Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


ӘОЖ 621.1(075.8)  КБЖ 31.3я73  ISBN 978-601-7436-66-7



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
 
ӘОЖ 621.1(075.8) 
КБЖ 31.3я73 
ISBN 978-601-7436-66-7 
© АЭжБУ, 2015 ж.
 
Бергенжанова Г.Р., 2015 



Аннотация 
Энергосбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях: Учебное 
пособие (для студентов специальности «Теплоэнергетика» высших учебных 
заведений). Г.Р. Бергенжанова – Алматы: АУЭС, 2015. - 98 стр.: таблицы - 8, 
ил.-25, список литературы - 42 названий. 
Кіріспе 
 
Адамзаттың барлық іс-әрекеті тікелей энергияның кез келген түрін 
қолданумен байланысты. Жер қойнауының энергетикалық қорын [отын-
энергетикалық ресурстар (қазба отын) – көмір, мұнай және газ] қолдана 
отырып адам өз тіршілігі үшін қажетті өнеркәсіпті, соның ішінде негізгі 
энергия 
тасымалдағыштарды 
(жылулық 
және 
электр 
энергиясы) 
генерирлейтін 
қондырғыларды, 
тасымалдайтын 
қондырғылар 
мен 
машиналарды ойлап тапты, ғылым, медицина мен мәдениетті дамытты.
Адамзаттың өмiрi үшiн энергия айтарлықтай маңызды қызметтер атқарады. 
Жылыту, суыту, жарықтандыру, тұрмыстық құралдар, көлік сияқты 
қызметтерге 
сұраныс 
артуда. 
Энергия 
негізгі 
мұқтаждықтарды 
қанағаттандырады және экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың маңызды 
бөлігі болып табылады. Энергияны өндіру үшiн отын керек - газ, мұнай, 
көмiр, ядролық энергия және тағы басқа біріншілік энергия көздері (күн, жел 
күшiмен қимылдаушы және гидроэнергия). Осы энергияның барлық түрлерiн 
қандай да бір машиналар немесе қондырғылардың көмегімен түрлендіру 
қажет. Көптеген елдерде біріншілік энергияның көп мөлшері жабдықты 
пайдалану үшін босқа жоғалады. Дегенмен, энергияны сақтау және оны 
қолданудың тиiмдiлiгiн жоғарылату туралы бiлiм дамуда.
Дәстүрлі энергетика проблемаларының ұлғаю мерзімінде, әсіресе қазба 
отын қорының таусылуына, экологияға тигізіліп жатқан зиянның артуына 
және энергия тасымалдағыштар құнының қарқынды өсуіне байланысты, 
энергияны үнемдеу мәселелерінің өзектілігі жоғарылауда. Энергия үнемдеу 
кешенді мәселерді қамтиды, әрі келесідей бағыттар бойынша дамуда: 
энергияны үнемді тұтынушыларды шығару, технологялық процестерді 
жетілдіру, екіншілік энергоресурстарды қолдану, энергия түрлендіргіштердің 
(электр станциялар және жылу электр орталықтары) жұмыс режимін 
тиімділендіру, құны арзан және қол жетімді энергия көздерін іздестіру.
Сонымен қатар, кез келген энергия түрі жұмыс атқару процесі кезінде жылуға 
айналады, ендеше жылу шығындарын азайту энергияны үнемдеудің негізі 
болып табылады.
Адамзаттың даму деңгейі үшін энергетика әсерінің үлкен екенін ескере 
отырып, энергияны тұтыну талдауына барлық индустриалды мемлекеттерде 
және әлемде үлкен ықпал жасалған, әрі жасалуда.
Энергияны үнемдеу қазба отын қорының тауысылуына байланысты өте 
қажет. Дәстүрлі отынның әлемдік қоры пессимистік болжам бойынша осы 



ғасырдың екінші жартысында, ал оптимистік болжам бойынша келесі жүз 
жылдықтың соңында таусылады. Оптимистік болжам бойынша бұл 
проблеманы ядролық отын (негізгі компонент) мен жаңғыртылатын энергия 
көздерін 
қолдану 
үлесін 
арттыру 
арқылы 
шешу 
керек. 
Біздің 
жерпланетамыздың қойнауындағы сарқылатын энергетикалық ресурстарының 
ерекше түрі бөлшектенетін (радиоактивті) заттар болып табылады. Отын 
қорының таусылу проблемасын осылай шешу, әсіресе термоядролық реакция 
мен уранның 
238
U изотобын қолдану әдісін іздену, нақты жүзеге асатын амал 
болып табылады. Бір қарағанда, ядролық отын – өте тартымды энергия көзі, 
себебі 
энергияның 
бөліну 
процесі 
атмосферадағы 
шығындалатын 
элементтерінің қатысуынсыз жүреді. Осылай қарасақ, атом электрстанциясы 
(АЭС) – энергияның экологиялық таза көзі болып табылады. Практикалық 
негізде, атом электрстанциясының экологиялық қауіпсіздігі салыстырмалы, 
яғни, ол тек қана технологиялық режимнің сөзсіз сақталуымен ғана емес, 
сонымен қатар қондырғы элементтерінің сенімділігімен анықталады. Осы 
себептен АЭС-тың қондырғыларының қызмет ету мерзімі есептік болжанған 
шамадан 2-3 есеге аз болады. Бұл қондырғының элементтерін қайта құрап 
жөндеу, ауыстыру жаңа станцияны салғаннан қарағанда қымбатқа түседі. 
Сонымен қатар, атом электр станциясы арқылы өндірілетін электр энергиясы 
өте қымбат, себебі атом реакторларының күрделілігі жоғары және 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қалдықтарды көму шығындары өте көп, әрі 
қиын. Радиоктивті қалдықтарды және радиоктивті аумақтағы тозған 
қондырғыларды көму проблемалары әлі де шешімін таппады. Бұған 
Чернобыль 
тәжірбиесіндегі 
АЭС 
жақсы 
мысал. 
Бөлшектенетін 
материалдардың энергиясын пайдаланудың басқа (балама) түрі жер 
қойнауының жылуын пайдалану.
Күнделікті тұрмыс - тіршіліктегі электр энергиясымен жылу 
энергияның алатын орны өте зор. Энергияны үнемдеу және энергия 
үнемдеудің технологиясы ел экономикасының өнеркәсіптік артықшылығы 
болып 
табылады. 
Жылуэнергетикалық 
қондырғылардың 
тиімділігі, 
қауіпсіздігі, сенімділігі және үнемділігі көбіне отынның жануы арқылы
сонымен қатар жылуды генерирлеуші қондырғыларды, жылулық және электр 
жүйесін, қондырғылар мен аспаптарды дұрыс таңдау арқылы анықталады.
Әрі, жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу, қызметкерлерді 
дайындау дәрежесінің жоғары болуының да тигізер әсері жоғары. Жылу және 
электр энергиясын өндіру және тарату жүйесін тиімдендіру және энергияны 
үнемдеу, энергетикалық және су балансына түзетулер енгізу жылу 
энергетиканың даму болашағын жоғарылатады, сонымен қатар техника-
экономикалық көрсеткіштерді арттырады. 
Әрине, қазіргі таңда энегия үнемдеудің альтернативі әлі толық дамыған 
жоқ. Қазіргі таңда негізгі мәселе – энергия үнемдегіш технологиялардың 
көмегі арқылы меншікті энергия тұтыну көрсеткішін барлық салаларда 
төмендету. 



Оқу құралында жылу техникада, жылу энергетикада, соның ішінде 
аудандық қазандықтарда, жылу технологияларда энергияны үнемдеу 
шаралары және энергоаудит өткізу нұсқалары келтірілген.
Оқу құралы жылу энергетика бағыты бойынша оқитын бакалаврлер мен 
магистрлерді, сонымен қатар энергоаудит бойынша мамандарды дайындауда 
көмекші құрал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет