Курсы: 5 Пәні: Еңбек гигиенасы



бет6/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#32043
1   2   3   4   5   6

5. Әдебиет :

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Под. ред. Н.Ф. Измерова и В.Ф. Кириллова. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Под. ред. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8. Руководство по профессиональным болезням. Под. ред. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  3. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  4. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6.Бақылау сұрақтары.

  1. Жұмысқа қабылдар алдындағы алдын ала медициналық тексерудің мақсаты қандай?

  2. Кезеңдік медициналық тексерулердің мақсаты қандай?

  3. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді кім жүргізеді?

  4. Медициналық тексерулердің нәтижелері қайда тіркеледі?

  5. Кәсіптік маршрут мәліметтері қайда тіркеледі?

  6. Тексеру біткен соң қандай қаорытынды шығарылады?

  7. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша жасалған медициналық қорытынды ұйым әкімшілігі үшін міндетті болып табылады мА?

  8. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптің зиянды факторларымен жұмыс істеуге жарамды болып танылғандарға қандай құжат еріледі?

  9. Өнеркәсіптің зиянды факторларымен жұмыс істеуге жарамсыз болып танылғандарға қорытынды қолдарына беріледі ме?

  10. Медициналық тексерулерді ұйымдастыру мен өткізу және тексеру нәтижелерін рәсімдеу кезіндегі санэпидқызметтің функциялары.

  11. Медициналық тексерулерді ұйымдастыру мен өткізу және тексеру нәтижелерін рәсімдеу кезіндегі емдік-профилактикалық мекемелердің функциялары.

  12. Кәсіпорындардың жұмысшыларынның реабилитациясы қалай жүргізіледі?




  1. Тақырып №2: Өндірістегі аурушылдық. Жұмысшы халықтың денсаулық жағдайы мен аурушылдығын талдау.

  2. Дәрістің мақсаты: жұмысшылардың аурушылдығын талдау тәсілдерін студенттерге көрсету.

  3. Дәрістің тезистері:

Аурушылдықты зерттеудің бірқатар әдістері бар. Ең алдымен қолданылатындары: а) емдік көмекке жүгінушілік мәліметтері бойынша жалпы аурушыллдықты зерттеу; бұл жағдайда медициналық көмекке біріншілік жүгінуді тіркеу материалдары пайдаланылады; б) жұмыстан уақытша босатуға әкелген жағдайларды тіркеу материалдарының негізінде уақытша еңбекке жарамсыздық болған аурушылдықты зерттеу.

Осындай аурудың әрбір жағдайында еңбек етуші еңбекке жарамсыздық парағын алып, онда ауру диагнозы мен оның ұзақтығы көрсетілетіні белгілі.

Бір мекеменің жұмысшыларының аурушылдығын зерттегенде аталған әдістердің екеуән де пайдаланған жөн. Егер бірнеше зауыттың жұмысшыларының аурушылдығын зерттеу қажет болса (әсіресе, егер қолданыстағы медициналық қызмет жүйесі оларға қаланың түрлі емдеу мекемелерінде медициналық көмекті пайдалануына мүмкіндік берсе? Бұл жұмысшылардың көмекке жүгінушілігін анықтауды қиындатады), еңбекке жарамсыздық болатын аурушылдықты зерттеумен шектелуге болады.

Кәсіпорын жұмысшыларының аурушылдығын зерттеу мына жағдайларда қолданылуы мүмкін:


  1. Берілген кәсіпорын саласы немесе мекемесі жұмысшыларының аурушылдық деңгейін анықтау үшін;

  2. Кәсіп түріне, жасына, жынысына, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты жұмысшылардың аурушылдығының мөлшері мен сипатын анықтау үшін.

  3. Қайталап ауырған және сондықтан медициналық қызмет пен жұмысқа дұрыс орналастыруды талап ететін жекелеген жұмысшыларды немесе олардың топтарын анықтау үшін.

Жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығын есепке алу үшін есептің дербес картасы қолданылады, жұмысшылардың аурушылдығын әрі қарай терең зерттеу үшін цехтар бойынш, жасы бойынша және т.б. бөлу керек.

Аурушылдықты сипаттау үшін оның интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштері қолданылады.

І. Интенсивтік көрсеткішетрі:

а) аурушылдықтың жалпы интенсивтілігінің көсеткіші, 100 жұмысшыға шаққандағы ауыру жағдайларының саны;

б) осы көрсеткіш 100 жұмысшыға шаққандағы еңбекке жарамсыздық күндерінің саны ретінде есептелуі мүмкін.

2. Экстенсивтік көрсеткіштер. Соның ішінде әрбір форма бойынша ауыру жағдайларының санының ауырулардың жалпы санына қатынасы, пайызбен көрсетілген, жыныс бойынша және жасы ойынша ауыру жағдайларының санының ауырудың жалпы санына қатынасы.

Бұл көрсеткіштер жұмысшылардың аурушылдығы туралы материалдарды бүтін ұжым ретінде (мекеме, цех) ауыру жағдайлары мен еңбекке жарамсыздық күндері және еңбекке жарамсыздықтың орташа ұзақтығы (күнмен саналады) бойынша статистикалық өңдеу және талдау кезінде қолданылады.

Науқастанғандар бойынша аурушылдықты талдау айтарлықтай маңызды болып табылады. Мұндай зерттеу, созылмалы аурудың сипаттамасын (кәсіппен байланысын) анықтау қажет болғанда әсіресе тиімді болып табылады.

Аурушылдықтың мөлшері мен сипаттамасын білу қандай да бір қоршаған орта факторының халық денсаулығына әсерін анықтауға ықпал жасайды.

Егегр қолда мекеменің санитарлық сипаттамасы бойынша материалдар да болса, белгілі дәлдікпен аурушылдық материалдарын талдауды жүргізуге болады, ал аурушылдық туралы мәліметтер мен өндірісті санитарлық тексеру материалдарын біріктірген жағдайда ерекше еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша талаптар қоюға болады. Әрине, еңбектің санитарлық жағдайы жұмысшы ұжым денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторларының бір бөлігі ғана екендігін, және аурушылдық көрсеткіштері сонымен қатар жұмысшылар құрамының (жастық, жыныстық және т.б.) ерекшелігін де көрсете алатындығын есте сақтау керек.

Уақытша еңбекке жарамсыздық болатын аурушылдықты зерттеу кезінде өңделуі тиіс біріншілік материал емдеу мекемелерінің дәрігерлері беретін және жәрдемақы төленуі үшін жұмысшылар (жұмыстан босатуға әкелген аурудан айыққан соң) әлеуметтік сақтандыру органдарына (заут немесе жергілікті комитет)өткізетін еңбекке жарамсыздық парақтары болып табылады.

Қазіргі уақытта мекемелер №16 форма бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туғызған аурушылдық туралы есеп береді.

Аурулардың атаулары оныншы реет қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктелуіне сәйкес келеді.
4. Иллюстрациялық материал: презентация.
5. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

  3. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  5. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

  6. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" ( 4.12.02г.,№361 – II - РК ).

6. Бақылау сұрақтары.

  1. Аурушылдықты зерттеудің қандай әдістерін білесіз?

  2. Кәспорын жұмысшыларының аурушылдығын зерттеу не үшін қолданылуы мүмкін?

  3. Аурушылдықты зерттеудің қандай әдістерін білесіз?

  4. Еңбекке уақытша жарамсыздық болатын аурушылдық қандай көрсеткіштері бойынша зерттеледі?

  5. Еңбекке уақытша жарамсыздық болатын аурушылдықтың интенсивтік көрсетіштерін атаңыз.

  6. Еңбекке уақытша жарамсыздық болатын аурушылдықтың экстенсивтік көрсетіштерін атаңыз.

  7. Науқастар бойынша аурушылдықты талдаудың қандай қажеттігі бар?

  8. Еңбекке уақытша жарамсыздық болатын аурушылдықтың көрсеткіштері өндірістегі еңбектің санитарлық жағдайларына байланысты болады ма?

  9. Ауруларды қандай номенклатура бойынша атау керек?

  10. Еңбекке уақытша жарамсыздық болатын аурушылдық бойынша мекемелер қандай формамен есеп береді?




  1. Тақырып №3: Кәсіптік уланулар мен ауруларды есептеу, тіркеу және зерттеу.

  2. Дәрістің мақстаты: студенттерді кәсіптік ауруларды есептеу, тіркеу және қарастыру ережелерімен таныстыру.

  3. Дәрістің тезистері:

Кәсіптік уланулар мен аурулар жағдайлары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылдың 23 маусымындағы №294 бұйрығымен бекітілген «Правила регистрации, расследования профессиональных заболеваний и отравлений, учета и отчетности по ним» ережелеріне қатысты тізімге сәйкес есепке алынуы және зерттелуі керек.

Кәсіптік жедел аурулар мен уланулардың диагнозы ЕПМ-де қойылса, кәсіптік созылмалы аурулар мен уланулардың диагнозы кәсіптік патологоия орталықтарында немесе кәсіптік аурулар емханасынларыда қойылады.

Орталықта әдетте үш адамнан тұратын шұғыл кәсіптік патологиялық комиссия құрылуы керек.

Кәсіптік аурудың диагнозын қоюға қажетті құжаттар:


  1. Медициналық ұйымның жолдамасы;

  2. Медициналық картадын жасалған толық көшірме;

  3. Тұарытн жерінен алынған шығару эпикриздерінің кшірмелері;

  4. Еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;

  5. Еңбек кітапшасының сендірілген көшірмесі.

Сараптамалық кәсіптік патологиялық комиссия келесі шешімдерді қабылдай алады:

  1. Ауру, оның кейінгі кезеңіндегі дамуын қоса алғанда, кәсіптік факторлардың әсерімен байланысты;

  2. Аурур кәсіптік факторлардың әсерімен байланысты емес;

  3. Өндірістің зиянды факторлары әсерінің жекелеген белгілері бар;

  4. Кәсіптік аурудың ағымының нашарлауы (өршуі);

  5. Кәсіптік аурудың тұрақтануы немесе регресс.

  6. Кәсіптік аурудың қалдық көріністері (кәсіптік ауру диагнозын алып тастағанға дейін).

  7. Белгілі бір уақыт өткен соң қосымша мәліметтерді ұсына отырып қайталап тереңірек зерттеуді талап етеді.

  8. Кәсіптік патология емханасында терең зерттеп, қосымша консультация жүргізіп, соңынан істі қайта қарауды қажет етеді.

Кәсіптік патологиялық комиссияның шешімінде сонымен қатар кейінгі емдеу тактикасы, диспансерлеу мен медициналық реабилитация мәселелері көрсетіледі.

Кәсіптік ауру диагнозы кәсіптік аурулар тізімі бойынша анықалады.

Бірнеше этиологиялық факторлардың ішінде кәсіптік фактор бар болса ауру кәсіптік болып саналуы тиіс.

Кәсіптік ауруларды анықтау кезінде даулы жағдайларды штаттан тыс ҚР бас кәсіптік патологы басқаратын және үш мүшеден және хатшыдан тұратын Республикалық шұғыл кәсіптік патологиялық комиссия қарастырады. Медициналық реабилитация бойынша ұсыныстар жазылған комиссия шешімі науқастың өз қолына табысталады.

Жедел кәсіптік ауру мен уланудың әрбір жағдайына оны анықтаған немесе күдіктенген дәрігер шұғыл хабарлама (№318-У формасы бойынша) толтырылып, 12 сағаттың ішінде жергілікті МСЭҚ органына және жұмыс берушіге жіберіледі.

Диагноз анықталғанда немесе өзгергенде медициналық ұйым жаңа шұғыл хабарлама дайындап, өзгерген (анықталған) диагнозын көрсете отырып 24 сағаттың ішінде ұйым жетекшісі мен науқастың жұмыс орны бойынша МСЭҚ мемлекеттік органына жібереді.

Медициналық ұйым шұғыл хабарлама жібергеннен басқа әрбір келесі жағдай жөнінде телефон немесе электрондық пошта арқылы МСЭҚ органын хабардар етеді:



  1. Зардап шеккендер саны 2 және одан көп боалтын еңбекке уақытша жарамсыздық болатын жедел кәсіптік аурулар (уланулар);

  2. Сібір жарасы, бруцеллез, сіреспе, құтыру ауруларының науқастың кәсіптік қызметімен байланысы анықталған жағдайда.

Бірінші реет анықталған созылмалы кәсіптік ауру (улану) туралы хабарлама кәсіптік патология орталығында және кәсіптік аурулар емханаларында нақты диагноз анықталған соң 3 күннің ішінде толтырылып, МСЭҚ органына, жмыс берушіге және медициналық ұйымға жіберіледі.

Әрбір жедел кәсіптік ауру (улану) жағдайы ҚР заңдарына сәйкес қалыптасқан тәртіппен арнайы зерттелуі тиіс.

Зерттеу барысында кәсіптік аурудың (уланудың) пайда болу себептері мен жағдайлары анықталады, ауру туындаған жұмыс орнын зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда өндірістік факторларды зертханалық және инструменталдық зерттеу жүргізіледі, жұмысшы еңбегінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бағаланады, ұйымның саэпид зерттеу актілері, зертханалық зерттеу, жұмыс орнын аттестациялау нәтижелері, алдын ала және кезеңдік медициналық тексеру материалдары, еңбек жағдайын жақсарту бойынша жоспардың орындалуы, еңбекті қорғау және санитарлық-сауықтыру шаралары бойынша мәліметтер зерттеледі.

Егер жұмысшы өзінің тұрақты жұмыс орнына басқа мекемеге жолданып, сол жерде кәсіптік ауруға немесе кәсіптік улануға шалдыққан болса, зерттеуді ауруға шалдыққан жердегі МСЭҚ органы жүргізуі тиіс, ал тіркеу мен есепке алуды науқастанғанның негізгі жұмыс орны бойынша МСЭҚ органы жүзеге асырады.

Мұндай жағдайларда диспансерлік бақылауды сол жергілікті медициналық ұйымдар жүргізуі тиіс.

Сұраныс жіберілген ұйымдар бір айдың ішінде құжаттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс.

МСЭҚ органдарында және кәсіптік патология орталықтарында кәсіптік аурулары бар науқастар арнайы журналда (320-У формасы) тіркелуі керек.

МСЭҚ органдарында кәсіптік ауруларды есепке алу картасы жүргізіліп (317-У формасы), оған автоматтандырылған талдау жүргізілуі тиіс.
4. Иллюстрациялық материал: презентация.

5. Әдебиет:



Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллова. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.


Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

  3. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

  5. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

  1. Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайы қандай тізімге сәйкес зерттелуі тиіс?

  2. Жедел кәсіптік ауру (улану) диагнозын кім анықтайды?

  3. Созылмалы кәсіптік ауру (улану) диагнозын кім анықтайды?

  4. Кәсіптік патологиялық орталықта кәсіптік аурудың диагнозын анықтауға қандай құжаттар қажет?

  5. Сараптамалық кәсіптік патологиялық комиссиялар қандай шешімдер қабылдауы мүмкін?

  6. Күрделі жағдайларда материалдар қайда жіберіледі?

  7. Егер кәсіптік фактордан басқа тағы бірнеше экологиялық фактор болса, ауру кәсіптік болып саналады ма?

  8. Жедел кәсіптік ауруды (улануды) анықтаған немесе оған күдіктенген дәрігер не толтырады, қайда және қандай мерзімде жібереді?

  9. Кәсіптік аурудыдың (уланудыдың) диагнозы анықталған немесе өзгерген жағдайда медициналық ұйым не толтырады, қайда және қандай мерзімде жібереді?

  10. Қандай жағдайларда медициналық ұйымдар дереу телефонмен немесе шұғыл поштамен МСЭҚ органын кәсіптік ауру туралы хабардар етеді?

  11. Бірінші рет анықталған созылмалы кәсіптік ауру (улану) туралы хабарлама қайда толтырылады, қандай мерзімде және қайда жіберіледі?

  12. Жедел кәсіптік ауруды зерттеу барысында не анықталады?

  13. Сұраныс жіберілген ұйымдар құжаттардың көшірмесін қандай мерзімде ұсынуы керек?

  14. Кәсіптік ауру (улану) анықталған адамдарды есепке алу журналы дегеніміз не және ол қайда жүргізіледі?

  15. Кәсіптік аурудың (уланудың) есеп картасы қайда жүргізіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет