Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет3/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


1-нұсқа



Оқу мақсаты

8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау;
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау.

Бағалау критерийі

Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды;
Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер менкөркемдегішқұралдарды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындаууақыты 15-20 минут
Тапсырма


  1. тапсырма. Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Туранов көзін тарс жұмып сұлық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны.


Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп жабырқатқандай. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым?



  1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді тап.

  1. дәрігер, көңіл, командир

  2. жұмбақ, талшыбық, ғалым

  3. мінез, космос, бұйрық

  4. экипаж, планета, абыржу

  1. Мәтінге сай ақпаратты таңда.

  1. «Байқоңыр» жұмбақ сырлы планетаны тұтқынға алды.

  2. Оразов көзін тарс жұмып сұлық жатыр.

  3. Оразов алпамса денелі кең маңдай командир.

  4. Экипаж мүшелері түгел дерлік демалып алған.

  1. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгіле.

  1. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі.

  2. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек.

  3. Туранов көзін тарс жұмып сұлық жатыр.

  4. Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан.




  1. тапсырма. Мәтінде берілген негізгі ойды өз сөзіңмен жаз.




  1. тапсырма. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, құлтемірдің қоғамға тигізер

пайдасы туралы ойыңызды білдіріңіз.
Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, қас пен көздің арасында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет