Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет4/26
Дата28.09.2023
өлшемі164,41 Kb.
#182876
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫМЕН ҰҚСАСТЫҒЫ (1), фармакопея 1 том русс, БЖБ3 6А кл матем 23-24 (1), 13 апта Мухаметкарим Диана
Қорытынды сұрақтары:
1.Сақ тайпалық одақтары.
2.Сарматтар.
3.Үйсін және Қаңлы тайпаларының одағы.
4.Ғұн тайпалары


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005 – 311 с.

  2. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.

  3. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004 -368 с.

  4. Қазақстан тарихы. – Алматы, Алматы кітап, 2016 – 458б.

  5. История древнего Казахстана. Под редБайпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.


4 – Тақырып. Түркі дәуіріндегі Қазақстан тарихы


Мақсаты: Түркі дәуіріндегі Қазақстан территориясында мекендеген ортағасырлық мемлекеттер тарихын жан-жақты зерттеу.

Дәріс мазмұны:
1.Көне түрік, Батыс түрік қағанаттары
2.Түргеш қағанаты.
3.Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері.
4.Қимақ хандығы.


Түйін сөздер: тарих, тайпа, түрік, қаған, түркеш, қимақ, қарлұқ, оғыз


Дәрістің қысқаша мазмұны
V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті. Солардың бірі-түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудан- дарын мекендеген аварларға (жуан-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумын (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуан-жаунь) қарсы шығып, авар қағаны ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді.
553 ж. Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Орта Азия жеріндегі Эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы екі дербес-Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде) болады.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «он тайпа» (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған (618-630жж.) билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып кеңейтеді.
Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат қүрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы түріктері де, соғдылары да бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Міне, осымен байланысты түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді.
Түрік қағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінеді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған тұрды. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар-жабғы, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақтұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды «қара буын» («қара халық», «тобыр») деп атаған.
Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі тас ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен батыста, оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары. «басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік» деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. Күлтегін ескерткішіде осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Батыс Түрік қағанаты ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі-жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға (640-657) созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.
Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген жылдары – 699-706 жыл. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші орталығы Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа (бөлікке) бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін оның баласы Сақал-Қаған билік етті. Оның ел билеген кезеңі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Батыста түргештер соғдылермен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық азиялық түріктер қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде (Бөлісу жанында) түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейін, Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715-738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Қытай Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен, арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жетқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-Тархан өлтірді. Сұлу қаза болғаннан кейін билік үшін түргештердің өз ішінде ұзаққа созылған күрес жүрді, оны Тан (Қытай) империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды. Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, сонымен бірге Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін тастап Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.
VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы-Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
Қарлұқ тайпалары VII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанған.
Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері – Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула – бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисы – шігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстрының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың көсемдерін «жабғу» деп атаған
Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі – Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан (қазіргі Луговой стансасы) қаласына жетеді. 812 жылы олар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болған.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы кезде саманилер оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алады. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғағанмен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашғарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін жалғастырды. Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ кейін кетуге мәжбүр болды.
Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбейді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жерлер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы қашғарлықтар Баласағұнды басып алды да, қарлұқтар мемлекеті құлайды.
Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының алғашқы қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Мұнда Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы печенг бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Соның салдарынан оғыздар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халықтармен одақ құрып, оған Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең территорияны мекендеді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау бауырайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылған.
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы-Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасты. Сондай-ақ Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын керуен жолдар да осы қаланың үстінен өтетін еді.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Қөл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер мұрагерге беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарды.
IX ғасырда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы XI ғасырдың бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді.
Оғыздардың басты шаруашылығы мал өсіру болған. Көшпенділермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы шаруашылық қалыптаса бастады. X-XI ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ қалаларының болғандығы айтылады. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі мол дамыған аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған.
Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын жеңді.
X ғасыр соңында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл өкімет басына Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған Селжұқтердің көсемдері пайдаланады. Селжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік селжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Селжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті.XI ғ. екінші жартысында Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады.
Қытай деректемелерінде көрсетілгендей Қимақтар (Кимектер) тарихы V11 ғасырдан басталады. Ондағы аталған яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) V11 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монголияны мекендеген, ал V11 ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Ең әуелі қимақ тайпалары көтеріліп өз мемлекетін құрды. Оның құрамына қыпшақ тайпалары кірді.Кимек тайпаларының басшысы «шад түтік» деп аталған. V111 ғасырдың екінші жартысы –1Х ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста оңтүстік Оралға, оңтүстік – батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударды.
VIII ғасырдың орта кезіндегі қимақтардың көршілері-Ертіс бойындағы қарлұқтар және Енесей бойындағы қырғыздар еді. IX ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға көрші болды. Кейінірек қимақтардың біразы Оғыздармен бірге Орал аймағында, Арал және Каспий маңындағы далаларға орналасты. 766 және 840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажылардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Ал X ғ. басында кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Орталығы Хақан қаласы. Ол кезде қимақтардың ең үлкен басқарушысы хақан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді.Хаканнан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жағбулардың қолында болған. Олардаң кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түріктер билеген. Қимақтар өздерінің хақанымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған. Олардың 16 қаласы болыпты,бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген.
Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп қимақтардың жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.
1Х ғасырдың екінші жартысы мен Х1 ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты.
Қаған елді көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан. Қимақтар мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.
Қимақтар табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
X ғасырда Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді «Дешті қыпшақ», яғни Қыпшақ даласы деп те атады.
Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты.
XI ғасырда қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті. Олар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. XII ғ.Қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпалары басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, кейбір бай ақсүйектер 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Жалпы Қыпшақ хандығы феодалдық мемлекет болып саналады.
1065 жылы салжықтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Содан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжықтарына тәуелді болды. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолында болды. Дегенмен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналды. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз Қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады.
XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе Текеш (1171-1200) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнайы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметке тартады.
Хорезм шахы Мұхаммед (1200-1220жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде Хорезм шахы Мұхаммед Дешті Қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп монғол басқыншылығының дәуірі басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет