I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Ерiн немесе лабиал дауыссыздар



бет10/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
1. Ерiн немесе лабиал дауыссыздар. Ерiн дауыссыздары астыңғы ерiннiң үстiңгi ерiнге немесе үстiңгi тiске тиюiнен жасалады. Лабиал дауыссыздар өз iшiнде екi топқа бөлiнедi: а) астыңғы ерiннiң жоғарғы ерiнмен жуысуынан ерiн-ерiндiк немесе билабиалб дауыссыздар жасалады. Мысалы, б, п, м. ә) астыңғы ерiннiң үстiңгi тiспен жуысуынан ерiндiк-тiс немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы, ф, в.
2. Тiл алды дауыссыздар. Тiл алды дауыссыздардың жасалуында тiлдiң алдыңғы бөлiгi қызмет атқарады. Тiл алды дауыссыздар өз iшiнде екi топқа бөлiнедi: а) тiс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ә) тiл ұшы немесе альвиоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.
3. Тiл ортасы дауыссыздары. Тiл ортасы дауыссыздары тiлдiң орта шенiнiң үстiңгi жағынан қатты таңдайға жуысуынан жасалады. Бұған й және к, г дыбыстары жатады.
4. Тiл арты дауыссыздары тiлдiң артқы шенiнiң жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Оларға - қ, ғ, ң дыбыстары жатады
5. Көмей (форингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрi жұтқыншақ қуысында тiлдiң артқы шенiнiң кейiн шегiну және жұтқыншақ қуысының таралуынан жасалады. Көмей дауыссызына һ дыбысы жатады.
Тiл бiлiмiнде дауыссыз дыбыстар жүйесi консонантизм деп те аталады
10.Терминдердің жасалу жолдарын атап шығыңыз.
«Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын жəне дефинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі»
Қысқа əрі ыңғайлы термин жасау үшін түркологияда мынадай əдістер қолданылып жүргенін байқаймыз: термин құрауға қатыстырылатын кейбір элементтерді қысқартуға болады; термин құрамының қайсыбірін басқа элементтермен алмастыруға болады; термин құрамындағы жеке сөздерді қосымшалармен алмастыруға болады; бір синтаксистік құрылымды екіншісімен ауыстыруға болады; кейбір бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиатура көмегін пайдалануға болады.
Жаңа термин жасаудың тілдерде, оның ішінде, əсіресе, түркі тілдерінде қалыптасқан мынадай бірнеше жолын атап көрсетуге болады: семантикалық тəсіл, морфологиялық тəсіл, синтаксистік тəсіл жəне калькалау тəсілі. Аталып отырған тəсілдің бəрі де негізінен, екі түрлі арнадан туындайды. Ол қандай арна? Біз жинап, сұрыптаған терминологиялық материал табиғаты қазақ тілі терминологиясының ең негізгі екі жолға сүйене отырып жасалғанын көрсетеді. Оның бірі – тілімізде бұрыннан бар сөздерді терминдік мəнде қолдану болса, екіншісі – жаңа терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасау. Тіл табиғатында қалыптаса бастаған терминжасамның аталмыш тəсілдерінің бəрі де осы негізгі екі бағыт шеңберінде туындаған.
Сонымен, жоғарыда аталып өткеніндей, қазақ тілінің даму жолы терминжасамның мынадай төрт тəсілі қалыптаса бастағанын байқатады. Біріншіден, ұлттық тіліміздегі қайсыбір сөздердің терминдік мəнге көшуі (бұдан былай – терминденуі), яғни мұны мəністік (семантикалық) тəсіл дейміз. Мұны үш түрлі ыңғайда түсіну қажет: 1) əдеби, не жалпы əдеби тіл байырғы сөздерінің терминденуі; 2) диалектілердің терминденуі; 3) бір сала терминдерінің екінші салаға көшуі. Екіншіден, сөзжасам амалдары. Мұның өзі іштей бірнеше жікке бөліп қарауды тілейді. Атап айтқанда:
а) морфологиялық немесе синтетикалық (қосымшалар арқылы) тəсілі;
б) синтаксистік немесе аналитикалық (сөздерді біріктіру, қосу) тəсілі;
в) аббревиациялау (қысқарту) тəсілі.
Үшіншіден, калькалау тəсілі. Бұл тəсіл бір қарағанда алдыңғы екі тəсілдің екі арасында аралық қызмет атқаратын тəрізді. Яғни кірме сөздер мен алдыңғы екі тəсіл мүмкіндіктері пайдаланылады. Басқаша айтар болсақ, ұғым идея негізге алынады да, олардың жарақталуы ұлттық тіл құралдары арқылы іске асып жатады. Қысқасы, алдыңғы екі тəсіл мүмкіндігі сарқа пайдаланыла отырып, кірме терминдер дайын күйінде қабылданады. Сонда бұл жерде өзге тілден келген нəрсе терминнің мазмұндық сапасы ғана болып шығады. Төртіншіден, өзге тілдерден дайын термин алу тəсілі. Кірме терминдер делініп жүрген бұл сөздер жүйесі көбінекөп орыс тілі арқылы келген орыс жəне халықаралық интернационалдық лексика қатарына жатады. Дайын термин ретінде, ең алдымен, диалектілік ерекшеліктер мен қолданыстағы сөздердің басқа бір түрінен ұлттық тіл қатарына көшкен лексика іске жаратылуы мүмкін. Сондай-ақ, екіншіден, өзге тілдерден енген кірме сөздер болуы ықтимал. Басқаның бəрі тілде ежелден қалыптасқан дериваттар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет