Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет13/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




Г.А.Абдурахманова,

ҚазМемҚызПУ, Кәсіптік білім” кафедрасының магистрі


Қазіргі Қазақстандағы білім және тәрбие үрдістерінде “Қазақстан Республикасының Конституциясы”, “Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы”, “Қазақстан Республикасының тәрбие тұжырымдамасы” т.б. мемлекеттік құжаттар басшылыққа алынады. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелері мемлекет болашағының негізі болып табылатындығына Қазақстан Республикасының Президенті де назар аударып келеді.

Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   28 қаңтар 2011 жылдағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫ да негіз болып отыр. Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық. Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз.

Н.Ә.Назарбаевтың   Қазақстан халқына жолдауы көкейде жүрген көп ойға қозғау салады. Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, болашақ ұстаздың әлеуметтік хал-ахуалы негізінен ұрпақтан білім сапасын жетілдіру мақсатында сапалы білім беру, білікті маман даярлау бірінде аса маңызды міндеттердің қатарына қойылып отырғандығы жайында да жақсы айтылған. Президент ойлары жастармен жұмыс істейтін барша адамдарды ойландыру тиіс.

Біздің ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы орайда білім берудің, білім алудың ғасырлар бойы жалғасатын үздіксіз процесс екені жас ұрпақтың өмірлік ұстанатын қағидасы болуға тиіс.

Біздің еліміздегі білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы қоғамды демократияландырудың жалпы тенденцияларына сәйкес келетіндіктен, болашақ мұғалімдер қазіргі экономикалық қатынас жағдайында белсенді, шығармашыл болып келеді. Олардың кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы қажет, себебі қазіргі білім беру саласындағы модульдік, сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлі және дамыта оқыту сияқты озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жаңаша ойлай білетін маман болуы мүмкін емес. Ал жаңа технология қолдану, оқып – үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Олай болса, педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани-адамгершілік, азамматық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Бүгінгі уақыт талабына сай мемлекетіміздегі 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.

Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет.

Бұл мәселе бойынша бүгінгі оқытушылардың шығармашылық қасиеттерін қалыптастырып, дамыту да тиісінше орын алмақ. Өйткені өркениетті заман жастарының шығармашылық іс-әрекеті қоғам дамуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы белгілі. Жастарды шығармашылыққа тәрбиелеудің ғылыми негіздері педагог-ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапқан.

Қазіргі кездегі мектептің ең маңызды мақсатының бірі -оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, потенциялдық мүмкіндіктерін ашу және қабілетін дамыту болып табылады. Оқушылардың білімдер жүйесін жай түрде қабылдауы жеткіліксіз, сол себепті жастарға өздерінің шығармашылық іс–әрекеттерін әрі қарай дамытулары керектігін түсіндіру қажет. Оқулық пәндерінің функциясының үнемі өзгеріп тұруына байланысты оқып–үйрену объектісі жеке оқушыны дамытудың тәсілі болып қалады. Бұл жағдайларда мектеп курсында бірнеше пәндердің оқу процестері кезінде оқушының шығармашылық тәжірибесін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту технологиясын дайындау туралы сұрақ өте актуальді болып тұрады. Мұғалім (оқытушы) шығармашылық және танымдық қабілетті жеке адамның белсенділігін арттыруға жетелейтін оқыту тәсілдерін меңгеру керек. Оқушыларды тұрақты белсенділікке үйрете отырып, шығармашылық мәселелерді шешетін белсенді, іздемпаз, қайраткер адам шығаруға болады. Педагогика ғылымы неғұрлым, шығармашылық және ойлау процестерін ашқан сайын, мектепте соғұрлым балалардың білімге, белсенді ақыл–ой еңбегіне деген құлшынысын, сүйіспеншілігін нақты түрде арттыруға тәрбиелейді.

Тәрбие-қолөнерді меңгерудің практикалық дағдылары мен мінез- құлықтың белгілі бір адамгершілік нормаларын игеру мақсатын көздейтін тәлімгер мен мұғалімнің басты іс әрекеті. Мұғалімнің мақсаты-бақытқа жетудің жолдарын ізденуге оқушыларды даярлау міндеттері жөніндегі мәселелер Әл-Фарабидің қай саладағы болмасын ғылыми еңбектері, оның қайталанбас маңызы, адамзаттың ғылыми ой тарихынан өзінің лайықты орнын алады.

Сондай-ақ XІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік”, XІІ ғасырдағы Әдіб Ахмет Махмудұлы Иугнәкидің “Хакиқаттар хадисі” немесе “Шындық сыйы”, Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмет”, Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердиев т.б. ғұлама ақын жыршылардың жастарды еңбекке тәрбиелеудегі үлкен ықпалы мұралардағы шығармаларынан айқын аңғарамыз.

Бірінші кезекте бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. [1].

Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасының осы қағидаларын, сол сияқты қазіргі қоғамның төмендегідей ерекшеліктерін ескере отырып технология пәніндегі технология сабақтарын оқытудың мазмұнын іріктеудің және материалдардың орналасу жүйесін анықтаудың принциптерін тұжырымдау қажет;


  • Жалпы қоғам дамуының қазіргі ерекшеліктерінің бірі-ғылыми-техникалық прогрестің тездеп даму және оның нәтижесінің өндіріске енгізілуі болып отыр. Яғни, қандай да мәселені шешуге өткен ғасырларда ондаған, тіпті жүздеген жылдар кетсе, қазір ол санаулы жылдардың ішінде жүзеге асуда. Бұдан бүгінгі оқу орындары оқушыларын қандай да білім, білік және дағдыларымен қаруландырып қана қоймай, оларды “… өз бетімен тұжырым қабылдай алатын, стандартты емес мәселелерді шығармашылықпен шешетін қоғамның белсенді мүшелерін тәрбиелеу керектігі туындайды [2].

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, соның арқасында оның әлемдік экономикалық геосаясатқа дербес араласуы елімізге көптеген адамдардың келуіне, сол сияқты, біздің азаматтардың басқа елдерде жұмыс жасауына, оқуына әсер етіп отыр. Осыған байланысты біз Қазақстан мектептерінде берілетін білім деңгейі өркениетті елдердегі оның мөлшері мен деңгейінен төмен болмау керек.

  • "Әлем халықтарының арасындағы қатынастардың қазіргідей деңгейге көтерілуі әр ұлттың өзіндік қасиеттерін сақтап қалуына қауіп төндіруде. Мұндай жағдайда біз де өзімізге тән ерекшеліктерімізді (тілімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді және т.б.) сақтап қалу үшін жеткіншек ұрпақты “ұлттық және патриоттық санасы жоғары етіп тәрбиелеуіміз қажет [3]". Оның бірден бір жолы, біздің ойымызша, мектеп пәндерінің мазмұнын халық тарихы мен мәдениетінен, әдет ғұрпынан мәлімет беретіндей етіп құрастыру болып табылмақ.

  • "1950 жылдардың ортасынан бастап өмірге енгізіле бастаған “есептеу техникасын бұл күнде пайдаланылмайтын сала жоқ. Сондықтан оның мектепке қолданылу аясын кеңейту заман талабы болып отыр [4]". Осыған орай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын және жалпы қол өнер бұйымдарын жасау технологиясының электронды оқулықтарын шығару жоспарланып отыр және алғашқы сыналқы үлгісі профессор М.Х.Балтабаевтың жетекшілігімен қазіргі кезде жарыққа шықты.

  • Технология пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ, ата дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың және ұлттың болмысты дүние жүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру.

Бұл еңбек негізінде жас өспірім талапкерлердің ой өрісін, ұсталық-шеберлік сезімдерін,еліміздің қол өнер қазыналарына сүйіспеншілігін ояту мақсатында және де қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар бағытындағы жағдайларға сәйкестендіріліп, ұсынылып отыр.

Жастардың бойында болашақ мамандықты таңдауға жауапты және сапалы көзқарас қалыптастыру үшін алға қойған мақсатты белгілеп, оған жету жолдарын анықтаудың маңызы өте зор. Мұндай құзырлықтың болуы мәселені айқындап, дұрыс шешім қабылдауға, оны іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі замандағы кәсіби білім беру жастардың мамандықты өздігінен таңдай алу, шығармашылық және керативті ойлау, өздігінен жұмыс жасай алу және қабілетіне қарай оқытуға бағытталады.

Қазіргі кәсіпкерлік еңбекке баулу жұмысы оқу жылынан бастап әр оқу пәнінің өзіндік ғылыми әдістемелік ерекшеліктерін ескеруден, олардың нарық шаруашылығына байланысты өндірістік-ақпараттық, жаңа технологиялық процестердің материалдарын іске енгізумен жүзеге асады. Оқу процесінде әр оқушының өз бетімен ізденуін ұйымдастыру арқылы оның дербес кәсіби іскерліктері мен соған байланысты экономикалық ой-өрісін дамытуға тұрақты назар аударылады.

Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнеріндегі мәдени мұралардың тәрбиелік көзі, көркемдік дамуы мен дәстүр сабақтастығының негіздері, оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеудің қажеттілігін қалыптастырады.

Өйткені, әрбір білімді бағдар еткен оқушы өзінің ұлттық әдеп-ғұрыптар арқылы, өз халқының игілігіне өзге жұртқа таныта алады. Сондықтан да әрбір маман иесі өз кезімен өткен өмірлік тәжірибесі негізінде жас жеткеншектерді болашақ өмірге даярлап, өзінің телегей тәжірибесімен тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың рухани мұрасымен сусындатып, оны игеруге және игертуге баулу қажет. Болашақ маман иелерін осы ұлттық қолөнермен баулып, оның дамуы мен сақталуына үлес қоса білу келешек үшін маңыздырақ болмақ.

Білім беруді қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі қажет. Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дамытуда да жаңа буын оқулықтарымыз үлкен рөл атқаратын болады.

Қорыта келе, бұдан болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын жол тек білімде ғана екендігін анық тануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Концепция развития среднего образования Республики Казахстан Караван. 1997, 4.07.

  2. Кенжеғалиев И. Ақиқаттан аттамайық. //Жас Алаш, 1993, 18 ақпан, Б.4.

  3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы, 1994, 314б.

  4. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Высшая математика в школе.Алматы, 1989, Б.23.

  5. Бөлеев Қ. Болашақ мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау.Алматы., 2000г.

  6. Ә.Марғұлан «Казахское прикладное искусство» 1, 2, 3 том.

  7. Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» Алматы,1987

Резюме

Развитие творческой активности, самореализации, самоутверждение личности – предоставление школьнику возможности воплощения своей идеи– основа проекта на уроках технологии



Тәлім – тәрбиені ұйымдастыру
С.Әбдімәжитова, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі Б. Матай

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды.Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.

Әрине, жастарға тәлім- тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.

Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы мақал-мәтел, ертегі, өлең- жыр түрінде, ақын- жыраулардың, шешендік сөздері тоғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі – ауыз әдебиеті, оның ішінде тәрбиелік мәні зор.

Қазақтың халықтық тәлім-тәрбие педагогикасында әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сенім көрсету, бұйыру, жаттықтыру, әдеттендіру, өтіну, бұйыру, алғыс, бата- тілек,қарғыс, сөгу, жазалау, кіналау, айыптау, сынау, қағыту, жазғыру, зекіру, тәжірибеде көрсету, өнгелік тәлім, бәсеке жарыс т.б сияқты тәрбие әдістері бар және осылардың бәрі ғылыми педагогиканың негізін қалайды.

Тәрбие ісі сан түрлі формада ұйымдастырылуы мүмкін. Тәрбие ұйымдастыру формасы дегеніміз- тәрбие процесін ұйымдастыру түрлері.Тәрбие процесін ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар мағынада түсіндіріледі. Кең мағынадағы тәрбие жұмысының формасы - тәрбие жұмысының тұтас ұйымдастырылуымен сипатталады: оқу процесінде тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жерлерде тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу формасы түгел қамтылады. Тәрбие процесіне сынып оқушылары түгел қатысуы, қатыспауы, түгел қамтылуы, қамтылмауына байланысты тәрбиенің көпшілікпен ұйымдастырылу формасы, топпен, шағын топпен ( үйірмеде) ұйымдастырылу формасы ғылыми негізде, педагогикалық әдебиеттерде қалыптасқан және кең тараған. Соңғы жылдары тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары көрініс тапты : әр түрлі клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем өнер театры және кино студиялар, теориялық алқалы жиындар т.б жарыстар («Ал, қане қыздар!», «Көңілді тапқырлар», « Ал, қане жігітттер!», « Алтын сақа», « Өнерпаздар жарысы», « Мамандықты қорғау жарысы», «Ән жарысы», « Күй жарысы» т.б).

Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары :



  1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін-бірі толықтырып , бірізді, жүйелі жүргізілуге тиіс.

  2. Адамды тәрбиелеу үшін оны жан- жақты түгел зерттеп, психофизиологиялық дамуын, мінез- құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп,оған жеке дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.

  3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.

  4. Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда,оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген жөн.

Тәрбие сияқты күрделі процесте бір формамен шектеліп қанағаттануға болмайды немесе кез келген өмірдегі жағдайға байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана беруге де болмайды. Қандай жаңа болса да, дайын бір ғана тәрбие формасы арқылы жас ұрпақты баулудың барлық мәселелерін шешу мүмкін емес, сондықтан аталған тәрбие формалары үнемі бір-бірімен алмастырылып, кезектесіп ұйымдастырылады.

Еліміздегі көптеген мамандық иелерінің жеке тұлғасының «Сегіз қырлы, бір сырлы» дамуы - алдымен сабақ процесінде іске асса, ал сыныптан тыс кездерде тәлім- тәрбиенің өзге формаларын қолдану арқылы түрлене түседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Қалиев, Ш.Майғаранова,З.Бейсенбаев. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.А,.-1999

  2. А.Меңжанова.Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А,.-2003

  3. Ж.Б. Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика А,.-2004

  4. Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құлдиярова.Педагогика.А,.-2004

  5. С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,.-2004

Жарқын болашақ – ұрпақ қолында,

Білімді ұрпақ – ұстаз қолында!

Ш.С.Баймұқашева


Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер

-дей келе сөзімді мына керемет өлең жолдарымен бастап отырмын. Иә, шынында да ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеп, сондай дәрежеге жеткізетін, жетелейтін асыл жандар. Дүниеге келгенде, ең бірінші анамызды танысақ, мектептің табалдырығын аттағанда, аяулы ұстазымызбен танысамыз. Сол сәттен бастап ардақты ұстазымыз әрдайым жанымызда болып, бізге қалам ұстауды, оқуды, жазуды үйретеді. Бізбен бірге шаршайды, қобалжиды, қуанады. Бізге білім есігін ашып, өмірге дайындайды. Ата-апаларымыз «Ұстаз - екінші ана» - деп айтқан сөзі есімнен кетпес. Мектепте оқығанымда ұстаздарға қарап осы неге қайта -қайта сабақ сұрап, оқымасаң ұрысып, сабақтан қалсаң қобалжып отырады,- деп ойлайтынмын. Жоқ, әлде басқа жұмыстары жоқ па, сонша неге ренжиді екен деп ойланатынмын. Бірақ, уақыт келе, бәрінің де қадірін түсінеді екенсің. Бітіріп кетсем де, көз алдымда сабақ бергені, айтқан ақылдары есімде жүреді. Сонда неге айтқанын істемедік, неге ренжіттік деп өкінетін де, сағынатын да уақыттар болады. Мектеп жүрегі – ұстаз деп те жай айтылмаған емес пе?! Сондықтан осындай жандарды сыйлап, мүмкіндігің барда берген білімін сіңіріп үлгер, тәрбиесін, жақсы қасиеттерін ал, уақыт – жылдам, қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың! Мектеп кішігірім өмір, ал сонда білгенің, көргенің осы үлкен өмірде кездеседі, керек болады. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары ұстаздардың білімдері мен біліктеріне жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыратын да ұстаздарымыз.  

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. «Ұстаздарымыз қалай осындай болды, оларға осының бәрін кім үйретті, қайдан үйренді, әлде сондай жандар болып дүниеге келді ме?!»- деп ойландық па? Қазіргі кезде ұстаз боламын деушілердің саны көп. Ал бірақ, келешекте оқығанын балаға жеткізіп, дұрыс бағыт бере алатын, еліміздің мақтанышы болатын, отанын сүйетін азаматты тәрбиелеп шығатын ұстаз бола ала ма? Ұстаз болу үшін тек білім ғана емес, балаға жақын, тіл табыса алатын, ойын жеткізе алатын, адамгершілігі мол, мейірімді, ақылды, сабырлы, жан -жақты дамыған, психолог, отанын сүйетін, ана тілін қадірлейтін адам болуы қажет. Әдетте, жаңалықтар көріп жатып, «Бұл не сұмдық деп, осындай адам да болады екен-ау, тағы өзіміздің қазақ!» - деп таңқаламыз. Сіздер білсеңіздер, осының бәрі-берген, көрген тәрбиеден. Адамда екі жанұя болады. Біріншісі – үйіңдегі ата- анаң, әпке-інілерің, ал екіншісі – мектептегі достарың, ұстаздарың. Ең басты керекті тәрбиені, осы адамдардан, осы жерден аласың. Егер ата-анаң, ұстазың дұрыс тәрбие, бағыт- бағдар бермесе, ішімдікке, нашақорлыққа байланған, өмірден адасқан, түрлі қылмысқа беті бұрған адамдарды өсіріп, теледидардан көріп,соған тағы таңқалып отыратын боламыз. Сондықтан да мамандық таңдағанда, ұстаз боламын деместен бұрын, асықпай ойланып барып, шешім қабылдасақ дұрыс болғаны. Себебі,   мұғалім мамандығы- ұстаздық қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

Мен осы жылы мектепте педагогикалық практикадан өткен едім. Сонда оқушыларға сабақ бере отырып, көп нәрсені өз бойыма сіңірдім, олардан да сабақ алдым. Балалармен жұмыс жасағанда, барлығын ұмытады екенсің. Қайда жүрсең де соларды ойлап, жаңа сабаққа әдіс-тәсілдерді іздестіріп жүресің. Шындығында, өзім балаларды жақсы көремін. Қылықтары мен сөйлегендері маған өте қызық, тәтті. Сондықтан болар, сабақ бергенде балаларға қарасам шаршағанымды ұмытып кететінмін. Әрине, барлығы оңай, күшті болмады. Қиындықтар да, көңілің толмайтын уақыттар да болды. Әрбір оқушының түсінгенін, білгенін қалайсың. Адам болған соң, әртүрлі мінезді, сабақты әртүрлі қабылдайтын да оқушыларды көресің, бірақ бәріне үйренесің, сол жағдайларға ыңғайланып қалыптасасың, шешуге тырысасың. Менің түсінгенім, ұстаз болу үшін – сабырлы болуы тиіс. Сонда ғана оқушыға түсінбегенін, қажет болса жүз рет түсіндіруден жалықпайсың. Сабақ түсіндіргенде, оқушылардың қызығушылығын оятуға тырысасың, баланың тілімен сөйлейсің. Сабақты бала кішкене оқыса, кітапқа бетін бұрып, кішкене ғана мән берсе, сол балаға одан әрі түсіндіре бергің келіп тұрады. Өзім кішкене уақыт аралығында оқушыларыма қатты бауыр басып қалдым. Үйде де солардың қылықтарын стөл басында айтып отырамын. Сондықтан ұстаз болу да меніңше үлкен бақыт. Саған апай деген сайын, сол сөзге лайықты болғың келеді. Өзіңді бұрынғыдан басқаша ұстайсың. Практикада жүргенімде алған эмоцияларымды сөзбен жеткізе алмаспын. Бәріміздің басымыздан өткен шығар, мектеп кезінде, апай нені істесе соны қайталап, сөздерін келтіріп, ылғи да апайымызға ұқсағымыз келетін. Сондықтан оқушылардың алдында күлімдеген, мейірімді, нәзік жанды, білімді, сыпайы, адамгершілігі мол, жинақы ұстаз ретінде жақсы жағынан үлгі көрсететіндей болып жүру қажет.

Қазір білесіздер, түрлі техникалар дамуда, шығарылуда, бірақ оқып қарасаң көбісі шет мемлекеттерде! Ал неге соның барлығын өзімізге шығармасқа?! Білім беріп, бар күшін салып оқытқан ұстаздарымыздың еңбегін ақтап, елімізді биіктен көрсетсек! Басқа мемлекеттегілер де сол білімді оқып, сол суды ішіп, бізбен бірге бір жерде өмір сүреді емес пе?! Сапалы ұстаз болып, оқушыларымызға сапалы білім беріп, қазіргі заманғы бағыт- бағдар беріп, жаңа мақсат қойсақ, жоғары да айтылғандардың орындалуы ғажап емес шығар.

Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялдадатын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық. Ақынды да, ғалымды да, әншіні де, тіпті президентті де оқытатын ұстаз. Ендеше ұстаздарымызды құрметтеп, ал ұстаздарымыз осындай азаматтарды елімізге тәрбиелей берсін. Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, ұлдарымыз батыр, қыздарымыз инабатты, еліміз тыныш болсын ағайын…
Қолөнер арқылы кәсіби білім беру
Л.Ш.Бәкірова, – аға оқытушы,

ҚазМемқҚызПУ магистранты


Қолданбалы өнердің тәрбиелік мәнін бала санасына біртіндеп ұялату үшін, сол өнердің мән мағынасын түсініп, тәрбиелеудің әдіс, тәсілдерін таңдап алу қажет. Балаларды өнерге баулу күрделі де нәзік те, ұзақ процесс.

Президенттің халыққа Жолдауының ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеттері - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып өркендетуге және кәсіби шындауға бағыталған білім беру- келелі мәселе.

Демек, жас ұрпақтың кәсіби білімін, мәдениет деңгейін, эстетикалық талғамын қалыптастыру- бүгінгі жоғары мектептің көкейкесті мәселесі болып табылады. Сондықтан қолөнері арқылы жас ұрпақтың кәсіби білімін қалыптастырудың бірден бірі- көптеген ғылыми салаларының тоғысқан тұсынан жаңа педагогикалық талапқа сай қарастыру болып табылады.

Ал бастауыш және орта кәсіптік білім беруге қатысты мемлекет саясатының негізгі бағыты - нарықтық экономиканың даму қарқынына сәйкес, жаңа технология талаптары деңгейіндегі еңбек резервін дайындауда қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды туғызу.

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі бірінші кезең ретінде кәсіпке дейінгі даярлық іске асырылып, келесі кезеңде кәсіптік орта білім кадрларын даярлау жолға қойылады.

Орта кәсіптік білім беру мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде білім берудің мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңарту негізінде педагогикалық іс-әрекеттің мүмкіндігін қамтамысыз етеді.

Яғни, кәсіптік білім беретін барлық орта оқу орындары сияқты, педагогикалық колледждер де нарық және бәсекелестік жағдайында білім беру қызыметін жүзеге асыратын, нарықтық эканомика кезеңінің талаптары мен заңдылықтарына сай мамандар даярлайтын білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы болып табылады.

Кәсіптік білім - белгілі бір мамандықты нақты білу. Кәсіптік даярлық дегеніміз – кадрларды кәсіптік даярлау – ол білім беру жүйесінің негізгі саласы. Мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту, біліктілігін көтеру.

Кәсіптік білім берудің әдіснамалық мәселелері жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Басқа пәндер сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.

Мемлекеттік технология білім саласының стандарттының талаптарына сәйкес болашақ мамандарға қазіргі оқыту технологиялары арқылы кәсіпкерлік білім беру болып табылады.

Кәсіби білім беру -адам баласының жасын, білім деңгейін және еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатынан айқындалған, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады. Олай болса, жеке тұлғаның қалыптасуына қажет кәсіби білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының мазмұнында кәсіптік білім беру - жеке адамға, білім берудің ғылыми ақпараттық, қоғам және табиғат, негізгі кәсіпкерлікке бағыттайтын білім саласы болып қарастырылады.



Осы процестердің орындалу деңгейіне бүгінгі кәсіби білімді қалыптастыру- талапқа сай оқытудың тиімді жолдарын қарастыру керек, сондай-ақ осы бағыттағы ұсыныстар, тұжырымдардың жүйелі түрдегі мазмұндық бірлестігінің жеткіліксіздігі, ұлттық қолөнер арқылы жас ұрпақтың кәсіби білімін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері бұрыннан қалыптасқан қолөнер дәстүрін меңгерту және ғылыми тұрғыда сапасын арттырып жетілдіру негізінде жүзеге асады.

Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы жас ұрпаққа кәсіби білім беру ісінде көркем өнерімізде қалыптасқан ерекшеліктерді айшықтамай, тарихта мұра болып қалған ұлттық дүние танымын сараптамай жетістіктерге жету мүмкін емес. Сондықтан да біз халық десек, артық айтқандық емес. Осынау аса бай ұлттық қол өнердің қасиеті арқылы бүгінгі жас ұрпақтың кәсіби білім беруде халқымыздың мол тәжірибесін ілгері дамытып, кәдемізге жарату педагогикалық маңызы бар игілікті іс.

Халықтың қолданбалы өнеріндегі кәсіптік үрдісі өте тереңде жатыр, өнер шеберлерінің шығармаларын қарастыру заңдылықтары да осыдан келіп туындайды.

Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы жас ұрпақтың кәсіби білімін қалыптастыру – жас ұрпақтың шығармашылығын ойлауын, шығармашылық іскелігін арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту болып, өз ретінде осының өзі жас ұрпақтың әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды шешуі барысында іске асатын үрдіс болып табылады. Шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында олар бұрынғы бар іскерлік технологиясын жаңа үлгіде пайдалану жолдарын іздестіреді, не болмаса алған білімдері негізінде мүлде жаңа туындыларды жаратады. Сонымен бірге шығармашылық тапсырмалар шешімі табылмай келе жатқан мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Бұл – білімдері мен іскерлік дағдыларын жаңа сипатта пайдалануға, өздерінің мүмкіндіктерін тексеруге, шығармашылық қабілеттерін іс жүзінде пайдалануға шарт түзеді. Осы мақсатта біз шығармашылық үрдісін зерттеп, оны дамытудың тәсілдерін ашқан бірқатар ғалымдардың ұсынып отырған әдістері мен тәсілдерін жаңа жағдайда, тың материалдарда қолдануды көздедік.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процесінде қазақ сәндік қолданбалы өнері арқылы жас ұрпақтың кәсіби білімін қалыптастыру -қазақ қолөнерін этнопедагогикалық білім беру болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық қызметке дайындау мәселелерімен тығыз байланыста танылатын күрделі құбылыс. Жас ұрпақтың қолөнері арқылы, кәсіби білімін қалыптастыруға қажетті жағдай, олардың өнер туралы түсініктерін қалыптастыру мен білімдері, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қазақ қолөнері арқылы жас ұрпақтың кәсіби білімін қалыптастыру жүргізілетін жұмыстардың ұстамды да көп қолданылатын түріне байланысты болып табылды.

Ұлттық қолөнер кәсібінің мүмкіндіктерін қарастыра отырып, қолөнер кәсібі өзінің терең мәні халықтың көркем образды ойы, оның дүние тануы, танымы мен көзқарастарының жиынтығын білдіретін бірден-бір көрсеткіш екендігін танимыз. Қолөнер кәсібі бір жағынан алғанда адамды еңбекке үйретсе, екінші жағынан ою өрнектер арқылы ондағы көркем образдармен терең мәнді ойлар айтуға мүмкіндік беретінін көреміз.

Қолөнер, шығармашылығы, туралы мәселелердің психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі мен бұл мәселелердің шешілуінің теориялық жақтарын сараптау және тәжірибелік эксперимент жұмыстарын талдау нәтижелері жас ұрпақтың қолөнері арқылы кәсіби білімін қалыптастыру проблемасын шешудің құрылымдық моделін айқындауға ықпал етті.

Жас ұрпаққа қазақтың ұлттық қолөнерінің тарихи жолдарынан тиянақты білім беру, көркем шығармашылық бағыттары мен шеберлік тәсілдерінің алмасу процесін түсіндіру, ертедегі дарын иелерінің сіңірген еңбектері мен көркем шығармаларын қастерлеу, олар жасаған дәстүрдің үлгісін бүгінгі күннің кәдесіне жарату сияқты қажетті мақсаттарды шешудің өзі, кәсіби білім беруді жетілдіре түседі. Біріншіден, қолданбалы өнер туындылары адамның материалдық дүниені қабылдау мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға зор мүмкіндік береді. Екіншіден, халықтық қолданбалы өнер туралы түсініктер мен мағұлматтармен қаруландырады. Үшіншіден, халықтық қолданбалы өнердің қоғам мен адам өміріндегі мәнін, оның табиғатының әлеуметтік маңызын түсінуге жетелейтін ұлттық талғамның сапасын арттырады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет