Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі Клиникалық жағдай №1 Оқиға орны: Үйінде Шарты



бет2/12
Дата05.10.2022
өлшемі197,04 Kb.
#151819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Чек лист мейіргер ісі Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі

Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациенттің жанына орындыққа отырып, өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Науқастың проблема-ларын сұрастырды










2

Пациентті тыныштандырды, өткізілетін манипуляцияны түсіндірді. Келісімін алды.










3

Резеңке қолғап киді. Пациентті отырғызып, бас жағын алға еңкейтті.










4

Пациентке лоток берді, ауызға жиналған қанды лотокка түкіріп отыруды ескертті.










5

Дәкеге мұзды орап мұрынға, кеңсірікке орналастырды










6

Марлі турундаларды 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне батырып, мұрын қуысына беткей енгізді. (алдыңғы тығындау)










7

Пациенттің жалпы жағдайының ауыртпалығын бағалады. Тері жамылғысына сипаттама берді-қалыпты.










8

Пациенттің пульсін санады-68 рет, қан қысымын өлшеді- 120/80 мм.сын.бағ.










9

Мұрынға байлам салды. Пациентті зембілге отырғызып, ауруханаға тасымалдады.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.










Клиникалық жағдай № 6
Оқиға орны: Көшеде, автобус аялдамасында






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Зардап шегушінің қасына жақындап дыбыстайды, жайлап иығынан қозғайды.










2

Сыртқы тітіркенгішке әсерін-шымшып тексерді; көз қарашығының жарыққа сезімталдығы тексерді; өздігінен тыныс алуын тексерді- кеуде экскурциясын бақылады; пульсті тексерді-4 саусағын ұйқы артериясына қойып).










3

Клиникалық өлімді анықтады: көз қарашықтары ұлғайған, ұйқы артериясында пульс жоқ, кеуде клеткасы көтерілмеді.










4

Пациентті тегіс, қатты жерге орналастырды. Жедел жәрдем шақырылды.










5

С- Жүрек-қанайналымын жақсартты: Пациентті қатты жерге тізесінің тұсына жатқызды. Қолын төстің төменгі 3/1-де семсер өсіндіден екі саусақ жоғары орналастырды. Бір қолдың алақанының үстіне екінші қолдың алақанын қойып, төсті 5-6 см төмен ығыстыратын күшті серпімділікпен итеріп жүргізді.










6

А-Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді:
Сафардың үштік тәсілін қолданды:
Пациенттің басын бір қолымен иек, бір қолымен маңдайдан тіреп шалқайтты. Төменгі жақты екі қолмен жылжытып, алға шығарды. Аузын ашты, тазалады.










7

В- Тыныс алуды қалпына келтірді.
Бір қолын зардап шегушінің маңдайына, бір қолын иекке орналастырды.Зардап шегушінің аузына салфетка жапты.
Сол қолмен мұрынын қысып тұрып, терең тыныс алып, ернімен зардап шеккен адамның ауызын толық қамтып тынысты шығарды (Амбу қапшығы болмаған жағдайда).










8

Жүрек-өкпе реанимациясын 5 минут жүргізді. Нәтижесін тексерді.










9

Пациент есін жиды, Ақ, пульс, тынысы қалыпты.










10

Нәтижесі теріс жағдайда жедел жәрдем келгенше 30:2 қатынаста, 30-40 минут жүргізілді. Пациентті реанимация бөлімшесіне жеткізді.












Клиникалық жағдай № 7
Оқиға орны: Дачада
Шарты: Науқас 38 жаста, 1 сағат бұрын үйдің шатырынан оң жақ кеудесімен арматураға құлап қалған. Жедел жәрдем шақырды.
Жергілікті: Оң жақ кеуде клеткасында көлемі 1-1,5см. шеттері тегіс емес жара бар, жара плевра қуысына енеді. Айқын ентігу, тері жамылғысының цианозы, кеуде клеткасының оң бөлігі тыныс алуға қатыспауы байқалады.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.




Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациенттің жанына отырып, өзін таныстырды. Пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмысын сұрады.










2

Пациентті бетімен өзіне қаратып жартылай отырғызып, проблемаларын сұрастырды.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңке қолғап киді. Пациентті тыныштандырды. Жүргізілетін манипуляцияның мақсатын түсіндірді. Келісімін алды.










4

Пациент жағдайының ауырлығын бағалады. Жарақаттанған жерді тексерді (тесіктің болуы, және жарақат орнынан көпіршіктің бөлінуі).










5

Ауырсынуды жойды.










6

Жарақат айналасын антисептиктермен өңдеді.










7

Окклюзионды таңғыш орналастырды-жараға сальфетка, бетіне көлемі одан үлкен клеенка пакетін бекітті.










8

Окклюзионды таңғыштың үстінен спиральды байлам жүргізді.










9

Пациентті зембілге отырғызып ауруханаға тасымалдады.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.










Клиникалық жағдай № 8
Оқиға орны: Пикникте
Шарты: Анамнезінде 20 жастағы жігіт 40 минут бұрын сол білегін от жалынына күйдіріп алған. Жедел жәрдем шақырды.
Жергілікті: Сол білегінің сыртқы бетінің терісі 2,5-3,0 см көлемде қызаруы, ауырсыну байқалады.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.




Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациентті қауіпсіз жерге алып шықты.










2

Пациенттің жанына орындыққа отырып, өзін таныстырды, аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Шағымын, сұрастырды.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңке қолғап киді. Пациентті тыныштандырды.










4

Жүргізілетін манипуляцияның мақсатын түсіндірді. Келісімін алды.










5

Пациенттің пульс, қан қысымын өлшеді. Ауырсынуды жойды.










6

Күйген аймақты салқын ағынды судың астына қойды.










7

Күйік аймағын антисептикалық ерітіндімен тазалады.










8

Күйікке қарсы аэрозольды қолданып асептикалық таңғыш салды.










9

Пациентті емдеу мекемесіне жіберді.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.











Клиникалық жағдай № 9
Оқиға орны: Жұмыс орны
Шарты: 25 жастағы ер адам құлау нәтижесінде оң иығының жарақатын алды, содан кейін ауырсыну, жарақат алған жерде қимылының шектелуі, салқын тер, басы айналу, басы ауыруы, құлағының шуылдауы, тахикардия, әлсіздік байқалды. Жедел жәрдем шақырылды.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын, сұрақтарға жауап береді. Салқын термен жабылған, әлсіз, бозарған. АД-90/50 мм.сын.бағ. PS-96 рет минутына.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.






Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациенттің жанына отырып, шағымдарын сұрастырды










2

Пациенттің жалпы жағыдайын бағалады. АД-90/50 мм.сын.бағ. PS-96 рет минутына.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді. Науқасты тыныштандырды. Жүргізілетін іс-шараны түсіндірді. Келісімін алды.










4

Ауырсынуды жойды. Пациенттің тізесінің астына валик қойып, аяғын 30 см-ге көтерді.










5

Крамер құрсауын таңдады: ұзындығы 120 см, ені 11см.
Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітті.










6

Құрсауды сау қолға салып, білезік буынынан иық буынына дейін өлшеді.










7

Құрсауды сынған буынның аймағында 90 -қа бүкті. Құрсаудың соңғы жағын сынған иықтың артына орналастырды.










8

Зақымданған қолға орташа физиологиялық жағдай берді, білезік сүйегін құрсауда супинация мен пронацияның орта қалпында
орналастырды.










9

Бинттен немесе мақтадан жасалған валикті ауру жақтың қолтық астына орналастырды. Құрсауды иықтың орта бөлігіне дейін, бинтпен спиральді турмен бекіті.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет