Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет7/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану
kazakstan respublykasynyn azamattyk kodeksi, 260404.pptx, 4 сынып тусиик хат
Нозологиялық бірлік

Ажыратпалық диагностикалық белгілер

Асқазанның ойық жара ауруында
асқазаннан қан кетуі, өңештің
веналық тамырларының варикоздық
кезіндегі дамитын қан ағулар жəне
т.б.

Анамнез, АІЖ химиялық зақымдалуының
объективтік мəліметтерінің болмауы, ФГДС
химиялық зақымдалу белгілерінің болмауы

Қышқылдар

Эритроциттер гемолизінің болуы

Абсцесстер, флегмоналар

Анамнез, АІЖ химиялық зақымдалуының
объективтік мəліметтерінің болмауы, ФГДС
мəліметтері

Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты:
1. Интоксикация симптомдарын тоқтату.
2. Зақымдалған ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем:
- уыттық сатыда жəне соматогендік сатыда асқынулар дамығанда төсектік тəртіп
- диета: жеңіл күю кезінде - 1-нші апта - стол №1а Певзнер бойынша, кейінгі 2 аптада - стол №1. Асқазанның орташа дəрежедегі күюінде алғашқы 2 аптада - стол №1а, 3-нші апта - стол №1б, ауруханадан шыққаннан кейін (15-20-нші күн - стол №1, 2-3 апта бойы).

Ауыр дəрежедегі күю: алғашқы күндері - парентералдық тамақтандыру немесе энтералдық зондтық, 5-7-нші күні жұтыну қалпына келгеннен кейін - сүт, кілегей, жұмыртқа, кисель, сілікпе, балмұздақ, одан кейін 2-3 апта - стол №1а, əрі қарай №1б (1-2 апта), (Е.А. Лужников, Л.Г. Костомарова , 2001 ж.).

Теріге тигенде көп мөлшердегі сумен жуу, сілті теріге тигенде - сірке немесе лимон қышқылдарының 5% ерітінділерімен жуу, сілті көзге түскенде сумен 5 минут, əрі қарай антрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен жуу, калий перманганатымен уланғанда - ауыз қуысын аскорбин қышқылының 1% ерітіндісіне малынған салфеткамен 2-3 рет өңдеу.

Ауыз арқылы уланғанда - асқазанды 6-9-ншы күндері кеш кезең де көп мөлшерде вазелинмен майланған тек зонд арқылы суық сумен, сілтілермен уланғанда сумен араластырылған қайнамаған сүтпен, калий перманганатымен уланғанда аскорбин қышқылының 0,5-1% ерітіндісімен жуу, одан кейін қышқылдармен уланғанда белсендірілген көмір ішке, сілтілермен уланғанда белоктық су (тауық жұмыртқасының 4 белогы 1 л суға), калий перманганатымен уланғанда 50-100 мл аскорбин қышқылы 1 ас қасықтан жарты сағат сайын (Кагарлицкий А.А. и др. 1975 г.).

1. Ішке - өсімдік майы.


2. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күюі кезінде - трахеостомия.
3. Гипербариялық оксигенация (жаралық беткейдің эпителизациясы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет