Химия лаб раб



бет18/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc
Тест 200сұрақ 2, Есеп Азаматтық Зульфия, Зарипхан Дана әйел.ж.қатерсіз ісігі
Зертханалық жұмыс №10

Тақырыбы: р-элементтердің химиялық қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: Периодтық жүйедегі VI, VII-топ р-элементтерінің қасиеті және алыну жолдарымен танысу.

Жалпы мағлұматтар: р-элементтерде сыртқы энергетикалық деңгейінің р-деңгейшелері электрондармен толады. р-деңгейлерінде 1-ден 6-ға дейін электрондар орналаса алады.

ІІІ А – ns2np1 IV А – ns2np2 V А – ns2np3

VI А – ns2np4 VII А – ns2np5

Периодтық жүйеде 30 р-элементтер бар. Олар өздеріне сәйкес сыртқы электрондық деңгейі бар топтарды құрайды.

р-элемент атомдарында тек р-электрондар ғана болмайды, сонымен бірге s-электрондар болады. Ең жоғары тотығу дәрежесі элементтің орналасқан тобының номеріне сәкес келеді.

Топтардың ІІІ А → VII А ауысуы кезінде, салыстырмалы түрде тотықсыздандырғыштық қасиеті бар алюминийден басқалары, бейтарап атомдардың тотығу қасиеттері артады.

р-элементтердің бірақы нағыз бейметалдар болады. Азот ақуыздың құрылымын құрайды. Азотсыз ақуыз болуы мүмкін емес, ал ақуызсыз өмір болуы мүмкін емес.

Периодтық жүйенің VII А – топшасында орналасқан фтор, хлор, бром, иод және астат элементтерін галогендер деп атайды. Галогендердің сыртқы электрондық деңгейінде жеті электрон бар. Аяқталуға тек бір электрон жетпейді – галогендер күшті тотықтырғыштар. Олардың электртерістігі өте жоғары. Олар таза металл еместер.

Фтордан астатқа қарай электртерістігі кемиді, тотықтырғыш қасиеттері төмендейді.

Галогендер өте активті элементтер, сондықтан табиғатта бос күйлерінде кездеспейді. Олардың сутегімен қосылыстары суда жақсы еріп, қышқыл болып табылады. Галогенсутек қышқылдарының қышқылдық қасиеті фтордан астатқа қарай артады. Галогендердің ішінде ең активтісі фтор, ол қосылыстарда тек -1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Қалғандарының тотығу дәрежелері -1 ден +7-ге дейін өзгере алады.



Құрал-жабдықтар, реактивтер:

  1. Штатив; Пробирка, мензурка; Жанарғы;

  2. Қорғасын нитраты ерітіндісі сіңірілген фильтр қағазы;

  3. KI ерітіндісімен ылғалданған фильтр қағазы; Фарфор табақшасы;

  4. KMnO4 калий перманганаты; Na2S натрий сульфиді; Тұз қышқылы, күкірт қышқылы;

  5. Кальций, мырыш, темір, кадмий, сурьма хлоридтері; Мыс сульфаты;

  6. Бром суы, хлор суы; Калий бихроматы; MnO2 марганец диоксиді;

  7. Калий бромиді, калий иодиді.

Жұмыстың жасалу реті.

Тәжірибе 1. Калий перманганатын ыдырату арқылы оттегін алу.

Пробиркаға шамамен 0,5 г KMnO4 калий перманганатын салыңыз. Пробирканы штативке вертикаль бағытта орналастырыңыз. Оны жанарғының жалынымен қыздырыңыз. Пробиркаға тұтанған шырпыны апарып, оттектің бөлінгеніне көз жеткізіңіз. Тәжірибені аяқтап, пробирка суығаннан соң оған бірнеше миллилитр су құйыңыз. Түзілген заттың түсін бақылаңыз (K2MnO4 – жасыл түсті ерітінді, MnO2 – қою қошқыл тұнба).

Реакция теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 2. Күкіртсутегі газын алу (жұмысты сорғыш шкафта жүргізу керек!!!).

Газөткізуші түтігі бар пробиркаға натрий сульфидінің бірнеше бөлігін салыңыз. Пробирканың үштен бір бөлігіндей тұз қышқылын құйыңыз (1:2). Түтікшені дистильденген суы бар пробиркаға салып, күкіртсутегінің сулы ерітіндісін алыңыз.

Реакция теңдеуін жазыңыз.

Түзілген газбен келесі тәжірибені жүргізіңіз:

Қорғасын нитраты ерітіндісі сіңірілген фильтр қағазына алынған күкіртсутегінің ерітіндісін тамызыңыз. Нені байқадыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 3. Металл сульфидтері және олардың қасиеттері.

Штативтегі төрт пробиркаға 1-2 мл калий, кальций, мырыш, темір хлоридтерінің және бесінші пробиркаға – мыс сульфатын құйыңыз. Әр пробиркаға бірдей көлемде күкіртсутегі суын құйыңыз.

Барлық пробиркаларда тұнба түзілді ме? Тұнбалардың түсін бақылап, реакцияның иондық теңдеуін жазыңыз.

Тұнбалар толық тұнғаннан кейін, үстіндегі ерітіндіні төгіп, оған 3-4 мл 2 н тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Қандай тұнбалар еріді? Реакцияның иондық теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 4. Күкіртсутегінің тотықсыздандырғыш қасиеті.

а) 3-4 мл күкіртсутек ерітіндісіне тамшылатып 0,01 н калий перманганатының ерітіндісін құйыңыз.

Калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуін және күкірттің тұнбасының түзілуін немен түсіндіресіз?

Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.

б) 3-4 мл күкіртсутегі ерітіндісіне тамшылатып бром суын құйыңыз. Ерітіндінің түссізденуін және күкірттің тұнбасының түзілуін бақылаңыз.

Реакцияның теңдеуін жазыңыз.

в) 3-4 мл күкіртсутек ерітіндісіне 1-2 мл 2 н тұз қышқылын және 1 мл 0,01 н калий бихроматын қосыңыз. Ерітіндінің түсінің өзгеруін және тұнбаның түзілуін бақылаңыз.

Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 5. Галогендерді алу (жұмысты сорғыш шкафта жүргізу керек!!!).

а) Газ өтетін түтігі бар пробиркаға MnO2 марганец диоксидінің 0,2 г ұнтағын салыңыз. Пробирканы штативке вертикаль бағытта орналастырып, 1-2 мл концентрлі тұз қышқылын құйыңыз. Қоспаны абайлап қыздырыңыз, содан соң KI ерітіндісімен ылғалданған фильтр қағазы арқылы қоспаны фильтрлеңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

б) Екі пробиркаға MnO2 марганец диоксидінің ұнтағын салыңыз. 1-ші пробиркаға KBr калий бромидінің 2-4 түйірін, ал 2-пробиркаға сондай мөлшерде KI калий иодидінің түйірін салыңыз. Қоспаның үстіне концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын тамызып, ақырын қыздырыңыз. Бөлінген газдың түсіне назар аударыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 6. Галогендердің тотықтырғыш қасиеті.

а) Пробиркаға күкіртсутек және хлор суын құйыңыз. Не байқадыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз.



б) Na2SO3 ерітіндісіне иод суын тамшылатып құйыңыз. Не байқадыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 7. Галогенид иондарының қасиеті.

а) Галогенид ионына сапалық реакция.

Күміс және қалайы иондарының галогенид-ионына әсерін бақылап, молекулалық және иондық реакция теңдеуін жазыңыз.

б) Калий бромиді мен иодидінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру.

Екі пробиркаға 0,5 н FeCl3 ерітіндісін және СCl4 ерітіндісін құйыңыз. 1-ші пробиркаға 2-3 тамшы 0,5 н калий бромидін, ал 2-ші пробиркаға 2-3 тамшы 0,5 н калий иодидін тамшылатып құйыңыз. Қай пробиркада органикалық ерітінділердің түсі өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 8. Галогендердің оттекті қосылыстарын алу және қасиеттерімен танысу.

Сұйық бромға 0,2 н сілті ерітіндісін тамшылатып құйыңыз. Ерітінді түсінің өзгерісін байқаңыз. Алынған ерітінділерге 2-3 тамшы 2 н Н24 ерітіндісін құйып, ерітінді түсіне назар аударыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 9. NaCl, АICl3 ерітінділерінің ортасын анықтау.

Тұздардың реакциялық ортасын анықтаңыз. Тұздардың гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз.



Тапсырма:

1.Барлық тәжірибелерді бақылау және жұмыс журналына толтыру.

2. Галогендердің ерекшелігін білу.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.

3. Практикум по неорганической химии под ред. Воробьева А.Ф., Дракина С.Н. М., Химия, 1987.



Негізгі схемалар, формулалар:

Д.И. Менделеев периодтық жүйесі. р-элементтердің атомдарының иондану энергиясы.



Бақылау сұрақтары:

1. Галогендер қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

2. Жай зат ретінде галогендерді қалай алуға болады?

3. р-элементтерге жалпы сипаттама беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет