Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
Прецедентті лексика 
– ұлт тарихын, оның тілін, дәстүрін, салтын 
көрсететін, ұлттық танымды білдіретін мәдени лексиканың бір түрі. 
Прецедентті феномендер
– прагматикалық факторлармен қарым-
қатынастағы семантикалық деривацияның нәтижесі болатын когнитивті 
трансформациялар. Ежелгі мәтіндердің кейбір фрагменттері. Мәдени таңбалар. 
Салғастырмалы лингвомәдениеттаным 
тілдерде бекітілген және 
бейнеленген әр түрлі мәдениеттің көріністерін, тіл мен мәдениеттің өзара 
байланысын зерттейтін сала. 



КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. 
Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы 
ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы талдауға 
арналған. Ертегі дискурсы дүние туралы алғашқы білімдер мен қарапайым 
сананы бейнелейтін қарым-қатынас түрі болып саналады. Ертегі өзіңді және 
дүниені танудың, этностың ұлттық санасын, ойлауы мен ондағы лингвомәдени 
құндылықтарын түсінудің баспалдағы. Мәдениет тіл сөйлерменінің ойлауын, 
тілдік категориялар мен концептілерді қалыптастырады және ұйымдастырады. 
Тілді мәдениет арқылы зерттеу ұлттың өзіндік ерекшелігін анықтауға 
мүмкіндік береді. Тіл – мәдениетті жасаушы, дамытушы және сақтаушы, 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал.
Орыс тіл білімінде ертегі дискурсы когнитивтік-дискурсивтік ерекшелік 
(Ю.В. Мамонова, С. Цзинтин), лингвомәдени аспекті (Н.А. Акименко), 
гендерлік аспекті (М.В. Демина), дискурстық кеңістік (А.М. Кербс),
лексикалық ерекшелік (К.Т. Батуева, И.Г. Ульянова), ертегі дискурсының 
қазіргі мәдениеттегі көрінісі (Т. Луговая), ертегі дискурсы лингвосемиотика 
(О.А. Плахова), ертегі дискурсының құрылымы (Л.П. Ковальчук), ертегі 
дискурсы теориялық-әдіснама (И.С. Соборная) тұрғысынан зерттелді. Түркі тіл 
білімінде ертегі дискурсының лингвомәдени сипаты (У.В. Каримова), ертегі 
дискурсы аударма мәселелеріне (Д.Ф. Шакиров, А.Ш. Юсупова) қатысты 
қарастырылды. Ертегі дискурсы салғастырмалы аспектіде (Ю.М. Брейгер), 
халық ділі тұрғысынан (Е.Ф. Бизунова, Ю.С. Городова), лингвомәдени 
өлшемдері 
(С.К. Кенжемуратова), 
ғаламның 
концептуалдық 
бейнесі 
(А.Т. Қасымбекова), тірек концептілер (А.В. Шаколо) тұрғысынан зерттеу 
нысанына айналды. Аталған еңбектердің басым көпшілігінде ертегі мәтін 
лингвистикасы аясында қарастырылғаны байқалады. Ертегі дискурсын 
дискурстық талдау нысанына алған зерттеу еңбектері өте аз. Оның ішінде 
құрылысы әр түрлі тілдерді салғастырмалы талдауға арналған зерттеулер 
қатары толықтыруды қажет етеді. Ертегі дискурсының лингвомәдени 
өлшемдерін анықтап, оларды салғастырмалы аспектіде зерттеудің бүгінгі күні 
өзекті екені анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет