Химия лаб раб



бет20/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc
Тест 200сұрақ 2, Есеп Азаматтық Зульфия, Зарипхан Дана әйел.ж.қатерсіз ісігі
Жұмыстың жасалу реті.

Тәжірибе 1. Темір (ІІ) гидроксидін алу және оның ауада тотығуы.

Пробиркаға 1-2 мл темір (ІІ) сульфатын құйыңыз. Оның үстіне 1-2 мл 2 н натрий гидроксидін темір (ІІ) гидроксидінің жасыл тұнбасы түскенше құйыңыз. Шыны таяқшамен тұнбаны араластырыңыз. Тұнбаның қою қоңыр түске ауысқанан бақылаңыз.

Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 2. Екі валентті темір тұзының тотықсыздандырғыш қасиеті.

Калий перманганатын тотықсыздандыру. Пробиркаға 1-2 мл 0,05 н калий перманганатын және 0,5-4 мл күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Ерітіндінің түссізденгеніне назар аударыңыз.

Реакцияның молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.



Сутегі пероксидін тотықсыздандыру. Екі пробиркаға 1-2 мл темір (ІІ) сульфатын құйыңыз. Бірінші пробиркаға 1-3 мл 3%-тік сутегі пероксидін қосыңыз. Сонан соң екі пробиркаға да 3-5 тамшы аммоний роданидін тамызыңыз.

Қай пробиркада қарқынды қызыл түске боялу байқалады? Неге?

Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 3. Мыс оксидінің көміртегімен тотықсыздануы.

а)Таза қағаздың бетінде микрошпательмен мыс оксидін (2/3 микрошпательдің бөлігіндей) және сондай мөлшерде ағаш көмірін (древесный уголь) араластырыңыз. Алынған қоспаны пробиркаға салып, штативке орнатып, 5-10 мин қыздырыңыз. Тотықсыздану процесіне яғни мыс оксидінің мысқа тотықсыздануына және түсінің өзгерісіне назар аударыңыз. Егер пробирка қабырғасына мыстың жұқа қабықшасы қонса, онда пробиркаға 2-3 тамшы концентрлі азот қышқылын тамызыңыз. Осы кезде мыс толық еріп кетеді. Реакция теңдеуін жазыңыз.

б) Пробиркаға 5-6 тамшы мыс сульфатын және мырыш түйірін салыңыз. Қоспаны араластырып, металдың бетіндегі қызыл түске көз жеткізіңіз. Бұл нені байқатады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Тәжірибе 4. Мыстың концентрлі және сұйытылған қышқылдарға әсері.

Үш пробиркаға мыс түйірін, 5-6 тамшы 2 н тұз қышқылын құйыңыз. 1-ші пробиркаға күкірт қышқылын, 2-не күкірт қышқылын, 3-ші пробиркаға азот қышқылын құйыңыз. Осы тәжірибені концентрлі тұз, күкірт қышқылдарымен қалыпты жағдайда және қыздыру арқылы жасаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.



Тапсырма:

    1. Барлық тәжірибелерді бақылау және жұмыс журналына толтыру.

    2. Неліктен мыс тұз қышқылымен және сұйытылған азот қышқылымен реакцияға түседі?

    3. Барлық тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазыңыз.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.

Негізгі схемалар, формулалар:

Д.И. Менделеев периодтық жүйесі. d-элементтердің атомдарының иондану энергиясы.



Бақылау сұрақтары:

      1. d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, олардың электрондық құрылымдарын жазыңыз.

      2. Комплексті қосылыстарда мыстың ең жоғарғы координациялық саны қандай?

      3. Мыстың физика және химиялық қасиеттері.

      4. Мыстың оттекті қосылыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет