Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Энергияны үнемдеу және оны ынталандыру түрлері



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
 
2.2 Энергияны үнемдеу және оны ынталандыру түрлері 
 
Энергияны үнемдеу
– отындық -энергетикалық ресурстарды ұтымды 
және үнемдi пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, 
практикалық, ақпараттық) қызмет. 
Энергияны үнемдеу объектiлерi
- отын-энергетика ресурстарының, 
жылу және электр энергиясының барлық түрлерiн шығаруға, өңдеуге, 
тасымалдауға, өндiруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер. 
Энергия үнемдеу технологиялары, жабдығы және материалдары

отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк 
беретiн технологиялар, жабдықтар мен материалдар. 
Энергияны үнемдеуді ынталандыру түрлері:
 
1) Жаһандық - 
қазба энергоресурстардың тауысылуы, зиянды заттардың 
тасталуы, АЭС қалдықтарын көму проблемалары және т.б. 


11 
2) Ұлттық
- энергоресурстарды экспортқа шығару арқылы кірісті өсіру,
энергоресурстарды импорттау шығындарын азайту, ішкі тұтынылатын
ресурстарды үнемдеу және т.б. 
3) Корпоративті – 
кәсіпорынның ағымдағы және капитал шығындарын 
азайту. 
4) Өздік – 
энергоресурсты үнемдеуге үйрету және мәжбүрлеу, егер ол 
орындалмаған жағдайда жазалау (салық салу) және т.б. сияқты адамдарға әсер 
ету арқылы қалыптасады, ынталандыру мақсатында ақпараттандыру, сендіру, 
мәжбүрлеу, материалдық тұрғыда қызықтыру шаралары қарастырылу керек. 
Жалпы жылутехникада, жылуэнергетикада және жылутехнологияларда 
энергияны үнемдеу әдістерін бірнеше топтарға бөліп қарастырған дұрыс, 
олар: 

электр энергиясымен қамдау жүйесінде энергияны үнемдеу
– яғни 
бұнда жарықтандыруда, электротехника мен электроникада, электрлік 
желілерде, электрлік машиналар мен қондырғыларда, тұрғын үй коммуналды 
шаруашылығы 
мен 
өндірістік 
кәсіпорындардың 
құбырлары 
мен 
қондырғыларын электрохимиялық қорғау жүйелерінде энергияны үнемдеу 
проблемалары қарастырылады;
 

жылуалмасу процестерінде энергияны үнемдеу
– бұнда жылуөту, 
конвективті, сәулелік және күрделі жылуалмасу процестері кезінде энергияны 
үнемдеу проблемалары қарастырылады; 

жылуды генерирлеуші қондырғыларда энергияны үнемдеу
– бұнда бу 
қазандарын, 
су 
ысытушы 
қазандарды, 
электродты 
қазандарды, 
гелиоқондырғыларды, геотермалды қондырғыларды, пайдаға асырғыш 
қазандарды, 
жылусорғылық 
қондырғыларды 
есептеу 
проблемалары 
қарастырылады; 

аудандық қазандықтарда энергияны үнемдеу
–ашық және жабық 
жылумен қамдау жүйелі үшін қазандықтардың жылулық сұлбаларын жобалау 
және есептеу, бу және су ысытушы қазандардың жұмыс істеуі кезінде 
энергоресурстарды үнемдеу, заманауи реттеуші, бақылаушы, басқарушы 
қондырғыларды қолдану проблемаларын қарастырады; 

жылу желілерінде энергияны үнемдеу
– бұнда жылумен қамдау жүйесі 
үшін су сапасын арттыру, жылу пункттерінде заманауи жылуалмастырғыш 
қондырғыларды қолдану, су және жылу шығындарын есептеуші аспаптарды 
орнату, жылу оқшаулағыштардың заманауи технологияларын қолдану, 
элеватор түйіндерін температура және шығын реттейтін датчиктері бар 
араластырғышпен алмастыру проблемаларын қамтиды;

жылу технологияларда энергияны үнемдеу
жылулық энергияны 
өндіру, сақтау және таратудың, жылу балансының, жылуберу процесін 
қарқындатудың, отын жағудың заманауи әдістерінің энергетикалық 
тиімділігінің критериилерін құру, бу және газтурбиналық қондырғыларды, 
тоңазытқыш қондырғыларды, жылулық сорғылар мен жылулық құбырларды, 
тиімді 
жылу 
оқшаулағыштарды 
қолдану, 
технико-экономикалық 
көрсеткіштерді есептеу әдістемесін құрастыру проблемаларын қарастырады; 


12 

құрылыстар мен ғимараттарда энергияны үнемдеу
- жылуландыру 
және желдету жүйелерінде жылуды үнемдеуге негізделеді; 

екіншілік энергетикалық ресурстарды (ЕЭР) қолдану арқылы 
энергияны үнемдеу
– жылулық, жанғыш және артық қысымды ЕЭР қолдану 
проблемаларын қарастырады; 

энергия өндірудің альтернативті көздерін қолдану арқылы энергияны 
үнемдеу
– күн коллекторлары мен күн электр станцияларын, жылу 
сорғыларын, гелиоқондырғыларды, фотоэлектрлік және жел энергетикалық 
қондырғыларын қолдануға негізделеді. 
Міне, осындай түрлі топтарға бөлінген салалар негізгі іс-шара 
барысында бір-бірімен қосарланып қарастырылады. Оқу құралында осы 
топтардың кейбіреуі қарастырылмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет