Кредит саны -2 Практикалық сабақ – 30сағат соөЖ –30 сағат



бет3/6
Дата09.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#1319
1   2   3   4   5   6

Әдебиет: Қ.Ахмедияров «Күйші Қали 100» Алматы «Дайк-Пресс» 2002ж.,70-бет.,117-бет.

А.Жайымов,С.Бүркітов,Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,106-109-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Ұстаздық жұмыстың ең жауапты кезеңдердің бірі; студентке нотаны жүргізіп үйрету болып табылады. Студентке қолайлы репертуар таңдау, оның музыкалық қабілетінің өсуіне, дамуына көп әсерін тигізеді. Міндетті түрде қиындықтарды жеңу. Бірақ оны нақты, ұстамды түрде орындау. Студенттің өзіндік жұмысына жақсы баға беру, сабаққа ынтасын арттыра түседі. Жеке дамуына да көп әсерін тигізеді. Домбыра аспабында екі қол үндестігі болуы үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Үзбей ойнау, кесіп-кесіп, сыпыртып ойнау т. б. тәсілдер нотаны жүргізіп ойнау арқылы және домбырадағы шартты белгілер арқылы жүзеге асады.

СӨЖ мазмұны: «Саранжап» күйін транспозиция жасау. Домбыраның шартты белгілерін жаттау. «Сән-ау» күйін ойнап жаттау. Әрбір сабақты оқу процесінің бір бөлшегі етіп қарау. Нотаны көзбен оқуды үйренуге жаттығу. Күйді талдау . Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады.Өткен сабақтарда үйренген әдістерді қайталау.
18 практикалық сабақ

Тақырып: Екінші саусақ қойылымына арналған жаттығулар. Этюдтар.Әндер.Г. Вольфарт-этюд., х.әні «Қосалқа».

Практикалық сабақ мазмұны: Екінші саусақ қойылым кезінде студент альтерация белгілерін өтуі керек. өйткені бүтін перне аралығында саусақтары жетпегендіктен, қол тұрысы бұзылады, әрі таза дыбыс ала алмайды, сол себепті 1-2-ші саусақ аралығы жарты тон мөлшерінде болғаны жөн. Әрбір жаңа саусақ қойылымына аяқ басқанда оң қолда төмен қағыс, ең әуелі тек қана саусақ қойылымына көңіл бөлінеді. 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс.Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден машықтанғаннан кейін ғана, әндер ойнатқан ләзім. Әндердің перне аралық жүйесі, мақамы қарапайым болғаны ләзім Халық музыкасын ың мазмұнын түсіну. Әртүрлі халық әндерінен нота жүргізіп үйрету. Есту және ырғақ қабілеттерін әрі қарай дамуына бірнеше жаттығулар ойнату.

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006ж.,75-77-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қандай жаттығу болсада сабақ үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауының студенттің құлағына сіңуінде маңызы зор. Сонымен қатар ашық ішекті көбірек араластыру, студент қолын босатып алуына, студенттің музыка ырғағын бұзбай жөндеп жіберуіне себебі мол. Бірінші саусақты перне бойымен жылжытуға арналған жаттығулар ойнату. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату.

СӨЖ мазмұны: Санап ойнағаннан студенттің ырғақтық қасиетінің қалыптасуына әсері мол. Оң қол бас бармақпен домбыра ішегін жұлқа тартуға жол бермеу. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұру, бас бармақтың бірінші буынын сұқ саусақпен жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастсмас бұрын қолға алған дұрыс. Жаттығу, этюд, әндерді өңдеп түсіру. : Ырғақ музыкада ең көрнекті роль атқарады. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізін құрайтын негізгі желіге айналады.
19 практикалық сабақ

Тақырып: Дыбыс, дыбыс тәрбиесі.. х.күйі «Науайы»

Практикалық сабақ мазмұны: Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады. Ең керекті дұрыс домбыра болуы шарт. Домбыра дыбысының негізі осында жатса, оның тәрбиесі өте ұзақ, талмай-тынбай ізденіс арқылы келетін құбылыс. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру. Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм).

Әдебиет: Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.,88-90-беттер.,

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»,Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 82-83-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық, үн-таспа пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Дыбыс табиғаты шулы және музыкалық болып екіге бөлінеді. Музыкалық дыбыс кез келген музыкалық туындының ең кіші бөлшегі. Адам, аспап музыкалық дыбысы, тембрі, әуезіне қарай ерекшеленеді. Дыбыс күші – тербеліс қозғалысына байланысты өлшенеді. Музыкалық дыбыс әуезіне келсек, әр адам, әр аспап табиғатына қарай ерекшеленеді және дыбыс алатын штрихқа байланысты жіктеледі. Музыкалық дыбыс жүйесінде нотада көрінбейтін, құлаққа әр орындаушы түйсігімен тұстары өте көп, сондықтан алғашқы баспалдақта домбырашыны ішкі тыңшылығымен тәрбиелеудің маңызы зор.Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану да қиынға соғады. Дыбыспен жұмыс жасау.

СӨЖ мазмұны: Жоғары қағыс меңгеру. Қағыс төмен қарай салмақпен құлайтын болғандықтан күштірек келеді де, ал жоғары қағыс үшін әдейі қозғалыс жасайды, осы ара жікті ажырату. Екі ішекті қаққанда домбыра қақпағына тигізбеуге жаттығып ойнау. Жаттығулар; 1-ден, босатылған оңтайлы отырыс, 2-ден, әр саусақтың тәуелсіз қозғалысы, 3-ден, оң қолдың қағыс сезімі, 4-ден, дыбыс әуезін ести білу. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдарға жаттығу.

20 практикалық сабақ



Тақырып:Емтихан.

Практикалық сабақ мазмұны: Емтихан бағдарламасы :

1. Сейтек «Белшешпе»

2.Тәттімбет «Сейіл Қосбасар»

3. х.күйі «Науайы»

4.Х. Тастанов «Фантазия»

5. М.Әубакиров «Жас екпін»



Әдебиет: А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» 1997,67-69 бет.,

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өлке» 1992 ж., 175-180 беттер., :

Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер.,

Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет. :

Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер.,

Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет.



ОЖСӨЖ мазмұны: Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу. Студенттің бойында өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң емтиханға тлоық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Толқуды болдырмау үшін халық алдына жиі шығу өте жақсы ролді атқарады. Студенттерді халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек.

СӨЖ мазмұны: Студент емтиханға өте тыңғылықты дайындалып келуіне жаттығу. Сахналық киім,орындаушылық көңіл – күйі, шығармаларын жатқа білу.Емтихан алдында студент назарын ескертулерді алмау керек, өйткені көп жағдайда осындай ескертулер сахнада орындау кезінде есіне түсіп, кесірі тиеді. Сондықтан емтихан алдында өзін-өзі шаршатып алмау үшін, аспапта көп ойнамауға, ешқандай күш түсіретін, кедергі келтіретін нәрселер болмауы керек.
Негізгі және қосымша әдебиет тізімі .

1. А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976

2. А.Жұбанов. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» Алматы,1942

3. А.Жұбанов. «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы» баспасы 1975

4. А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960

5. А.Жұбанов. «Өскен өнер» Алматы «Ғылым» баспасы 1985

6. «Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990

7.А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999

8. Қ. Ахмедияров. «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.

9. Қ.Ахмедияров. «Жігер» (Дәулеткерей күйлері). – А., 1996.

10. Қ. Ахмедияров. «Әсем қоңыр» (Дина күйлері) – А., 1997.

11. Қ. Ахмедияров. «Есірдің күйлері» - А., 1999.

12. К. Сахарбаева. «Атырау ән-күй мұхиты» - А., 2002.

13. К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.

14. А. Сейдімбеков. «Күй шежіре» - А., 1992.

15. А. Сейдімбеков. «Қазақ күй өнері» - А., 2000.

16. Ө. Спанов. «Домбыра үйренейік» - А., 1992.

17. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.

18. Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.

19. Б. Ысқақов. « Домбыра үйрету сабақтары» - Қазақстан мұғалімі. – А., 2004.

20. «Қазақтың музыкалық фольклоры». – «Ғылым», А., 1982.

21. Т. Мерғалиев. «Домбыра сазы» Алматы, «Ғылым» - 1972.

22. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975.

23. «Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.

24. «Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Үй тапсырмасы




А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976

К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.







3 балл

Жатқа ойнау




Жеке сабақ




. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.

Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.










Нотаға қарап ойнау




Коллоквиум




А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999

Қ. Ахмедияров «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.










Ауызша сұрау




Техн.сынақ




«Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990

А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999










Жатқа ойнау




Акад.сынақ




А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960

А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999










Жатқа ойнау




P1+P2




«Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.

«Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.











Нотаға қарап ойнау




Емтихан













Жатқа ойнау




Барлығы


















4.Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Вокал және аспаптық өнер»тьютор Шакенова Ағипа Наурызбаевна

Пән ансамбль

Кредит саны – 1



Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы %

Электрон.

түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Қ.Ахмедияров «Сарыарқа»-А.,1994

10




100 %




оқытушыда

2

Қ.Ахмедияров-Жігер-1996

10




100 %







3

У.Бекенов «Күй табиғаты»-А.,1981













оқытушыда

4

А.Жайымов,Б.ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»-А.,1992

30




100 %




оқытушыда

5

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»-А.,1975

10




100 %







6

А.Жұбанов «ән-күй сапары»-А.,1975

6




100 %







7

Қ.Ахмедияров «Күйші Қали»-А.,2002

2




100 %







8

Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»-А.,1972







100 %







9

К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты»-А.,2002

10




100 %







10

К.Сахарбаева «Домбыраға арналған хрестоматия»-А.,2003

15




100 %




оқытушыда

11

Е.Үсенов-Шәмші Дастан-1998

1




100 %







12

Б.Ысқақов «Салтанат»-1997

1




100 %




оқытушыда

13

А.Жайымов «Шалқыма» 1997

1




100 %







Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет