Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет12/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Литература:

1. О языках в Республике Казахстан. – Алматы, 1998.

2.Жаналина Л.К. Русский язык. Учебник для 11 классов с казахским языком обучения. – Алматы, 2003.

3. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. – М., 1984.

4. Беспалая Е.Н. Современные методы обучения в вузе. – М., 2004.

5. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М., 2007.



Түйіндеме

Мақалада қазақ аудиториясында орыс тілін оқытудың интерактивтік тәсілдері мен әдістемелері қарастырылады


МектЕпте ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары

С.Тазабекова, ҚазМемҚызПУ студенті

Ғылыми жетекшісі Р.Хусаин
Елімізді дамыту тұрғысында білім беру жүйесінде бірталай іс-шаралар жүзеге асуда. Оның мақсаты – елдің біліктілігін арттыру, сол арқылы елді дамыту. Білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды көтеру шаралары іске асуда. Солардың қатарында тіл мәселесі де бар. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің үшінші түрі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады.

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу - білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мєн берумен тығыз байланысты.

Мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Ағылшын тілі сабақтарында қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсақ:

Лексиканы меңгерту.

Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.

Сөйлеу жұмыстары :

Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;

ІІ кезең: диалогті жаттау;

ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;

Жазуды оқыту.

Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп «жабылған қазанды жауып тастасақ» айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.



Әдебиеттер:

1.Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

2.English. Play and Learn.№7\2006

3. «Білім туралы» Заңы.2007ж.


12 жылдық мектептің 5-сыныбына

«Қазақ тілінің» электрондық оқулығын жасау мәселесі
Ә.Торсықбаева, ҚазМемҚызПУ 1-курс магистранты

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент М.Жүнісова


Елімізде болып жатқан ғылыми-техникалық жаңалықтар білім беру жүйесін дамытуда оң өзгерістер әкелуде. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуға және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызуда. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, электронды кітап, интернет және компьютер құралдарының кең көлемде қолданылуы мен т.б ақпараттық құралдардың пайда болуы білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әрбір болашақ маман өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының бірі - оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Электронды оқулық керекті ақпаратты анимация арқылы бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталуы және мынадай қасиеттерді қанағаттандыруы қажет: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік, жылдамдылық. Электронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиялық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға, дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Соңғы жылдары қазақ тілін оқытуда және білім беруді компьютерлендіруде жаңа технологияларды пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. Осы мақсатты іске асыру барысында, яғни мемлекеттік тілді оқытуда мұғалімдер пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдерді іздеуде. Өйткені қызығушылық дегеніміз - үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталылық.

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы - өзіндік көзқарасы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз пікірін ашық айта алатын, қоғамдық ортаға икемді, жан-жақты, өрелі ойлайтын жас ұрпақ тәрбиелеу. Туған тілін, ана тілін жүйелі, мақсатты түрде игеру мектептен басталары сөзсіз. Тілдің ғылымы негізін меңгерту барысында оның бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік мәнін рухани құндылықтарымен қоса бергенде ғана жас ұрпақ бойында өзінің ана тіліне деген, мемлекеттік тілге деген шынайы патриоттық сезімін тәрбиелеуге болатыны көзделіп отыр. Өз ана тілінен сусындау арқылы оқушы елінің сан ғасырлық тарихы мен өнерінен де сусындайды.

Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастыру, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеру үшін пәннің практикалық мәні үнемі жоғарыда тұруы қажет. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың мәйегі болып табылады.

Электрондық оқулықта мультимедиялық технологияны кеңінен пайдалану, сан алуан ақпарат түрлерін бейнелеу, анимация, дыбыстау қамтамасыз етіледі. Мультимедия технологиясы оқулық материалының көрнекілігін және нақтылығын арттырады, оқылатын ақпараттың кешенді әсер етуін күшейтеді. Яғни электронды оқулықты сабақта қолдануда әртүрлі оқыту әдістері – сабақта тек айтып-түсіндіріп қана жеткізетін тәсілдер түрленіп, көрсетілу арқылы білім сапасы артады.

Қазақ тілі сабағында мультимедиа жүйесі:

-Қазіргі кезде қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, білім мазмұнын іріктеу әдіснамасын жетілдіруге мүмкіндік береді;

-тілді белсенді оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды қамтамасыз етеді;

-оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

-ақпаратты эмоциялық қабылдау деңгейін жоғарылатады.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артатыны байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады. Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Осындай мақсатпен 12 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған қазақ тілінің [ 1] электрондық оқулығын жасауды қолға алып отырмыз. Аталған оқулықты таңдаудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, елімізде келешекте 12 жылдық білім жүйесіне көшу міндеті тұр, ал жаңа жүйеге арнап жарық көріп жатқан оқулықтардың электрондық нұсқасын жасау қолға алынған жоқ. Екіншіден, жоғарыда аталған 5-сыныптың қазақ тілі оқулығының электрондық оқулыққа ыңғайлы модульдік жүйемен жасалғандығы. Үшіншіден, оқулық мазмұнының жалаң теориялық материалдармен шектелмей, оқушылардың қатысымдық, мәдениеттанымдық құзіреттілігін арттыру мақсатын көздейтін лексикалық материалдардың молынан берілуі.

5-сыныпта Қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың тілдегі фонетикалық заңдылықтар, бай сөздік қор, жаңа сөздер, олардың жасалу заңдылықтары мен жасалу тәсілдері туралы және түбір сөз бен туынды сөзді ажырата білу білігі қалыптасады. Сөз мағынасын, оның тура, ауыспалы түрлерін білу, көпмағыналық, омоним, синоним, антоним мағынасындағы сөздерді ажыратып, танып, пайдалана білу, сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыланады. Сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білу, сөздің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу ережелерін білу, сөз таптары жүйесіндегі сөздер тобының мағынасын, қызметін ажырата білу, сондай-ақ әр түрлі стильдегі, жанрлардағы мәтіндерді оқып-түсіне білу, әр түрлі стильде өз бетімен мәтіндер құрастыра білуге үйренеді (пікір, әңгіме, эссе, баяндама, т.б. жазу). Әр түрлі тақырыптарда пікірталасқа қатысу, өзіндік ой-толғамдарын білдіруде әдеби тіл нормаларын сақтай білу, жазбаша және ауызша түрде өз ойын еркін айта білу, мәтін түрлерін құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Тілдік құзіреттілікпен қатар мәдениеттанымдық құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында тілдің әр саласы нақты бір тақырыпқа арналған материалдарға негізделді. Атап айтқанда, фонетика саласы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетіне, лексикология және фразеология саласы ұлттық салт-дәстүрлерге, сөзжасам саласы мәдениетке, морфология саласы елтануға, синтаксис саласы –табиғат, экология мәселелеріне, тіл мәдениеті саласы – адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне арналған мәтіндерден, жаттығулар мен тапсырмалардан тұрады.

Оқулықтың танымдық мәнін арттыру мақсатында берілген лексикалық тақырыптардың көпшілігіне қосымша деректерді – кинофильмнен үзінді, деректі фильм, мультфильм, өлеңдер енгізуге болады. Атап айтқанда, «Шаңырақ» өлеңін (68-бет) оқу барысында киіз үйдің қалай құрастырылатынын анимация арқылы беруге мүмкіндік бар. Атақты адамдар – А. Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, Ш. Уәлиханов, Ә.Қастеев, Н.Назарбаев туралы мәтіндерді оқу барысында деректі бейнефильм үзінділерін пайдалануға болады. Табиғат, жан-жануарлар туралы мәтіндерді де түрліше безіндіріп, анимациялауға болады. Сонымен қатар оқулықта берілген өлеңдерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру мақсатында дыбыстық жазбасын беру көзделіп отыр. 270-беттегі «Нан қайдан шығады? мәтіні аяқталмай, оны аяқтау оқушылардың өздеріне қалдырылған. Сондағы нанның шығу процесін суреттермен қатар тікелей іс-қимыл барысында көрсету арқылы оқушылардың әңгіме жазу дағдысын қалыптастыруға болады. Жыл мезгілдері, қоныс орындары туралы мәтіндерді оқу барысында «Менің атым – Қожа» фильміндегі жайлау оқиғасын көрсету арқылы пікір жаздыру секілді тапсырмалар оқулықтың құндылығын арттырары сөзсіз. Оқулықта берілген әр түрлі жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, шағын өлеңдерді дыбыстаудың жас жеткіншектердің тілін дамытуда маңызы зор. Сонымен қатар, 5-сынып оқушылары үшін жаңа болып табылатын көптеген сөздерге глоссарий беру көзделген.

Оқулықтағы оқу материалдары тақырыпқа сәйкес блок ретінде берілген. Әрбір блоктан соң бекіту сұрақтары, жаттығулар, лингвистикалық ойындар, тапсырмалар, тестер жүйелі түрде қамтылған. Әрбір блок бойынша оқушылардың теориялық және практикалық оқу материалдарын, қағидалар мен ережелерді қаншалықты игере білетіндігін тест арқылы анықтауға болады. Оқулықта тест тапсырмалары әрбір көлемді тақырыптан соң берілген. Тест бағдарламасы әрбір блоктан соң ауыспалы титр түрінде берілсе, әр тараудан соң жиынтық түрінде, кешенді тестілеу мақсатында беріледі. Мұндай тестілеуді жылдың соңында жүргізуге де болады.

Оқу үдерісінде білімнің беріктігі ұстанымының жүзеге асуы оқулықтағы шығармашылық, өзіндік орындайтын жұмыстардың жиі берілуімен ерекшеленеді. Бұл басымдық та электрондық оқулықты қызықты етіп жасауға мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Оқулық Delphі 7.0 бағдарламасы негізінде құрастырылады. Бұл бағдарламалық өнімнің (электрондық оқулықтың) төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалану қарастырылған:

-оқушының тіркелуі (аты-жөні, сыныбы);

-электрондық оқулық туралы түсініктеме беретін бет;

-дыбыстық және мультимедиялық қолдау;

-әуендік қолдау;

-кез келген уақытта оқуын тоқтатып, тапсырманы орындауға, кері мәтінге қайта оралуға, сөздікке шығып, білмеген сөздердің түсіндірмесін тауып алуға, сызбалардан қосымша мәлімет алуына жағдай жасау;

-жаңа модульдерге сәйкес тапсырмалар, бақылау сұрақтары, тестер, сызбалар т.б.;

-оқулыққа енгізілетін жаңа тақырыптарды түсіндіру үшін анимациялар қолдануы;

-электрондық оқулық бойынша CD-ROM-нан тікелей жұмыс істей алуы.

Жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктер ұсынылып отырған электрондық оқулықтың қолданудағы жайлылығын және оқу үрдісінің тиімділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оқушыларға оқулық ретінде ғана емес, анықтамалық және әдістемелік кешен ретінде де қолдануға жағдай жасайды.

Электрондық оқулық қазақ тілін оқытуда тиімді және жайлы, теориялық материал мен тапсырмалардан құрастырылған оқу құралы ғана болып қалмай, бақылау және бағалау функциясын да атқарады.

Ақпараттық технологияларды білім саласына қарқынды енгізу кезінде, қазақ тілінен электрондық оқулықтардың жеткіліксіздігі сезіледі. Осы жағдайда ұсынылып отырған 12 жылдық мектепке арналған электрондық оқулық уақыт талабына сай деуге болады.



Пайдаланылған әдебиет:

1.Қазақ тілі. 12 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған байқау оқулығы. Авторлары: Ж.Түймебаев, Ж. Сүлейменова, Ж. Отарбекова, Б. Сайлыбаева. Алматы: Мектеп, 2007, 2008 ж.



Резюме

В статье рассматривается проблема создания электронного учебника по казахскому языку для 5-класса 12-летней школы.



Модульдік технология негізінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
М.Тохтахунова, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі: Ж.Н.Сүлейменова

Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынас, сөйлеу құралы болып табылатын тілді әртүрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді [1,11].

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды: өзін-өзі дамыту. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені бұл - тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды жалпы әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибиелер енгізу керек [2].

Педагогтың әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оны өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тарбие үрдісінің ғана жемісі болып табылады. Қазіргі таңда мектептің алдыңда тұрған үлкен мақсат – жан-жақты білімді, шығармашыл тұлғаны тарбиелеп шығару [3.74].

Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасуы үшін күресуі керек [1,7].

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат-міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатта: "Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудін жана моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайық өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады," – деп көрсетілген [ 1,5-6].

Міндетті білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өздігінше білім алуға үйретпеген мұғалім бүгінгі күнде белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмайды. Бала толыққанды даму үшін осы тұрғыда мұғалім ғана көмектесе алады.

Ұстаз ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптылық тарды қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылысыстарды талдай білу және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай түсуге бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жете алатындай болу керек. Оның адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. Қысқасы, бала ықпал ету нысанасы емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.

Демек, бұлардың бәрі мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді.

Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабақта бейімділікпен қолдана білу үшін ұстаз оқушылардың, ең алдымен, психологиялық, ұғымдылық, яғни сабақты ұабылдау ерекшеліктерімен тікелей санасуы керек. Сонымен қоса, логикалық талаптарға да баса көңіл бөлуі қажет [ 1, 7-8].

Ал енді М. М. Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясында "шығармашылығын, қабылетін дамытудің тиімді жолдарына қандай ой-пікірлер қалдырғандығына тоқталар болсақ, ол модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр.

Технологияның басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерінің және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) – ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бабағытталады. Технология модульдік сипатта беріледі. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу моделі үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлімі, сөйлесу бөлімі, қорытынды бөлімі.

Кіріспе бөлімінде мұғалім модульдің жалпы құрылымын таныстырады. Бұл бөлімдегі мұғалімнің негізгі мақсаты: оқушыларға Нені білу? Нені үйрену керек? және Не үшін қажет? екенін түсіндіріп жеткізу. Сөйлесу бөлімінде оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, жұппен, диспуттар) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Атап айтқанда, оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге есестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б дамытуға, яғни, білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау, оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана балалардың білім дәрижесінің артуына қарай мүмкін болады және оқушылар нақты оқу қызметінін мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни, басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудін жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс;

Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Сөйлесу бөліміндегі тапсырмалар деңгей бойынша беріледі:

І деңгей – дарынды балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар;

ІІ деңгей – стандарт талабына сай тапсырмалар;

ІІІ деңгей –жеңілдетілген тапсырмалар.

Қорытынды бөлімі – бақылау. Оқушы сөйлесу бөлімінде алған білімін дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс: Міндетті бағалау – тестілеу. деңгейін әділ бағалауға, бағасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен, зерттеулер көрсеткендей, технологияның ерекшелігі, құндылығы оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінінде.

М. Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша ұсыныстар:

1. Технологиямен танысу;

2. Технологияның жағымды жақтарын негіз ете отырып, сынақтан өткізу мақсатымен қолайлы сынып таңдап алу;

3. Сыныпты технологиямен таныстыру;

4. Күнтізбелік жоспардың, сабақтардың құрылымын, формасын, мамұнын өзгерту;

5. Оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастыруға көніл бөлу және салыстырмалы көрсеткіштерін мұқият қадағалап, талап, диограммалар арқылы көрсетіп отыру;

6. Тұлғаның қиындықтарға даяр болуына және оны жеіе білуіне, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сырласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету [4,14-17].

М.Жанпейісова оқушының шығармашылығын, білімге деген қызығушылығын арттыру үшін көптеген ойын түрлерін де көптеп көрсеткен. Мысалы: " Брин - ринг " оқыта үйрету ойыны (жарыс- ойын), "Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары", " Бақытты сәт" ойыны, "Гуманитарлық пәндерге арналға оқыта үйрету ойындары", "Талқылау (емтихан алдында) " оқыта үйрету ойыны, "Қазымыр оқушы " оқыта үйрету ойыны, "Баяндама" оқыта үйрету ойыны, " Бейнелі жады "оқыта үйрету ойыны тағы басқалар [5].

Сонымен қортындылай келгенде, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарының ең бастысы сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдерді, технологияларды пайдалану тиімді болып келеді, сонымен қатар сабақтын қызықты өтуіне байланысты біршама ойын түрлерін қолдану керек. Сонда ғана сабақ ұтымды болады, баланың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Сондықтан бүгінгі таңдағы мұғалімнін ең басты міндеті жас жеткіншектің оқу-білімге деген қызығушылығын арттырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф. , Рахметова Р. "Қазақ тілін оқыту әдістемесі". Алматы, 2005.

2 Капашова Д.Г. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

3 Саданова Ж.К, Абдрахманова Е.Ж. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.

4. Шаймұратова Л. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану – мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы.

5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушының шығармашылығын арттыру құралы ретінде. Алматы, 2002.-180 б.



МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Р.М.Ускенбаева, ҚазМемҚызПУ 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Ж.Н.Сүлейменова


Қазіргі білім беру жүйесінде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осының негізінде білім берудегі дәстүрлі обьекті-субьектілік қарым-қатынас әрекет өзгерді. Ол үйренушіге оқу қызметінің субьектісі ретінді өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамытушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен студенттердің өзара әрекеті болып табылады.

Білім берудің жаңа үлгісі үйренушінің білімін, білігі мен дағдысын алғашқы орынға емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын алғашқы орынға қойып отыр. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында білім сапасын арттыруға ыңғайлы жағдай туғызудың негізінде оқу процесін жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды енгізу керектігі анықталады және білім беру жүйесінде субьектіге негізделген оқыту технологиялары кеңінен қолданылуда. Білім беру технологияларын құзіреттілікке бағыттай оқытудың тиімділігін қазіргі жүзеге асырылып отырған оқыту технологияларынан көруімізге болады. Солардың ішінде субьектінің дамуына бағытталған оқыту технологиясының тиімділерінің бірі – модульдік оқыту технологиясы. М.Жанпейісованың еңбегі модульдік оқыту жүйесін мектеп оқушылары үшін оңтайландырып жасалған [1].

Модульдік оқытуда нақты мақсат қойылады, оқу материалы көлеменің немесе анықталған білім мазмұнының дәстүрлі оқу үрдісіндегі емтихан кезінде көлемінің күрт ұлғайып кетуін болдырмайды, оқу материалын қабылдау, ұғу, салыстыру, талдау, жалпылау секілді ойлау операцияларының бір-бірінен алшақтамай, жиі қайталануы арқылы пән бойынша іскерлік, дағдылардың қарқынды түрде сапалы қалыптасады, аз уақыт көлемінде үйренушінің пән мазмұнын жылдам игеріп, оқу тапсырмаларын тез, сапалы орындауы, баға алуға ынталанады, мақсаттары ортақ, мазмұны ұқсас пәндердің бір модульде кешенді түрде берілуінің білім сапасын арттыруға, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру ықпалы артады, оқушы мақсатқа жетуді көздейтін оқу материалы мен оған әдістемелік нұсқау берілген модуль бағдарламасымен топ ішінде немесе дара жұмыс істей алады, мұнда оқытушы қызметі бағыт беруші, кеңесші дәрежесінде болады.

Модульдік оқыту жүйесінде оқу мазмұны аяқталған, дербес модульдерде оқыту және әдістемелік нұсқау түрінде ұсынылып, оқытушы мен оқушының өзара әрекеті жаңа қырынан жүзеге асады. Модульмен оқыту оқытушы мен студент арасындағы субъект-субъектілік теңбе-тең өзара әрекетті қадағалағанды талап етеді. Студенттің оқу материалын толық және қажетті деңгейде игергендігінің нәтижесін кезең сайын бөлек бағалаудың мүмкіндіктері мол болады.

Жоғарыда айтылған пайымдаулар мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:

-тілді модуль арқылы үйрету жүйесінің басты құралы модульдік бағдарлама және оның құрамына кіретін модульдер;

-модульдік жүйе орыс тілді бөлімдерде қазақ тілін сапалы үйрету көзі болып табылады, қазақ тілін оқытуды студент пен оқытушының өзара паритеттік, ізгілік қатынасы негізінде құра отырып, тілді сапалы меңгерту мен меңгеруге игі ықпалын тигізеді.

-оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеуіне негізделген модульмен оқыту олардың қазақ тілін оқып үйренуге деген ықылас-ынтасын, қызығушылығын арттырады.

-модульдік жүйеде студент те, оқытушы да, оқу тобы да белсенді әрекет жасайды, себебі тек модульмен оқыту ғана олардың ішкі мүмкіншіліктерінің көзін ашып, екі жақты белсенді біртұтас әрекет жасауға уәждейді. Соның нәижесінде қазақ тілін сапалы меңгеруге ықпалын тигізеді.

-модульдегі оқу блоктарының дербестігі, икемділігі, өзгермелілігі, студенттердің әрқайсысының өз мүмкіндігі деңгейінде әрекеттенуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, олардың ізденушілік, ойын жүйелі жеткізу, танымпаздық қабілетін, әртүрлі жағдайда қазақша тілдік қатынасқа еркін түсу сенімділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің модульдік бағдарламасы және оның құрамына енетін модульдер нақтылы мақсатқа сәйкес жасалады. Бұл жағдай студентердің алғашқы сабақтан бастап әр модульдің материалын меңгеруде қандай мақсат, міндеттерді орындайтынын анық біліп, соның негізінде тілді жүйелі, сапалы меңгеруіне мүмкіндік береді. Модульдердің оқу блогіне бөлінуі әрекеттің логикалық құрылымына негізделуі тиіс. Бұл жағдайда оқу материалының сабақтаса күрделенуі, иерархиялығы сақталады. Әрбір модуль құрамына оқу блогінің белгілі саны және үш қосымша оқу болгі енуі тиіс. Қосымша оқу блогі модуль мақсаттары мен міндеттерін шешуге, нақты модульдің оқу материалы жиынтығын түйіндеу жән оқу материалының меңгерілуін бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Модульдегі оқу материалының ұтымды берілуін қамтамасыз ету үшін оның ережесі анық, нақты, үйренушіге түсінікті болғаны жөн. Модуль ережесін оқып отырған студент өзін еркін сезінсе, онда модуль ережесінің тілі ұтымды болғаны деп білу керек.

Қазақ тілін модуль арқылы үйретуде оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың рейтинг жүйесін қолдану олардың белгілі мерзімде, белгілі модуль бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларын өлшеу, яғни жетістіктерінің сапалық және сандық сипаттарын әділ, ашық, айқын анықтауға мүмкіндік береді. Студенттер білімінің ұпайлық көрсеткіші, ең алдымен, күрделі психологиялық қызмет атқарады, яғни олардың өз жеке қасиеттерін және қажеттілігін тану, өз құндылығын сезіну талабын қанағаттандырады. Сондай-ақ, олардың тілді үйренуге ынталануына, жауапкершілік сезімінің тәрбиеленуіне, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа және ұстамдылығының қалыптасуына, танымдық әрекетінің жандануына ықпал етеді.

Модульдік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мына мәселелерге баса назар аударылу керек:



  • модуль бағдарламасын жобалауда пән бойынша қалыптасатын кәсіби құзыреттіліктер мазмұны нақты анықталуы тиіс;

  • ғылыми курстардың мазмұндық, тақырыптық қырлары ескерілуі тиіс, яғни мақсаттары ортақ, мазмұны ұқсас пәндердің бір модульде берілуі, сонымен қатар пәндерге қатысты модуль тақырыбы айқындалғаны да жөн деп есептейміз, бұл мәселе сол модульдің мақсат-міндеттерін, соңында қалыптасатын білім, іскерлік, дағды, құзыреттіліктер мазмұнын кешенді түрде айқындауға мүмкіндік береді.

  • бір модульдегі пәннің реттілігі (пререквизит, постреквизит) логикалық байланысқа құрылуы ескерілуі тиіс.

Модуль арқылы оқыту студенттің біліктілігін сапалы қалыптастырып, дамытуға бағытталады. Анықталған нәтижеге жету үшін оқытушы мен студент, студент пен студент, бірігіп белсенді жұмыс жасайды. Жеке түлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке түлғаның кауіпсіздігін, өзін өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылы қабілеті мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуында. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі жеке тұлғалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Біздің ойымызша, оқытушы мен студент әрекетінің белсенділігін арттыруға бағытталған модуль арқылы оқыту, олардың бірлескен күшінің ең аз мөлшері емес, ең көп мөлшерімен байланысты болуы тиіс. Модуль арқылы оқытуда оқу процесіне қатысушылардың белсенділігі - оқытушы жағынан ұстаздық және оқушы жағынан танымдық-әрекеттік белсенділік жоғары болуы керек, яғни олар оқу үрдісіне ең жоғары деңгейде қатысуы тиіс. Модуль арқылы оқыту жайындағы түсінігімізді тағы былай толықтыруымызға болады. Біздің ойымызша, модуль арқылы оқыту жүйесінің ішіне оқытушы, студент және оларды біріктіретін оқу ұжымының дербес даму сипаттамасы да енуі тиіс, яғни оқу үрдісінде әрекет жасаушы екі жақтың (оқытушы мен студент) танымдық және тұлғалық деңгейінің жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модуль арқылы оқыту жүйесі деп атау керек. Сонымен қатар оқу тобының ұжымға айналу үрдісі жеделдейтін, өзіне тән әрекеттестік пен қарым-қатынаста негізі қаланған мүмкіндіктерді іс жүзінде пайдалану белсенділігі артатын оқыту да модуль арқылы оқыту болмақ.

Сонымен оқытушы мен студент тұлғасы ішкі мүмкіндіктерінің белсенділігін арттыру арқылы ұжымның жеке мүмкіндігінің белсенділігін арттыру модуль арқылы оқыту ұғымында басты мәселе болып саналады.

Модуль арқылы үйретудің тиімділігі - модульдік оқыту технологиясын оқып-уйрену, меңгеру арқылы болашақ студенттің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға ықпал ету. Жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі зор екеніне көз жеткіздік.



Әдебиет:

  1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». А., 2002.-180 б

Резюме

Статья посвящена современной инновационной и педагогической технологии, которая введена и используется в образовательной системе нашей страны. Также подчеркнута эффективность использования модульной обучающей технологии.


Қазақ тілі оқулығындағы жаттығулар жүйесі

(12 жылдық мектептің 5-сыныбы бойынша)

З.Д Якубжанова. ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті.

Жетекшісі: оқытушы А.Т.Амиржаева
XXI ғасыр-өркениет дамуының кезеңі. Тәуелсіз еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін ең әуелі халықтың білім деңгейін, оқыту мен тәрбиелеу сапасын бүгінгіден әлде қайда биікке көтеру қажет екені сөзсіз. Өйткені білім – әрбір өркениетті елдің алдымен назар аударатын өзекті саласының бірі, халықтың бүкіл болашақ тағдыры, тыныс-тірішілігі, өмір шырағы – оқу біліммен тікелей байланысты. Оқу-білімді жүзеге асыратын білім саласының қызметкерлері екенін ескерсек, оларды педагогикалық, әлеуметтік жағынан жан-жақты қолдау, қорғау өте қажет. Қай уақытта, қай кезеңде болмасын білім саласының мамандары білімді де кемелді болашақ ұрпақ тәрбиесін жүктеп келе жатқан аса ірі бұқаралық ұжымды құрап келеді[1].

Елбасымыздың биылғы жолдауында -«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында, біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.

Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

Төртіншіден, мемлекет-жекеменшік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін арттыру қажет. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс.

Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.

Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Көпұлттылық пен көптілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады»-деген болатын[2]. Осы жұмыстар негізінде бүгінгі күні көптеген іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. 2008 жыл 27-қарашадағы №627 бұйрығымен бекітілген 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында да бүгінгі күні көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Соның бірі 12 жылдық мектепке есептелген жалпы орта білімнің белгілі бір халықаралық стандарты пайда болды. Орта мектепте 12 жыл оқыту АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда қабылданған, Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда 13 жыл, Голландияда 14 жыл оқытады.

Мемлекеттің терең әлеуметтік экономикалық қайта құру жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді еңбегін ұйымдастыруды тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастауларының бірі – 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 11 жылдыққа бір жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мамандық тұғырда жаңғырып өзгеруі, қайта қалыптастырылуы.[3]

12 жылдық мектепке өтудегі жалпы орта білім берудің мақсаты – әлемдік білім стандартына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты, мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру көзделген. 12 жылдық білім беруде оқушы тек білім алушы ғана емес, оқушы – ізденуші, зерттеуші, басқарушы, кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға.

Оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденісін тиімді ұйымдастыру үшін оқу материалдары арқылы оқушы білімін тереңдетіп, ғылымға құштарлығын ояту керек[1;3]. 11-12 сыныптар – бейіндік сыныптар. Бейіндік мектептің басты мақсаты – оқушыларды жоғары оқу орнына дайындау, ғылыми бейіндер мен қатар технологиялық бейіндерді дамыту. Білім беруді бейіндендіру мектеп қызметінің маңызды мақсаттарының бірі болып саналады.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдырының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін және белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді қажет ететін үрдіс[1; 65]. Оны оқытылып жүрген 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқулықтардан көруімізге болады. Қазақ тілі (5-сынып) оқулығы. Авторлар ұжымы: Түймебаев Ж., Сүлейменова Ж., Отарбекова Ж., Сайлыбаева Б. Бұл оқулықтың тиімді екендігін мынадай жағдайлардан анықтадық:

Оқулықтың оқушыларды төртінші сыныпқа дейінгі алған білімін жүйелеу үшін берілген фонетика саласынан басталуы

Жаттығулардың қызғылықты құрастырылуы [4]. Жаттығу пәндік іс-әрекеттер жасауда тікелей оқу үрдісінде қолданылатын, тіл туралы оқу материалының әдістемелік ұйымдастырылуының құрылымдық бірлігі. Жаттығу – тіл материалдарын жетік меңгерту, анықтамалар мен қағидаларды практикалық сөйлеу тілімен жазбаша жұмыстарда дұрыс қолдануға әрекеттендіру, оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Жаттығулардың жіктемесі бойынша Р.Рахмановтың ұсынған жіктемесі кеңірек тараған:

а) тілдік және сөйлеу; рецептивтік және репрадуктивтік; аспектілік және кешенді; оқу және табиғи коммуникативтік; жаттықтыру және тексеру;

ә) диалог, монолог;

б) ауызша және жазбаша. Жаттығудың аспектілік, екітілдік, үй жаттығулары, табиғи коммуникативтік, кешенді, бақылау-тексеру, механикалық, бір тілді, аудару, даярлық, орнына қою, мәтінмен жұмыс, рецептивті, тілдік, сөйлеу қызметі, рефлекциялық т.б. түрлері бар. Жаттығу-алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру үшін орындалатын жұмыс. Жаттығу оқушылардың теориялық білімін қалыптастырып, оқытудың кәсіби бағытын жүзеге асыруда семинар сабағында орындалатын жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Ғылыми – әдістемелік еңбектерде жаттығу түрлері сан – салалы, түрлі жіктелетіндігі анықталды. Олар: даярлық, сынау, байқау, машықтандыру, шығармашылық, бақылау жаттығулары, өзге тілдің байланысы, тілідік және сөйлеу жаттығулары деп бөле келе, алдыңғысына түсірілген сөздерді табу, сөйлемдерді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту, көп нүкте орнына тілідік тұлғаларды қою т.б. Жаттығулар үшін оқу мәтіндерін іріктеудің білім сапасына тигізетін ықпалы үлкен. Мәтіндерде, оның құрамындағы сөйлемдерде игеріліп отырған грамматикалық құбылыстардың жеткілікті болуы, жас ерекшелігіне сай танымдық қызығушылығына сәйкес алынуының оқу-тәрбие процесіне тигізетін маңызы зор[5; 76-77] Мысалы:

Әріптерді тиісінше тіркестіріп, сөз жасаңдар немесе кім жылдам? Төмендегі дауыстылардан басталатын бес сөз тауып жазыңдар:

Ә:


О:

Ы:


І:

Ү:


Сөздердің синонимін табыңдар деген сияқты жаттығулар берілген. Бұл жаттығулар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыра түсетіні анық. Сонымен қатар әр тақырып соңында тест тапсырмаларының берілуі. Яғни алған білімін бала тест арқылы қорытындылап, жүйелеп отырады. Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамытуға арналған мәтінді оқыңдар. «Мұражай» туралы әңгіме жазыңдар. Ақын Қадыр Мырза Әлидің басқа қандай өлеңдері бар? Ақын туралы не білесіңдер? – деген секілді шығармашылық тапсырмалар берілген. Оқуға деген баланың ынтасын арттыру мақсатында оқу-білімнің пайдасы туралы мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырыңдар. «Жұбыңды тап!» Әр түрлі буындарды алып, сапалық және қатыстық сын есім құрастырыңдар. Сын есімдердің антонимдік жұбын тауып, сөзжұмбақты шешіңдер.

«Тапқыр болғың келе ме?» көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңдар-деген үлгіде лингвистикалық ойын тапсырмалары берілген. Бұл оқулықта оқушылардың білімін жетілдіру үшін лексика мен фразеология, сөзжасам, морфология, синтаксис, тіл мәдениеті, яғни барлық сала қамтылған. Бесінші сыныптан әр саланың не екенін жүйелеп, меңгерген бала ары қарай қазақ тілін тереңдете оқи беруіне мүмкіндігі мол. Бұл оқулық оқушыларға келесі сыныптарда қазақ тілін жақсы меңгеруі үшін берілетін жолдама секілді. 12 жылдық білім беру жүйесі баланың жан-жақты, терең әрі толық білім алуы үшін өте тиімді. [6]

Біздің мақсатымыз – кәсіби құзіретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі жоғары, білімді де білікті маман даярлау болып табылады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде оқу-тәрбие үрдісін жоғары сапалы деңгейге көтеру, ел патриотын, азаматты тәрбиелеу, өскелең ұрпақпен жұмыс істеуде оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибелерін табандылықпен меңгеріп, ғылым жаңалықтарын мұқият қадағалау, өмір ағымы, заман талабына сай келу-негізгі міндетіміз және парызымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Кабдикина А. 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бастауыш мектептің кейбір ерекшеліктері// Бастауыш мектеп - №9. 2008

  2. Қазақстан Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы: «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты».

  3. Арыстанғалиева В.Т. 12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар// Жаңа мектеп - №7. 2008

  4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007

  5. Ж.Н.Сүлейменова, А.Ә.Орынбаев, Ж.А.Абитжанова. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік./ Алматы. 2009

  6. Түймебаев Ж., Сүлейменова Ж., Отарбекова Ж., Сайлыбаева Б. Қазақ тілі. 5-сынып .12 жылдық мектепке арналған.


4-секция.
Кәсіптік білім және тәлім-тәрбие

Кәсіби білім беруде жастардың

шығармашылық белсенділігін қалыптастыру


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет