Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Экология мен энергия үнемдеудің өзара байланыстылығы



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
2.3 Экология мен энергия үнемдеудің өзара байланыстылығы 
Табиғи ресурстарды рационалды қолдану және қоршаған ортаны қорғау 
– қоғамның басты проблемаларының бірі. Қоршаған ортамен адамның 
тұрмысы, еңбегі және дем алуы тығыз байланыста. Қазіргі кезде Жер 
шарының кез келген аумағында табиғаттың салған іздерінен басқа адамның 
қолымен жасаған зиянды іздері де шимайланып жатыр. Адамзаттың 
шаруашылықтық іс - әрекетінің табиғат аясына тигізген әсерінің масштабы 
өте үлкен. Дәстүрлі энергетика тек атмосфераға ғана әсер етіп қоймай, 
геосферағада зиянын тигізеді. Бұл жер қойнауынан отынды қазып 
алуымен 
байланысты. 
Экологиялық 
тұрғыда 
қарасақ, 
теңіз 
платформаларынан мұнайды алу және оны танкермен тасымалдаудың 
қаупі аса жоғары. Қазіргі кезде планетамызда ормандардың шамамен 2/3 
оталған, жердің едәуір ауқымды бөлігінде қалалар мен ауылдар
индустриалды орталықтар орналасқан, тасымалдау жүйесі салынған, 
ландшафтар мен өзен ағысының бағыттары өзгертілуде. Сан алуан қалдықтар 
өзен, көл, теңіз, мұхиттарға; атмосфера мен топыраққа түрлі химиялық 
қосылысты қалдықтар тасталып жатыр. Жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд 
т. көп пайдалы қазбалар қазылып алынуда, 800 млн т. көп түрлі металдар 
балқытылуда, 60 млн т. көп синтетикалық материалдар өндірілуде, топыраққа 
500 млн т. көп минералды тыңайтқыштар мен шамамен 3 млн т. түрлі улы 
химикаттар көмілуде. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарға жыл сайын 500 млрд м
3
жоғары өндірістік және коммуналды ақаба сулар құйылуда, тіпті кейбір 
қалдықтарды нейтралдау үшін 5-12есе табиғи таза су қосылады. Қазба 
отындарды қолданатын заманауи энергетиканың екінші проблемасы Жердің 
экологиясына тигізіліп жатқан негативті әсерлер. Бұнда ең қауіптісі ауаға 
тасталатын жылу мен газдар, олар планетамызда «булық эффект» тудыруы 
мүмкін. Егер атмосфераның температурасы ауқымды түрде 3 градусқа артса,
онда полярлық мұздардың еруімен байланысты экологиялық катастрофалар 
туады [2].


13 
Өндірістік кәсіпорындардың өсу қарқыны артқан сайын қоршаған 
ортаға түрлі зиянды денелердің тасталуы артады. Табиғи көздерден 
тасталатын денелерге жатады: өсімдіктік, вулкандық және космостық шаң; 
топырақтың эрозиялануы кезінде туған шаң; теңіз тұзының бөлшектері; 
тұман; ормандар өртенгенде және вулкандар атқылағанда бөлінген газдар 
және т.б. Әдетте табиғи ластаушы көздер биосферада біркелкі таралады 
(мысалы, космостық шаң), не болмаса қысқа мерзімді сипатта болады 
(масалы, орман мен даладағы өрт, вулкандардың атқылауы. Қоршаған ортаны 
негізгі ластаушы жасанды көздерге жылу энергетика, өндіріс пен 
тасымалдаудың түрлі салалары жатады. Биосфераға табиғи және жасанды 
ластаушы көздерден белгілі мөлшерде қалдықтар тасталады (2.1 сурет).
2.1 сурет – Атмосфераны ластаушы негізгі көздердің түрлері 
Жалпы БҰҰ бойынша қоршаған ортаға тасталатын қалдықтардың 
салыстырмалы үлесі келесідей: жылуэнергетика - 27%; қара металлургия – 
24,3%; түсті металлургия – 10,5%; мұнай өндіру және мұнай химия салалары – 
15,5%; автотранспорт – 13,3%; құрылыс материалдары кәсіпорындары – 8,1%; 
химия өнеркәсібі – 1,3%.
Көбіне ластаушы денелер түрлі отындардың жану процесі кезінде, 
өнеркәсіптерде, жылу және электр энергиясын өндіргенде бөлінеді. Отынды 
қарқынды жағу кезіндегі зиян жоғары болғандықтан, оны жою казіргі кезде 
негізгі үлкен проблема болып отыр [3].
Қоршаған 
ортаға 
техногенді 
әсердің 
артуынан 
экологиялық 
проблемаларда көбейе бастады, соның ішінде ең бастысы атмосфералық 
ауаның, су және жер ресурстарының күйі ойлантарлық жағдай. Әсіресе бұл 
атмосфераға қатысты, оның химиялық құрамы төрт компоненттерден тұрады 
– азот, оттегі, аргон және көмір қышқыл газдары. Атмосфераға негізгі 
Атмосфераны ластаушы көздер 
Жасанды 
Табиғи 
Өндіріс 
Табиғи 
катаклизмалар 
Космос 
Отын-
энергетикалық 
кешені 
Коммуналды-
тұрмыстық 
сектор 
Транспорт 


14 
құраушыларынан басқа, адамзат шаруашылығының іс әрекетінен бөлінген 
уақытша қоспалар да тасталады. Ал олар өте көп шамада тасталса, тірі 
организмдер мен өсімдіктердің дамуына кері әсерін тигізеді. Қоршаған орта 
мен атмосфераны негізгі ластаушы денелер 2.2 суретте келтірілген [2].
2.2 сурет - Атмосфераны негізгі ластаушы денелердің топтары 
Отынды жағу кезінде өте көп мөлшерде жылу (жылулық энергия) 
бөлінеді, ол сәйкесті жұмыстық машиналарда (энергия түрлендіргіштерде) 
энергияның басқа түріне түрленеді немесе жұмыс атқаруға жұмсалады. Бірақ
энергияның кез келген түрленуі кезінде оның бір бөлігі жылуға айналады. 
Өндірілген жылудың пайдасы мен қатар тигізер зияны да бар, яғни қоршаған 
ортаны қыздырады. Органикалық отынды жағу процесі кезінде қоршаған 
ортаға тек қана жылу бөлініп қоймай, сонымен қатар күкірт және азот 
тотығы сияқты газ тәріздес элементтер де шығады. Осы қосылыстар 
түтіннің негізгі құраушылары болып табылады. Бұдан басқа олар сумен 
қосылып сәйкесінше қышқыл түзеді. Отынды жағу салдарынан жыл сайын 
атмосфераға 20 млрд т. көміртегі диоксиді, 700 млн т. көп басқа да бу газды 
қоспалар мен қатты бөлшектер тасталады. Ал күкірттің техногенді тасталуы 


15 
табиғи тасталудан 7 есе көп. Ауа, су және топырақ құрамында кадмий, сынап, 
қорғасын секілді зиянды заттардың қоспасы артуда.
Отынды жағу процесі кезінде жылулық энергияның бөлінуімен қатар 
биосфераға кері әсерін тигізетін түтін газдарымен бірге улы денелер де 
бөлінеді:
1) SO
2
күкірт диоксиді – тотығу процесіне әсер етеді, материалдардың 
қирауына септігін тигізеді, адамның денсаулығына қауіпті (тыныс алу 
жолдарының тінді қабықтарын тітіркендіреді). 
2) NO
x
азот оксиді - адамның денсаулығына қауіпті, озон қабатын 
бұзады, ормандардың өлуіне, «булық әсердің» және қышқылды жауынның 
түзілуіне септігін тигізеді. 
3) СО көміртегінің моноксиді – отын толық жанбағанда бөлінеді. Басқа 
газдармен әсерлеседі де, түрлі зиянды (улы газдар) әсер туғызады. 
4) СО
2
көмір қышқыл газы - «булық әсердің» түзілуіне септігін тигізеді. 
Қатты бөлшектер – ыстан және жанбай қалған материалдардан тұрады. 
Көмірсутектер мен ауыр металдарды тасымалдаушы. Атом электр станциясы 
немесе атом бомбалары жарылған өңірлерден алынған қатты отынды жағу 
кезінде атмосфераға радионуклиндерді тастаушы көз болып табылады. 
Сонымен қатар қоршаған ортаға бу, метан, хладагент секілді басқада газдар 
әсер етеді.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей келтірілген ластаушылардың көбін екінші 
рет қайта қолданғанда, олар пайдалы энергетикалық көзге айналады. Жылу 
энергетикалық 
қондырғылардан 
алынған 
екіншілік 
энергетикалық 
ресурстарды (ЕЭР) рационалды қолдану, олардың қоршаған ортаға тигізетін 
зиянды әсерін азайтады [3]. 
Міне, аталмыш себептерге сәйкес органикалық отынды қолдана отырып 
энергетиканың қарқынды дамуы экологияға кері әсер етеді. Ал экологияны 
қорғау үшін энергетиканың құрылымын өзгерту және энергия үнемдеуші 
технологияларды енгізу керек. Атмосфераға тасталатын зиянды заттарды 
азайтудың тиімді әдісі, ол екіншілік энергетикалық ресурстарды рационалды 
қолдана отырып жағылатын отын көлемін азайту. Энергияны үнемдей отырып 
отын энергетикалық ресурстарды тиімді қолданамыз және климатты қорғай 
аламыз. ЕЭР мен өндіріс қалдықтарын қолдану материалды-энергетикалық 
ресурстарды үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар жылу энергетикалық 
қондырғылардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын да едәуір азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет