Курсы: 5 Пәні: Еңбек гигиенасы



бет3/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#32043
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары

  1. Өндіріс ортасы қандай факторладан турады?

  2. «Өндірістік зияндылық» түсінігіне не кіреді?

  3. Еңбек жағдайы дегеніміз не?

  4. Қауіпті өндірістік факторға анықтама беріңіз.

  5. Зиянды өндірістік факторға анықтама беріңіз.

  6. Еңбек кернеулігін дегеніміз не?

  7. Кәсіптік қауіптілікке анықтама беріңіз.

  8. Уақытпен қорғау негізі.

  9. Ғылыми-техникалық үрдіс жұмысшылардың зиянды өндірістік факторларын шығарады ма?

  10. Өндірістегі оқыс жағдайлар қандай аурулар санына кіреді?



  1. Тақырып №3: Еңбек жағдайы бойынша өндірісті аттестациялау.

  2. Дәріс мақсаты: Жұмыс орнын аттестациялау критериінің сызбасын студенттерге беру.

  3. Дәріс тезистері:

Еңбек шарттары “еңбек шартының гигиеналық критериінің бағасы және классификациясы олардың зияндығы және қоршаған ортаға әсер ету ауырлығы бойынша қауіпті факторлар( МЗ РК, № 1-04.001.2000 дан31.11.2000 ж Алматы .қ 2000ж). Гигиеналық критерий және принцпттеріне байланысты, 4 классқа бөлінеді: оптимальді рұқсат етілетін зиянды және қауіпті. Оптимальді еңбек шарты (1класс)-бұл кезде жұмыскердің денсаулығы сақталады және жұмысқа қаблеттілігі жоғары дәрежеде сақталады. Оптимальді еңбек нормалары микроклимат өлшемдеріне және жұмыстың жүру парызына бағытталған. Салыстырмалы түрде мұндай еңбек шарттары тұрғындар үшін қолайлы, қауіп-қатерсіз болып табылады. Рұқсат етілетін еңбек шарттары(2класс )мұндай еңбектің түрі гигиеналық нормативті асырмайды, жұмысшының денсаулығында функциональды өзгерістер болуы мүмкін. Алайда бұл кезекті демалыс кезінде немесе келесі аусымға дейін қалпына келетін жалпы денсаулық жағдайына және оның ұрпақтарына зиянды әсерін тигізбеуі керек. Рұқсат етілген шартты еңбектің салыстырмалы түрде денсаулыққа қауіп-қатер туғызбайды. Зиянды еңбек шарттары(3класс) зиянды өндірістік факторлардың болуы мен олардың гигиеналық нормалары жоғарылауымен, оның жұмысшы денсаулығына немесе ұрпағына кері әсерін тигізуімен сипатталады. Гигиеналық нормативтері және жұмысшы организіміне түрлі өзгерістерге байланысты зиянды еңбек шарттары 4 дәрежеге бөлінеді. 3 кластың1дәрежесі адам ағзасында функциональді өзгерістер тудыратын, бірақ ұзақ уақытта қайта қалпына келуді талап ететін еңбек түрі. 3 кластың 2дәрежесінде ағзада тұрақты функциональді өзгеріске әкелетін кәсібіне байланысты аурулар туындайды. Бастапқы немесе жеңіл мамандандырылған ауру формасының пайда болуы ұзақ уақыт жұмыс істегенде(15және оданда көп). 3класс 3 дәрежесі мамандыққа байланысты жеңіл және орта дәрежелі ауырлықта, созылмалы патологияның пайда болуымен сипатталады. Еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтады.

3 кластың 4 дәрежесінде (3.4)- еңбек жағдайы кәсіптік аурулардың ауыр формаларының туындауы (жалпы еңбекке қаблеттіліктің жоғалуы), созылмалы аурулардың саны біршама өсуі және аурушаңдылық деңгейінің жоғарлауы, уақытша еңбекке қаблеттіліктің жоғалуы мүмкін. Қауіпті (экспериментальді) еңбек жағдайы (4 класс) өндірістік факторлар деңгейімен, жұмыс ауысымы ағымында өмірге қауіп тудыру әсері бар, жедел кәсіптік зақымданулардың дамуының жоғарлауымен, соның ішінде ауыр формалармен сипатталалы. Еңбек үрдісінің ауырлығы қазіргі сәйкестіктермен бағаланады. “еңбек үрдісіндегі жүктеме көрсеткіштері еңбек жағдайындағы гигиеналық критерийлермен бағаланады ”. Еңбек жағдайындағы ауырлық факторлар деңгейі эргометриялық көлеммен анықталады, яғни осы үрдіске қатысатын адамның жеке ерекшеліктерінен тәуелсіз еңбек үрдісімен сипатталады. Еңбек үрдісіндегі негізгі ауырлық көрсеткіштері болып:



  • Физикалық динамикалық жүктеме;

  • Қолмен көтерген және ауыстырған жүктің салмағы;

  • Жұмыстағы стреотипті қозғалыс;

  • Жұмыс позасы;

  • Корпустың кисаюы;

  • Айналасына ауыстыру;

Жалпы бағалау бойынша физикалық ауырлық дәрежесі барлық жүргізілген көрсеткіштерден жоғары. Сонымен қатар алғашқыда көрсеткіштер бойынша бекітіледі және хаттамаға енгізіледі, ал еңбек ауырлығын қорытынды бағалау көбіне ауырлық дәрежесіне қатысты көрсеткіштер бойынша бекітіледі. Екінші және кінші және 3.1 3.2 класс көрсеткіштерін жалпы бағалау бір дәрежеге жоғары тұрады. Жұмысшы топтардың кәсіптік жүктемелерін бағалау еңбек стажына және оның құрылым анализына, барлық, кем дегенде бір аптадағы жұмыс күнін динамикада бағалау хронометражды жолмен жүргізуге негізделген. Анализ кешенді өндірістік факторларды есепке ала отырып (стимулдар, тітіркендіргіштер ), қолайсыз нервтік- эмоциональді жағдайды тудыруға бағытталған. Еңбек жағдайындағы барлық факторлар(көрсеткіштер ) сапалық немесе сандық айқындылығымен және жүктеме түрлерімен топтастырылған: интелектуалды, сенсорлық, моторлық, режимді жүктеме.


Еңбек жүктемесін жалпы бағалау мынадай жолмен жүзеге асады: кәсіптік мамандығын ескермегенде барлық 22 көрсеткіштер есепке алынады. Еңбек жүктемесін жалпы бағалауда қандайда бір жеке алынған есептер жіберілмейді. 22 көрсеткіштің әрқайсысы өзінің бөлімдері бойынша еңбек жағдайының кластарымен анықталады. Егер сипаттамасы бойынша немесе кәсіптік қызмет ерекшеліктерінің көрсеткіштері көрсетілсе (мыс видеотерминалды экрандар немесе оптикалык прибор жұмыстары кірмейді), ондай жағдайда көрсеткішке 1 класс қойылады(оптимальді)- яғни еңбек жүктемесі жеңіл дәрежеде.

Еңбек жүктемесін қорытынды бағалауда:

“оптимальді” (1класс)-егерде 17 және оданда жоғары көрсеткіштер болса, 1кластық бағалау бекітіледі, ал қалғандары 2 класқа жатады. Бұндай жағдайда 3 (қауіпті ) класқа жататын көрсеткіштер кірмейді.

“рұқсат етілген ” (2 класс) мынадай жағдайда бекітіледі:

6және оданда жоғары көрсеткіштер 2класқа, ал қалғандары 1класқа жатады.

1-5 көрсеткіштер 3.1 немесе 3.2 қауіптілік дәрежесімен, ал қалған көрсеткіштер 1 немесе 2 класс көрсеткіштерімен бағаланады.

“ Зиянды” 3класс бұған 6 немесе оданда жрғары көрсеткіштер жатады. Сонымен қатар еңбек жүктемесі (3.1) мыдадай жағдайда:

Егерде 6 көрсеткіштер тек 3.1 класпен бағаланатын болса, қалған көрсеткіштер 1 немесе 2 клксқа жатады. Егерде

3-5 дейінгі көрсеткіштер 3.1 класына, ал 1-3 дейінгі көрсеткіштер 3.2 класына жатады.

2 дәрежелі еңбек жүктемесі (3.2):

Егер 6 көрсеткіш 3.2 класқа жататын болса;

Егер 6 және оданда жоғары көрсеткіштер 3.1 класқа жататын болса;

Егер 1-5дейінгі көрсеткіштер 3.1 класқа жататын болса, ал 4-5 дейінгі көрсеткіштер 3.2 класқа жатады;

Егер 6 көрсеткіш 3.1 класына және 1-5 дейінгі көрсеткіштер 3.2 класына жатады.

Бұл жағдайда 6көрсеткіш 3.2 мен бағаланса, онда еңбек процесіндегі жүктеме 3.3 класы 1дәрежеге жоғары бағаланады.

Жұмыс орнындағы аттестациялау нәтижесін тапқанда өндірістік аттестация бүтіндей жүргізіледі


4. Иллюстрациялық материалдар: еңбек гигиенасы бойынша әдебиеттер мен оқу методикалық құралдар.

5. Әдебиет:

Негізгі

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I,II. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

  3. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

  4. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6. Бақылау сұрақтары.

  1. Қандай құжат негізінде еңбек жағдайы классификациланады?

  2. Оптималды қандай еңбек жағдайы жатады?

  3. Еңбек жағдайы классификациясының кластары?

  4. Шектік қандай еңбек жағдайы жатады?

  5. Зиянды қандай еңбек жағдайы жатады?

  6. Қауіпті қандай еңбек жағдайы жатады?

  7. Еңбек ауырлығы қандай классификациямен бағаланады?

  8. Еңбек кернеулігі қалай бағаланады?

  9. Еңбек ауырлығын қанша көрсеткішпен бағаланады?

  10. Еңбек кернеулігін қанша көрсеткішті ескере бағалаймыз?

Кредит №5

1 Тақырып №1: Өнеркәсіптегі сақтық санитарлық қадағалау, оның кезеңдері

2 Дәрістің мақсаты: Студенттерге өнеркәсіптегі бақылау жайында түсінік беру

3 Дәрістің тезистері

Сақтық санитарлық қадағалау (ССҚ) санитарлық дәрігер жұмысының маңызды салаларының бірі болып табылады және пофилактика шараларының тиымды түрі болып табылады.

ССҚ ның негізгі құрылымына жоспарлау барысындағы әртүрлі өнеркәсіптердегі гигиеналық нормалар мен санитарлық тәртіптің сақталуын бақылау, су қоймаларының құрылысында,әртүрлі мақсатта салынатын құүрылыс объектілерінің, сан алуан химиялық зиянды заттар түріндегі қалдықтардың адам денсаулығына әсерін анықтау.

Өнеркәсіптік мекемелерді жоспарлау барысында жіберілген қателіктер жұмысшылардың денсаулығына кері әсерін тигізеді, қоршаған ортаға қайтымсыз кері ықпалын тигізеді. Технико-экономикалық характердегі мәселелер мен қатар, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен еңбек гигиенасы шаралары, қоршаған ортаны қорғау мәселелері де қарастырылуы керек.

Құрылыс объектлеріндегі сақтық санитарлық бақылау төрт кезеңнен тұрады:

1) Жер учаскесін құрылысқа алу жөніндегі келісім

2) Жоба құжатының жұқмысында санитарлық гигиеналық нормалар мен тәртіптердің сақталуына бақылау жүргізу

3) Құрылыс жүріп жатқан объектілердегі сақтық санитарлық бақылау

4) Эксплуатацияға берілген объектілерде құрылған, салынған орындарға санитарлық бақылау жүргізу.

ЕСБ ның негізгі міндеті таңдалатын жердің мынадай талаптарға сәйкес келуі:

1) СҚА орындалатын мүмкіндік;

2) Суды тиымды тұтыну мумкінділіктері қарастырылатын

3) Су қоймаларының, атмосфералық ауаның кірленген ағынды сулармен, өнеркәсіптік қоқыстармен ластануының алдын алатын спецификалық технологиялық процестермен шеше алуы;

4) Жұмысшыларды ұымдастырылған түрде жұмыс пен үйіне тасымалдау.

Сақтық санитарлық бақылау объектілерд жобалаудағы ең бір тиімді форма болып табылады. ГСЭН органдарымен жобалық құжаттық келісімшартқа отыру келесі жағдайларды жүзеге асырылады:

1) Жобалық құжаттың санитарлық-гигиеналық нормалар, тәртіптер мен инструкциясынан негізделінген түрде бас тартуы;

2) Шешім шығаруға дәлелді санитарлық-гигиеналық нормалар мен тәртіптердің болмауы;

3)Таңдамалы бақылау түрінде.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда жобалық құжат ГСЭН органдарына келісімге ұсынылады,объекттің территориялық орналасу принципі бойынша.

Типтік проект санитарлық гигиеналық нормалар мен талаптардан шектеулі бас тартқан, келісімге жоба ұйымының территориялық орналасуына байланысты жасалады.

Құрылыс және реконструкция кезіндегі сақтық санитарлық бақылау санитарлық дәрігердің жұмысының маңызды бөлігі.

Құрылыстың осы сатысындағы ГСЭН органдарының ең басты міндеті салынып жатқан объектілердің санитарлық нормалар мен тәртіптерге сәйкестігін тексеру.ГСЭН органдары өз жұмысын 150 формаға сәйкес жүргізеді, оған құрылыс объектілеріне неше рет тексерілулуер жүргізілгендігі,тексеру барысындағы кейбір нормалардың сақталмағандығы және қателіктерді түзеуге ескертулер жазылады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін эксплуатацияға СН 508-78 формаға сейкес «Тұрғын үйлерді,объектілерді мәдени-тұтыну шаруашылығы бағытында ұйымдастыру және жүзеге асыру инструкциясы» және эксплуатацияға қабылдау тәртіптері бойынша ұсынылады.

Ешқандай объект эксплуатацияға қабылданбайды, егер:



  • Денсаулық және қауіпсіз еңбек міндеттері сақталмаса;

  • Ауаны ластауға қарсы құрылғылармен қамтамасыз етілмесе;

  • Санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келмесе, еңбек қауіпсіздігіне кері әсері болса, кейбір аяқталмаған жерлері болса.

4 Иллюстрациялық материалдар: еңбек гигиенасы бойынша әдебиеттер мен оқу методикалық құралдар.

5 Әдебиет:

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

  3. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измероа. М.-Медицина.-1996.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измероа. М.-Медицина.-2001.

  5. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6. Бақылау сұрақтар:

1.ЕСБ ның санитарлық дәрігердің мамандығындағы рөлі қандай?

2.ЕСБ ның негізгі құрылымдарын атаңыз.

3.Құрылыс объектілерінде ЕСБ қанша кезеңнен тұрады?

4.Жер учаскелерін құрылысқа бөлу қалай жүреді?

5.Жобаларды құжаттау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың негізгі міндеті қандай?

6.Құрылыс жүріп жатқанда сақтық санитарлық бақылаудың міндеті қандай?

7.Қандай жағдайда жоба құжаты ГЭСН органдарымен келісімді қажет етеді?

8.Құрылыс объектілеріндегі тексеру қандай формада жүргізіледі?

9.Қандай құжат бойынша объектілер эксплуатацияға қабылданады?

10.Қандай жағдайларда объект эксплуатацияға қабылданбайды?
1. Тақырып 2: Өнеркәсіп құрылысы мен жоспарына гигиеналық экспертиза жасау.

2. Дәрістің мақсаты: Студенттерге өнеркәсіп құрылысы мен жспарына гигиеналық экспертиза жасау жайлы түсінік беру.

3 Дәріс тезистері

Экспертизаның негізгі міндеті- жоспарланған өнеркәсіп құрылысы, спецификалық технологиялық процесстері, қауіптілігінің дәрежесі барлық талаптарға сай келе ме соны анықтау.

Гигиеналық бағалауда СНиП:2.04-03-2002 басшылық етеді «Құрылыс жылутехникасы», «Әкімшілік және шаруашылық ғимараттар» 3.02.-04-2002, «Табиғи және жасанды жарықтандыру» 2.04.-05-2002, «Жылыту, желдету және кондиционирлеу» 4.02.-42-2006, «Құрылыс объектілерінің құрал саймандармен қамтамасыздануы» 2.09.02.85, және көрсетілген нормалар мен шаралар бойынша.

Гигиеналық экспертиза кезінде жобанық архитектура-құрылыстық бөлігі келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:

1 Жоспарланған объект өлшемдері санитарлық нормаларға сай келе ме(бір жұмысшыға шаққандағы орынның аумағы,мөлшері,еденнен жоғарыға дейінгі биіктік т.с.с)?

2 Ғимарат қабаттары дұрыс ұйымдастырылған ба?

3 Жұмыс аумағына 1-2 класс қауіптілігі бар қауіп төнгенде қандай жобалық шаралар бар?

4 Жылу қорғаныш жоспары құрылыс объектісі орналасқан аймақтық климатикалық ерекшеліктеріне сай келе ме?

5 Құрылыстың ішкі конструкциясы санитарлық нормаларға сай келе ме? Зиянды заттардың отыруы мен сорбцитясының алдын алады ма, олардың әсерінен қорғайды ма?

6 Жылу зияндылықтарын табиғи (аэрация) жолмен тазарту мәселелері қарастырылған ба?

7 Құрылыс мекемелері табиғи жарытанумен қамтамасыздандырылған ба?

8 Терезесіз және жарық аэрация жағдайда СНиП талаптарына сай келе ме?

9СНиП талаптарына сай «Құрылыс ғимараттары», «Құрылыс объектілерінің құрал саймандармен қамтамасыздануы», санитарлық құрылығыларды,энергетикалық құрылығылырды тасымалдау жайттарын ескере отырып, басқару пульттарын орналастыру мен жұмысшылардың демалысын ұйымдастыру.

10 Ғимараттарды жоспарлау немесе қайта реконструкциялау кезінде сыртқы аймақтан жылу мен суықтың келуін реттеу шаралары қарастырылуы керек.

11 Электромагниттік, лазерлік сәулелерден қорғау шаралары қарастырылған ба?

12 Шу мен дірілмен күресу шаралары қарастырылған ба: а) нағыз шудың көзі болып табылатын құрылғыларды дыбыс-изоляциялық қасиеті бар бокстарда ұстау; б) қабырғаларды дыбыс изоляциялайтын материялдармен жабдықтау; в) дыбыс басушы, амортизаторлық құрылғыларды қолдану; г) шу мен дірілмен күресу мәселлерін жоспарлау.

13 Плазмалық технологияға бағытталған орындарды жоспарлағанда келесі талаптарға сай келуі керек:

-құрылғыдан бос тұрған аймақ бір жұмысшыға көлемі 10м2,биіктігі 3,5м болуы керек

- қабырғалар шужұтқыш, жанбайтын материалдармен жабылуы, ульрафиолеттік сәулені жұтатын перфорирленген материалдан тұруы керек;

- шу жұтқыш қабатсыз матеоиалдың қабаты 2,7м болуы керек.



4 Иллюстрациялық материал: презентациялар

5 Әдебиет

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.

  4. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

  5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

  6. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

  7. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" ( 4.12.02г.,№361 – II - РК ).

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

6 Бақылау сұрақтары

  1. Архитектура жоспарлық экспертизаның негізгі міндеті неде?

  2. бір жұмысшыға шаққанда жұмыс аумағы қандай болу керек?

  3. бір жұмысшыға шаққанда жұмыс орнының жалпы көлемі қандай болу керек?

  4. құрылғылардың арасындағы көлем қанша болуы керек?

  5. құрылғылар мен қабырғаның арасында аймақ қанша болуы керек?

  6. 1-2 классқа жататын зиянды заттар бөлінетін жағдайда қандай шаралар ұйымдастырылуы керек?

  7. қандай жағдайда металл едендер қойылады?

  8. вентиляциялық құрылғылардың антропоноздық әсері қандай?

  9. технологиялық, электрлік және санитарлық технологиялық құрылғыларды ашық аймақтарда басқару үшін қандай орындар ұйымдастырылуы керек?

  10. ЭМП ны жалпы жұмыс аймағында орналастыруға бола ма?

  11. діріл мен шудан қорғану мәселелері?

1. 3-Тақырып: Көмекші ғимараттар мен орындар жобасының талдау (Ұйымдастырушы және тұрмыстық ғимараттар)



2. Дәріс мақсаты: Студенттерге өндіріс орындарындағы Көмекші ғимараттар мен орындар жобасының талдауын таныстыру.

3. Дәрістің мазмұны:

Көмекші орындар (ұйымдастырылған және тұрмыстық ғимараттар денсаулық сақтау пункт тамақтану пункт) Өндіріс ғимараттарына және тұрғын ғимараттарына орналасуы мүмкін.Өндіріс орындарында зиянды заттардың бөлінуіне байланысты ғимараттардың биіктігі өндіріс ғимараттарының биіктігінен 40% аспауы керек. Өндіріс орындарының Құрылысында терезелік ойықтар жабылмауы керек. Жеке түрған тұрмыстық ғимараттар өндірістік орындарындағы жылыту өткелдерімен біріктірілуі керек.

Тұрмыстық орындардағы негізгі құрылыстық шарттар СНиП 3.02.04-2002” Ұйымдастырылған және тұрмыстық ғимараттар” сәйкес келуі керек.

Өндірістік үрдістердегі топтың жіктелуі санитарлық-тұрмыстық орындардың құрамымен сәйкес келуі керек.

Өндірістік үрдістердегі әртүрлі топтар санитарлық-тұрмыстық белгілеріне байланысты жоғары шарттқа сай келу керек. Мүмкіндігіне қарай киімнің және аяқ киімнің шаңдануы шаңдану ортасына және құралына қарай қарастырылуы керек.

Тері арқылы өтетін инфицирленген және радиоактивті материалдармен Жұмыс кезінде, санитарлық тұрмыстық орындар нормативтік шартты басылымдар мен жобаланады.

Бұл жобада көптеген кезегіне байланысты жұмысшылардың саны ер және әйелдеоге өндіріс топтарға бөлінгені көрсетіледі. Тәжірибешілердің санағы тіркелуі керек. Өндірістік үрдістердегі жұмысшылардың саны 50 адамға дейін тізімде жалпы гардиробтық құрылғыларға жіберіледі.

Жалпы және арнайы орындардағы міндетті құрам және құралдардың жиынтығы СНип шарттарына сәйкес келуі керек.

Гардиробта сүрелердің және бөімшнлнодің саны немесе үй және қызметтік киімдердің ілгіштері көшедегі киімдердің екі ауыстырылым санындағы сай қабылдануы тиіс. Жуынатын және қол жуғыштардың және арнайы тұрмыстық құрылғылардың саны кезекпен жұмыс істейтін қызметкерлердің санымен сәйкс келуі керек. Өндірістік үрдістегі топтардың гардиробтар дененің және киімнің заттармен ластануына байланысты және солардың жуғыш заттармен жуылуына қарай бөлек болуы керек.

Көмекші ғимараттар мен орындардың орналасуына байланысты қызметкерлерге зиянды факторлар әсер етпеуі керек.

Тұрмыстық орындардағы жарлар мен бөліністер арнайы материалдармен жасалуы керек және ол жеңіл жуылуы және де ыстық суда жуғыш заттармен жақсы жуылуы керек мұндай материалдар жасаған бөліністер есіктің ойығымен бірдей болуы керек ал душтық, душ алдылықтар бүкіл өндірістік орынның биіктігімен бірдей болуы керек.

Жарылатын және қаптауыштары суға тұрақты бояулармен боялуы керек. Өндірістік орында қол жуғыштар 40% өндірістік мінездемелерге сай орналасуы керек. Оларды Санитарлық тұрмыстық СНип ке сай өндірістік орынды желдету керек.

Шикі затпен және жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін қызметкерлердің асханасы200 адамға және тасхана және тамақтарды тасу орындарда200 адамнан кем болмауы керек. Аыз сумен жұмыс істейтін қызметкерлердің 30 дан астамы тамақ қабылдау бөлмесінде қарастырылады. Ал 10 адамға дейін тамақтануға болады. Тамақтану орны қызметкерлердің 4/1 ауыз суына байланысты.

Зауыттық (Цехтік) сауықтыру комплекстері қарастырылу керек.

-Еібекті ұйымдастырудағы арнайыланған комплекстер және әйелдердің жүктілік кезіндегі демалу орны:

-Реабилитацияның амбулаториялық .

-Жұмыстың мінездемесіне қызметкерлердің контингенттеріне байланысты тринажорлық залдар, психологиялық кабинеттер аяқтың гидромассажына арналған орындар, дірілдік аурулардвғ алдын алуына байланысты кабинеттер және әйелдің жеке гигиенасына арналған бөлмелер қарастырылуы керек.

-Қызметкерлердің құрамына байланысты медпунктардың аумағы 50 -150 адамға 9-12 шаршы метр, 150-300 адам-18 шаршы метр. Егер қызметкерлердің саны 300 ден асса фелдшерлік здрав пунктер (дәрігерлік )

Қарастырылады.

Негізгі міндетіне байланысты емханалар ,ауруханалар алдын алу саниториалары, жедел жәрдем станциялары қарастырылады.

Аумақтық- жоспарланған елісім, Аумақтық жоба бойынша ортаның жинақтық жобасы денсаулық сақтау және тұрмыстық қамтамасыз ету ұйымдастыруларымен техникалық жобасы қарастырылады.
4. Иллюстрациялық материал: презентациялар
5. Әдебиет

Негізгі:


  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

  3. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

  5. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет