I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Фразеологизмдердің шығу арналарының этимологияға қатысын айтыңыз



бет5/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
5.Фразеологизмдердің шығу арналарының этимологияға қатысын айтыңыз.
Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыс-тар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары мы-налар:
1) Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында корытылған қүбылыс-тардыд нақтылы бейнесі негіз болған. Мы-салы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген түрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында аттан шыққанымен, қазіргі мағынасы қайта жаса-лынып, адамға байланысты айтылады. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмнің негізінде иттің адамға қарсы келіп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға катысты айтылатын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге ай-тылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағына-сы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты ағынан жарылды, айдап салды, астынан су шыққандай, асығы алшысы-нан түсті, ас ішіп, аяк, босатар. 2) Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негі-зінде пайда болған. Мысалы: а) Уақыт — мерзім өлшемдері: Күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, тус ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде. ә) Көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тай, бір тайпа ел’, рулы ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір^қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын. Өткен заманда қазақтар уақытты сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, са-ғат деген уақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген. Мә-селен, секунд ұғымын қас қағым, кірпік (қабақ) қаққанша, көзді, ашып-жұмғанша, демніқ арасында, табан аузында деп, дене мүшелёрінің қимьіл-қозралысы арқылы білдірген. Секунд деп айтпағанымен, секунд ұғымын айнытпай дәл түсініскен. Минут пен сағатты бие_ сасым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен білдірген. Осы фразеологиялық тіркестер сағат болмағанымен, сағаттың орнына жүрген Тәулік пен жыл ішіндегі мерзімдерді нақтылап дәл айыру үшін казақтар Ай, Күн, Шолпан, Жеті, қарақшы, Үркер, Темірқазык, Есекқырған тәрізді толып жатқан аспан денелерін молынан пайдаланған. Олардың күнбе-күнгі (тәулік бойындағы) айлык, жылдық қимыл-қозғалыстарын қадағалап бакылап отырған. Тілдегі фразеологизмдердін, бәрінде о баста конкретті тура мағынасы болган. Профессор Ғ. Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, осы күнгі жүрек жутқан, к,ан ішер, қатарға қосылды, санатқа ілінді, ит терісін басына цаптады деген фразеологизмдердің бәрі де о баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай заманның белгісін сақтап, кейіннен баска мағынаға ауысып кеткендігін айтады1. Бет моншағы үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жүлды) деген түрақты тіркөстер де басында тура конкретті мағынаны білдірген. Кейіннен қатты ұялып, біреуге тіктей қарай алмау, біреудің айыбын бетіне басып масқаралау мағынасында фразеологизмге айналып кеткен. Әр заманнын. сөз жұрнағы тілде сақталады. Соған қарай отырып, тіл фактісі арқылы көненің сырлы қоймасын ақтаруға болады. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі ит шана, ит арба деген сөздер көне заманда итті көлік еткен кезде калыптасқан. Ит өлген жер, ит арқасы қиян дегендер аркылы бір заманда иттін көлік болғанын білеміз. Фразеологиялық мағынаның түп-төркіні лексикалық мағынамен астасып, іштей өзектесіп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет