Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


Қазақстан Республикасының энергияны үнемдеу саясаты және



Pdf көрінісі
бет3/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
 
1 Қазақстан Республикасының энергияны үнемдеу саясаты және 
заңдары 
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық 
жоспары еліміздің жалпы энергетика саласын дамытуды көздейді. Жоспардың 
құрама бөлігінде, атап айтқанда энергетиканың алты негізгі бағытта дамуы 
ұсынылған. Бірінші бағытта мұнай өнеркәсібін дамытуды қарқындату, екінші 
бағытта еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи 
газды өндіруді жылдамдату және ішкі нарықта газдық инфрақұрылымдарды 
дамыту ұсынылған.Үшінші бағыт мұнай химиялық өнеркәсіпті дамытуды
яғни елімізде маңызды мұнай химиялық өнімдерді шығаратын жаңа 
зауыттарды іске қосуды қарастырады. Стратегиялық жоспардың келесі үш 
бағыты электр, атом энергетикасын әріқарай дамытуды және барлық 
өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеудің басымды шараларын енгізуді 
ұсынады. Электр энергетикасы саласын дамыту бағдарламасы еліміздің 
электр энергиясы арзан мемлекеттер қатарында қала беруін, өнеркәсіптік 
өнімдер шығаруда энергия сыйымдылығын азайтуды, энергетика саласына 
жаңа инвестициялық жобаларды енгізуді көздейді. Қазіргі кезде 
республикамыздың электр энергиясын өндіру жүйесі орталық азия 
энергетикалық жүйесімен параллель режімде жұмыс жасауда. Орталық 
жүйеден тәуелсіз болу үшін оңтүстік аймақта электр энергиясының 
тапшылығын жою 
-
энергетика саласын дамытудың басты жолы. Сондықтан 
алдағы уақытта жаңа Балқаш жылу электр стансасы, солтүстік-оңтүстік 
бағытта электр энергиясын өндіруші жаңа буын іске қосылуы қажет. Осы 
тұрғыдан болашақта энергетикалық қондырғылардың жұмысын жақсы 
игерген, техника-экономикалық көрсеткіштерін дұрыс анықтай білетін білікті 
мамандар әрдайым сұраныста болады. 
Қазақстанның энергияны үнемдеу саясатының басты мақсаттары: 
-
энергия тұтыну деңгейін төмендетуге және тұрақтандыруға ықпал 
ететін энергияны үнемдеу процесін басқарудың нарықтық механизмдерін 
құру; 
-
энергия 
үнемдеуді 
ынталандыруға 
бағытталған, 
Қазақстан 
Республикасының құқықтық және заң актілерінің кешенін құру; 
-
тұтынылатын энергия мөлшерін реттеу және есептеуге арналған 
құралдар мен құрылғыларды енгізуді жеделдету; 



-
тұрмыстық техника, ғимараттар мен құрылыстардың энергетикалық 
көрсеткіштеріне арнайы ережелер мен стандарттарды орнату, технологиялық 
процестердің энергетикалық сипаттамаларын құру және бекіту; 
-
тұрғындарға ғылыми-техникалық жобалау бойынша ақпаратты – 
жарнамалық және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру; 
-
энергия тасымалдаушыларға арналған икемді бағалар мен тарифтерді 
құру және пайдалану; 
-
энергиялық тиімді көрсетілімді жобалар, үлгілер, қондырғылар жасау 
және құрастыру; 
-
энергияны үнемдеу үдерісін басқарудың құрылымдық органдарын 
құру; 
-
салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар, цехтер, аймақтар деңгейінде 
энергия үнемдеу мерзімін төмендету және қарқынын анықтау; 
-
«Энергияны үнемдеудің» бюджеттен тыс арнайы қорын құру.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы N 210 
Заңында Қазақстан Республикасының отын-энергетика ресурстарын тиiмдi 
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшiн экономикалық және ұйымдық 
жағдайлар жасау мақсатымен энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық 
қатынастарды реттеу қарастырылды. Заң алты тараудан тұрды. 2012 жылы 13 
қаңтарда 
№541-IV 
Заңыда 
«Энергия 
үнемдеу 
және 
энергия 
тиімділігін арттыру» туралы заң қайта қаралып толықтырылды, әрі ол жеті 
тараудан тұрады. 
Бірінші тарауға
екі бап қамтылған. 1-бапта 
осы заңнамада 
кездестірілетін негізгі терминдердің анықтамалары, ал 2-бапта Қазақстан 
Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы 
заңнамасы жазылған. 
Екінші тарауда
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 
арттыру саласындағы 
мемлекеттік 
реттеудің 
негізгі 
бағыттары (3-бап), Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті (4-бап), 
Уәкілетті органның құзыреті (5-бап), өзге де мемлекеттік органдардың 
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті (6-
бап), Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 
арттыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау (7-бап) 
қамтылған. 
Үшінші тарауда
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 
саласындағы жалпы талаптар» қарастырылады, оған 8-13 баптар енгізілген. 
Яғни, олар э
нергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану
жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу 
энергиясы үшін ақы төлеу (8-бап), мемлекеттік энергетикалық тізілім (9-
бап), 
энергия 
менеджменті 
(10-бап), 
үйлердің, 
құрылыстардың, 
ғимараттардың энергия тиімділігін қамтамасыз ету (11-бап), энергия 
тұтынатын электр құрылғылары (12-бап), өнімдерді өндіру, сату және 
пайдалану бойынша шектеулер (13-бап).



Төртінші тарау
«
Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін 
арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар»
деп аталады. Бұл 
тарауға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 
аккредиттеу (14-бап), энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 
сараптамасы (15-бап), энергия аудиті (16-бап) енгізілген. 
Бесінші тарау
«
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 
арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау» деп аталады. Бұнда э
нергия 
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік 
қолдаудың бағыттары (17-бап), энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 
арттыру саласындағы келісім (18-бап), энергия үнемдеу және энергия 
тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету (19-бап) 
қарастырылған. 
Алтыншы тарауда
«
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 
саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері» қамтылған, бұнда 
м
емлекеттік энергетикалық тізілім операторының құқықтары мен міндеттері 
(20-бап), энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 
субъектілердің құқықтары мен міндеттері (21-бап) қарастырылған. 
Жетінші тарау
қ
орытынды ережелер. Үш баптан тұрады. 
Қазақстан 
Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы 
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық (22-бап). Уәкілетті органның 
лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану (23-бап). 
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі (24-бап) [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет