Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет19/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

"Жеті Жарғы"

 

  Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы – "Жеті Жарғы" өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек,Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уакытқа дейін мәлім болған заңдықережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. "Жеті Жарғы" – қазақ қоғамындағықоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдіңмынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді:



 жер дауы,

 жесір дауы,

 құн дауы,

 ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы,

 қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.),

 ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау.

  Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. "Жеті Жарғы" енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында:

  "қара қазан" (айыпкерге өлім жазасы),

  "қара нap" (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету),

  "қара мылтық",

  "қара кілем" т. б. жазалар болды.

  Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, "әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады",- деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.

  Меншікті қорғау – ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік – ру, ал мал – отбасы меншігінде. Ережеақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды. "Жеті Жарғы" – ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды қарастырды. Мәселен, "Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі", т.б.           

«Жеті Жарғыда» қылмыскердің және өлген адамның тегіне қарай құнның мөлшері де әр түрлі болған. Қатардағы ер кісі өлсе, оның туыстарына 1000 қой, әйел үшін 500 қой төленді, ал төре немесе қожаны өлтіргені үшін жеті адамның құны алынған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» (27) етіп қайтарылған. Жарғыда мал-мүлкін тәркілеу, елден қуу, жұрт көзінше масқаралау сияқты жазалар қарастырылған. Жазаның бірінші түрі басқа дінді қабылдағандар үшін қолданылса, ал екінші түрі күйеуін өлтірген екіқабат әйелдерге қолданылған. Жазаның үшінші түрі ата-ана парызын ақтамағандарға арналған. Қоғамда ерікті ер адамдардың ғана құқығы сақталып, әйел адамдардың құқықтары мен бостандықтары шектеліп отырған. Әйелдер сотта куә ретінде сөйлей алмаған. Отбасында атаның құқығы үстем болды. Ата-ана өз баласын жазалауға құқылы болды. Мұрагерлік, әдет бойынша, кенже балаға қалып отырған. Ата-анадан жеке тұратын ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілген. Ал әкесі қайтыс болса, олардың жас балалары туыстарына, ондайлар болмаса, ең сенімді деген басқа адамдардың қамқорлығына берілген. Отбасында шешесі, өз қызы жөнінде, күйеуі өз әйелі жөнінде қылмысты жағдай сезсе, жазалауға толық құқылы болған.              



"Жеті Жарғыда" сондай-ақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: "Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе)таспен атып өлтіріледі, күпір болған адам мал-мүлкімен айдалады", – деп көрсетілді. Ережеге "Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде" деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867–1868 жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.    

XVI–XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды. Мұны Шыңғыс хан тегінен шыққандардыңбелгілі бір қалаларды иеленуінен, үлестік жүйенің сақталуынан көреміз. Мәселен, казақ ханы Есім Түркістан қаласын биледі, ал сол кезде Ташкент Тұрсын ханның қолында болды.                   Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды: икта, сойырғал, вакуф, милк. Икта – дәстүрлі мағынасында Орталық Азияда Қарахан мемлекеті кезінен белгілі. Арабша "кесінді жер" деген мағынаны береді. Әскери-азаматтық қызметі үшін сыйлық ретінде уақытша жерпайдалану және салық жинау құқын білдіреді.       



XIV ғасырдың соңына қарай бұл уақытша жер иелену түрі неғұрлым кеңейтілген құқықтар берілген сойырғалмен ауыстырылды. Сойырғал "сыйға тарту" деген мағына білдіреді. Иктадан айырмашылығы – өмір бойына берілді, демек,мұрагерлікке қалдырылды. Салық жинаумен қатар сот-әкімшілік істерін де басқару мүмкіндігіне қол жеткізді. Вакуфтық жер – салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер. Милк – жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы. Райаттар – негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеуші сословие. Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді: Хараж – жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық. Баж – саудагерлерден алынатын жол салығы. Жасақ – көшпелі малшылардан алынатын салық. Қамсыздандыру үшін алынатын заттай алым: Зекет– мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым. XVI–XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеткерліктер атқарды: Мардикар – суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша "мард" – адам, "кар" – іс, жұмыс. Құналғы – әскер бөлімдерін лайықты қабылдау.Жамылғы –әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету). Салықтар, алымдар және міндеткерліктер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды.

Глоссарий:     

Жеті Жарғы - Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы – "Жеті Жарғы" өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды.    

Икта – дәстүрлі мағынасында Орталық Азияда Қарахан мемлекеті кезінен белгілі. Арабша "кесінді жер" деген мағынаны береді.                                          

Сойырғал "сыйға тарту" деген мағына білдіреді.                                

Вакуфтық жер – салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер.                                                                                              

Милк – жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы.

Райаттар – негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеуші сословие.                                                              


КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ

Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі. Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіңдер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.           

"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар"мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адамой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрдематериалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениетүлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін бізрухани мәдениет дейміз.            

Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнеріескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.          Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған.Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.



Киіз үй .        

Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі».                                     

Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделгендүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан"Отырықшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.

Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғұн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.   Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын,күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пенқолөнер қатар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз,Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан.



Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың қалдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғасырлар) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарыныңәрқайсысының өздеріне тән материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет