Қытай тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері



Дата15.09.2017
өлшемі241,79 Kb.
ӘОЖ: 811. 581

А.Ысқақнаби, З.Батырбекова, Е.Оспанұлы

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

(E-mail. adal1972@mail.; zakira.batyrbekova@mail.ru)



Қытай тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері

Мақалада қытай иероглифтарында қолданылатын таяқшалардың типологиясы мен оларды жазудың негізгі ережелері көрсетілген. Қазіргі заманғы қытай иероглифтары бірнеше топ таяқшалардан тұрады және олардың құрамына көп бөлігі жеке таңбалар ретінде де қолданыла беретін белгілер кіреді. Қазіргі заманғы қытай иероглифтарының құрамы туралы ақпарат беріледі. Қытай иероглифтарының маңызды таяқшалары иероглифты жалпы күрделі мағыналы тұтастық ретінде қарастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мақалада иероглифтардың қытай мәдениетін қалыптастырудағы рөлі қарастырылған. Грамматика мен лексика құбылыстары көрініс табатын заттық сандық сөздердің қытай тілі мен қазақ тілінде салыстырмалы түрде қолданыс аясы тілге тиек етілген. Қытай тіліне оқытудың қажеттілігі көрсетіліп, негізделген. Оқудың фонетикалық тәсіліне тән ерекшеліктер және осындай оқу барысында лингвистикалық талдаудың түрлі тәсілдерін қолдану жолдары талданған.



Кілт сөздер: қытай тілі, қытай иероглифтары, құрылым, таяқшалар, каллиграфия, мағыналық компоненттер, пиньин, білім алушы, әуен ырғағы, иероглифтарды жазу ережелері, таяқшаларды жазу реті
А.Искакнаби, З.Батырбекова, Е.Оспанұлы

В статье представлена типология формальных черт китайских иероглифов и обобщены основные правила их написания. Современные китайские иероглифы состоят из нескольких групп штрихов и включают семантически значимые компоненты, большинство из которых могут использоваться и как самостоятельно функционирующие знаки. Значимые элементы китайских иероглифов способствуют выявлению семантики иероглифа как сложного смыслового целого. В статье также подчеркивается роль иероглифа в общем контексте формирования китайской культуры. Описывается использование числительных в словосочетаниях, в которых находит отражение явления лексики и грамматики. Выявлена и обоснова необходимость обучения китайскому языку. Проанализированы характерные особенности фонетического способа обучения, использование в процессе такого обучения различных методов лингвистического анализа



Ключевые слова: китайский язык, китайские иероглифы, структура, палочки, каллиграфия, смысловые компоненты, пиньинь, учащийся, интонация, правописание иероглифов, последовательность написания черт

A.Iskaknaby, Z.Batyrbekova, E.Ospanuly

The article presents a typology of formal features of Chinese characters and summarizes the basic rules of writing. Modern Chinese characters are made up of several groups of strokes and include semantically meaningful components, most of which can be used both independently and operating signs. Significant elements of Chinese characters help to identify the semantics of the character as a complex semantic whole. The article also highlights the role of the character in the overall context of the formation of Chinese culture. Special attention is given to the study of word combinations with numerals in which the phenomena of vocabulary and grammar have been manifested. Describes the use of numerals in phrases, in which is reflected the phenomenon of vocabulary and grammar. Revealed the need for substantiation of learning the Chinese language. Analyzed the characteristics of the phonetic method of teaching, the use of such learning different methods of linguistic analysis.



Keywords: Chinese, Chinese characters, structure, calligraphy, semantic components, pinyin, student, intonation, Chinese writing sequence
Әлем дамуының индустрияландыру сатысынан кейінгі кезең жаһандану сипатындағы әдерістермен тығыз байланысты. Қоғам дамуының барлық саласындағы геосаяси, коммуникациялық және ақпараттық жаңару мен өзгерістер олардың жанданып орын алуына бірден бір себеп болды. Әлемдік нарық аясының кеңеюі бұқаралық мәдениет қалыптарының қанат жаюына ерекше әсерін тигізді. Мемлекеттер арасындағы күшейе түскен интеграция үдерістері гуманистік құндылықтар арасында дәнекер болатын, шетел тілдері мен мәдениеттерін айқындайтын мәдениетаралық білім беру жүйесін де қамтиды. Сондай жаһандық тілдердің бірі және бірегейі қытай тілі болып саналады. Қытай елі болса халық саны жағынан әлемдегі ірі елдердің көшбасында. Сонымен қатар, қытай елінің экономикасының дамуы, ғылым мен техника жетістігінің әлемге таралуы, күнделікті өндіріс пен тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар, қондырғылар, киім-кешек, азық - тілдік басқа да толып жатқан заттар қытайдан шығарылып, біздің елге келіп жатқаны баршаға мәлім. Сондықтан, көрші Қытай Халық Республикасының тілін мен мәдениетін үйрену біз үшін және әлем елдері үшін маңызды болып тұр.

Қытай тілі – әлемде кең таралған сино-тибеттік тіл тумасының маңызды бір өкілі болып келеді. Қазіргі заманда бұл тілде тек қана Қытай Халық Республикасының тұрғындары сөйлеп қоймай (шамамен 1,3 миллиард адам), оның сыртында оңтүстік-шығыс Азия елдері, соның ішінде Тайланд, Индонезия, Лаос, Сингапур мемлекеттерінің азаматтары қолданып отыр. Қытай Халық Республикасының аумағынан тыс жерлерде кем дегенде 450 миллион этникалық қытайлар осы тілді сақтап қалған. Бұл дегеніміз жер шарында тұратын әрбір 5 адамның біреуі осы тілде қарым – қатынас жасайды деген сөз. Бүгінгі күні қытай тілі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің біреуі болып саналады.

Қытай тілін үйренудің бүкіл барысы жөнінде айтқанда, қытай тілінің фонетикасын үйрену өте маңызды. Қытай тілінің фонетикасы дұрыс оқытылған жағдайда, сөйлеген сөздерімізді, айтылған ойымызды жаңсақ түсіну орын алуымен қатар, қытай тілінде қарым-қатынас жасау үдерісі қиындап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, қытай тілінің дыбыстау жүйесін үйрену осы тілді оқудың бастамасы мақсатты тілді талап деңгейіне сай меңгерудің алғы шарты болып табылады.


1-кесте. Қытай тілі дыбыс құрау жобасының әліпбилік кестесі


Әріп

Аа

Bb

Cc

Dd

Ee

Ff

Gg

Hh

Ii

Аталуы

А

Бы

Цы

Ды

Ы

Еф

Гы

Хы

И

Әріп

Jj

Kk

Ll

Mm

Nn

Oo

Pp

Qq

Rr

Аталуы

Жіи

Кы

Лы

Мы

Ны

О

Пы

Чи

Ыр

Әріп

Ss

Tt

Uu

Vv

Ww

Xx

Yy

Zz




Аталуы

Сы

Ты

у

Вы

Уу

Ші

Й

Зы

































Ескерту: V әріпі тек шетел тіліндегі, қытайдағы аз санды ұлттардың тілі және диалектілерінде қабылданған сөздерді жазуда қолданылады [1]. Қалыпты дыбыстау жүйесін меңгеру білім алушылардың коммуникативтік іс-әрекеттік табысты болуының бірден – бір кепілі болып табылады. Сондықтан Ресей және отандық әдістеме саласында дыбыстар мен әуен ырғағы интонация жүйесін оқытуда қалыптасқан “апроксимация” қағидатының қолдану аясын неғұрлым тарылту қажет деп есептейміз.



Қытай тілінің дыбыс жүйесін сөздікпен жұмыс істеп үйренудің нәтижесі, елеулі болмақ. Әр түрлі сөздіктерді түрліше жолдармен қарап дыбыстарды үйренуге болады. Әсіресе, үнемі қолданып жүрген «Қытайша - қазақша үлкен сөздік» және «Сөз теңізі», «Түсіндірме сөздік» сияқты басылымдардан қарап қытай әріптерінің дыбыстық оқылуын білу үшін, алдымен «Қытай тілі дыбыстық әріптерінің буындық көрсеткішіне» көңіл аударып, одан соң сөздіктегі көрсетілген бет саны бойынша сөздіктің бет нөмірінен оның оқылуы мен мағынасын табу керек. Енді бір әдіс, ќытай әріпінің дыбыстық оқылуын білмеген жағдайда, алдымен сол әріптің басты бөлігін, қытай әріпінің басты бөліктер мазмұнынан тауып алып, одан соң әріп іздеу кестесінен көріп, сонда көрсетілген бет нөмірі бойынша әріптің оқылуы мен мағынасын айқындау қажет. Қытай әріпінің басты жан бөлігін табуда мыналарды ескергеніміз жөн. Ең әуелі пішін мен дыбыстан құралған әріптерді дыбысталуынан емес, пішінінен қарау керек. Кейбір әріптердің пішіні сол жақта, дыбысталуы оң жақта болып келеді. Мысалы:钢 gang “болат”,姐 jie “әпке”, мұндағы әріптерді іздегенде钅, 女 басты жан бөліктеріне көңіл аударған абзал. Ал кейбір әріптердің пішіні оң жақта, дыбысталуы сол жақта болып келеді. Мысалы: 预 yu “алдымен” , 飘 ріао “желбіреу” ,政 zheng “саяси” деген әріптерді 页,风,攵 сияқты басты жан бөліктері маңызды болады. Енді кейбір әріптердің пішіні үстінде, дыбысталуы астында болып келеді. Мысалы: 花 hua “гіл”, 空 kong “бос”, 箱 xiang “кебеже (әбдіре)” , деген әріптерді艹, 穴, 竹 секілді бас бөліктеріне қарап ажыратқан дұрыс. Ал керісінше, пішіні астында, дыбысталуы үстінде болып келетін әріптер бар. Мысалы: 堡bao “қамал”, 资 zi “капитал”, 忠zhong “адал” деген әріптерді 土, 贝, 心 басты бөліктерінен қарап табу керек. Пішіні сыртында , дыбысталуы ішінде болып келетін әріптер бар. Мысалы: 园yuan “бақша”, 阁ge “сарай” деген әріптерді 囗,门 сияқты сыртқы бөлігінен қарау керек. Бұлардан басқа да көптеген әріптерді зерделегенде қарау , тану, айыру белгілеріне назар аударғанымыз жөн. Айталық, әріптің алғашқы сызығынан, нүктесінен асты-үсті бөлігі және оң, сол жан бөліктеріне бірдей қарау керек. Ал, кейбір әріптер өздері жеке әріп болып, әрі басқа әріптердің жан бөліктері де болып келеді. Бұнда қай жағынан қараса да асты-үсті жан бөліктерді есте сақтап үйренген жөн. Басқаша сөзбен ойымызды жалғастырсақ, қытай әріптерін тез іздеп тану үшін ең әуелі әріптердің басты бөліктеріне қанық болуымыз немесе есте мықты ұстауымыз керек. Қытай әріптерін үйренгенде (1) солдан оңға, (2)жоғарыдан төменге, (3) ішінен сыртына, (4) сыртынан ішіне қарай жазу тәртіптері бойынша сол әріптердің басты бөліктерін табуымыз керек. Қытай тілі дыбыстарын көп дыбыстаумен қатар, көп тыңдау сондай-ақ, қытай әріптерін көп жазу, әсіресе, ауада көп жазып жаттау мақсаты тілді меңгеруде тиімді әдіс - амал болып табылады [2]. Нақтылап айтсақ, қытай тіліндегі 27 дауысты дыбыстарды айтуды қалыптастыруды мынадай тәртіппен іске асыру қажет. a, i. u; ai, ei, au,ou;an,ang,en,eng,ong. Ал, дауыссыз дыбыстарды мынадай тәртіппен үйрету қажет.b,d,g,z,zh,sh,q содан кейін ғана барып 15 дауыссыз дыбыстарды үйрету керек. Тағы бір жағынан қытай тілінде ағылшын тілімен өте ұқсас оннан астам дыбыстар бар. Сондықтан, ағылшын тілін білетін білім алушыларға ағылшын тілімен ұқсастығы жоқ дыбыстарды үйретуге көбірек көңіл бөлу қажет. Дауысты дыбыстарды үйреткенде монофтонгофтан бастап, содан кейін дифтонгтарға көшіп күрделі дыбыстармен аяқталған абзал. Тағы бір айта кететін жайт қытай тілін оқығанда осы тілдегі 4 тонды үйренуге де көңіл бөлу қажет. Өйткені, олар әріпті сөйлемдердің мағынасын ажырату қызметін атқарады. Соның ішінде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тондар ерекше қиыншылық туғызады.Сондыќтан жеке сөздің тонымен сөз ағымындағы элементтердің тонына ерекше көңіл бөлу керек.

Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамыған түрі болып саналады. Бір иероглиф белгілі бір мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір фонема болып есептеледі. Сондай-ақ, қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасап шығуға тура келеді. Осылайша, қытай тілі сөздерінің мағынасы бейнелейтін таңбалар бірнеше мыңдаған түрден асып жығылады. Мысалы, қазіргі кейбір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отыр.



Иероглиф (гр.hieros – қасиетті, гр.glyphe – қиылып алынған) – идеографиялық жазудың таңбасы [3]. «Иероглиф» деген терминді бірінші рет Климент Александрский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б.з.б. 4 –мыңжылдықта пайда болған. Иероглиф тек көне Мысыр жазуы деген мәнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай,крит, т.б.) қатысты да қолданылады. Иероглиф деп лотографиялық (бір сөз) мәндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Ол пиктографияға (сурет жазуына) да, дыбыстық жазуға да жатпайды, бірақ ол нағыз сурет бейнесін сақтамағанымен, алғашқы суретке ұқсастығы аңғарылады. Иероглиф жазуының әр таңбасы жеке тұрады, таңбалар бір-бірімен қосылмайды. Жазудың бағытын таңбадағы адамның, жануардың беті мен аяғы көрсетілетін болған. Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған. Иероглиф жазуының екі түрі болған: иератик (гиератик) жазу – папирусқа жазудан пайда болған жазу үлгісі. Бұл кейін тек діни жазуға айналған: демотик жазу – иератиктен дамыған тез жазу, мұнымен іс қағаздары, көркем шығармалар жазылған, ертеде шыққан кітаптар көшірілген, сондықтан да ол халықтық жазу деп аталған.

Әрбір иероглифтік белгі бірнеше таяқшалық элементтерден тұратын графикалық құрылым болып табылады. Жалпы таяқшалардың саны сегізді құрайды. Олар нүкте (), көлденең таяқша (), тік таяқша (), оң жаққа бағытталған таяқша ( ), сол жаққа бағытталған таяқша (丿), көтеріліп келе жатқан таяқша ( ), сынық таяқша (), ілгек таяқша (). Бұрын адамдар калииграфияны жасау барысында 永 иероглифын («мәңгілік» мағынасында) мысал ретінде алатын болған. Берілген иероглиф сегіз таяқшаның барлығын қамтиды деп есептеген.

Кейбір таяқшалық элементтердің басқа да нұсқалары бар. Нәтижесінде жалпы жиырмаға жуық негізгі таяқшалық элементтер бар екендігі анықталды. Канси сөздігінде 50-ден астам таяқшалардан құралатын иероглифтар да бар. Заманауи сөзідіктерде 20 немесе одан да көп таяқшалардан тұратын иероглифтар да жиі кездеседі. Г.П.Сердюченконың айтуы бойынша, жалпы орта есеппен алғанда жиі пайдаланылатын 2000 иероглифтың әрбір екіншісі 11 таяқшадан құралады [4].

Қытай иероглифтарының құрамына кіретін негізгі таяқшалар айтарлықтай оңай, ал олардың иероглифтағы бір-бірімен сәйкес келуі – қиын мәселе болып табылады. Бұл жерде жазылу реті графикалық элементтерді арнайы ереже бойынша реттейді. Жазу барысындағы негізгі ережелер:

1) иероглиф жоғарыдан төмен қарай жазылады: 方, 云;

2) иероглиф солдан оңға қарай жазылады: 游, 旅;

3) алдымен көлденең сызықтар, содан кейін тік сызықтар жазылады: 十, 千;

4) алдымен көлденең таяқша, содан кейін сол жаққа бағытталған таяқшалар жазылады: 厂, 大;

5) алдымен сол жаққа бағытталған, содан кейін оң жаққа бағытталған таяқша жазылады: 人, 八;

6) бірінші сол жаққа бағытталған таяқша, одан кейін көлденең сызық жазылады:生 (бұл ереже 4-ережемен салыстырғанда, сол жаққа бағытталған сызық тік сызықтан ұзын болған жағдайда қолданылады);

7) алдымен иероглифтың сыртқы бөлігін құрайтын сызықтар , одан кейін оның ішінде орналасқан сызықтар жазылады: 月; сөздің төменгі бөлігінде орналасқан таяқша соңғы болып жазылады: 国,日;

8) ортасында орналасқан және иероглифтың соңына дейін баратын тік таяқша соңғы болып жазылады: ; егер де тік таяқша оның соңына дейін жетпейтін болса, ол бірінші жазылады, содан кейін шеткі бөлігіндегі таяқшалар жазылады: 小, 水;

9) алдымен шетіндегі, содан кейін орта бөлгіндегі таяқшалар жазылады –火, 坐;



10) оң жақтағы немесе әріптің ішіндегі нүкте соңғы жазылады: 心, 玉; жоғары жақтағы және сол жақтағы нүкте бірінші жазылады: 义;
2-кесте. Қытай иероглифтарын жазудың негізгі ережелері


笔画

名     称

例  字

 

笔画

名     称

例  字





广



横    钩











横折 钩











横折弯钩



丿







横撇弯钩











横折折折钩











竖折折钩





撇  点





竖    弯





竖  提





横折 弯

沿



横折提





横    折





弯  钩





竖    折





竖  钩





撇    折





竖弯钩





横    撇





斜  钩





横折折撇





卧  钩





竖折 撇



Жоғарыда иероглифты жазудың тек негізгі ережелері аталғандығын ескеру қажет. Жазу ережелерін меңгеру иероглифтарды қатесіз дұрыс жазу үшін қажет. Иероглифтың таяқшалық белгісі екі түрге бөлінеді: жай таяқша және күрделі таяқша. Әдетте жай таяқша оңай таяқшалардың нақты құрылымынан тұрады. Мысалы: 下, 人, 口. Ал, күрделі таяқша одан бөлек әрбір бөлігі бір мағынаға ие қиындатылған таяқшалардан құралады. Иероглифтардың мұндай маңызды бөліктері графемалар деп аталады. Графемалардың көп бөлігі жеке иероглифтар ретінде (мысалы: 日, 月) және күрделі иероглифтың құраушы бөлігі ретінде де қолданылуы мүмкін. . Иероглифтардың маңыздылығын айта отырып, иероглиф кілттерін ескермей кету мүмкін емес.Қытай тілінде 300-ге жуық графема бар. 214 кілттен тұратын тізімге жалпы 300 графемадан барлығы кірген жоқ. Кілттер иероглифтардың тақырыптық жіктеушісі не топтастырушысы ретінде көрінуі мүмкін және сөздіктен немесе анықтағыштан иероглифті іздеуде қажет болады.

Фоноидеографикалық таяқшалар қытай жазбасындағы бір топ белгілерді құрайды. Бұл топтың иероглифтары әрқашан да екі бөліктен құралады. Семантикалық кілт деп аталатын бөлігі иероглифтың семантикасы жағынан туыс, заттар мен құбылыстардың класстарын білдіретін белгілер тобына кіретіндігін көрсетеді. Мысалы, «жүрек» кілті адамдардың сезімдері мен уайым-қайғыларын білдереді. Олардың қатарына келесі иероглифтар кіреді: si 思 (ойлау), xiang想 (сағыну), fen忿(ашулану), nu怒(ашулану), kong恐 (қорқу), bei 悲(қайғылы), chou愁(көңілсіз) және т.б.

Екінші бөлігі фонетикалық көрсеткіш немесе фонетик деген атауға ие. Ол фоноидеограмманың оқылуын көрсетеді. Қытай тілінде графема pian pang (әріп.қисық+шеткі), кілт – bu shou (әріп.бөлік+бас) деп айтылады. Кілттер қытай тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының иероглифтік іздеу жүйесінің әмбебап каталогтары ретінде қолданылады.

Кілттердің пайда болу тарихы иероглиф сөздіктерінің пайда болуымен байланысты. Шығыс Хан дәуірінде Сюй Шен жасап шығарған «Шовэн цзенцзы» деген қытай иероглифтарының ең алғашқы сөздігі 9353 иероглиф пен 540 кілттен тұратын болған. Мин дәуірінде Мэй Ин деген ғалым 214 иероглифтан тұратын «Цзыхуэй» деген сөздікті жасап шығарды. «Шовэн цзенцзы» сөздігі пайда болғаннан кейін екі мың жыл бойы иероглифтарды жіктеу иероглифтар сөздіктерінде тек қана кілттер бойынша жүргізіледі. 1958 жылы латын тілі негізіндегі әліпби бекітілді. Сонымен, кілттер және әліпби қытай тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарында иероглифтарды іздеу жүйесінің каталогы ретінде қолданылады. Осы жерде кілттердің маңыздылығы және қажеттілігі көрінеді. Қытай жазбасын өзгерту комитеті 1983 жылы 201 белгіден тұратын иероглифтық кілттердің жалпы нормативті тізімін қабылдады. Қытай тілінің сөздіктерінде кілттердің реті кілттегі таяқшалардың санына байланысты анықталады [5]. Неше сызықтан тұратынына қарамастан, иероглифтар шаршының ішіне сыю қажет. Иероглифтарды әр белгіге кішкентай төрт шаршыдан құралған бір үлкен шаршыға, тор көз дәптерге жазған дұрыс. Сонымен қатар, иероглифтарды жазу ережелерін де сақтаған жөн. Әрбір иероглифтың кілттерін, таяқшаларын салмастан бұрын барлығын жақсылап жоспарлап алу қажет. Осылайша, қазіргі қытай иероглифтары бір немесе одан да көп арнайы таяқшалардан тұратын құрылым болып табылады. Графемалардың көп бөлігі жеке иероглиф ретінде де, күрделі иероглифтың құраушысы ретінде де қолданылады.

Б.з.д. XVI-XI ғ.ғ., яғни Шан-ин дәуірінде, jia gu wen (әріп. тері+сүйек+жазу) пайда болды. Ол кезде таяқшалар үшкір заттармен бассүйкетерге және жануарлардың терісіне жазылатын болған. Кейінірек, Чжоу дәуірінде ( б.з.д. ІІ ғ.-ІІІ ғ.аяғы) хат, жазба құралдарына көптеген өзгерістер енгізілді. Патшаның жарлығы сияқты маңызды құжаттар қымбат жібек матаға жазылатын. Б.з.д. І мыңжылдықтың аяғында матадан, ағаш діңдерінен және бамбуктан қағаз жасауды әлемде алғаш болып қытайлықтар үйренді.

Бұрынғы уақытта fang si bao (әріп.бөлме+төрт+қазына) Қытайдағы сауатты адамның белгісі болған: хат жазуға арналған қылқалам, қатты сия, қағаз және сияны өшіруге арналған өшіргіш. Иероглифты жазу үшін қылқаламды сияға батыратын. Қытай сиясы күйе мен желімнен жасалатын болған. Сия ыдысының пайда болуы өте ерте кездермен байланысты [6]. Хучжоудан алынатын материалдардан жасалған «hu bi» қылқаламы, Хучжоуда өндірілетін «hui mo» сиясы, Сюанчэн қаласында жасалатын «xuan zhi» қағаздары және Дуанчжоу қаласының «duan yan» тастан жасалған сия ыдыстары Қытайдағы ең сапалы заттар болып саналады.

Қытай жазба иероглифтарының әлемдік дамуда үлкен тарихи рөл ойнағандығы анық. Ол тек қытай мәдениетінің ғана емес, сонымен қоса Азияның басқа мемлекеттерінің – Вьетнам, Корея, Жапония халықтарының мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізді. Ол әлемдік мәдениеттің қазынасына көп үлесін қосты.

Қытай тіліндегі қытай жазбасы пайда болғалы әлемдік мәдениеттің үздік туындыларының қатарына кірген көптеген әдебиет туындылары жарық көрді. Олардың қатарына shi jing «Кітаптар әні», shi ji «Тарихи жазбалар», xi you ji «Батысқа саяхат», san guo yan yi «Үш патшалық», hong long meng «Қызыл сарайдағы түс» және т.б. туындылар кіреді.

Қытай иероглификасы тек қытай әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар қытай өнеріне, оның ішінде қытай каллиграфиясы мен көркемөнеріне де өз ықпалын тигізеді.

Каллиграфия өнері ерте заманда-ақ қатарына әдеп, музыка, садақпен ату, атпен жүру және есептеу өнері сияқты «алты өнердің» қатарына кіретін болған.

Қытайдың ұлттық сурет өнері сурет, каллиграфия мен поэзияның бірлігінен тұрады. Қытай суретшілері бір уақытта каллиграфтар, ғалымдар болған. Сонымен қатар, олардың әдебиеттен, поэзия мен философиядан хабары бар болатын. Осы ретте Сун әулетіндегі Суши, Цин әулетіндегі Чжэн Банцзяо сияқты ғалымдарды атап өткен жөн.

Қытайдың ресми жазбасына айналған қытай иероглифтарын Шығыс Азияда – Корея, Жапония мен Вьетнамда қолдана бастады. Шығыс Азия мемлекеттеріне иероглифтармен бірге қытай мәдениеті де (конфуцишілдік, қытай буддизмі, қытай ғылымы мен тахникасы және т.б.) тарала бастады. Соның нәтижесінде «қытайлық мәдени орта» құрылды. Қазіргі уақытта Шығыс Азия мемлекеттерінде өздерінің жазбалары бар. Дегенмен, олардың иероглификаның көмегімен құрылғанын ескеру қажет. ХІХ ғасырдың ортасында батыс өркениеті шығысқа көшпестен бұрын қытай иероглифтары Шығыс Азияда кең таралған жазба түрі болып табылды. Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде әлі күнге дейін қытай иероглифтарын қолданады (жапон тілінде 1945 қытай иероглифтары пайдаланылады). Қытай иероглифтары жазбаның ең танымал түрлерінің бірі болып табылады. Жапонияда қытай каллиграфиясының туындыларын ерекше бағалайды.

Қорыта айтқанда, қытай тілінің фонетикасын қытай пиньин әріпімен, қытай тілі лексикасы ретінде қытай иероглифтері (汉字 hanzi) құрайтын таяқшаларынан, одан соң басты бөліктері арқылы қытай иероглифтеріне (汉字 hanzi) қол жеткізсек сөз қорын дамытсақ ары қарай грамматикалық білім тұрғысынан қытай сандық сөздерінің қытай тілін үйренуде өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар екенін анықталды. қытай тілін үйренуге оқытушының көмегіне сүйене отырып, білім алушының алдына мақсат қойып, табандылық және жауапкершілік көрсетсе аталмыш тілді белгілі деңгейге толық меңгеруге болады деген ойдамыз. Тіл үйрену, соның ішінде қытай тілін үйрену көрші ел болған Қазақстан үшін өте маңызды. Тіл үйрену үшін біріншіден, орта; екіншіден, тіл үйренуге қызығушылық, әуестік керек; үшіншіден, тіл үйренудің әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет.


Әдебиеттер тізімі:

1. Мәсімхан Д., Мамытан Қ. Қытай тілі фонетикасының негіздері. - Қазақ Университеті, 2001. – 67 б.

2. Найман С., Қытайша-қазақша үлкен сөздік - «Han-Ha da cidian». – Үрімжі: Шыңжаң Халық баспасы, 2006. – 147 б.

3. Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. – 78 б.

4. Кондрашевский, А.Ф. Практический курс китайского языка: пособие по иероглифике. – Ч.І. – М.: Муравей, 1999. – 152 б.

5. Сердюченко Г.П. Китайская письменность и ее реформа. –М.:Издательство вост.литература, 1959. – 55б.

6. Ян Годун. Обзор китайской культуры. – Тяньзцинь: Издательство Нанкайского университета, 2001. – 303 б.

References

1. Masimkhan D., Mamytan K. Basis of Chinese Phonetics. - Kazakh University, 2001. – 67 p.

2. Naiman C. New Chinese – Kazakh dictionary (Han-Ha da cidian). - Urumchi: Tsynzyan Publishing House, 2006. – 147 p.

3. M. Sadyrova. Dictionary of sociology. - Almaty: Dictionary, 2007. – 78 p.

4. Kondrashevska, A.F. Practical Course of Chinese: A guide to hieroglyphics. - CH.І. - M.: Ant, 1999. - 152 p.
5. Serdyuchenko G.P. The Chinese writing system and its reform. -M: Publishing house, 1959. - 55 p.
6. Yang Guodong. Overview of the Chinese culture. - Tyanztsin: Publisher Nankai University, 2001. - 303 p.
Авторлар туралы мәліметтер

Сведения об авторах

Ысқақнаби Адал

Еуропа және Шығыс тілдер кафедрасының оқытушысы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Iskaknaby Adal

University teacher of European an oriental languages chair Karaganda State University named after Ye.A.Buketov

Ыскакнаби Адал

Преподователь кафедры европейских и восточных языков Карагандийского государственного университета им. Е.А.Букетова

Батырбекова Закира

Шетел тілдері факультетінің 4-курс студенті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Батырбекова Закира

Студентка 4-курса факультета иностранных языков Карагандинского государственного Университета им. Е.А.Букетова

Batyrbekova Zakira

4-year student of the Faculty of Foreign Languages Karaganda State University named after Ye.A.Buketov

Ержан Оспанұлы

Манас ауданы Тасырқай орта мектебінің оқытушысы, ҚХР

Ержан Оспанұлы

Преподаватель Тасыркайской средней школы Манасского района, КНР



Erzhan Ospanuly

Teacher of Tasyrkay secondary school, Manas district, China
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу