Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы
Investigation of indicators of milk-containing products by physico-chemical
Энергетикалық ресурстар 
 
3.1 Энергетикалық ресурстар, негізгі анықтамалар 
Энергетикалық ресурс
– берілген техника деңгейінде энергиямен 
қамтамасыз ету үшін қолданылатын энергия қоры немесе кез-келген 
механикалық, химиялық және физикалық энергияның көзі. Яғни осы уақытқа 
дейін елімізде қазба органикалық отынды қолдану арқылы энергия өндіру 


16 
дәстүрге айналған. Осыған сәйкесті отын энергетикалық ресурстар ұғымы 
қолданылады. 
Отын энергетикалық ресурстар (ОЭР)
деп техника мен 
технологиялардың қазiргi даму деңгейiнде пайдаланылатын немесе ұтымды 
пайдаланылуы мүмкiн, әрі республикада қолданылатын барлық табиғи және 
түрленген отын түрі мен энергияның жиынтығын айтады. Еліміз отын қорына 
бай мемлекеттердің бірі болып саналады. Осы отынның берілген түрін өндіру, 
өңдеу жүйесін бір сөзбен 
отын-энергетикалық кешен
деп атайды.
Энергетикалық ресурстардың (ЭР) пайда болу сипатына байланысты 
бөлінуі 3.1 суретте келтірілген 
3.1 сурет - Энергетикалық ресурстардың түрлері 
Энергетикалық ресурстарды пайдалану сипатына байланысты екіге 
бөледі: 
- дәстүрлі - органикалық отын, су ағыны;
- бейдәстүрлі - теңіз энергиясы, биомасса, геотермальді, күн, жел және 
т.б.
Қазіргі уақытта қолданылатын энергетикалық ресурстардың шамамен 
90% жаңғыртылмайтын ресурстар (көмір, мұнай, табиғи газ, уран және т.б.), 
өйткені олардың энергетикалық потенциалы жоғары, әрі қол жетімді.
Энергоресурстарды қолдану тиімділігі олардың энергетикалық 
потенциалын соңғы қолданатын өнімге немесе энергияның соңғы 
тұтынылатын түріне (қозғалыстың механикалық энергиясы, жылуландыру 
жүйесі немесе технологиялық мұқтаждықтары үшін жылу және т.б.) 
түрлендіру дәрежесі арқылы анықталады, әрі ол энергоресурстарды пайдалы 
қолдану коэффициентімен сипатталады η
эр
:
η
эр

д
·η
п
·η
и
, (3.1) 
мұндағы η
д
– өндіріп алу коэффициенті, энергоресурстың потенциалды 
қорын өндіріп алу (өндіріп алынған мөлшердің ресурстың барлық мөлшеріне 
қатынасы). Орта есеппен мұнай үшін η
д
= 30÷40%, газ үшін - η
д
= 80%, көмір 
үшін η
д
= 40%.
η
п
– түрлендіру коэффициенті (алынған энергияның барлық 
энергоресурстың берген (енгізген) энергияға қатынасы). Отынды химиялық 
жолмен жағу арқылы жылулық энергияны алу үшін қолданылатын заманауи 


17 
ошақ құрылғылары η
п
= 94÷98% алуға мүмкіндік береді; тұтынушыға жылу 
жылумен қамтамасыз ету жүйесі арқылы берілсе η
п
70÷80% дейін азаяды. 
Егер жану өнімдерінің жылулық энергиясынан электр энергиясын өндіру 
мақсатында 
механикалық 
энергия 
алынған 
болса 
(жылу 
электр 
станцияларында - ЖЭС), онда η
п
= 30÷40%; іштен жанғыш қозғалтқыштар 
үшін η
п
= 20÷30%.
η
и
– энергияны қолдану коэффициенті (қолданылған энергияның 
тұтынушыға жіберілген (берілген) энергияға қатынасы). η
и
шамасы нақты 
тұтынушы түрі мен пайдалану шартына байланысты (жылуландыру жүйесі 
үшін – 50%). Орта есеппен η
эр
= 36% [5]. 
Энергетикалық технология
– энергияны өндірумен, өзгертумен, 
таратумен және қолданумен байланысты технология аймағы. Адамзаттың 
техногенді іс әрекетімен бірінші кезекте органикалық отынның химиялық 
энергиясы мен ядролық энергияны жылулық энергияға түрлендіру тікелей 
байланысты. Біріншілік энергияны түрлендірудің аталмыш технологиясы 
дәстүрлі технология
деп атады. Адамзаттың күн энергиясын тікелей 
қолдануы өте төмен дәрежеде. Біріншілік энергияны түрлендірудің аталмыш 
технологиясы 
бейдәстүрлі технология
деп атады. 
Туынды энергетикалық ресурстар 
біріншілік және екіншілік 
энергоресурстардың энергиясын қолдану арқылы алынады. 
Отындық-энергетикалық ресурстардың негізгі түрлері 3.2 суреттегі 
сұлбада келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет