры болып табылады.


Түрік халқында жарапазан жыры көбіне тек бір шумақты болып келеді.Бірақ, айтушыға қарай кей кезде ұзақ кездесетіндері де бар.Біздегідей түрік халқында да жарапазан жыры бірнеше бөлімнен тұрады.Мысалы:
Besmeleyle düştüm yola

Selam verdim her yana


A benim ağalarım, beylerim
Ramazanınız mübarek ola.
Bekçiniz kapınıza kadar geldi
Herkese selam verdi.
Darılmayın canlarım
Bahşişini almaya geldi.
Бұл,жырдың алғашқы жолдарында үй иесіне сәлем беріп, не үшін келгендігін айтады.

Bu gece ayın evveli


Açıldı İslâm'ın güzel gülü
Geldi Mubarek ramazan ayı
Mesrur etti cân ü dili.
Екінші бөлімде, дәл біздегідей дінді насихаттау мақсатында, ораза айы жайлы айтады.

Çalarım çalarım fakat ötmez.

Eğer bahşiş vermezseniz
Davulcu buradan bir daha gitmez.
Соңғы өлең жолдарында, жарапазаншы үй иесіне тілегін айтып, өзінің сый-сыйапатын алмастан, үй алдынан кетпейтіндігін айтады.Үй иесіде оған сәресіне оятып, ізгі тілек арнағаны үшін сый-сыйапатын тарту етеді.
Жалпы, көріп отқанымыздай жарапазан жырын әр елде әр қалай жырлайды және айтарлықтай айырмашылық бар.Дегенмен, бұл жырды қалай,қай уақытта жырласа да,әр халық үшін бұл жырдың маңызы, оның қасиеті мен қадір-қасиеті ерекше...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет