I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Сөз мағынасының ауысу тәсілдерін атап шығыңыз



бет4/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
3.Сөз мағынасының ауысу тәсілдерін атап шығыңыз.
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады.
4.Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінеді, қаншалықты дәрежеде деп білесіз.
Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінеді, қаншалықты дәрежеде деп білесіз.
Лексикография — әртүрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.
Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің лексикалық мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; – полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – сөздерге берілетін анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет