Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет4/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

4 - тақырып.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары мен міндеттерін қарастыру

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаттары.

  2. Кәсіпкерліктің экономикалық мақсаттары

  3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік мақсаттары


Лекцияның мазмұны

Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:



  • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалды қаражаттарынан пайда табу;

  • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

  • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақсаттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:

  • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;

  • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту;

  • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын оңтайландыру;

  • қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек көрсету.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік – бұл жаңа идеяларды жүзеге асырумақсатында, қандай да бір материалды құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайдаланатын мүдделіжәне ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік – бұл табыс әкелетін, кез – келген өз бетінше жүргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатталады: адам мүддесіне бағыттау, өнімдісатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйластық рухын ұстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты әлеуметтік – экономикалық ортада жүзеге асырылады.Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді,оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік – бұл өзіндік ынтаға – жігерге, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі.

Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын құру қажеттілігі болып табылады.

Мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ұйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен бағытын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін жағдайын стилін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт – шешімі кәсіпкердің инновациялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт – шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асырылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу, үшін келесідей міндеттер кешешін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның тұрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; өнім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стратегияларды жасап шығару; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ұйым өтімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жасап шығару және т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технологияны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаттарына не жатады?

  2. Кәсіпкерліктің экономикалық мақсаттары қандай?

  3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік мақсаттары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет