Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі Клиникалық жағдай №1 Оқиға орны: Үйінде Шарты



бет3/12
Дата05.10.2022
өлшемі197,04 Kb.
#151819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Чек лист мейіргер ісі Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі

Клиникалық жағдай № 10
Оқиға орны: Қалааралық автомобиль трассасында
Шарты: Аяз күні 22 жастағы жүргізуші машинасының бұзылуына байланысты екі аяғының өкшесін үсітіп алды. Суланған көпіршіктер, эпидермисті ажырауы байқалады.
Жергілікті: Екі аяғының өкшесінің терісі бозарған, қышиды, қолға салқын, ауырсыну бар.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.




Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациенттің жанына отырып, өзін таныстырды. Пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмысын сұрады.










2

Науқастың шағымдарын сұрастырды. Пациентке көрсетілетін көмекті түсіндірді, рұқсатын алды.










3

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді.










4

Пациентті жағдайына қарай ыңғайлы етіп жатқызды. Ауырсынуды жойды.










5

Көмек: III дәрежелі үсікте, гипотермияда:
-17 гр С-тан 37 гр С-қа дейін температурада ваннада жылытты
-10-15 мин-тан соң судың температурасын 40 гр С-қа дейін жеткізді










6

-жылытып болған соң зақымдалған тері аймағын 70 % спиртпен өңдеді, бинтпен таңып қойды










7

Ыстық сусын берді.










8

Пациенттің жалпы жағыдайын бағалады.










9

Сіреспеге қарсы алдын алу емі жүргізілді.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.











Клиникалық жағдай № 11
Оқиға орны: ФАП
Шарты: 39 жастағы ер адам ФАП-ке ішінің жоғарғы бөлігінде ауырсыну, қоңыр қоймалжың құсық, басы айналу, салқын жабысқақ тер, көзінің қарауытуы, жалпы әлсіздік шағымдарымен келді. Анамнезінде: 4 жылдан бері асқазан жарасымен «Д» есепте тұрады. Кешеден бері жоғарыда көрсетілген шағымдар мазалайды, ішімдік ішу, диета бұзумен байланыстырады.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, t-36,7 С, PS-88,
АД-100/60 мм.сын.бағ. Қарау кезінде «кофе тұнбасы» 2 рет құсты.
Жергілікті: Тілі жабындымен құрғақ, іші жұмсақ, эпигастрии тұсында ауырсынады, іш перденің тітіркену симптомы теріс,, бауыр мен талақ үлкеймеген, ұлы дәреті мен кіші дәреті бұзылмаған.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, жедел көмекті көрсетіңіз.





Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациенттің жанына орындыққа отырып, өзін таныстырды, Пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын , жұмысын сұрады. Шағымды сұрастырды.










2

Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңке қолғап киді. Науқасты тыныштандырды. Жүргізілетін іс-шараны түсіндірді. Келісімін алды.










3

Науқастың тері жамылғысының түсін тексерді (бозғылт түсті), пульсті санап және артериальдық қысымды өлшеді.










4

Науқасты горизонтальды қалыпта орналастырды. Асқазан тұсына пальпацияны дұрыс жүргізді (ауырсыну байқалды).










5

Науқасты төсекте аяғын көтеріңкі қалыпта орналастырды. Ішіне мұзды мұйық қойды. Науқасқа мұз түйірлерін.жұтқызды.










6

Қан тоқтату мақсатында к/т 10% - 10мл калций хлориді; б/е 10% 10 мл калций глюконаты; к/т 5% 100 мл аминокапрон қышқылы; б/е 2% мл викасол енгізді.










7

АҚқ төмен түскенде 500 мл гелофузин ертіндісін к/т тамшылатып енгізді.










8

Науқасты жалғыз қалдыруға болмайды тамақ жеуге және су ішуге тиым салды. Аққ, пульс, тынысты бақылады.










9

Науқастың жалпы жағдайын бағалады.










10

Науқасты басын кеудеден төмен қалыпта жатқызып шұғыл хирургия бөлімшесіне тасымалдады.










Клиникалық жағдай № 12
Оқиға орны: Көшеде
Пациент туралы мағлұмат: 63 жастағы ер кісі, пенсионер.
Шарты: әйелінің айтуы бойынша «Валокардина» ішкеннен кейін басылмайтын төс артында қысып ауырсыну, 2 минут бұрын емханаға барар жолда құлап, есінен айрылған.
Объективті: Есі жоқ, сыртқы тітіркенгіштерге әсері жоқ, көз қарашықтары кеңейген, тынысы мен ірі қан тамырларының пульсациясы анықталмайды
Студентке берілетін тапсырма: Клиникалық өлім жағдайында шұғыл көмекті көрсетіңіз.




Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Зардап шегушінің қасына жақындап дыбыстайды, жайлап иығынан қозғайды.










2

Сыртқы тітіркенгішке әсерін-шымшып тексерді; көз қарашығының жарыққа сезімталдығы тексерді; өздігінен тыныс алуын тексерді- кеуде экскурциясын бақылады; пульсті тексерді-4 саусағын ұйқы артериясына қойып).










3

Клиникалық өлімді анықтады: көз қарашықтары ұлғайған, ұйқы артериясында пульс жоқ, кеуде клеткасы көтерілмеді.










4

Пациентті тегіс, қатты жерге орналастырды. Жедел жәрдем шақырылды.










5

С- Жүрек-қанайналымын жақсартты: Пациентті қатты жерге тізесінің тұсына жатқызды. Қолын төстің төменгі 3/1-де семсер өсіндіден екі саусақ жоғары орналастырды. Бір қолдың алақанының үстіне екінші қолдың алақанын қойып, төсті 5-6 см төмен ығыстыратын күшті серпімділікпен итеріп жүргізді.










6

А-Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді: Сафардың үштік тәсілін қолданды: Пациенттің басын бір қолымен иек, бір қолымен маңдайдан тіреп шалқайтты. Төменгі жақты екі қолмен жылжытып, алға шығарды. Аузын ашты, тазалады.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет