Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет5/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, 4 сынып тусиик хат
Қосымша диагностикалық шаралар:
- өкпе рентгенографиясы;
- іш қуысы ағзаларын УДЗ;
- өңеш, асқазан рентгенографиясы;
- ЭКГ;
- қан диастазасының деңгейін анықтау;
- несеп диастазасының деңгейін анықтау;
- креатинин деңгейін анықтау;
- қалдық азот деңгейін анықтау;
- трансаминазалар деңгейін анықтау;
- гликемия деңгейін анықтау;
- билирубин деңгейін анықтау.

Калий перманганатымен улану
Калий перманганаты - өте күшті тотықтырғыш, тіндермен жанасқанда марганецтің қостотығына, күшті сілті мен атомарлық оттегіге дейін ыдырайды. Осы атомарлық оттегі мен сілті химиялық күйікті шақыратын негізгі зақымдаушы агенттер болып табылады.

Клиникалық көріністер: негізінен химиялық зақымдалудың жергілікті көріністеріне - ауызжұтқыншақ пен көмейдің зақымдалған тіндерінің айқын ісінуіне байланысты. Резорбтивтік əсерлері сирек кездеседі. ОЖЖ (психомоторлық қозу, тырысулар), бауыр, бүйрек, жүректе (жүрек-тамырлық жетіспеушілік) марганец мөлшерінің көбеюіне, сонымен қатар қанда калий мөлшерінің жоғарылауына байланысты. Калий перманганатымен улану кезіндегі метгемоглобинемия (гемоглобиндегі темірдің тотығуы) гипоксия мен жүрек-тамырлық жетіспеушілікті одан əрі ауырлата түседі.

Асқынулар: экзотоксикалық шок, қан ағулар, көмейдің ісінуі нəтижесіндегі асфиксия, жүрек-тамырлық жетіспеушілік, жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы, пневмониялар, флегмоналар, абсцесстер, өңештің перфорациясы нəтижесінде медиастениттің дамуы, асқазанның перфорациясы нəтижесінде перитониттің дамуы, уыттық гепатопатиялар, нефропатиялар, екіншілік инфекцияның қосылуы.

Шағымдар мен анамнез: лоқсу, құсу, қан ағулар кезінде қанмен құсу жұтқыншақтағы, өңештің боуында, эпигастрийде өте қатты ауыру сезімі, жалпы əлсіздік,
бас айналу, тыныстың қиындауы.

Физикалық тексеру: калий перманганаты кристаллдарынан бет терісінде, ауыз қуысының, еріннің, тілдің, жұтқыншақтың, көмейдің шырыштық қабатында айқын күлгін түсті нүктелік күюлер, ауыз қуысының, аранның, көмейдің шырыштық қабатының ісініп, қанталайтын эрозиялардың болуы. Қанаралас құсу, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну, өкпеде аускультация кезінде тыныстың əлсіреуі, құрғақ жəне ылғалды сырылдар, тахикардия, ауырсыну шогы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет