Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет10/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Совет энциклопедиясы. А.,1981.

2. Алимова Қ. Педагогикалық технология ұғымына түсінік. // Қазақстан мұғалімі. 2009, №8.

3. Сүлейменова Ж.Н., Орынбаев А.Ә., Абитжанова Ж.А. "Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік", Алматы, 2009


Қысқарған сөздерді оқыту тәжірибемнен
А.Мелисхан, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.А.Сатбекова


Ғылым мен техника тілі − қазақ әдеби тілінің терминологиялық жүйесін жаңаша қалыптасу төңірегінде сан алуан пікірлер айтылып, кейбір шаралар жүзеге асырылуда. Қазақ тілінің кең сипат алып отырған қазіргі жағдайында алдағы уақытта ақтарылуға тиісті бірқатар теориялық­практикалық жұмыстар әлі де баршылық. Әдеби тілдің сөздік құрамындағы орны, сөзжасам жүйесіне қарым­қатысы жағынан ғылыми тұжырымдауды қажет ететін осындай мәселелердің бірі − қысқарған сөздер. Егемендікке қол жеткізіп, еліміздің экономикалық, мәдени-саяси дамуы бір бағытқа түскеннен кейін, негізгі көңіл бөліп отырған мәселе − білім беру мәселесі.

«Білім беру жүйесінің басты міндеті − ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» болып табылады [1].

Білім − қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық. Білімнің осындай мүмкіншілігіне қол жеткізгенде ғана әлемдік білім кеңістігіне ене аламыз. Өйткені «Ұлт пен ұлтты, ел мен елді теңестіретін бір-ақ нәрсе, ол − білім», − деген ғұлама жазушы М.Әуезовтің көрегендігі бұған дәлел бола алады.

Ал енді қысқарған сөз дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, қысқаша айтқанда кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып, кейде қысқартылып та қолдануы. Мысалы, Америка Құрама Штаттары деген АҚШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген БҰҰ болып, Қазақстан Британ техникалық университеті деген ҚБТУ болып қысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейміз. [2]

Қазақ әдеби тілі бойынша жарық көрген теориялық зерттеулерде, оқулықтарда оқу­әдістемелік құралдарда қысқарған сөздер (кейбір еңбектерде "аббревиатура" деген терминмен беріледі) категориясы аталып өтеді, алайда бұл мәселе қазірге дейін қазақ тіл білімінде ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеліп, жан­жақты қарастырылған емес.

Алайда жарты ғасыр көлемінде бұл мәселеге орыс ғалымдары да, түркі ғалымдары да назар аударғанын көруге болады және пікірлер де әр қилы. Айталық олардың бірі XIX ғасырда қысқарған сөздер стандарт сипатқа айналып, жазу практикасына толық енді, ол орыс әдеби тілінің грамматикалық жүйесіне тән құбылыс деп санайды. Ал Н.М. Шанский кейбір шартты графикалық қысқартулардың XVII ғасырда кездесетіндігін және бұл тілдік құбылыстың жазу процесінде қалыпты (стандарт) сипатқа айналғандығын көрсетеді. "Аббревиатура" терминін алғашқы рет қолданғандардың бірі А.М.Селищев. Ол қысқарту терминін кейбір жағдайларда "аббревиатура" деп берілгендігін айта келіп, "нақты бір сөзді телеграф арқылы жеткізуде және хатқа жазуда үнемділік аса қажетті ұтымды әдіс" − деп бағалайды [3].

Қысқарған сөздер 1920 жылдардан бастап қазақ әдеби тілінде көрініс таба бастады. Сол уақыттардағы баспасөз беттерінде ликбез, рабфак, НЭП, ГОЭЛРО тәріздес орыс тіліне тән қысқарымдармен қатар атком, ауылком, болатком, жерком, болком типтес қазақша қысқарған сөздер де пайдаланады.

«Күрделі сөз» деген лингивистикалық термин тюркологиялық еңбектерде XIX ғасырдың бас кезінде-ақ бастады. Қазақ тіл білімінде күрделі сөзді алғаш сөз еткен ғалым − Қ.Жұбанов. Оның «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер » деген еңбегінің «Сөз тұлғалары» тарауында күрделі сөздердің бірі − қиюлы сөздер деп көрсетеді. Қ.Жұбановтың «қиюлы сөздер» деп атағандары − қысқарған сөздер. Қиюлы сөздердің құрылысын: а) буын қиюлары (казатком), ә) әріп қиюлары (ХКС), б) аралас қиюлылар (КазПИ) деп бөледі. Автордың осы жіктеуі кейінгі зерттеулерде сақталған, айырмашылығы атауында (қиюлы қысқарған сөз). Ол бұл құбылыстың «сөзжасауды басқа түрлеріндей тегіс жасалып болмаған жаңа екендігін, бірақ бұл өте ыңғайлы болғандықтан күннен-күнге көбейіп, қазақ тілінде өзінің лайық орнын тауып келе жатқандығын» айтады. Жазу дағдысында жиі қолданылатын суреттеме атауларда қысқартып айту және қысқартып жазу дәстүрге айналғандығы, осының нәтижесінде қысқарған сөздер жаңа сөз болып қалыптасқандығы туралы пікірлерді өзге де еңбектерден кездестіреміз [4].

Қазақ тілінде қ ы с қ а р ғ а н с ө з д е р категориясы о р ы с т і л і – н і ң тікелей ы қ п л ы н а н т у ғ а н қ ұ б ы л ы с екенін, б і р і н ш і – д е н, орыс тілінде қысқарған сөздердің ешбір өзгеріссіз, сол қалпында алынған түрлерінен де (СССР; комсомол; совхоз), екіншіден, орыс тіліндегі сөзді қысқарту үлгісі бойынша және соған лайықтап қазақ тіліндегі күрделі атаудың құрамындағы компоненттерді қысқартып алған нұсқалардан да (АҚШ-США;) көруге болады. Оның бер жағында, бұл ықпалды күрделі атаулардың толық түрлерінің (варианттарының) құрылымына ғана емес, сөздердің бірінші дыбыстарының я бірінші әріптерінен (АҚШ-США); сөздердің бірінші буындарынан (ауатком-райсполком); күрделі атаудың бірінші компоненттің буыны мен соңғы компоненттерінің бірінші дыбыстарының (әріптерінен) құрылатын (ҚазССР-ҚазССР) және бірінші компоненттің бірінші буыны мен соңғы компоненттің толық формасынан құралатын (педсовет-педсовет) үлгілерімен нұсқалардан да табуға әбден болады.

Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан үнемі динамикалық күйде болады. Қозғалыс бар жерде даму үрдісі жүретіні аян. Тілдің даму үрдісі барысында оның ғылыми жағы да, практикалық қалпы да дамиды. Оны оқытуда білім беру мазмұны да жаңарып отыруы тиіс. Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңа мазмұн, жаңа тәсіл, жаңа талапты қажет ететін негізгі тақырыптардың бірі – күрделі сөздер. Қазақ тілінде күрделі сөздерді оқыту 5-6 сыныптардан басталады. Мен практика барысында 6-шы сыныпқа бөлінген 10 сағатқа күрделі сөз бен оның емлесін оқыту үшін дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларын басшылыққа алдым. Күрделі сөздерге байланысты берілетін білім көлемі, білім берудегі негізгі ұстанымдар, әдістер мен тәсілдер күрделі сөздердің зерттелуінен қалыптасқан теориялық қағидалардан шығатынын жете түсіндім. Осыған орай, күрделі сөздер мен оның емлесінің зерттелуін басшылыққа ала отырып, күрделі сөздерді оқытудың әдістемелік негізін зерттеу − қазақ тілі әдістемесі ғылымының алдында тұрған басты мақсат екенін білдім.

Практика барысында өткізген қысқарған сөздерге байланысты сабақтың үлгісін ұсынуды жөн санап отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: күрделі сөздің бір түрі қысқарған сөздің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру, алған білімдерін пысықтау, тексеру, бағалау;

Дамытушылық: оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

Тәрбиелік: оқушыларды елжандыққа, инабаттылыққа, әдемілікке трбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: кесте-плакаттар, тест сұрақтары.

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ жауап.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 100-жаттығу. Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, шығарма жазу.

Ауыл-аймақ, көрші-көлем, үлкен-кіші, аралас-құралас, бірімен-бірі, ағайын-туған, қарым-қатынас, ата-ана, сый-құрмет, сәлем-сауқат, дәстүр, салт, халық, тату-тәтті.

  1. Тестпен жұмыс.

Жаңа сабақ.

Плакат арқылы қысқарған сөздердін жасалу жолы мен емлесін түсіндіру.



Р/с

Қысқарған сөздердің жасалу жолы


Мысалы

Емлесі

1.

Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады.

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҚХР мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.


2.

Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздің бас әріптерінен құралады.


ҚызПУ- Қыздар педагогикалық университеті

ҚазТАГ мәлімдеме жасады.

3.

Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі тұтас қалпында бірігіп қолданылады.


Педколледж- педагогикалық коледж

Мектептің медпунктінде тіс дәрігері балаларды емдейді.

4.

Техника түрлерінің (ұшақ, машина, қайық т.б) маркаларын білдіретін шартты белгілер


ГАЗ-51

ТК-154


ИЛ-86

АН-24


Астанадан Еркін ТУ-154-пен ұшып келді.

5.

Әртүрлі өлшемнің атауы

см, мм, км, га, кг, ц, т

1 кг бал жинау үшін ара он тоғыз миллион гүлге қонады.

Қысқарған сөздің емлесі

Қосымша дефис арқылы жазылады

Қосымша бірге жазылады

Жазылмайды

БҰҰ-ға

ҚазҰПУ-іне

ЯК-40-пен


Колледжге

Кг+ның

Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып, кейде қысқартылып та қолдана береді. Мысалы, Америка Құрама Штаттары деген АҚШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген БҰҰ болып, Қазақстан Британ техникалық университеті деген ҚБТУ болып қысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейміз.



Сабақты бекіту:

  1. Сөздердің бас дыбыстары алынады, оқушылар жауап береді. ЖЭС- жылу электр станциясы

  2. Бірінші сөздің буыны мен қалған сөздердің бас дыбыстары алынады: ҚарМУ

  3. Сөздердің бас буындары алынады немесе бірінші сөздің бас буынына қалған сөз өзгертілмей қосылып алынады: Қазпошта, партком.

  4. Техника: Ан-86

  5. Өлшем біріліктері: см, км, мм, т.

Кітаппен жұмыс

102-жаттығу. Қысқарған сөздерге қосымша жалғап сөз тіркесімен сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның (Ұлттық Ғылым академиясы ) жылдық жалпы жиналысы болды.

103-жаттығу. Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап айтыңдар.

Үлгі: Анам 4 кг алма сатып алды.

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма

1. Қысқарған сөздер тақырыбына бес сұрақтан тұратын тест құрастыру.

2. Баспасөз беттерінен қысқарған сөздерді теріп жазып келу

3. Қысқарған сөздерге бірнеше сөйлем ойлап жазып келу

Қорыта келгенде, оқыту мен тәрбие − егіз, оқыту тек қабілетті ғана емес, тұтас тұлғаны, оның мінез-құлқы, адамгершілігі мен дүниетанымын қалыптастырады. Оқушының біліктілігінің негізі − білімде. Саналы іс-әрекет оқушының оқуға деген қажеттілігі мен қызығушылығын туғызады. Осыған орай, оқушыны белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу қажет. Ендеше жас ұрпақтарға білім нәрін құю біздің қолымызда екенін ұмытпай, сапалы білім саналы тәрбие беруге ат салысайық болашақ жас мамандар!

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Алматы: Юрист, 2003.

  2. Исаев С. Қазақ тілі. –Алматы: Өнер, 2007.

  3. Селищев А.М. Революция и язык. Изб.произв. М.,1968.

  4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. −Алматы: Ғылым, 1966. -362 б.

Резюме

В статье докладывается технологии обучение сокращеных слов для 6-класса.


Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдаланудың маңызы
О.М. Метербай,

Алматы, №133 қазақ орта мектебі
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » -деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге тән. Жас мемлекеттің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі [1].

Білім беру саласы қызметкелерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелеріміздің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:



  • практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;

  • қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;

  • елдің материалдық-қаржылық, әл-ауқатын әрі қарай дамыту;

  • орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, т.с.с міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет[2].

Қазіргі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын Отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Оқытудың мұндай механизімін Я.А.Коменсий «дидактикалық машина» деп атады. Білім берудегі кез-келген техниканың өзегі Я.А.Коменскийден кейінгі педагогикалық технология элементтерін Г.Песталоций еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл күнде оқыту технологиясы үкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары көмекке келді [3].

АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. 1960 жылдары шетел зерттеушілері оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген «педагогикалық технология» терминін енгізді.

Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы біздің лексикологиямызға берік еніп келеді. Бірақ оның мән мағынасы туралы пікір алуан түрлі.

«Технология»-Tehne-исскуство, ремесло, мастерство, учение-деген

мағынаны білдіретін грек сөзі.

«Технология-өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы» - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген [3].

Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп- оқытудың обьективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту құралдары, дидакдикалық материалдар, құрал-жабдыұ,техникалық құралдар,т.б) қандай да үрдістің нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Мәселен, поляк педагогы Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мәнін ашқанда төмендегідей анықтама берген: «Оқыту технологиясы» деп ғылыми ұстанымдар жүйесінде қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде, көбіне оқылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге, эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудивизуальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның тәжірибесімен өзара бірлікте қарастырылады [5].

«Педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деп В.Беспалько атап көрсетсе, И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты-іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді анықтау [3].

В.М.Монахов: «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі» - деп анықтама берген [3].

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология-бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» - деп анықтайды .

Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойылып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптардың, психологиялық-педагогикалық нұсқаудың жиынтығы.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажет әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап сияқты психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әркетіне игі мұғалімдердің интеллектуалық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұстамды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты қызметін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.

Бір технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде 70-тен астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибесінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:



  • елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепте әлкуметтік сұраныс;

  • мектептің дамуы туралы жетістіктері мен табыстары;

  • педагогикалық озат тәжірибе;

  • мұғалімнің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;

  • мектептің жұмыс үрдісі мен нәтежелерінің талдамасы [4].

Демек, педагогикалық технологияны таңдау барысында алынып отырған техникалық мектептің мүмкіндігі нақты жағдайға сай болуын, жүйелілігін, тиімділігін, т.б. ескеруіміз керек.

Педагогикалық технологияның басты міндеті мыналар:

- оқушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатын дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

- оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;

- оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себебіне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;

- жаңа буын оқулықтарының мазмұнына талдау жасау;

- пәндік білім стандарттарымен жете танысу;

- білімді деңгейлеп беру техникаларын үйрену арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

-оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1-кезең: Жаңа идеяны іздеу – ақпараттандыр және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

2-кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру – оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізуді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

3-кезең: Жаңалықтарды енгізу – оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

4-кезең: Жаңалықтарды бекіту – оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.

Ш.Таубаеваның жіктеуі бойынша «педагогикалық технология оқу-тәрбие процесімен, мұғалім мен оқушының іс-әркетімен тығыз байланысты ».Ол бойынша педагогикалық технологияның құрылымы:

1. Концептуалдық (тұжырымдық) негізі.

2.Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұндық бөлімі:



  • оқытудың, тәрбиелеудің нақты және жалпы мақсаты;

  • оқу материалының, тәрбие жұмысының мазмұны;

3. Процессуалдық бөлігі-технологиялық процесс:

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;

  • оқушының оқу әрекеті мен тәрбиелік жұмысының әдістері мен түрлері;

  • оқу-тәрбие үрдісінің диагностикасы [5] .

1.Педагогикалық технологияны төмендегідей топтарға жинақтауға болады:

  • Ынтымақтастық педагогикасы;

  • Ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы;

  • Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин

2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

  • Ойын-сабақ технологиясы;

  • Проблемалық оқыту;

  • Модульдік оқыту технологиясы

  • Шаталованың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы ;

  • Е.И.Пассовтың коммунативтік оқыту жүйесі.

3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:

  • Бағдарламалап (программалап) оқыту;

  • Саралап-деңгейлеп оқыту;

  • Ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

  • Компьютерлік технология.

Қазіргі педагогика ғылымының ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталып жаңа оқыту-тәрбиелеу технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттердің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын оқушылардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан баланың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып отыр.

Білім берудің ең төменгі сатысы – бастауыш саты, интеллектінің даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бастауыш мектеп – бұл оқушының тұлға мен саналық дамуы қуатты жүретін кезеңі. Сондықтан да бастауыш – білім берудің алғашқы басқышы. Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Бұл сатыда баланың есте сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенмен, білуге құштар, барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиялары ретінде қолданылып жүр.

Оқыту технологиясын қайсысын болсын пайдалану оңай іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:



  • жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;

  • жаңа технологияларды қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

  • жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

  • жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;

  • оқушылардың жұмыс әдісін;

  • оқушыларды жаңа технологияларда жұмыс істеуге үйрету әдісін мұғалім істей алуы тиіс;

  • қандай да бір технология үшін оқу бағдарламаларының түрлендірілген нұсқасын құрастыруды;

  • күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;

  • оқу моделін құрастыруды;

  • әр сабақты сауатты жоспарлауды;

  • оқушылардың өздік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;

  • оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;

  • тестілік бақылау тапсырмаларын жасау;

  • компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау.

Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:

-жаңа технологияларда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;

-түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;

-өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтау;

-педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияларды пайдалану тиімділігін бағалауды.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Жаңа педагогикалық технология, біріншіден, ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасаса, екіншіден, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсер етеді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет