Курсы: 5 Пәні: Еңбек гигиенасы


Асбоцемент және асбосжылуизоляциялық материал өндірісі



бет5/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#32043
1   2   3   4   5   6

Асбоцемент және асбосжылуизоляциялық материал өндірісі.

Шифер,вулканит,асбокартон,совелит,асбоперлит,асбовермикулит асбестен жасалады. Асбес бірінші бегунға, сосын сулы цементпен араластыратын голлендерге түседі.Сұйық тұрады,сусызданады және трубоформалық машинаға беріледі. Соңғы этапы кесу. Негізінен шифер өндірісі механикаландырылған және автоматтандырылған.

Асбеске ұқсас материалдар: диатомит, вермикулит және перлит т.б Дайындау технологиясы шиферге ұқсас, бірақ көбінде қол еңбегін қажет етеді.

Шифер жасау өндірісінде шаң,жоғары температура және ауаның дымқылдығы,интенсивті шу,кейде ауыр еңбек.

Полимерлі құрылыс-материалдарының өндірісі.

Соңғы жылдары кең тараған линолеум,плитка,шыныпластика тағы басқалар химиялық зауыттарда алынады.Осы материалдар әр түрлілігіне қарамастан дайындау үрдісі бірдей дайындықтан өтеді:шикі химиялық өнім дозатор,мерник,араластырғыш және т.б. материалдардың орнын ауыстыру ашық және жабық түрде,өнімді алу үшін жылытқыш агрегаттарды қолдану,кептіру,сұрыптау,соңғы этапы кесу.

Полимерлі материалдарды дайындаудағы негізгі факторлар: химиялық заттармен ауаның ластануы. Глифатталды линолеумді дайындауда ауада фталды ангидрид және акролейн табылады. Листті шыныпластиканы дайындау орнында ауада стирол 100-900мг/м3 көлемде табылады, материалды кесу орнында 7-8мг/м3. Шыныпластикамен жабылған опалубканы дайындауда ауада изопропилбензол, гидроперекись, изопропилбензол, толуол, ангидрид табылған.

Ағаштан жасалған құрылыс материалл өндірісі.

Ағаштан жасалған құрылыс материалдарын технологиялық үрдіспен алғашқы өнімдер (тақтай алу)және екіншілік дайын өнімді алады.

Ағаш дайындаудың бірінші этапы лесопильді кесу,екінші жеке цехта. Рамка,ағаш фонер,плита, және паркет дайындау үшін лесопильді рама кескіштер, формалы кескіштер және басқа ағаш өңдеу құралдары қоолданады,сонымен қоса престеу,кептіру.

Өндіріс орнындағы жағымсыз факторлардың бірі болып ауаның шаңдануы жатады, және де өндірістік шу, вибрация, жағымсыз метеорологиялық жағдай, ауаның химиялық заттармен улануы. Кейбір жұмыстар ауыр жүктерді көтеріуді қажет етеді.

Шыныдан жасалған құрылыс-материалл өндірісі.

Цехтағы жұмыс кептіру, ұнтақтау, құмды себу, доломит, бор, сода, натрийсульфаты, пегматит т.б. дайындаудан басталады. Шыныға өзгеше сапа беру үшін оған әр түрлі шихта қосындылар қосылады (мысалы фтор тұзы). Шихтаны қайнату үшін пешке салады, алынған шыны массаны созады, жаяды, дайын өнімді сорттайды, қораптайды.

Жаңа шыны зауыттарға мына қатарлар тән: жоғарғы ауа температурасы, сәулелі жылу, ортаның шаңмен химиялық қосылыстармен ластануы өндірістік шу. Жаңа өндірісте автоматтандырылған пультпен басқаруда нерв-эмоцилы ауырлық түседі.

Профилактикалық іс-шарада: механикаландырылған жыне автоматтандырылған өндірістік үрдістерді енгізу, шаңмен күресу, жылудың артуы, токсикалық заттардың шығуымен, шу және вибрациямен,рациональды желдеткіш құрылғымен. Индивидуалды қорғаныш заттары қолдану: тыныс алу жолдары, есту ағзалары және қол.



4. |Иллюстриациалық материал: презентация

5. Әдебиет:



Негізгі

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I и II. Под. ред. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

  4. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  6. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

  7. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" ( 4.12.02г.,№361 – II - РК ).

Қосымша

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыстағы қолданылатын негізгі материалдарды ата.

2. Дайын цемен құрамында қандай зиянды заттар бар.

3. Цемент алудағы зиянды өндірістік факторлар.

4. Бетон жасаудағы зиянды өндірістік факторлар.

5. Кірпіш жасаудағы зиянды өндірістік факторлар.

6. Полимерлі құрылыс материалдарынның зиянды өндірістік факторлар.

7. Ағаштан жасалған материалдардың зиянды өндірістік факторлары

8. Шыныдан жасалған материалдардың зиянды өндірістік факторлары

9. Құрылыс материалдарын жасауда қандай профилактикалық шаралар қажет.

10. Қандай өндірістік құрылыс материалдарды жасауда ауыр еңбекті қажет етеді.

1. тақырып №2: Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы.

2.Дәрістің мақсаты: Студенттерді ауыл шаруашылығының түрлі салаларындағы еңбек гигиенасымен, шаруашылықтың осы саласындағы еңбек үрдістерінің ерекшеліктерімен және ебек жағдайларымен, ауыл шаруашылыңы өндірісіндегі жұмысшылардың аурушылдығымен таныстыру.

3.Дәрістің тезистері.

Ауыл шаруашылығындағы ерекшелік: ашық ауада жұмыс істеу, жұмыстың мерзімділігі мен шалғайда болуы.

Ауыл шаруашылығының салалары: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, мерзімді және нақты уақытпен шектелген жұмыстар, жұмысшы қалпының жиі ауыстырылуы, өндірістің шашырандылығы, өндіріс үрдістерінің химияландырылуы, жұмысшылар үшін биологиялық қауіптің болуы.

Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аурушылдығы.

Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Тракторлардың гигиеналық сипаттамасы.

Егін шаруашылығындағы өндірістің қолайсыз факторлары: шаң, шу діріл, газдар, жарықтану.

Сауықтыру және алдын алу шаралары: ауыл шаруашылық техниканың шығарылуын сақтық қадағалау, еңбек пен демалыстың тиімді тәртібі, өндіріс үрдісін жетілдіру, автоматтандыру, жеке қорғану заттарын пайдалану, алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер.

Мал шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Мал шаруашылығын жүргізудің өнеркәсіптік тәсілдері (ағымдылық, ырғақтылық, арнайыландыру).

Шошқаларды ұстаудың байламайтын-бокстық тәсілі.

Құстарды торда және полда ұстау.

Оператор-малшының еңбек әрекетінің негізгі элементтері. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар: метео жағдайлар, ауаның шаң мен газдармен, саңырауқұлақтармен, улы химикаттармен және жануарлардан бөлінетін заттармен және т.б. ластануы. Шу өнеркәсіптік мал шаруашылығының зияндылығы ретінде. Сауықтыру шаралары: ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-алдын алу.

Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Қойды бағудың жайылымдық-столовая жіне жайылымдық жүйелері. Қойшылардың тұрақты бригадалары. Қойды қырқу, жуу, ұрықтандыруға дайындау.

Құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Құс фермалары. Негізгі газ тәрізді өнімдер, тегі органикалық шаңдар, өсімдік шаңы, микроорганизмдер, шу өндірістің зиянды және қауіпті факторлары ретінде.

Еңбек жағдайларын сауықтыру: жекелей механикалындарудан ағымды автоматтандыруға дейінгі кезең, сумен жабдықтаудың, канализацияның, жинаудың, инкубация қалдықтарын зарарсыздандырудың және құсты қасапханада біріншілік өңдеудің тиімді жүйесін қамтамасыз ету. Жұмысшыларды өндіріс аймағына сан.өткізгіш арқылы ауыстыратын киіммен жіберу, бөлмені дезинфекциялау.

Мал шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Жұмыс іс жүзінды жыл бойы жүргізіледі. Пестицидтер, соның ішінде дефолианттар мен десиканттар, жеке және біріккен формаларында, жоғары температура мен инсоляция жағдайларында кеңінен қолданылады. Еңбек жағдайлары климат жағдайланыа байланысты болады. Қол жиі мақта қорапшаларымен жарақаттанады. Ауаның ең қатты ластануы мақтаны машинамен жинау кезінде болаыд. Шу деңгейі жоғары. Мақтаны суарушылар суық сумен және қатты ылғалданған топырақпен жанасады. Бұдан суық тию? Аяқ-қолдардағы нейротамырлық бұзылыстар, тірек-қимыл аппаратының аурулары болады. Еңбек жағдайларын сауықтыру – өндіріс үрдістерін механизациялау, кезеңге сай киімдерді пайдалану.

Жылыжай шаруашылықтарындағы еңбек гигиенасы. Еңбек жағдайы. Бір жағынан ерекше мекеме болса, екінші жағынан бұл ауыл шаруашылығының іс жүзінде өз алдын абөлек саласы. Дақылдық қондырғылардың негізгі түрі – жылыжайлар, оларда механизмдер қолданылуы мүмкін. Жылыжайлардың стеллаждық, грунттық, гидропонды түрлері мен шампинионницалар болады. Ангарлық жылыжайларды 3 га-дан блоктарға; блоктық жылыжайларды 6 га-дан блоктарға біріктіреді. Жылыжайлар ондаған және жүздеген гектарды алып жатуы мүмкін, жұмысшылардың негізгі контингенті – 75% әйелдер. Жылыжайлардың микроклиматы жабу сипаты мен жылыту тәсіліне байланысты болады, су сүзшілерімен, су мен бумен жылыту, ауалық-калориферлік жылыту. Жабу арқылы ультракүлгін сәуле өтеді, ауаның қозғалысы өте шектелген. Ауа ортасының құрамы жылытуға байланысты. Ауадағы улы өнімдердің мөлшері ШРЕК-тен асып кетуі мүмкін. Орталықтанған жылытуы бар жылыжайлардың ауасы отын компоненттерімен ластанбайды. Пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану ауаның ластануына ықпал етеді. Жабық грунттағы көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының ауыр да күрделі саласына жатады. Жұмысшылардың аурушылдығы – ауыл шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда жоғары. Оның құрамы – ЖРА, бронхиттер, баспа, радикулиттер, невралгия, аллергиялық аурулар, гинекологиялық патология.

Сауықтыру шаралары – іштен жану қозғалтқыштарын электрлік қозғалтқышқа ауыстыру, еңек пен демалыстың дұрыс тәртібі, өндіріс үрдістерін маханикалындыру және автоматтандыру, мкироклиматты қалыптыландыру, демалыс бөлмелерін жабдықтау. Пестицидтермен жұмыс істеу ережелерін сақтау. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексеру жүргізу.

Күріш шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Ерекшеліктері: метеожағдайлардың әсер етуі, өсімдіктерді қорғау заттарын кеңінен қолдану, операциялардың жиі ауысуы, шу, діріл, шаңдану, көміртегі тотығының болуы. Жұмыс суға толтырылған алқаптарда жүргізіледі. Бірқатар жағдайларда метеожағдайлар қолайсыз. Ауаның ылғңалдылығы жоғары, температура жоғары, күн радиацисы жоғары – дайындық жұмыстары кезінде, ылғалдылық төмен – жазғы кезеңде жұмыс істегенде. Шаң, шу, діріл, выхлоп газдары. Техника жұмыс істегенде, өнім жинағандағы ауаның шаңдануының маңызы ерекше. Қолданылатын пестицидтердің спекрті кең, бәрінен көп қолданылатыны карбонат тобының пестицидтері.

Денсаулық жағдайы – астениялық және диспепсиялық синдромдардың қосарлануы. Қолдың басы мен буындардағы ауыру сезімдеріне, шағымның болуы, жөтел, тыныс жолдарының қышуы, таңертең көздің астында ісіктің олуы. Жүрек аймағындағы ауырсыну, гемоглобин мөлшерінің төмендеуі. Диспепсиялық бұзылыстары болған адамдардың 38%-да бауырдың зақымдануы. Әрбір бесіншіде – эрозиялық гастрит.

Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің алдын алу үшін – ұйымдастрыу шаралары, еңбек жағдайларын жақсарту, емдік-алдын алу шаралары, экологиялық қауіпсіздік бойынша шаралар,.



Ауыл шаруашылық жарақаттанушылықтың алдын алу шараларын орындау.

4. Иллюстрациялық материал: презентация
5. Әдебиет

Негізгі

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

  3. Санитарные правила и нормы «По хранению, траспортировке и применению химических средств защиты растений»-№6.01.003.99.МЗ РК, 1999.

  4. Гигиена труда и состояние здоровья рисоводов Кызылординской области (методическое письмо).-Алматы-2000г. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  6. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

Бақылау сұрақтары.

  1. Ауыл шаруашылықтағы еңбектің ерекшелігі неде?

  2. Ауыл шаруашылығының қандай салаларын білесіз?

  3. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жқмысшыларға қандай кәсіптік аурулар тән?

  4. Өндірістегі қолайсыз факторлар.

  5. Егін шаруашылығындағы сауықтыру шараларын атаңыз.

  6. Мал шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Мал шаруашылығын жүргізудің өнеркісіптік тәсілдері.

  7. Сүт мал шаруашылығында, шошқа шаруашылығында, қой шаруашылығында жануарларды ұстау тәсілдері.

  8. Қой шаруашылығындағы жұмыстардың негізгі түрлері.

  9. Құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Құс шаруашылығындағы ауа ортасын ластаушылар.

  10. Құс шаруашылығындағы сауықтыру шаралары.

  11. Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Мақташылардың еңбегінің ерекшеліктері.

  12. Жылыжай шаруашылығындағы еңбек жағдайы. Ангарлық және блоктық жылыжайлар.

  13. Жылыжайлардағы еңбек жағдайының ерекшеліктері. Жылыжайларды жылыту түрлері.

  14. Жылыжайлардағы еңбек жағдайын сауықтыру.

  15. Күріш шаруашылығындағы еңбек жағдайы. Күрішшілердің еңбек жағдайының ерекшеліктері.

  16. Күрішшілердің денсаулық жағдайы, негізінен кездесетін патология.

  17. Жөндеу шеберханаларындағы жұмысшылардың еңбек жағдайын сауықтыру.



  1. Тақырып 3: Әйелдер мен жас өспірімдердің еңбек гигиенасы.

  2. Дәрістің мақсаты: Әйелдер мен жас өспірімдердің еңбек гигиенасының ерекшеліктерін көрсету.

  3. Дәрістің тезистері:

Жұмысшылардың жалпы санының 50%-дан көбін әйелдер құрайды. Соған қарамастан өнеркәсіптің ауыр дене еңбегі басым болатын салаларында (көмір өнеркәсібі, орман өнеркәсібі) әйелдер азырақ жұмыс істейді.

Өндірістегі кейбір гигиеналық қолайсыз жағдайларда гинекологиялық аурулар туындап, әйелдердің репродуктивтік қызметіне әсер етуі мүмкін.

Өндірістік дірілдің ұзақ әсері мерзімінен бұрын босанудың себебі болуы мүмкін. Бірдей жүктеме кезінде шу мен дірілдің әсер көріністері ерлерге қарағанда әйелдерде жиірек болады.

Иондаушы сәуле тект әйел организміне ғана емес, ұрық организміне де әсер етіп, дамудың түрлі ақауларының туындауына әкелуі мүмкін.

Әйелдердің терілерінің химиялық заттардың әсеріне сезімталдығы жоғарырақ. Химиялық заттардың әсерінің көрінісі әйелдерде ерлерге қарағанда айқынырақ. Жүктілік кезінде әйел организмі өндірістің зиянды факторлары үшін әлсіз болып келеді. Емізетін әйелдің сүті арқылы бала организміне улы заттар түсуі мүмкін.

Айтылғандарға байланысты әйелдердің еңбегңн қорғау әйел организмінің физиологиялық ерекшеліктерін ескереді.

Заңдылық және нормативтік актілер өндірістің зиянды және қауіпті факторлары әсер ету жағдайында болатын әйелдердің организмінің ерекшеліктерін ескереді. Әйел еңбегін пайдалануға тыйым салынатын ауыр және зиянды еңбек жағдайлары бар өндірістер, кәсіптер мен жұмыстардың тізімі бар. Әйелдерге 900-ден астам мамандықтар мен кәсіптерде ұмфс істеуге тыйым салынған. Әйелдер үшін ресми бекітілген шектік рұқсат етілген жүктеме бар. Ауысым бойы қозғалтылатын жүктік суммалық салмағы 7000 кг-нан аспауы керек. Жүкті әйелдер үшін жүктеменің 50%-ы және қосымша демалыс қарастырылған. Жүкті әйелдерді тиімді жұмысқа орналастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар бар.

Жас өспірімдер оқып, жұмыс істейтін мекемелерді қадағалау тәртібі «Инструкции о работе СЭС по разделу гигиены детей и подростков», басқа да әдістемелік материалдармен анықталады.

Бірқатар өндірісте 18 жасқа толмаған жас өспірімдердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Жас өспірімдерге көмекті ұйымдастыруды жақсарту, жас өспірімдерді алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өткізуді жақсарту бойынша шаралар қарастырылған. 18-ге толмағандарда физикалық даму әлі аяқталмаған және организм өндірістің зиянды факторларына сезімталдығының жоғары болуымен ерекшеленеді.

Жас өспірімдік кез жыныс бездерінің пісіп жетілу кезеңі болып табылады, бұл бүкіл жүйке-психикалық сфераның қайта құрылуынан әкеледі.

Еңбек заңнамасы жастардың еңбек жағдайын жақсарту мен қорғауға бағытталған жеңілдік жағдайлары мен шектеулерді қарастырады. 18 жасқа дейінгілер жұмысқа медициналық тексеруден өткен соң қабылданады. 16-ға толмағандарды жұмысқа алуға тыйым салынады. 16-18 жастағылар үшін жұмыс аптасының ұзақтығы 36 сағат, 15-16 жастағылар үшін – 24 сағат. Бұл контингенті түнгі және кезектен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады. Еңбек демалысы жас өспірім үшін ыңғайлы кез келген жыл мезгілінде 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Арнайы бекітілген тізім бойынша 18-дегі жас өспірімдер 3000 шамасында мамандықтар мен кәсіптер бойынша 200-ден астам өндіріске жұмысқа жіберілмейді.


4. Иллюстрациялық материал: еңбек гигиенасы бойынш оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар.
5. Әдебиет:

Міндетті:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измерова и В.Ф. Кириллова. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  3. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  4. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

  5. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" ( 4.12.02г.,№361 – II - РК ).


6. Бақылау сұрақтары.

  1. Жұмысшылардың қандай бөлігін әйелдер құрайды?

  2. Өндіріс зияндылықтарына әйел организмі қалай жауап береді?

  3. Иондаушы радиация әсерінің жүкті әйелге қауіптілігі неде?

  4. Әйелдердің еңбегі заңдылық құжаттарымен қорғалады ма?

  5. Өндірісте жүкті әйелдерге қандай жүктеме рұқсат етіледі?

  6. Заңдылық құжаттарымен жас өспірімдер еңбегі нормаланады ма?

  7. 18-ге толмағандар үшін жұмыс аптасының ұзықтығы қандай?

  8. 18-ге дейінгілерге еңбек демалысы қалай беріледі?

  9. 18-ге толмағандарды түнгі және кезектен тыс уақытта жұмыстарға тартуға болады ма?

  10. 18-ге толмағандар өндірістің барлығында жұмыс істей алады ма?


Кредит № 8

  1. Тақырып №1: Жұмысшылардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Алдын ла және кезеңдік медициналық тексеру.

  2. Дәрістің мақсаты: Студенттерді міндетті алдын ала (жұмысқа тұрар алдында) және кезеңдік медициналық тексеруден өткізу туралы ҚР ДМ №243 бұйрығымен таныстыру

  3. Дәрістің тезистері:

Жұмысқа тұрар алдындағы алдын ала медициналық тексерудің мақсаты жұмысшының денсаулық жағдайына байланысты кәсіп бойынша негізгі міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау болып табылады. Жұмысшылардылдын ала және кезеңдік медициналық тексеруді емдік-профилактикалық мекемелер (олардың қызмет көрсету ауданында орналасқан сәйкес ұйымдар) мен денсаулық жағдайына байланысты кәсіптік жарамдылықты анықтау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсіптік патологиялар орталықтары жүргізеді.

Медициналық тексерудің барлық мәліметтері амбулаторлық науқастың медициналық картасына тіркеледі. Алдын ала медициналық тексерудің мәліметтері арнайы бланкқа енгізіліп, куәландыруға қатысатын әрбір дәрігер кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаторлық науқас формасының бөлек парағына кәсіптік маршрут туралы мәлімет жазылады. Жұмыстан босаған немесе басқа ұйымға жұмысқа ауысқан жағдайда алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулердің мәліметтері жазылған амбулаторлық науқастың медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша емдік-профилактикалық мекемеге беріледі.

Тексеру аяқталған соң алдын ала немесе кезеңдік медициналық тексеруден өтіп жатқан әрбір адамға қатысты кәсіптік жарамдылық туралы қорытынды жасалып, емдік-сауықтыру шаралары белгіленеді (стационарға немесе санаториялық-курорттық емделуге жіберу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау, денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмыс орнына ауыстыру).

Кәсіптік жарамдылық, денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты басқа жұмыс орнына ауыстыру туралы медициналық қорытынды ұйым әкімшілігі үшін орындалуы міндетті болып табылады.

Алдын ала медициналық тексеруден өтіп, өндірістің зиянды факторларымен жұмыс істеуге танылғандарға анықтама беріледі.

Зиянды факторлармен және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істуге болмайтындарға қорытынды қолына берілмейді, үш күндік мерзімде ұйым әкімшілігіне жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың санэпидқызметтің және емдік-профилактикалық ұйымдардың медициналық тексеру жүргізу кезіндегі функциялыры:

Алдыңғы жылдың 1 желтоқсанына дейін санэпидқызмет органдары алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өтуі тиіс контингентті анықтайды (бағалау, кәсіп, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар бойынша).

Санэпидқызмет органдары алдын ала және кезеңдік медициналық тексерудің қамту толықтығына, оның сапасы мен дер кезінде өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Санэпидқызмет органдары жұмысшылардың кезеңдік медициналық тексеруден өткізу нәтижелерін жалпылауға қатысады және қорытынды актілерге қол қояды.

Санэпидқызмет органдары емдік кәсіптік ұйымның сұранысы бойынша еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасын ұсынады.

Емдік-профилактикалық ұйымдар медициналық тексеруден өтуі тиіс контингенттің санэпид қызметпен келісілген тізімін алғанда тексеруді жүргізу үшін комиссия құрып, күнтізбелік жоспар жасайды және онда бөлінетін мамандардың тізімі, зертханалық және басқа да зерттеу түрлерінің сипаты, комиссияның жұмыс істеу уақыты мен мерзімі анықталады. Жоспар ұйым әкімшілігімен келісіледі.

Емдік-профилактикалық ұйымдар кәсіптік аурулар бойынша дәрігерлерді дайындауды қамтамасыз етеді, кәсіптік қызметтің сипаттамасымен және еңбек жағдайларымен танысады, тексеру жүргізудің спасын қамтамасыз етеді; тұрақты жұмыс істейтін комиссиямен (дәрігер-профпатолог, терапевт, неврапатолог, отоларинголог, окулист, дерматовенеролог, хирург) медициналық куәландыруды жүзеге асырады.медициналық тексерудің ұйымдастырылуына және сапалы өтуіне жауапты медициналық ұйымның профпатолог дәрігері (дәрігерлік-медициналық комиссияның төрағасы).

Емдік-профилактикалық ұйымдар жыл сайын кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелерін жалпылап 4 данада мемлекеттік санитарлық қызмет органдарына ұсынылатын қорытынды акт дайындайды. Актілердің қосымшаларында басқа жұмысқа ауыстырылуы, стационарлық емдеуге жіберілуі, диеталық тамақтануы тиіс адамдардың аттары жазылған тізім беріледі. Қол қойылған соң актілер әкімшілікке, кәсіподаққа, мемлекеттік санэпидқызмет орнадарына беріледі. Бір данасы емдік-кәсіптік мекемеде қалады.

Созылмалы кәсіптік ауру белгілері анықталған жағдайда тексеру және диагнозды нақтылау үшін кәсіптік патология орталығына жіберіледі.

Өнеркәсіптік мекемелердің жұмысшыларының медициналық реабилитациясы келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:


  • Өнеркәсіптік мекемелерде – жұмыс ауысымының кестесін ескере отырып біріншілік медициналық көмек көрсететін дәрігерлік денсаулық сақтау пунктерінде;

  • Жұмысшы контингентті сауықтыру (диспансерлік бақылау, емдеу және медициналық реабилитация) емхенелар мен басқа да емдік-профилактикалық ұйымдардың қалпына келтіру терапиясы бөлімшелерінде жүргізіледі (емханалық кезең);

  • Стационарлық медициналық көмек көрсету стационарларда (клиникада) жүзеге асырылады – стационарлық кезең.

  • Сауықтырылуды қажет ететіндер профилакторилерге немесе емдік-сауықтыру орталықтарына жолданады (шипажайлық кезең).

4. Иллюстрациялық материал: презентация.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет