Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Энергияны үнемдеу және экология



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
Энергияны үнемдеу және экология 
 
2.1 Энергия және оның түрлері
 
Энергия – материя қозғалысының
түрлі формасының жалпы сандық өлшемі
 
Энергетика
энергияны өндіру, оны тұтынушыларға тарату және 
қолданумен байланысты адамзаттың іс әрекетінің аумағы.
Денелердiң 
әртүрлi 
қозғалыстарының 
және 
өзара 
әсерлесулерiнiң әмбебапты сандық сипаттамасы ретiнде физикалық скаляр 
шама 
энергия
енгiзiлген. Қоғам және әрбір адам энергия тұтынбай тіршілік 
жасай алмайды.
Энергия
– дененің жұмыс істей алу қабілеті, өлшем бірлігі Дж (джоуль). 
Тек энергияның арқасында біздің жер атты планетамызда өмір жалғасуда. 1 
Дж = 1 Н (ньютон) × 1 м. Бұдан басқа энергияның туынды өлшем бірліктері 
бар - кВт× сағ, калория, кг шартты отын.
Энергияның түрі сан алуан. Табиғатта әртүрлi қозғалыстарға сәйкес 
энергияның механикалық, iшкi, электромагниттiк, атомдық, ядролық, 
биологиялық, химиялық және тағы басқа түрлерi кездеседi. 
Энергияның бізге мәлім түрлері:


10 
Жылулық энергия
(жылу) – жану процесі (заттың тотығуы), қыздыру 
(амплитуданың ұлғаюы, молекулалар мен атомдардың тербелу жиілігі), 
химиялық реакция (валентті электрондардың орбиталық сипаттамаларының 
өзгерісі) кезінде бөлінген энергия. 
Механикалық энергия
 – 
денелердiң механикалық қозғалысын және оған 
сәйкес 
келетiн 
әсерлесулердiң 
сипаттамасы. 
Денелердiң 
қозғалыс 
жылдамдығы өзгергенде немесе денелердiң өзара әсерлесулерiнiң сипаты 
өзгергенде - энергиясы өзгередi. Механикалық энергия кинетикалық және 
потенциалдық 
болып бөлiнедi. 
Қозғалыстағы 
дененiң 
энергиясын 
кинетикалық энергия
деп атайды. Денелердiң өзара орналасуына тәуелдi 
әсерлесу энергиясын
потенциалдық энергия
деп атайды. 
Электрлік энергия
– қозған бөлшектердің өзара әсерінен туған энергия. 
Электрлік энергия электр статикалық (қозғалмайтын қозған бөлшектердің 
өзара әсері), және электр магнитті (қозған бөлшектердің қозғалысынан туған) 
болады. Кейде магниттік энергия (магнитті домендердің өзара әсерлесуі, яғни 
атом электрондары қозғалатын тоқтың микро контуры) түсінігі қолданылады. 
Ядролық энергия
– атом бөлшектерінің өзара әсер энергиясы. 
Мускулдық (бұлшық ет) энергия
– ағуызды молекулалардың өзара әсер 
энергиясы[2]. 
Энергияның 
өзгерiсiн 
сипаттау 
үшiн 
физикалық 
шама жұмыс енгiзiлген. 
Жұмыс
деп 
– 
күш 
пен 
орын 
ауыстыру 
векторларының 
скаляр 
көбейтiндiсiн 
айтады. 
Атқарылғанжұмыстың 
жылдамдығын сипаттау үшiн физикалық шама 
қуат
енгiзiлген. Атқарылған 
пайдалы 
жұмыстың 
толық 
жұмысқа 
қатынасын 
пайдалы 
әсер 
коэффициентi 
(ПӘК) деп атайды [4] 
%.
100


т
п
А
A

(2.1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет