Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
ғылыми жаңалығы 
алғаш рет ертегі дискурсының 
лингвомәдени өлшемдері салғастырмалы аспектіде (қазақ, орыс, араб тілдері 
материалдары негізінде) қарастырылуымен анықталады. «Ертегі дискурсы», 
«ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдері» ұғымдарына анықтама берілді, 
ертегі дискурсы жанрына тән белгілер нақтыланды. Ертегі дискурсы 
лингвомәдени өлшемдерінің тілдік деңгейде өзектелуі дәлелденіп, қарым-
қатынас стратегиясындағы ұлттық сөйлеу әдебі мен когнитивтік-
коммуникативтік ерекшеліктері тілдік деректермен дәйектелді. Ертегі 
дискурсын лингвомәдени аспектіде салғастыра зерттеу әдістемесі жасалып, 
ертегі дискурсын дискурстық-лингвомәдени талдау үлгісі ұсынылды. Қазақ, 
орыс, араб қиял-ғажайып ертегі дискурсы аталған талдау үлгісі бойынша 
салғастырылды. Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша 
қабылдануы мен қайта түзілу ерекшеліктеріне эксперименттік талдау 
жүргізіліп, нәтижелері талданды. 
Ғылыми жұмыстың
теориялық мәні 
зерттеу нәтижелері дискурс 
теориясы мен лингвомәдениеттану, салғастырмалы тіл білімінің жалпы және 
жеке сұрақтарын дамытуға, олардың ұғымдық аппаратын толықтыруға, ертегі 
дискурсын салғастырмалы аспектіде зерттеу әдістемесі мен әдістерін әрі қарай 
жетілдіруге пайдалану мүмкіндігімен анықталады.
 



Ғылыми жұмыстың
практикалық мәні
жалпы тіл білімі, жалпы және 
жеке лексикология, дискурс теориясы, лингвомәдениеттану, салғастырмалы тіл 
білімі, лингвистикалық зерттеу әдістері бойынша арнайы курстар, дискурстық 
талдау 
және 
мәтін 
лингвистикасы 
курстарын 
өткізуде 
пайдалану 
мүмкіндіктерімен айқындалады. Лексикографиялық тәжірибеде және ертегі 
дискурсын салғастырмалы талдауда қолдануға болады. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Ертегі дискурсы коммуниканттар арасындағы белгілі бір этностың 
әлеуметтік-мәдени дүние бейнесін терең көрсететін шынайы сөйлеу әрекеті; 
ертегі дискурсы – әлеуметтік-тарихи, мәдени, этникалық, тілдік факторлармен
айқындалған, жеке тұлғаның және бүтін халық санасының ерекшелігін, 
уақытпен дәлелденген озық дәстүрлерді бейнелейтін, белгілі бір дәуірдің 
шындықтарымен сәйкес келетін әлеуметтік концептілердің және олардың түрлі 
нұсқаларының өзіндік жиынтығы. 
2. Ертегі дискурсы жанрын басқа дискурс жанрынан ажырататын белгілер 
анықталды: тілдік бірліктердің таңдап қолданылуы; айтылымның нақты бір 
адресатқа бағытталуы; жеке авторлық шеберлік (қарым-қатынас құзіреттілігі); 
ұлттық ерекшеліктің болуы; қарым-қатынас мақсатының болуы; дискурстық 
тәжірибенің болуы; айтылымның типтік формаларының болуы; айтылымның 
қайталану сипатының болуы; ертегілік категориясының болуы. 
3. Ертегілік категориясының базалық өлшемдеріне ғажайып, құндылық, 
белгісіз хронотоп, құрылымдық-семантикалық қайталаулар жатады. Кез келген 
халықтың ертегісі ғажайыпқа, арман мен қиялға, сиқырға құрылады. Ертегі 
дискурсындағы құндылық, оған оң және теріс көзқарастар этностың ғасырлар 
бойы жинап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған өмірлік тәжірибесінен, таным-
түсінігінен, наным-сенімінен қалыптасады. Ертегі оқиғасы орын алған уақыт 
пен кеңістік белгісіз болады, бұл әлем халықтары ертегілерінің барлығына тән. 
Ертегідегі құрылымдық-семантикалық қайталаулардың өзіндік стилдік қызметі 
болады.
4. Ертегі мәтіні мен ертегі дискурсының айырмашылығы бар. Ол 
айырмашылықтар қарым-қатынастың жүзеге асуының визуалды/акустикалық, 
жансыз/жанды контакт, қарым-қатынасқа түсушілердің байланысының 
жанама/тікелей сипатымен, ертегіні қабылдаудың әр кезеңдік/бір мезеттік 
сипатымен, статикалық өнім/динамикалық үдеріс сипатымен анықталады. 
Ертегі мәтіні – дискурсқа дайын өнім, ертегі дискурсы – дайын өнімнің нақты 
жағдаяттағы көрінісі.
5. Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдері анықталды: тілдік: 
лексикалық, грамматикалық, семантикалық; қарым-қатынас стратегиясы
когнитивтік-коммуникативтік. Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән
тілдік бірліктерді таңдап қолдану, ұлттық ерекшеліктің болуы, ертегілік 
категориясының ғажайып, құндылық, белгісіз хронотоп сияқты белгілері тірек 
концептілер, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, метафоралар, реалий сөздер 
т.б. лексикалық бірліктер арқылы көрініс табады. Ертегі дискурсының 
лингвомәдени өлшемдерінің грамматикалық деңгейіне айтылымның типтік 
формаларының болуын, грамматикалық құрылымдардың қайталанып келуін



ертегілік категориясының хронотоп белгілерінің жиі кездесуін айтуға болады.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық деңгейі мәдени 
кодтардан, мәдени маркерлерден, символдардан, олардың астырт және үстірт 
құрылымдарындағы мағыналарынан көрінеді.
6. Ертегі
дискурсының
лингвомәдени 
өлшемдерін 
анықтаудың 
маңыздылығы ондағы мәдени код, мәдени маркерлер, символдардың астырт 
құрылымдарын түсіндірумен анықталады. Ертегі дискурсының астырт 
құрылымдарындағы мағыналар әр ұлттың дүние туралы кодталған білімдер 
жүйесін құрайды. Осындай дүниелік білімдер ертегі тыңдарманының 
санасында болғанда дискурс орын алады. Сондықтан ертегіші я болмаса 
тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді сезіне алатынын немесе 
сезіне алмайтынын анықтаудың ертегі дискурсы үшін мәні ерекше. 
7. Ертегі дискурсы лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы талдау 
әдіснамасы, принциптері анықталып, оны зерттеудің дискурстық-лингвомәдени 
салғастырмалы талдау үлгісі ұсынылды. Аталған үлгі үш деңгейден тұрады, әр 
деңгейдің өзіне тән зерттеу үлгілері жасалынды. Зерттеу үлгісін жасау 
барысында концептуалдық талдау, салғастырмалы әдіс, салғастырмалы 
лингвомәдени талдау әдістері, дискурс талдау бойынша жазылған әдіснамалық 
принциптер басшылыққа алынды. Ұсынылған зерттеу үлгісін осы бағыттағы 
болашақ зерттеулерде қолдануға болады.
8. Қазақ, орыс және араб ертегі дискурсын салғастырмалы талдау ертегі 
дискурсының жанрына тән әмбебап белгілер (бір типті кейіпкерлер, ғажайып 
заттар, магиялық тапсырмалар, ғажайып көмекшілер, тірек концептілер
ертегінің басталуы, ортасы және соңында қолданылатын тұрақты клишелер, 
«үш» және «жеті» сандарының символдық мәні, тілдік бірліктердің таңдап 
қолданылуы, қайталаулардың стилдік қызметі, айтылымның нақты бір 
адресатқа 
бағытталуы, 
дискурстық 
тәжірибенің 
болуы, 
ертегілік 
категориясының болуы) мен ұлттық ерекшеліктерді (атақ-лауазым, киім, тағам, 
аң-құс, кәсіп атаулары, оқиғалардың өту орны, фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдердің қолданысы, мәдени код, мәдени маркер, сөйлеу әдебі формалары, 
әдеп нормалары, сөйлеу актісіне қатысушылардың ішкі жан-дүниесі, ұлттық 
сөйлеу мінез-құлқы) анықтады. Ертегі дискурсын салғастырмалы талдау 
нәтижесі кез келген мәдениеттегі кодталған білімдер жүйесінің кілтін ашу 
дискурс орын алуының маңызды алғышарты деген тұжырым жасауға мүмкіндік 
берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет