Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
Зерттеудің өзектілігі
. Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін 
салғастырмалы аспектіде зерттеудің өзектілігі тілдің дискурстық және 
лингвомәдени аспектілеріне деген қызығушылықтың артуымен, ертегі 
дискурсының дискурстың ерекше түріне жататындығымен, ертегі дискурсы 
жанрын басқа дискурс түрлерінен ажырату мәселесінің ғалымдар арасында 
пікірталас туғызуымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, ертегі дискурсының 
әмбебап сипаттары мен ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау, ертегі 
дискурсы жанрына тән белгілерді нақтылау, ертегі дискурсын дискурстық-
лингвомәдени салғастырмалы талдау үлгісін жасау қажеттігімен, құрылысы әр 
түрлі тілдердің ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы 
аспектіде зерттеудің кешенді әдістемесінің жоқтығымен анықталады.
Зерттеудің мақсаты. 
Қазақ, орыс, араб ертегі дискурсының 
лингвомәдени өлшемдерін, ертегі дискурсы жанрына тән белгілерді анықтау



ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін зерттеудің дискурстық-
лингвомәдени салғастырмалы талдау үлгісін ұсыну.
Зерттеу барысында аталған мақсатқа жету жолында төмендегі 
міндеттерді
шешу көзделеді: 
1) «Дискурс» және «ертегі дискурсы» ұғымдарын анықтау; 
2) Ертегі дискурсының зерттелуіне шолу жасау;
 
3) Ертегі дискурсы жанрына тән белгілерді анықтау; 
4) «Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемі» ұғымын анықтау; 
5) Ертегі дискурсына тән белгілердің тілдік деңгейде өзектелуін сипаттау; 
6) Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясын анықтау; 
7) Ертегі дискурсының когнитивтік-коммуникативтік ерекшеліктерін сипаттау; 
8) Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін зерттеудің дискурстық-
лингвомәдени салғастырмалы талдау үлгісін ұсыну; 
9) Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша қабылдануы мен 
қайта түзілу ерекшеліктеріне эксперименттік талдау жүргізу; 
10) Қазақ, орыс, араб ертегі дискурсын салғастырмалы талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет