Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет2/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, 4 сынып тусиик хат
Клиникалық көріністер: жергілікті, химиялық күюдің нəтижесінде, көбінесе асқазан-ішек жолдарының, сонымен қатар тыныс алу жолдарының қышқыл буларымен дем алғанда немесе қышқылдардың аспирацияланған құсықпен түскендегі химиялық күюі. Химиялық күюлер ағымы кезеңдерге бөлінуімен сипатталады.
Бірінші кезең – түрлі тереңдік пен көлемдегі жедел зақымдалу (уланудың бірінші аптасы), коагуляциялық өліеттену – 24-48 сағ.
Екінші кезең – грануляциялық тіннің түзілуі (алғашқы екі апта), бұл кезеңде күйген беткейдің перфорациясы даму мүмкіндігі жоғары.
Үшінші кезең – тыртық немесе стриктураның түзілуі. Фиброздың тін 2-4 апта өткеннен кейін дами бастайды.

Жалпы көріністер: күйдіретін удың резорбтивтік əсеріне, оның гемолиздік қабілеттілігі, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу жолдарының шырыштық қабығының, əрі тамырлыққабырғаның жасушалық жарғақтарын бұзу қабілеттілігі.

Асқынулар: уыттық сатыда (1-2 тəул.) - гипотензия, экзотоксикалық шок (қанның сұйық бөлігінің жасушааралық кеңістікке шығуы), асқазан-ішек жолдарында ерте алғашқы қан ағулар (тамырлық қабырғаның зақымдалуы, уланудың алғашқы сағаттары), ерте екіншілік (1-2 тəулік, тромбтардың лизисі), көмейдің ісінуі, тесілуі (жергілікті химиялық күюді одан сайын тереңдететін биологиялық белсенді заттардың шығуы), өкпенің ісінуі (альвеолярлық-қылтамырлық қабырғаның зақымсдалуы, биологиялық белсенді заттардың шығуы, қанның сұйық бөлігінің шығуы).

Соматогендік сатыдағы асқынулар: 3 тəуліктен кейін, асқазан-ішек жолдарынан қан ағулар, трахеобронхиттер мен пневмониялар, жіті бүйрек-бауырлық жетіспеушілік (жіті гемоглобинуриялық нефроз), коагулопатиялар, өңеш пен асқазанның тыртықтың деформациялары, өңеш пен асқазанның деформация ұшыраған қабырғаларының малигнизациясы.



Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, іш өту, жиі қанаралас, жұтқыншақтағы, өңеш бойындағы, эпигастрийде ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, сілекей бөлінудің жоғарылауы, жалпы əлсіздік, шөлдеу.

Физикалық қарап-тексеру: психо-моторлық қозу, экзофтальм, күюдің иекте, мойындағы іздері, гиперемия, ауыз қуысының шырыштық қабығының, аранның ісінуі, гиперсаливация, айқын құсу рефлексі, терілік жабындының бозғылттығы, құрғақтығы, дауыстың қарлығуы, тыныстың қиындауы, аускультация кезінде өкпеде тыныстың əлсіреуі, өкпе ісінуінде түрлі калибрлі сырылдар, тахикардия, гипотензия, пальпация кезінде эпигастридегі ауыру сезімі, бауырдың үлкеюі, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң, гипертермия, іш өту, нəжіс қан аралас болуы мүмкін, олигоанурия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет