Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет5/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn
Тірек сөздер

Негізгі ой

1.




2.




3.




[4]



  1. Электронды кітапхана жайында автор көзқарасы берілген қатарды табыңыз.

    1. Көркем, іскерлік әдебиеттер, оқулықтар, анықтамалықтар.

    2. Мен кітаптарды электронды кітапханадан оқимын.

    3. Мұнда маңызды ғылымдар топтамалары жинақталған.

    4. Үлкен әртүрлі кітаптар таңдау мүмкіндігі.

    5. Электронды кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді.

[1]

  1. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, ғылымның қазіргі жетістіктерінің адам өміріне пайдасы мен зияны туралы ойыңызды нақты білдіріңіз.

Тұрақты тіркестер: көре алмау, қол ұшын беру, кәдеге асу, көздің жауын алатын, көзді ашып жұмғанша.


[4]


Балл қою кестесі







Бағалау критерийі

тапсырма

Дескрипторлар

Балл

Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы
негізінде анықтайды

1-2

Тыңдалған мәтіннен 3 тірек сөзді жазып алады.

1
1
1

Тірек сөздер арқылы негізгі
ойды анықтайды.

1

автор көзқарасы берілген қатарды табады.

1




3

тұрақты тіркестердің

1







мағынасын










ажыратады;










тұрақты тіркестерді

1







қолданады;










ғылымның қазіргі

1







жетістіктерінің пайдасы




Ауызша мәтін құрауда




туралы айтады.




тұрақты тіркестер мен




ғылымның қазіргі

1

көркемдегіш құралдарды




жетістіктерінің зияны




қолдану




туралы айтады.




Барлығы

9



«Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушыныңаты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды.

Мәтіндегі тірек сөздерді және автор көзқарасын анықтауда және мәтіннің негізгі ойын табуда қиналады.

Мәтіндегі тірек сөздерді және автор көзқарасын анықтауда қателеседі.
Мәтіннің негізгі ойын табуда қателіктер жібереді.

Мәтіндегі тірек сөздерді және автор көзқарасын дұрыс анықтайды. Мәтіннің негізгі ойын өз сөзімен жазады.

Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданады.

Тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратуда және қолдануда қиналады.

Тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратуда және қолдануда қателеседі.

Тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратады және дұрыс қолданады.

Ғылымның пайдасы мен зияны туралы айтуда қиналады.

Ғылымның пайдасы мен зияны туралы айтуда қателеседі.

Ғылымның пайдасы мен зияны туралы ақпаратты жеткізеді.

Бөлім «Сауда жасай білесің бе?», «Жаһандық энергетикалық дағдарыс» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1-нұсқа

Оқу мақсаттары

8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс- әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;
8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; Шығармаларды салыстырады;
Жеке көзқарасын білдіреді;
Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді.

Ойлау
дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут




  1. тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Француз жұртының бір білімді адамы жазады:



    • 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

    • Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара- бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.

1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:

    • Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

    • Сен Антонбысын? — дедім.

    • Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.

Әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасаңыз.




  1. тапсырма. Мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріңіз.




Кейіпкер

Іс-әрекеті

Бағалап, пікір білдіріңіз

Антон










  1. тапсырма. «Қазақстанның баламалы энергия көздерін өндіруге әлеуеті мол» тұжырымымен келісу/келіспеу себептеріне дәлел келтіре отырып, өз ойларыңызды білдіріп, эссе жазыңыздар. (2 аргументтің болуы шарт).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет