Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет4/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, 4 сынып тусиик хат
Клиникалық көріністер: негізінен жергілікті көріністерге байланысты. Шырыштық жəне шырышастылық қабаттардың ісінуі, шырыштық қабықтың десквамацияға ұшырауы, зақымдалмаған тіндерден айқын шекараның болмауы. Организмнің қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылыстары дамуы мүмкін.

Асқынулар 
Уыттық сатыда - қан ағулар, жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы, өңештің перфорациясы, медиастениттің дамуы, асқазанның перфорациясы мен перитониттің дамуы, сепсис.
Соматогендік сатыда - өңеш стриктураларының дамуы, асқазанның қақпалық бөлігінің стенозы, байламүстілік кеңістіктің фиброздық өзгерістері, уланудан кейінгі кеш кезеңде ісіктің (аденокарцинома) дамуы.

Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, қан ағулар кезінде қанмен құсу, жұтқыншақтағы, өңештің боуында, эпигастрийде өте қатты ауыру сезімі, жалпы əлсіздік, бас айналу, тыныстың қиындауы.

Физикалық қарап-тексеру: ауыз қуысының, аранның, көмейдің шырыштық қабығының ісінуі, шырыштық қабықтың беткейі борпылдақ, зақымдалған беткей сілікпетəрізді, шынытəрізді, зақымдалмаған тіндермен айқын шекара жоқ, қанаралас құсулар, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну, өкпеде аускультация кезінде тыныстың əлсіреуі, құрғақ жəне ылғалды сырылдар, тахикардия, ауырсыну шогы.

Лабораторлық зерттеулер:
- лейкоцитоз (бактериялық инфекция қосылса);
- метаболиттік ацидоз.

Инструменталдық зерттеу: ФГДС (əрбір нақты жағдайда өңеш пен асқазан қабырғасының перфорациясы қауіпі болғандықтан мұқият талданады). ФГДС кезінде колликвациялық өліеттену көріністері анықталады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- қанағулар, перфорациялар, медиатсенитті шектеу үшін хирург кеңесі;
- кеш асқынулар кезінде (аденокарцинома) онколог кеңесі.


Негізгі диагностикалық шаралар:
- қанды жалпы талдау;
- несепті жалпы талдау;
- калий деңгейін анықтау;
- натрий деңгейін анықтау;
- қышқыл-сілтілік жағдайды анықтау;
- ФГДС.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет