I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ



бет8/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Сан есімдер басыңқы компонент болып негізінен матасу формалы сөз тіркесін құрайды. Сан есімді тіркестер бағыныңқы компонент ретінде бөлшекке түсетін заттарды атайтын зат есім сөздерді, субстантивті сын есімдерді және сан есімдерді қатыстырып, тұтас, көп зат пен оның бөлшегінің қатынасын білдіреді: балалардың төртеуі, қызылының біреуін.
Матасып байланысып «сан есім – сан есім» құрамында құралған сөз тіркестері кісінің жас мөлшерін атау жағдайында күрделі сан есімдердің орнына жұмсалады: жиырманың екісінде, алпыстың үшінде. Сөз тіркесінің бұл қолданылуы ауызекі сөйлеу тілінде немесе ауызекі тілге ыңғайланған көркем әдебиетте ұшырайды.
Күрделі сан есімдердің компонентерін даралап қарастырудың басқа да түрлері бар: жүз де елу бес, мың да тоғыз жүз жетпіс.


7.Синтаксистік мүшелеу және актуальды мүшелеу туралы баяндаңыз
Тілдік жүйеде белгілі бір құрылымға ие сөйлемдегі сөздерді түрлі нұсқада орналастыру мүмкіндігі бар. Мысалы: Асан қазір мектептен келеді. – Асан мектептен қазір келеді. – Мектептен қазір Асан келеді... Бұлардың біреуі – алғашқы нұсқасы əрі бейтарап мəнде болады. Нақты тілдік жұмсалым кезінде қарым-қатынастың міндетіне орай солардың біреуі пайдаланылады. Əдетте, зерттеушілер сөйлемнің грамматикалық, мағыналық жəне жұмсалымдық құрылымдары туралы айтады. Алайда бұл жіктелім сөйлемді жоғарыдағы өзара байланысты болып келетін аспектілерде қарастыру үшін ғана жасалған, олар сөйлем құрылымына деген үш түрлі көзқарасты білдіреді, ал шындығында бір сөйлемнің бөлек-бөлек құрылымдары болмайды. Мен келдім. Келдім мен. Бұл екі құрамды етістікті сөйлем. Сөйлемнің беретін жалпы мағынасы – субъектінің іс-əрекетін білдіру. Орындарын өзгерткенмен, бұл жалпы мағына жəне предикативтік байланыс сипаты өзгермейді. Күн суық (Суық күн) Сағат – үш (Үш сағат) Асан – студент (Студент Асан) Жоғарыдағы сөйлемдер де екі құрамды. Бірақ олар заттың қимылын емес, сапалық жəне сандық сипаттарын белгілейді. Ал орындарын өзгерткенде бұл құрылымдар сапалық жағынан мүлде басқа құрылым болып шығады: атаулы сөйлем не есімді сөз тіркесі болады. Бұларды бұрынғы сөйлемдердің инверсияланған түрлері – инверсияланған құрылымдар деп айтуға болмайды. Олар – мүлде басқа құрылымдар. Бұдан шығатын қорытынды: бірқұрамды (Суық күн) мен екіқұрамды сөйлемнің (Күн суық) құрылымдық ерекшеліктері предикациясының (баяндауыш болып тұрған сөздің) əртүрлі мазмұндық сипатына байланысты. Бірінші сөйлемде белгілі бір сапаға ие заттың бар екені бекітіледі, екіншісінде сапа заттың белгісі ретінде хабарланады. Ескеретін жай: бұл 3-жақта солай, ал 1, 2-жақтарда жағдай басқаша. Мысалы: Мен қаттымын. Мен суықпын. Қаттымын мен! Суықпын мен! Экспрессивтік мақсатта осылай айтылады. Біздер онбыз. Онбыз біздер! Демек: 1) Бұлар жіктік жалғаулардың арқасында атаулы сөйлемдерге айналмайды – бір. 2) Екіншіден, 1, 2-жақтағы сөйлемдер тек адамға қатысты айтылады. Бұл жіктік жалғауының арқасында осылай болып отыр (ал қазақ тілінде сындық, мөлшерлік сөздер предикатив болғанда орыс тіліндегідей емес, 1, 2-жақта жіктік жалғауын жалғайды). Ескеретін жайт: Оның сөзі/ аз. Ол/ аз сөзді жігіт. Предикация мөлшер мəнді есім (модаль) сөзден жасалған сөйлем. Оның екінші нұсқасында да сол сөз (аз) жаңа мағына əкелетін компоненттің (реманың) құрамына кіріп отыр. «Мағына құрылымға əсер етіп тұра ма?» деген сұрақ туады. Жоғарыда айтқанымызға қайта оралайық: Күн суық Қар көп Суық күн Көп қар Бұл құрылымда актуалды мүшеленудің мүмкіндігі қандай? Шектелген бе? Ол сөйлемнің мағыналық-синтаксистік құрылысына байланысты ма? Сөйлемнің грамматикалық құрылысы мен актуалды мүшеленуінің арасындағы қатынас алуан түрлі. Сөйлемнің қолданымдық парадигмаларының алғашқы құрылымын анықтауда ауыстырылатын компоненттерінің категориалдық мағынасы, олардың берілу əдісі жəне синтаксистік байланыстарының сипаты ерекше мəнді болады. Актуалды мүшелену екі жағдайға байланысты болады: 1) сөйлемнің мағыналық-синтаксистік құрылысына; 2) мəтіндік қоршауға немесе сөйлеу жағдаятына. Мысалы: «Ой-й, қандай суық күн!» дегенде атаулы сөйлем болмай, бөлшектенген екіқұрамды сөйлем болып тұр. Рема бірінші позицияда тұр. Сөйлемді қолданыста пайдалану немесе актуалды мүшелену мүмкіндіктері сөйлемнің семантикалық-синтаксистік құрылымы арқылы айқындалады. Хабар-мəліметті толық түсіну үшін сөйлемнің жалпыланған мағынасына, типтік мəніне, сондай-ақ контекстік қоршауына назар аудару керек. Құрылымдық аспектіде қарастырғанда біз мəтіннен бөлініп алынған жеке сөйлемді зерттейміз. Бұл жағдайда оның қызметі белгілі бір типтік мағынаны білдірудің құрылымдық-синтаксистік тəсілі ретінде бағаланады. Ал сөйлеуде сөйлем белгілі бір тұтастықтың бөлшегі ретінде, соның бір тетігі ретінде қосымша қызметтерге ие болады. Ол өзі сияқты басқа сөйлемдермен белгілі бір құралдар арқылы байланысады, ол құралдар бүтіннің құрамындағы əр сөйлемде болады. Зерттеушілер сөйлемді ұйымдастырудың ажырамас элементтерінің қатарына интонация мен сөздердің орналасу тəртібін жатқызады. Нақты сөйлеу жағдаятында сөйлемнің құрылымдық үлгісі интонация мен сөздердің орналасу тəртібіне қарай əртүрлі өзгерістерге, күрделенулерге ұшырайды. Сөйлеуші сөйлеу жағдайында, əдетте, өз ойын белгіліден белгісізге қарай біртіндеп дамытады. Бұл ойлаудың жалпы логикасына сай келеді. Сөзді қатысымдық міндетіне сай зерттеуші мəтіндегі бұл құбылысты айтылыстың актуалды мүшеленуі тұрғысынан қарастырып, сөйлеушіге бұрыннан белгілі жайды «тема» терминімен, ал белгісіз жайды «рема» терминімен атайды. Белгілісі (тема) əдетте айтылыстың басқы бөлігінде, белгісізі – енді хабарланатыны (рема) айтылыстың соңғы бөлігінде орналасады. Сөйлеуші нені хабарлауды маңызды санаса, соны айтылыстың соңына таман орналастырады да, соған екпін түсіре баяндайды. Осыған байланысты айтылыстың құрылысы жəне оның интонациясы анықталады. Демек, айтылыстың актуалды немесе Г.А.Золотованың сөзімен айтсақ, композициялық-синтаксистік мүшеленуінің көрсеткіші логикалық екпін екен. Қазақ тілінің ерекшелігі (орыс тілімен салыстырғанда), логикалық екпіннің түсуі айтылыстағы сөздердің орналасу тəртібімен тікелей байланысты. Егер орыс тілінде логикалық екпін сөйлеушінің оның тұрған орнына қарамастан қай сөзге мəн беруіне, оны өзектендіруіне тікелей байланысты болса, қазақ тілінде екпін сөйлем соңындағы баяндауышқа өзінің алдында тұрған сөзімен бірге (баяндауыштық мағыналық топқа) түседі. Осыған байланысты қазақ тілінде қалыпты жағдайда сөйлемнің грамматикалық құрылымына қатысымдық (коммуникативтік) құрылымы сəйкес келеді. Ол мынадан көрінеді: əдетте сөйлемнің баяндауышы сөйлемді тиянақтап соңғы жағында орналасады да, бастауыш сөйлемнің бас жағында орналасады. Қатысымдық мақсаттылығы тұрғысынан да айтылыс мазмұнының коммуникаттарға алғашқы айтылыстарден (мəнмəтіннен) немесе жағдаяттан таныс, белгілі болып тұратын бөлігі бұрын орналасады да, енді хабарланатын жаңа мəлімет соңынан айтылады. Сондықтан айтылыстың бастауышына (бастауыштық мағыналық топқа) тема сəйкес келсе, баяндауышына (баяндауыштық мағыналық топқа) рема сəйкес келеді. Мысалы: «Мəриям /көп сөйледі, Мəриям сөйлеген сайын Раушан/ елжіреп, Мəриямның аузына қараумен болды...» (Б.Майлин). Алайда айтылыстың қатысымдық құрылымы мен грамматикалық құрылымы үнемі сəйкес келе бермейді. Мысалы, «Алматының экологиялық жағдайы ауыр. Əсіресе, кешкілікте оған қарау өте аянышты». Екінші сөйлемде рема – «əсіресе, кешкілікте», тема – «өте аянышты», яғни рема темадан бұрын орналасқан. Ескеретін жай: нақты сөйлеу үдерісінде, дискурста екпін (рема) сөйлеушінің неге көңіл аударып, нені айтқысы келетініне (тұрған орнына қарамастан) қарай түседі. Сонымен, айтылыстың актуалды мүшеленуіне оның грамматикалық мүшеленуі тірек болады. Өйткені айтылыстың актуалды мүшеленуіне негіз болатын құралдар – интонация мен сөздердің орналасу тəртібі, басқа да тілдік құралдармен бірлікте ең алдымен айтылыстың грамматикалық құрылымын ұйымдастырады. Егер айтылыстың грамматикалық құрылымы біріктірушілік, тұтастырушылық қызмет атқарса, қатысымдық құрылымы керісінше ой қозғалысының барысын бөліп көрсетіп, ажыратушылық рөлде болады . Жалпы, кез келген сөйлем, мəнмəтін актуалды мүшелену тұрғысынан əрдайым екі бөліктен тұрмайды. Олай болу қарапайым ұйымдасқан сөйлемдер мен мəнмəтіндерге тəн. Көбінесе, мəтінде актуалды мүшелену оның композициялық-синтаксистік ұйымдасуын бейнелеп, анағұрлым күрделі, сатылы жəне өзара бағыныштылық сипатқа ие болып келеді. Сөйлемнің синтагматикалық бөлінісі үш жəне одан да көп болып келгенде, оның екі бөлігі ғана осы сөйлемдегі тема мен ремаға сəйкес келеді, қалғандары мəтіндегі алдыңғы сөйлемдердің темалары (Т1, Т2 т.с.с.) болып, олар мəтіннің басқа композициялық-синтаксистік бірліктеріне сəйкес келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет