Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет8/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, 4 сынып тусиик хат
Дəрі-дəрмектік ем 
Жіті кезеңдегі орташа ұзақтығы: 1 дəр. күю 10-12 күн, 2 дəр. күю – 14-18 күн, 3 дəр. күю. – 1,5-2 ай. (Цветков Э.А., Неженцев М.В., 1983 ж.).

Механикалық асфиксия кезінде – кеңірдектің интубациясы, əрі қарай ӨЖВ ауыстыру.

Ісінуіге қарсы терапия:
1. Преднизолон 0,5 - 2 мг/кг/тəул. 4-ке бөліп енгізу, т/і.
2. Атропин 0,01 мкг/кг (балаларға 3 жастан бастап).
3. Дифенгидрамин 1%- 5мг/кг/тəул.
4. Фуросемид 1-2мг/кг (инфузиядан кейін).
5. Ауыз қуысын натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісімен немесе лидокаин ерітіндісімен өңдеу

Ауыру сезімін азайту:
1. Наркотикалық анальгетиктер - морфин 0,003-0,01 г/1 рет қабылдауға.
2. Спазмолитиктер - дротаверин 0,01- 0,02 г 4-8 раз/тəул.
3. Алюминий гидрототығы, смектит алғашқы тəулікте 1 сағат сайын, ауыр жағдайларда 20 күнге дейін, күніне 3-4 рет.
4. Лидокаин - аэрозоль.

Хлорид иондары мен сутегінің секрециясын азайту:
1. Атропин 0,01 мкг/кг (балаларға 3 жастан бастап).
2. Протон помпасының блокаторы: омепрозол - 4 апта.
3. Н2-литиктер - ранитидин амп. 25 мг,  8-12 апта.
4. Антацидтер: құрамына алюминий гидрототығы кіретін жұптастырылған препараттар. 

Өңеш стриктураларын алдын алу:
1. Преднизолон 0,5-2 мг/кг/тəул, 3-5 апта.

Гиповолемиялық шокпен күресі: инфузиялық терапияның көлемі гиповолемия деңгейне байланысты, декомпенсацияланған шок кезінде ерітінділерді ағызып, одан кейін тамшылатып енгізеді.
1. 20% глюкоза 20 мл/кг/тəул., инсулинмен (глюкозаның 5,0-10,0 г 1 бірл.)
2. Декстран 10 мл/кг
3. Пентакрахмал 10 мл/кг
Нəтиже болмаса адреномиметиктер: эпинефрин 0,1- 0,2 мкг/кг, мезатон – 1мкг/кг тағайындалады.

Метаболиттік ацидоз жою:
1. Натрий гидрокарбонаты - 5%- 5-7 мл/кг (ҚСЖ бақылауымен).

Дезинтоксикациялық терапия:
1. Жеделдетілген диурез (гимодинамика тұрақтандырылғаннан кейін, диурез бақылауымен), 15-20 мл/кг/сағ., синтетикалық төменгі молекулалық қан алмастырушылары мен глюкозалық-тұздық ерітінділермен, 2 сағат.
2. 3-нші сағаттан бастап: құрамында калий бар препараттар 100 мл инфузиялық ортаға 7,5% - 1,5-2 мл калий хлориді.
3. Фуросемид 1-3 мг/кг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет