Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет3/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік

3 - тақырып.

Кәсіпкерлік қызметтің рыноктык конъюнктурасы
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтің рыноктык конъюнктурасын, оның мәнін қарастыру

Лекцияның сұрақтары:

  1. Рыноктык конъюнктура түсінігі .


Лекцияның мазмұны

Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жағдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін ғана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының өзі тұтынушы сұранысынын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерді құруы керек. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып өзіндік тұтынушылар ортасын құру, тұтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

Егер қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарағанда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шығатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тиімділігіне тұтынушы белсенді рөлді атқарады, ал кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда мемлекет:



  • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жағдайды қалыптастыратын жағдайда, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші болуы мүмкін;

  • кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса және оның дамуына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;

  • кәсіпкерліктің «жандануына» әкелетін, жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске тартуға бағытталған шараларды тұрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын отырған жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функцияларды атқарады:

  • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кәсіби тұрғыдан даярлау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру функцияларын;

  • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;

  • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді көрсете алатын кәсіпкерлік инфрақұрылымды құру функцияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігі жалдамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сәйкес болуы керек. Нәтижесінде, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жоғары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нәтижелерімен, қатар, ұжымдық қызмет нәтижелеріне де мүдделі болатын жағдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылығын үйлестіре отырып жүргізуге болады.

Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болған, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нәтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.



Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер ретінде материалды заттар мен объектілер (оларды материалды игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлғаның қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалды емес игіліктер деп те атайды) айтуға болады.

Материалды игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы байқалады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұрғын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады.

Адамдар өмір сүру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады:



  • табиғи және адамдардың іс - әрекетімен өндірілген;

  • тұтынушылық және инвестициялық;

  • жеке және қоғамдық;

  • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарға айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанұялық, топтық, ассоциацияланған тұтынушыларға арналған табиғи немесе өндірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тұрмыстық техника, жиһаз, киім, азық-түлік тағамдары және т.б. жатады.



Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да материалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады.Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасымалдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатытын – тұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалды игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлінеді. Мысалы, жеңіл автомобиль – бұл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады.

Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп келе жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техник – техникалық ерекшеліктеріне,күрделілігене байланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оны өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туындайды.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру сфераларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсету жүйесі басқа да салаларда (техникалық сервистік қызмет көрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.

Жұмыстарды орындау процедуралары кез-келген объектілердің құрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жөндеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.

Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бөліп көрсетуге болады. Еркін, немесе үнемі қол жетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанағаттандыруға мүмкін болатын игіліктерді айтады. Оларға күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпкерліктегі рыноктык конъюнктураның мәні неде?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Поляка, В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011 – 581 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет