I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Үнемдеу заңының тілдік табиғатын саралаңыз



бет3/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
2.Үнемдеу заңының тілдік табиғатын саралаңыз.

Үнемдеудің табиғаты күрделі болғандықтан, қазақ тіл білімінде ғалымдар өз зерттеулерінде тіл салаларының əр қырынан сөз еткен.


Қазақ лингвистерінің бір қатары, атап айтсақ, С. Аманжолов, М. Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Томанов, А. Ысқақов, А. Айғабылов, Б. Сағындықұлы, К.Аханов, С. Мырзабектен, Р. Əмір, Ғ. Қалиев үнемдеу заңы əсерінен пайда болған өзгерістер туралы жазған құнды пікірлермен белгілі. Сөйлем мүшелерінің қызметінің жеңілдеуі мақсатында дыбыстардың түсіріліп айтылуы, яғни фонетикада үнемдеу құбылысы тілдің басқа салаларына қарағанда кеңінен зерттелді. Фонетиканы зерттеген С. Мырзабектен «дыбыстық үнем сөздің құрамындағы жеке буын, дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады, басқаша айтқанда, сөзді ықшамдау деген сөз» дейді. Фонетикадағы үнемдеу құбылысын редукция, элизия, апакопа, синкопа, гаплология, т.б сияқты құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Редукцияның үнемдеу заңына қатыс дəрежесін қарастырып көрелік. Белгілі фонетист ғалым С. Мырзабектенің «Қазақ тілі фонетикасы» деген оқулығында: «Редукция бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі», деген анықтама береді. Мысалы, бара алмады тіркесін айтылуда баралмады деп қысқартып қолданамыз. Ғалым Б. Қалиев дауысты дыбыстардың түсіп қалу себептерін зерттегенде, барлық пікірлерді ескеріп, дауыстылардың үнемделуінің табиғатын толық ашуға тырысқан. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» атты еңбегінде қысаң дауыстылардың түсіп қалу жағдайының түрлерін саралап көрсетеді. Олар: 1) қысаң дауыстылардың өз сапасы, 2) көршілес дауыссыздардың əсері, 3) екпінсіздік, 4) сөздердің морфологиялық түрленуі (дауысты дыбыстан басталатын қосымшаның жалғануы), 5) түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жəне олардың қолданылу жиілігі [5,86 б.].
Фонетикадағы үнемдеу жайын сөз еткенде морфонологияны зерттеген ғалым А. Айғабылұлының көңілге қонымды пікірлерінен айналып өту мүмкін емес. Ғалым былай дейді «...редукцияны екпінмен байланыстырушылар екпінсіз буынның редукцияланбайтынын жұмбақ ретінде атап отырды. Шындығына келгенде, егер екпіннің бары рас болса, ол қазақ тілінде сөздің соңғы буынында тұрса, дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда да, буынды жылжытып, екпінсіз буындағы дауысты редукцияланса керек еді» дей келіп, редукциялануға қолайлы жағдай туғызытын буын үлгісін былай көрсетеді: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс редукциясының себебін түсіну үшін үш мəселені атап көрсетеді: 1) буындардың сөзде қатарласа ашық түрде келуі (са-ғы-ну – сағну); 2) түсіріп айтылатын дауысты дыбыстың алды-артындағы дауыссыздардың өзара тіркесу мүмкіндігі 3) дауысты дыбыс редукциясының мағынаға нұқсан келтірмейтіндігі
Апакопа – сөз соңындағы дыбыстың түсіріліп қолдануы. Ғалым Б. Сағындықұлы сары сөзінің алғашқы формасы сарығ болғанын, яғни тілдің даму барысында ғ дыбысы түсіп қалып қолданысқа енгенін айтқан. Сол сияқты «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы ұлық, кішік сөздері қазірде соңғы дыбыстарынсыз айтылып кеткен. Тідік үнем лингвистикалық өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырылады да, коммуникация қажеттілігіне орай ерекше сəтті үйлесім табатын, қолдануға ыңғайлы сөздерді енгізеді. Соның бір жемісі деп гаплологияны айта аламыз.
Сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары да үнемдеу заңының көріністері. К.Аханов еңбегінде: «Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі -ың, -ің түрінде болған. Бұл бастапқы форма (-ың, -ің) менің, сенің, оның есімдіктерінің құрамында сақталған. Тілдің даму барысынада морфологиялық жылысу процесінің нəтижесінде есімдіктерінің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да ілік септіктің жалғауы ұлғайып, (бір дыбыс қосылып) –ның, нің түрінде айтылып қалыптасқан».
Синтаксистегі үнемдеу заңының көрсеткіштерінің бірі – толымсыз сөйлемдер. Толымсыз сөйлемдердің құрамы толық болмағанымен, тыңдаушыға айтайын деген ой толық жетіп, екі жақты түсінік орнайды.
Үнемдеу заңы жайында құнды пікірлерімен белгілі Б.Сағындықұлы метонимияны лексикадағы үнемдеу құбылысы қатарында қарастырады да, мынадай мысал келтіреді: «Жүйрік тоқтығын, жомарт жоқтығын білдірмес». Мұнда «ат, кісі» атаулары жəне екі рет қайталанатын «білдірмес» етістігінің біреуі қысқартылған. Бұл жерде мақалдың мазмұнына нұқсан келіп тұрған жоқ, қайта өткірлене түскен», дейді.
Үнемдеу құбылысының бір түрі эллипсистің тілде көрініс беруінің ерекшеліктері жөнінде де ғалым көңілге қонымды пікірлер айтқан:
«...эллипсистің тілде қолданылуында контекст пен ситуацияның атқаратын рөлі зор еккендігі тұжырымдалады. Оқиғаның болып жатқан сəті, дене қозғалысы, ым, белгі тағы басқа экстралингвистикалық факторлар да эллипсистің оңай түсінілуіне жағдай жасайды. Демек, коммуникативтік бөлшектерді үнемді жұмсау мақсатымен сөйлемнің белгілі бір мүшесін саналы түрде айтпауға болады екен. Қысқа, дəл, анық айтуға тырысушылық, көп сөзділіктен қашу – эллипсистің басты принципі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет