Курсының бағдарламасы (атауы, шыққан жылы)



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі306,19 Kb.
#54056
1   2   3   4

8 апта.

8 тақырып: Қазақтың жазба дәстүрлі кәсіби музыкалық өнерінің және Қазақстанның композиторларлық мектебінің қалыптасуы.


Дәріс жоспары:

  • Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуы мен дамуы. Негізгі сатылары.

  • 1920-1950 жж. жазбаша кәсіби өнердің қалыптасуы.

  • 1950-1970 ж.ж. Музыка, шіркеу және дін соғысы (Гугеноттық псалмалар)

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б
СОӨЖ сұрақтары 8:


  • Кәсіби музыканың негізін қалаушы −А.Жұбанов, Е.Брусиловскй, М.Төлебаев, Л.Хамиди.

  • С.Мұхамеджанов, Қ.Қожамьяров, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев − ұлттық композиторлық мектепті қалыптастырып, жалғастырушылар.

  • Б.Жұманиязов, В.Новиков, М.Сағатов, Ж.Дастенов шығармашылығы.

  • «Алтын ғасыр» кезеңіндегі испан кәсіби музыкасы

  • Тәуелсіздік кезіндегі қазақ музыкасы.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005. − 516 б
СӨЖ сұрақтары 8:


  • Кәсіби музыкалық білім беру орындары.

  • Қазақ музыкасына еуропалық жанрлардың ықпалы (аспаптары, көп дауысты фактура. құрылым).

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б
9 апта.

9 тақырып: Қазақ операсының фольклорлық бастаулары.



Дәріс жоспары:

  • Қазақстанның ұлттық опера өнері − жаңа дәуірдің ерекше құбылысы.

  • Операның жан-жақты мүмкіндіктері.

  • Алғашқы опералар. Кәсіби музыка және халық әндері

  • Операдағы речитатив түрлері.

  • Халықтық шығармашылық қырларының операдағы көрінісі.

Әдебиет


1 Народная музыка в Казахстане. - Алма-Ата. 1967. -.

2 Ахметова М. Традиции казахской песенной культуры. -Алма-Ата. 1984.

3 .
СОӨЖ сұрақтары 9:


  • Қазақ операсының озық үлгілері (А.Жұбанов. «Абай», М.Төлебаев. Біржан-Сара).

  • Операдағы фольклорлық-өлеңдік материалдың маңызы.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СӨЖ сұрақтары 9:



  • Халықтық-аспаптық музыкадағы опералық негіздер.

  • Қазақ дәстүріндегі хормен ән айту тәжірибесінің операдағы көрінісі.


10 апта.

10 тақырып: Классик-қобызшы Ықылас Дүкенұлы



Дәріс жоспары:

  • ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақстандағы тарихи-саяси және рухани-мәдени ахуал.

  • Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

  • Күйші Ықылас туындыларындағы новаторлық белгілер.

  • Симфониялық шығармашылығы. Қобызшы күйлеріндегі жаңа орындаушылық әдіс-тәсілдер

  • Ықылас Дүкенұлы шығармашылығын қазіргі кезде зерттеуші ғалымдар жөнінде мағлұмат.

1Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СОӨЖ сұрақтары 10:


  • А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, Қ.Жандарбеков, К.Байсеитова, Қ.Қожамияров, М.Төлебаев – жаңаша мәдениеттің негізін қалаған қайраткерлер,

  • Ленинград консерваториясын бітірген жас маманның қазақ музыкасымен танысуы.

  • Опералық трилогия («Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын»).

Әдебиет:

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б


СӨЖ сұрақтары 10:

  • «Дударай» операсы. «Ерден» күйі

  • «Кертолғау», «Шыңырау» күйлері.

  • . «Жез киік» күйіндегі трель, мелизмдерді орындау нұсқалары.

  • «Аққу» күйінің қазіргі кездегі орындаукшылықтағы қолданылатын жаңа әдістер (инновация)

  • Ықылас Дүкенұлы күйлерінің қазаіргі заман композиторлар шығармашылығындағы жаңа жанр, стиль ретінде қалыптасуы.

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б



11 апта

11 тақырып: А.Жұбанов және Л.Хамидидың «Абай» операсы.



Дәріс жоспары:

  • А.Жұбановтың шығармашылық келбеті.

  • Л.Хамиди − тамаша әуезділігімен танылған дарынды композитор.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СОӨЖ сұрақтары 11:


  • Ақын, философ, композитор Абай Құнанбаевтың 100-жылдығына орай А.Жұбанов және Л.Хамидидың бірлесе жазылған операсының құндылығы.

  • Операның алғаш қойылымы.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СӨЖ сұрақтары 11:



  • Операның либреттосы.

  • Туындының музыкалық драматургиясы (1-ші көріністегі Абайдың ариясы, 2-ші көріністегі Ажардың ариясы, Абайдың 5-ші көріністегі атақты «Ей, халайық» ариясы). .

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

апта 12

12 тақырып : Композитор Мұқан Төлебаев шығармашылығы.



Дәріс жоспары:

  • М.Төлебаев – кәсібиліктің шыңын меңгерген композитор.

  • Композатордың әртүрлі жанрда жазылған туындылары.

  • «Біржан-Сара» операсы.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СОӨЖ сұрақтары 12:


  • М.Төлебаевтың ән-романстары.

  • Композитордың кантата, симфониялық поэма, камералық аспапты туындылары.

  • Автордың «Біржан-Сара» операсы − қазақ музыка өнеріндегі ерекше құбылыс, шоқтығы биік туынды.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СӨЖ сұрақтары 12



  • «Кестелі орамал» және «Тос мені тос» әндері.

  • «Коммуниз оттары» кантатасы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы, скрипкаға арналған «Поэма» пьесасы.

  • «Біржан-Сара» операсының либреттосы, тақырыптық мазмұны, музыкалық тілі.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б
13 апта

13 тақырып: Композатор Сыдық Мұхамеджанов.



Дәріс жоспары:

  • С.Мұхамеджанов туындыларындағы көнеден жеткен музыкалық мұраның өзіндік қолтаңбамен өрнектелуі.

  • Композитор туындыларының көпжанрлық сипаты.

  • «Айсұлу» операсы.

  • «Жұмбақ қыз» операсы.

  • Ақан сері-Ақтоқты» операсы.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СОӨЖ сұрақтары 13:


  • Қазақ ұлт аспаптары оркестріне арналған шығармалар («Шаттық отаны», «Классикалық күй», «Концерттік вальс», «Қыз қуу»).

  • Абай өлеңдеріне жазылған романстар циклы.

  • «Айсұлу», «Жұмбақ қыз», Ақан сері-Ақтоқты» опералары.

  • Дауыс пен оркестрге арналған концерт.

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

СӨЖ сұрақтары 13:

1 «Шаттық отаны» поэмасынан домбыра және қобыз партияларын орындау (университет оркестрінің репертуарындағы шығарма).

2 «Айсұлу» операсынан Серкенің каватинасы.
14 апта

14 тақырып : Құддыс Қожамияровтың өмірі мен шығармашылығы..



Дәріс жоспары:

  • Қ.Қожамияровтың өмір жолы. .

  • «Туған колхозымда» атты шекті квартеті.

  • «Ризвангүл» симфониялық поэмасы.

  • «Чин Томур» балеті.

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б
СОӨЖ сұрақтары 14:


  • Қ.Қожамияров шығармашылығындағы ұйғыр халқының музыкалық фольклорының сипаты.

  • «Назугум» операсы. Қолтаңбасы. .

Әдебиет:

1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б
СӨЖ сұрақтары 14:


  • «Садыр Палуан» операсы.

  • Бірінші, Екінші, «Такла Макан» симфониялары.

  • «Садыр Палуан» операсынан Шаваханның зары (ноталық мысал).

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б

Баяндама және реферат тақырыптары:


  • А.Жұбановтың өміір мен шығармашылығы. .

  • Е.Г.Брусиловскийдың алғашқы опералық трилогиясы.

  • С.Мұхамеджанов шығармашылығындағы комедиялық образдаро.

  • С.мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» операсы.

  • А.Жұбановтың «Абай» операыс.

  • Қазақтың көне музыкалық фольклоры.

  • Эпикалық образдардың музыкадағы бейнесі. .

  • Домбырашылық өнердегі батысқазақстандық төкпе дәстүрі.

Әдебиет:


1 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

2 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.

3 Күзембай С., Т.Егінбаева Қазақ музыкасының тарихынан дәрістер. – Астана: Глассир, 2011. – 525 б.

4 Қазақ музыкасы. Антология. Сегізтомдық. − Алматы: ҚазАҚПАРАТ, 2005.−516 б


15 апта

15тақырып : Е.Рахмадиев − композитор және қоғам қайраткері.



Дәріс жоспары:

  • Е.Рахмадиев шығармашылығындағы вокалды музыка.

  • Аспапты музыкада композитор орнықтырған симфониялық күй жанры. .

  • Е.Рахмадиев музыкасындағы лироэпикалық бағыт.

  • Вокалдық-аспаптық туындылар.

СОӨЖ сұрақтары 15:

  • Композитордың музыкалық эстетикасы. .

  • Е.Рахмадиев шығармашылығындағы патриоттық тақырып.

  • «Қамар сұлу» операсы.

  • Сазгер иуындыларындағы лир-оэпикалық бағыт.

СӨЖ сұрақтары 15:



  • «Таң самалы», «Жетісудың қыздары-ай», «Анашым-Ардағым», «Дос көңілі» әндері. .

  • «Алпамыс» операсы.


Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі


  • Затаевич А. 1000 песен казахского народа. − М.Музгиз,

  • Затаевич А. 500 песен и кюев казахского народа. − М.Музгиз,

  • Ерзакович Б. Песенная культура казахского народа. − Алма—Ата: Наука, .

  • Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы,

  • Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы,

  • Ерзаковмч Б.Г:. Песенная культура казахского народа. Алматы. : 1976. -168 с.

  • Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып.1. М., 1978

  • Левик Б.В. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып.2. М., 1979

  • Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып.3. М., 1983

  • Левик Б.В. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып.4. М., 1981

3Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

пәні бойынша тапсырмалардың орындау және тапсыру кестесі




п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Жұмыстың орындалу мерзімі және тапсыру уақыты (апта)

Баллы

Бақылау түрі

1

Реферат

Талдау қабілеттерін дамыту, пән бойынша ақпараттандыру

Семинар тақырыбына сәйкес

1 сабақ СОӨЖ

6, 15 аптада



10% -тен

Семинар кезінде реферат және баяндама

2

СОӨЖ

Талдау қабілеттерін дамыту, пән бойынша ақпараттандыру

Семинар тақырыбына сәйкес

1 сабақ СОӨЖ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 апталарда



0,2 %

Ауызша сұрақтарды текмеру

3

СРС

Тақырып бойынша өзіндік жұмыс қабілеттерін дамыту


Семинар тақырыбына сәйкес

1 сабақ СОӨЖ

2, 4, 6, 8, 10, 12, 14 апталарда



по 4 %

Коллоквиум немесе ауызша түрінде білімін бағалау


4

Аралық бақылау кезіндегі музыкалық үзінділерді орындау

Музыкадағы әртүрлі бағыт, стиль, кезең бойынша білімін бағалау

Бірінші жұмыс 1 – 7 апта тақырыптары бойынша .

Екінші жұмыс 8 – 15 апта тақырыптары бойынша

.


7 и 14 апталар

1,5 %

Жазбаша жұмыстарды тексеру


5

Емтихан

Кешеді түрде білімді тексеру


Емтихандық тест бойынша сұрақтардың тізімі


Емтихандық сессия кезеңі (16-18 апталар)

40%

Тест


4.Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі.


п/п


Әдебиеттің аталуы

Барлыы

Ескерту

Кітапханада

6


Кафедрада

студенттердің қамтамасыз етілуі (%)

Электронндық түрі




1

2

3

4

5

6

7

1

Розеншильд К.К. История зарубежной музыки (ауд. А.Е.)

Корпус №4




100

-

Оқытушының жеке кітапханасы



2

Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран №1

1)Корпус № 4

2)Библ. им.Гайдара

3)Библ. им.Ж.Молдага-

лиева





80

-




3

Гивенталь И.А., Гингольд Л.Д. Музыкальная литература

1) № 4 корпус

2).Гайдар ат. кітапхана

3)Ж.Молдаға-

Лиев ат. кітапхана






80

-




4

Левик Б.В. История зарубежной музыки. Вып. 2

(ауд. А.Е.)



1)Корпус № 4

2)Библ. им.Гайдара

3)Библ. им.Ж.Молдага-

лиева





100

-




5

Конен В.Д. История заруб. Музыки, вып. 3

№4 Корпус

Гайдар ат. кітапхана







100

-

Оқытушының жеке кітапханасы


6

Левик Б.В.. Музыкальная литература зарубежных стран №2

1)Корпус № 4

2)Библ. им.Гайдара

3)Библ. им.Ж.Молдага-

лиева





100

-




7

Друскин М.С.

История зарубежной музыки. Вып. 4



№4 Корпус

Гайдар ат. кітапхана







100

-

Оқытушының жеке кітапханасы


8

Музыкальная энциклопедия в 9 томах

1)Корпус № 4

2)Библ. им.Гайдара

3)Библ. им.Ж.Молдага-

лиева





80

-





5. Дәрістік кешен.
І Дәріс. Көне заманғы музыкалық аспатар.

Жер бетінде Арктика мен Антарктидадан басқа құрлықтардың бәрінде далалық өңірлер кездеседі. Солардың ішіндегі ең көлемдісі Еуразия қос құрлығында — шығысында Хинган таулары мен батысында Карпат тауларының арасында керіліп жатыр. Адамзат — өркениетінде өзіндік лайықты орыны бар Еуразия көшпелілерінің үш мың жыл бойы, мүмкін, одан да ұзақтау уақыт аясында тербеліп өскен «тал бесігі» – осы Ұлы Дала. Күні бүгінге дейін бұл алапты көшпелілердің бірімен-бірі аудармашысыз-ақ түсінісе алатын ұрпақтары қоныс етеді. Олар қазір қырықтан астам этносты құрайды.

Жаңаша жыл санауға дейінгі I мыңжылдықта бастау алып, ХХ ғасырға дейін тұяқ іліктірген көшпелі өмір салттың кіндік мекені Қазақстан аймағы. Қазақ халқы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметі халық дәулетін өктемдікпен тәркілегенге дейін негізінен көшпелі өмір салтта болды.

Қазақстанның тұрғылықты (автохтонный, абориген) халқының ең ұзақ уақыт аясында көшпелі өмір салтта болу себебі, біріншіден – Еуразия Ұлы даласының ең енді тұсы Қазақ даласы болып табылады. Яғни, бұл дала бойлық бойынша тербеле көшіп-қонуға, былайша айтқанда табиғаттың қатал құрсауынан сытылып шығып, жыл құсы сияқты мәңгілік көктемді қуалап отыруға мейлінше қолайлы еді. Екіншіден – технократтық даму бел алғанға дейін Қазақтың қуаң даласында тіршілік үшін бірден-бір қолайлы өмір салт көшпелілік болды. Үшіншіден – қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып, түркі әлемінің кіндік мекенінде болуы да көшпелі өмір салтының тұрақтылығына себебін тигізбей қалған жоқ.

Міне, осындай қисындардан кейін, жалпы Еуразия көшпелілер туралы, олардың мәдени-рухани әлемі жайында осы уақытқа дейін белгілі болған айғақ-деректерді қазақ халқының да мәдени-рухани әлемімен шендестіріп қарастыруға әбден болады.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне қатысты ең бір байырғы дерек көздері археологиялық айғақтар болып табылады. Орта Азия халықтарының байырғы музыкалық мәдениетіне қатысты археологиялық айғақтар М.Е.Массон, Ә.Х.Марғұлан, С.И.Руденко, С.П.Толстов, А.М.Беленицкий, М.М.Дьяконов, А.Ю.Якубовский, Г.А,.Пугаченкова, К.В.Тревер, В.А.Мешкерис, р.Л.Садаков, К.М.Байпаков сияқты ғалым зерттеушілер жүргізген қазба жұмыстардың нәтижесінде айқын көрініс тапқан. Археологиялық олжалардың ішінде қобыз, домбыра, сазсырнай,үскірік, тастауық, қоңырау сияқты қазақтың бүгінгі қолданыстағы музыкалық аспаптарныың байырғы үлгілері кездесіп отырады. Ғалымдар тапқан археологиялық олжалардың іішнде музыкалық аспаптардың өзінен гөрі, олардың тасқа, сазға, металл бұйымдарына, қабырға суреттеріне түскен бейнелер молырақ ұшырасады. Әсіресе, Орта Ғасырдағы көркем миниатюралардан, баспа өнімдерінен, соның ішінде музыка туралы трактаттардан музыкалық аспаптардың суреттерін көптеп ұшырастыруға болады. Мұндай бейне-суреттер аспапты4 0алай қолданалатынын, қандай ортада тартылатынын және ол ортаның әлеуметтік ахуалын да аңғартып отырады.

«Кодекс Куманикус» кітабында жалпы музыкалық мәдениетке қатысты атаулар мен ұғымдар мол ұшырасады. Мәселен, кітаптан, мына сияқты музыкалық аспаптардың атауларын кезіктіруге болады: бурғу (бұғы, мүйіз сырнай), бурғуча (бұғышақ, кішкене мүйіз сырнай) , конров (қоңырау), қобуз (қобыз) нақара (нығар, қоңыраулы аспап), суруча (сырнай), таф (тап, тапталған темір аспап, аішылықта немесе жаугершілікте қолданылған), томбур (дауылпаз, барабан), түрбіт (труба, кернейдің бір түрі),

Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының музыкалық мәдениетінің көрнекті өкілі, батагөй дана, ақылгөй абыз, дәулескер қобызшы – Қорқыт ата (VIII-IX ғ.ғ.). Қобызшы күйлерінің бүгінгі күнге жетуінің ең тегеурінді себепшісі – қазақ даласында күйшілік дәстүрдің кең тарағандығы екені белгілі. Бұған Қорқыт заманына бергі ғасырларда да күйшілік өнердің үзілмей жалғасқаны ақын айғақ. Кетбұға (ХII-XIII ғ.ғ.), Сыпара жырау (XIV ғ.), Асанқайғы (XV ғ.), Қазтуған (XV ғ.), Қойлыбай бақсы (XVI ғ.), Марқасқа жырау (XVII ғ.), Байжігіт (XVII ғ.), Абылай хан (XVII ғ.), Құрманғазы (XIX ғ.), Дина (XX ғ.) сияқты тарихи тұлғалардың болғаны, олар шығарған күйлердің бүгінгі күнге музыкалық мол қазына болып отырғаны. Сонымен қатар, Орта ғасырда Әл-Фарабидың () «Музыканың ұлы кітабы», Ибн Синаның () «Айығу кітабы», М.Машқаридың () «Түрік сөздігі», Ж.Баласағұнның «Құтты білік» атты еңбектері қоғам санасының дамуына, музыка өнері туралы түсінікті тереңдетуге ықпалы зор еді. Осындай ғұлама ғалымдардың еңбектерінің ішінде Әл-Фарабидың () «Музыканың ұлы кітабы» атты трактатының орын ерекше. Бұл еңбекте музыка теориясы, оның пайда болу және қалыптасу тарихы, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологиясы, музыкалық шығармаларды орындаудың әдістәсілдері сияқты өзекті мәселелер терең ғылыми танымдық деңгейде пайымдалады.

Қазақ ауыз әдебиеті өзінің тұрмыстануы (бытование) тұрғысында музыкамен тығыз байланысты. Эпикалық жырлардан бастап, толғау, терме, қара өлең, жаржар, сыңсу, жоқтау түріндегі поэзия үлгілерінің баршасы міндетті түрде белгілі бір әуен, сарын-саз арқылы жұптаса орындалады. Алуан жанрлы сөз өнерінің ішінде музыкалық аспаптардың атаулары көптеп кездеседі.
Қорыта келе, мұның бәрі, қазақтың музыкалық мәдениетінің түп-тамыры мен қалыптасу жолдары тереңде жатқанының айғағы.

ІI Дәріс

ХVIII-XIX ғ.ғ. қазақтың музыкалық орындаушылық мәдениетін зерттеу әдістері,

ХVIII-XIX ғ.ғ. қазақтың музыкалық орындаушылық өнері ерекше сипат алды. Бұл кезеңде қазақ музыкасы жалпы түркілік тектестік аясында өзінің даралығын айқындап алды. Сонымен қатар, қазақтың музыкалық орындаушылық мәдениетіне бұл кезең Алтын Ғасыр болып енгені белгілі. Бұл кезеңде қазақтың музыкалық орындаушылық өнері туралы этнографиялық мағлұмат, очерк, қолжазба және күнделік түрінде хатқа түскен деректемелер мейлінше мол болды. Мәселен, ағылшын суретшісі Джон Кастль Орынбор өлкесіндегі қазақ ауылдарын аралап, орындаушылық өнер туралы мынандай дерек қалдырады: «Шымылдықтың сыртында қара барқыт киген бір қалмақ қызы бандурада орыс әндерін орындап отырады. Ханның дәл алдында бір қарт кісі және бір бозбала отырды, қарттың қолында түркі балалайкасы (яғни домбыра), бозбала болса ноғай скрипкасын (яғни қобыз) тартып отыр. Ханнан үш адым жерде орталарындағы қойдың майынан жасалған шамды жағалай оның билері орналасқан». Дастархан жиналған соң, рахаттанып отырып әшкен мол да жақсы тамақтан кейін сыбызғы тартылады. Сыбызғыны томар дәрі (еллобор, морозник) дейтін қара немесе ақ шөптен жасайжы. Сыбызғыда орындаған әндер ертедегі батырлардың ерлік істері жайында, солардың барымташылығы, шапқыншылығы, сөйтіп жүріп жан тапсырғандығы туралы болып келеді, негізінен олар мұңды болады»[1]. Осы шағын үзіндіден қазақтың музыкалық аспаптары байырғы заманнан бері ханның да, қараның да ортасында кең орындалып, демократиялық сипатқа ие болғандығының айқын дәлелі.

Музыкалық аспаптарда күй тартатын немесе әнді қосылып айтатын дәстүрдің ертеден қалыптасқаны туралы дерек мол. Осы ретте И.И.Георги мен И.Г.Андреевтің еңбектері назар аударарлықтай. Олар қазақ өмір салтында музыканың серік болмайтын саласының жоққа тән екені, осыған байланысты ән-күйдің тұрмыстану жайлы мол tңбек қалдырды.

Қазақ даласына ХІХ ғ. бас кезінен бастап қызмет бабымен ғалым-этнографтар, саяхатшылар қоныстанып, олар аз уақытқа келіпкетушілердей емес, мекен еткен өңірлерінде жылдап тұрып, нл өмірінің қыр-сырын терең танып-үсінуге аса құштар болды. Т. Г.Шевченко. А.Янушкевич, Г.Зелинский, Б.Залесский, А.Сузин, С.Большой сияқты көртеген саяси жер аударушылар аспаптық музыка, бұл аспапта орындаушылар туралы көптеген этнографяилық жазбалар қалдырды. Аспаптық музыканың халық өміріндегі орнын анықтау үшін поляк жазушысы Адольф Янушкевичтың (1803-1857) күнделіктері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын жоғантқан жоқ. Ол экспедиция жоспары бойынша Семей өңірінде болғанда соңғы қобызшы ойынының куәгері болған еді. Варшава университетінің түлегі, жан-жақты білімдар адам, қобыздың бақсы өнеріндегі шеберлікпен пайдаланғанын жазды. Адольф Янушкевич «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына саяхат туралы жазбалар» атты еңбегінде қазақтың тұрақты халқына сүйіспеншілік пен гуманистік көзқарас танытқаны белгілі. Ол он сегіз жыл қазақ елінде айдауда болған кезеңінің әр күнін бақылап-байқағанының ішінен қызықтысын күн сайын жазып, туған-туысқандары мен дос-жарандарына хат ретінде жолдап отырды. Бес ай бойы экспедицияда Ертістен «етегін қар басқан Алатауға» дейін қиырларды шарлап, аңыз, жыр, толғауларды, жалпы халық шығармашылығына ден қойып, оның үлгілерін өзінің күнделігіне түсірген. Ол: «қазақтар ауру сырқауларды дүмшелікпен, тәуіптік жолмен емдеп, алдап-арбайды» – деп жазды . Адольф Янушкевич өзінің Польшадағы туған бауырына жазған бір хатында бақсы ойынынынан алған ғажайып әсерімен былай бөліседі: «...Ол (бақсы) біз берген төрт пышақты иығына қойды да, белбеумен мықтап байлауға әмір етіп, сол жөргектелген күйінде киіз үйдің ішімен домалады. Содан соң байланған белбеудің астынан пышақтарды алып, денесіне сұқты. Оның еш жерінің ауырмағаны сондай, бір тамшы қан да шықпады. Оның сиқырына көзім жетіп, ұйықтауға кеттім. Қызыл бөрікті, теке сақалды бұл дүмшенің бейнесі, оның жын шақыру үшін тартылған жабайы музыкасы мен әні, майшамның күңгірт жарығы түскен киіз үй, осы суреттің бәрі түні бойы түсіме еніп, дұрыс ұйықтай алмай шықтым» . Қазақтың айтыс өнері, ән-күй туралы тұтқында болған Савва Большой қалдырған еді.

Қазақтың ән-күй өнері ауыздан-ауызға тарап, қолдан-қолға көшіп отырып, бүртұтас музыкалық кеңістікті қалыптастырды. Ал, бұларды айтып таратушылардың ішінде кәсіпқой музыканттар да болды.

Қазақтың музыкалық аспаптары А.Эйхгорн (1844-1910) еңбегінде сипатталған. Қобыз, домбыра, сыбызғы сияқты аспаптардың бітім қасиеті, құлақ-күйі, дыбыс қатарлары, тембрі және ойнау тәсілдері жан-жақты сараланған. Ішінара музыкалық аспаптың мүмкіндігін білдіретін ноталық жазбалар келтірілген.

Петербург университетінің тарих-филология факультетін бітірген, консерваторияда Н.А.Римский-Корсаковтың композиция бойынша білім алған білікті музыкант-этнограф С.Г.Рыбаков (1867-1922) қазақтың музыкалық орындаушылық өнері туралы өзінің зерттеу еібектерінде қазақ ән өнерінің діни әсерінен тазалығы, ән мен күйдің ел өміріндегі елеулі оқиғаларға үн қосқыш демокритиялық сипаты, алуан тақырыптылығы, ондай әндердің көбінесе аспаптармен сүйемелденетіні туралы жазып, ол аспаптардың оң (кварта) және теріс (квинта) бүрауларымен тартылатыны, сондай-ақ үлкен және кіші терциялардың қазақ ән-күйіне мейлінше жағымды рең беретіні жөнінде терең толғамды зерттеме жұмыстар атқарды.

XVIII-XIX ғ.ғ. саяхатшы-ғалымдардың осындай деректері қазақтың музыкалық орындаушылық өнерінің биік көркемдік-эстетикалық мән-мағынаға ие екенінің дәлелі. Мұндай зерттемелердің қазақ мәдениетін басқа халықтарға танытуда маңызы зор болды



Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Джон Кастль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы. Алматы, Ғылым, 1996. -74 б.


ІІІ Дәріс

Қазақтың музыкалық орындаушылық өнерінің Кеңес заманындағы зерттелуі

Кеңес заманында алғашқылардың бірі болып қазақтың аспаптық орындаушылыөқ өнері туралы жазған А.Э.Бимбоэс (1878-1942). Қызыл армия қатарына өзі тіленіп келген А.Э.Бимбоэсты жылы Көкшетау аймағына саяси бөлімнің нұсқаушысы етіп жібереді. Осы қызметі бойынша Ақмолада тұрып, қаладағы концерттерге қатысып, хор ұйымдастырып, музыка мектебінде сабақ береді. Сонымен қатар, ол қазақтың ән-күйін жинаумен айналасады. Ол Ақмоладағы қазақ музыкасын жинау барысында жүргізген дәптерлерін кейін бклгілі музыка фольклоршысы А.В.Затаевичке тарту етті.

Қазақтың орындаушылық өнері туралы зерттеуге ерекше еңбек сіңірген тұлға – Александр Викторович Затаевич (1869-1936). Орлов қаласындағы әскери гимназияда музыкалық білім алған А.В.Затаевич 1904-1915 жылдар аралығында Варшава консерваториясының жанынан шығатын «Варшавский дневник» газетінде музыка сыншысы болып еңбек етеді. Осы газетте орыс және батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттайтын мыңға тарта мақала жариялайды (В.А.Затаевич. Исследования, воспоминания, пистма и документы. Алматы, 1958, 214-бет.). Бұл кезең Затаевич үшін музыкалық тәжірибесін шыңдаған, осы салада толымды еңбек тындыруға деген құлшынысын оятқан жылдар болады. Мұнан әрі Қазан төңкерісінен кейінгі саяси-әлеуметтік өзгерістерге орай А.В.Затаевич әр түрлі қызметтер атқара жүріп, 1920 жыы Орынбор қаласына келеді. Ол кезде Орынбор Қазақ АССР-нің астанасы (1920-1922), ел қамы, халық тағдыры жолындағы іске бел буған қазақ азаматтарының шоғырланған қаласы. Кең байтақ Қазақстанның әр шалғайынан келген қазақ азаматтарының қай-қайсысы да өздері туып-өскен өңірдің мәдени-рухани шежіресіне қанық, әсіресе әні мен күйіне жүйрік зерделі жандар болған. Міне, осы ахуалды тап басып, терең сезінген А.В.Затаевич қазақтың көл-көсір музыкалық мұрасын жинауға жалтақсыз бел буып, өз сөзімен айтқанда «қазақ эпопеясын бастап жібереді».

А.В.Затаевичке қазақ ән-күйін жаздыртып, қазақ күйшілер туралы дерек берушілердің ішінде Әліби Жанкелдин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты халық комиссарлары, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов сынды ақын-жазушылар, Ораз Жандосов, Темірбек Жүргенов, Алма Оразбаева, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ғани Мұратбаев сынды зиялылар, сондай-ақ Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Иса Байзаков, Ғаббас Айтбаев, Майра Уәлиқызы, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Науша Бөкейханов, Салауат Шығаев (күйші-композитор, Дәулеткерейдің баласы), Жаяу Мұса Байжанов, Ғұбайдолла Мұхитов, Жұмат Шанин сияқты өнерпаз әнші-күйшілер.

А.В.Затаевичтың арқасында қазақ халқы өз көкірегінде, өз аузында, өзінің саусағының ұшында шашылып жатқан бай қазынасының бар екеніне көзі жетті, сөйтіп музыкалық мәдениетін одан әрі дамытуға құлшына кірісті. Өнерпаздардың республикалық байқаулары ұйымдастырылып, ел ішіндегі біртуар дарындылар іріктеле бастады, театрлар ашылып, оркестрлер ұйымдастырылды.

Этнограф-ғалым жинақтап бастырған қазақтың ән-күйі шын мәнінде ірі мәдени құбылыс ретінде дүние жүзінң назарын аударды. Ресейде Максим Горький, Францияда Роменн Роллан, Германияда профессор Хормбостер, Швейцарияда профессор профессор Гандшин, Чехияда профессор Эрвин Шульгоф сияқты әйгілі тұлғалар үлкен таңданыспен лебіздерін білдірді. Атақты Сергей Прокофьевтың зайыбы Париждың радиосы арқылы 1934 жылы қазақтың 8 әнін орындады. А.В.Затаевич жинаған қазақтың ән-күйіне Америкадан сұраулар түседі.

Орта Азия мен Кавказ халықтарының, соның ішінде қазақ халқының музыкалық орындаушылық өнері туралы зерттеуге елеулі үлес қосқан өнертану ғылымдарының докторы (), Мәскеу консерваториясының профессоры Виктор Михайлович Беляев () болды. Ол аспапты музыканың, яғни күй өнерінің төл ерекшеліктерін саралады. Біржан, Абай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Кенен сияқты өнер саңлақтарының мұрасына толымды талдау жасайды, ерекшеліктерін саралауға сүбелі үлес қосты.

Күй өнерінің этимологиясын, жанр тұрғысынан анықтауда көп еңбек сіңірген ғалым-лингвист Құдайберген Жұбанов (1899-1938). Оның «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі» кітабы 1936 жылы Қызылорда қаласында жарық көрді. Ғалым өз еңбегінде: «Қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрлардың бірі – күйлер. Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа да жағынан қараған да күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді айырықша бағалайды, онда айтып тұрған әңгіме, сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды».



І V Дәріс

Қорқыт мұрасының этнопедагогикалық мәні

Халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша, қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқытты бірінші рет таңқаларлық әдемі сөзбен ғылым жүзіне келтірген–араб географы Истахри (X). Бүгінгі таңда Қорқыт жырау туралы әрбір тілден мол мәліметтер жиналып отыр. Оның көбі ескі түркі, парсы, араб жазуларынан алынған. Раш-әд-дин қасына әрбір өлкеден білгіш адамдарды жинап, Қорқыт пен оғыз туралы көп әфсаналар жинап алады.

Қорқыт 295 жыл өмір сүрген. Қорқыт пен «Оғыз-наме» әфсаналарын жарқын түрде жазып кеткен ойшының бірі қыпшақ елінің жазушысы Әбубәкір ибн Абдулла Айбек Дудари. Қорқыт хикаясында (Дрезден нұсқасы) айтылатын «Төбекөз» әфсанасын өткен ғасырда бірінші болып зерттеген неміс ғалымы Ди болды. Төбекөзді ол Гомердің «Одиссейіндегі» айтылған Дастүрлі музыкалық тілмен айтқанда,

Палифеммен салыстырып, бұл әфсананы гректер күншығыс елінен алған деп дәлелдейді. Қорқыттың өмірбаянын, ол туралы ескі әфсаналарды келістіре толығымен жазған ойшылдардың тағы бірі атақты Абылғазы тарихшы. Бұл ғалым: «Қорқыт – бүкіл оғыз қыпшақтарының ұлы атасы, оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей ақылшы, кеңесші». Ол оғыз заманынан қалған тарихи отанға үлгі айтып билік құрған дана болған кісі. Көне грек мифологиясында Қорқытқа ұқсас образ болған. Далалықтардың күн, табиғат туралы түсініктерінен рухтанған көне гректер өз кезектерінде олар жайлы өз төлтума әфсанасын дүниеге әкелді. Бірақ дала перзенттері жайлы да ұмытқан жоқ. Оларды данагөй кентавр Хиронның образында сомдады. Көне гректер Қорқыт Хиронға бір кісідей тәу еткен. Олар Қорқыт жайлы аңызды өте жақсы білген және Қорқыт Ата туралы аңыздың бас кейіпкері грек емес, ат жалында ғұмыры өткен далалық болғандығына сенген. Көне гректер оны Қорқыт емес, Хирон есімді Кентавр ретінде таныған.

Қорқыт мұрасы әзірбайжан, түрікмен, өзбек, башқұрт, татар елдерінде сақталып, насихатталып келеді. Ал, оның күйлерінің тек қазақ арасында рухани азық ретінде таралуында өзіндік тарихи себептер бар. Біріншілен – Қорқыт шыққан оғыздардың кіндік жұрты – қазақ даласы. Екіншіден – қазақтардың XX ғасырға дейін көшпелі өмір салтта болуы иісі түркілік дәстүр мен ділдің (менталитет) таза ерекшеленіп, дамуына ықпал етті. Үшіншіден – көшпелі өмір салтында ислам дінінінің дендеп орнығуына мүмкіндігін азайтты. XIX-XX ғасырға дейін бұрынғы Тәңірлік наным-сенім үстем болып, Тәңірдің жердегі өкілі деп есептелетін бақсылардың ел ішіндегі беделі күшті болды. Ал бақсыны тәңірмен тілдестіретін аспап – қобыз еді.

Аңыз бойынша, Қорқыт қобызы күй төгіп, өмір жырын толғап тұрғанда, оған ажал батып келе алмайды. Қорқыт өз аңыздарын бізге күй тілімен жеткізе білген. Бір аңызда бала Қорқыттың Желмаясына мініп, қараңғы түнде келе жатып, айдалада өзінен-өзі сарнап жатқан қобызды тауып алғаны жөнінде айтылса, тағы бір аңызда Қорқыттың шәкірті Қойлыбай бақсының өз қобызын қалай бәйгеге қосқаны, қобыздың сөреге қалай бірінші келгені хақында баяндалады. Ал, “Башпай” күйінің негізіне биік этикалық талғам қойылған.

Мысалы, VIIІ ғасырдан жеткен Қорқыт күйлерінің этникалық-тарихи-философиялық болмысын бала-шаға да, ұлық та, кішік те, бірдей түсінді. Халық өз көкірегінде рухани асыл қазынаны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беріп отырды. Шынында да, қазақтың кең байтақ сайын даласында рухани мұралардың бұзылмай, ұрпақтан ұрпаққа үзілмей барлық өңірде қатаң үлгіде сақталуы құдыретті құбылыс. Қазақ даласында VIII ғ. өзінде-ақ музыкалық мәдениет ән түрінде (вокалды музыка) және күй түрінде (аспапты музыка) көрініс тауып, музыкалық дәстүрі ғана сондай дарын иесін дүниеге әкелгені тарихи ақиқат. Қорқыттың өмір сүрген кезеңі ысқышты аспаптардың шығу мерзімімен дәл келеді. Ал, бір қатар елдерде мұндай ысқышты аспаптар едәуір кейінірек тараған.

Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы Қорқыт, қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Киелі аспабын серік етіп ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсы. Оның өміріне қатысты аңыз-әңгіменің басым көпшілігінің күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып жатуының сыры осында. “Қорқыт күйі”, “Қорқыт сарыны” , “Кілем жайған”, “Арыстан баб”, “Тәңірі күйі”, “Көк бұқа”, “Қорқыттың елмен қоштасуы” деген көне күйлер, сарындар бүгінге дейін құндылығын жоймай, бүкіл түркі халықтарының рухани азығы болып отыр. Бұл күйлердің аңыз-әңгімесінен де бұрынғы әуен сазындағы қарапайым көнелік, бақсы сарындармен үндестік, әсіресе өмір құбылыстарына тікелей еліктеушілік ең алдымен Қорқыттың тарихи тұлға екеніне күмәнсыз айғақ болғандай. 1975 жылы Қорқыттың біраз күйлерін Шәменұлы Ысмайылдың (Нышан) орындауында қобызшы Жарқынбеков Мұсабек пен фольклоршы Байділдаев Мардан жазып алып, кітап қылып шығарды.

Қобыз күйлері мен аңыз әңгімелерінің бүгінгі күнімізге дейін жетуінің ең басты сыры осынау рухани дәстүрдің үзілмей жалғасуынан деп білу керек. Қорқыттан көп заман кейін оғыздардың көпшілігі Амудария Харасанға кетті. Қорқыт ұрпағынан, Баят тайпасынан Өгіршек деген бір атақты кісі шығып, Қорқыттан 300 жыл кейін Сыр бойын мекендеп, Қаңлы хандығына бағынып отырды. Қаңлылар ол кезде Жетісу, Іледен бастап, Арал теңізіне дейін, солтүстікте Қарақұрымға дейін қоныстанып отырды. Қаңлылардың хандарының аты ол кезде «Көк таңды» деп аталатын. Қорқыттың ұрпағы Өгіршек соның қасына келіп, бірнеше жыл бірге отырды, ақырында екеуі сыйыспай Өгіршек Маңғыстауға көшіп кетті.

Мұхтар Әуезов Қорқыт аңызын гректің адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлайтын, өсиет етіп кеткен данагөй баба, осынау бай тарихи мұрасы бар қобызды Прометей туралы аңызымен теңестіреді. Қорқыт ата бүкіл түркі жұртына имандылық пен сыйластық, әділеттілік пен ізеттілік өлшемдерін кейінгі ұрпағына сыйлай білген.

Ол өз өмірінде Көктүріктің бөлшектеніп, жіктелуін жек көрді. Оның аяғы елдің бұғау киесіне соғатынын жұрттан бұрын байқады. Қорқыт Ата Майқы биден кейінгі қазақ жеріндегі айтулы тұлға. Қорқыт бабаның қобызбен тартқан бірнеше күйлерін Қазыбек бек Тауасарұлы хатқа түсірген еді. Бірақ сұм соғыстарда олар жоғалып қалды
V Дәріс
Уали ұлы Абылай хан күйлері

(1771-1780)
Қазақстанның орталық аймағында қоңыр күйлер мен бойлауйқ күйлер көбірек тартылса,шығыс өңірінде тік күйлер басымдау болып келеді. Абылай хан күйлерінде осы екі өңір дәстүр қатар өріліп отырады. Мұның өзі Абылай заманында күйшілік мектептердің әлі де болса айқын саралана қоймағаның аңғартады. Соңдықтан да Абылай күйлері тыңдаушысын бірде толғанта тебірентіп, келесі сәтте өмірдің қаңқызу құбылыстарына араластырып, енді бірде жанды суреттермен ұйыта баурап отырады. Абылай хан күйлерін ең алғаш нотаға түсірушілердің бірі А.В.Затаевичтің пікірі еске түседі: «Менің ойымша, «Абылайдың қара жорғасы» күйін осы тектес күйлердің ішіндегі тәуірі деуге болады. Оған жау тұтқынынан босанға Абылай ханның алыпұшқан көңіл күйін,астындағы аттың желдей ескен жүрісін бейнелейтін осынау мамыржай күйдің сұлу суреті және бел буындағы әсем ырғағы жарқын айғақ бола алады», - дейді. Абылай ханның «Қара жорға» күйін А.В.Затаевич 1926 жылы Қарқаралыда Майтасов Асылбек деген домбырашыдан жазып алған.

«Қара жорға» арқылы Абылай күйлерінің белгілі бір оқиғаға арнала отырып, адам сезімін сол оқиғаның жанды суреттерімен баурайтын қасиеттерін байқаймыз.Мұндай ерекшеліктер «Садақ қақпай», «Майда жал», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт» сияқты күйлерінен де айқын аңғарылады. Сөз орайында,1934 жылы халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық байқауында Арқадан келген домбырашы Әубәкіров Ілияс Абылайдың «Садақ қақпай» күйін және «Орақ зары» атты халық күйін тартып, екінші орынға ие болғанын айта кеткен жөн.


№6 Дәріс.

Абай музыкасын педагогикада қолдану әдістері.

Әлемдік мәдениет тарихында аты қалған атақты сөз зергерлері, суретшілер, философтар көп, олар өз халқының рухани байлығын әлемге танытып, жалпы адамзаттық мәдениеттің өкіліне айналғандар. Осындай үлкен сөз зергері, рух пен ойдың кемеңгері Абай Құнанбаев (1845-1904). Оның поэзиясында өзінің туған халқының өмірі мен тұрмысы, жаратылыс құпиясы мен адам жаны кең жырланған. Абайдың ұлылығы - поэзияда, прозада, аудармада, сонымен қатар музыкада шығарманың формасы мен мазмұнының үйлесімділігін тапқанындай. Осындай тың жерден түрен тартқан ойшыл Абай өз үнін бұқараға жеткізу үшін сөз жауһарын терді, ойшыл ақын ретінде философиялық абстракцияның шыңына шықты, күрделі ғұмырлық және моральдық-әдептік құндылықтарды сөз етті. Туған жерге деген махаббат Абайдың адамға деген сүйіспеншілігімен астасып жатады. Оның гуманистік көзқарасы да осында, сол себеппен Абай мұрасы өз тұстастарына да үлгі болған, кейінгіге де өнеге алар үлгі болып қала бермек.

1995 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Абай жылы деп аталып өтілуі - қазақ ойшылының әлемдік дәрежеде мойындалғанының фактісі болды. Абай шығармашылығы сан-салалы: ол - ақын, ойшыл, ағартушы, рухани ұстаз, әнші, сазгер. Ол өз шығармашылығымен көпшіліктің санасын оятады, оның рухани тазаруына әсер етеді. Абай сөзіне қазіргі кезеңде де назар аударуға мәжбүрміз, өйткені ол халқымыздың тарихы, мәдениеті мен тұрмысы. Осыған қатысты М.Әуезовтың пікіріне құлақ қояйық: «Абай біздің өткен өміріміз емес. Ол халықпен бірге мақсатқа батыл қадам жасаған адам, ал мұндай жанға өлім жоқ, әрі оның шығармашылық тұлғасы алдында уақыт дэрменсіз».

Абай туралы біз аз білмейміз, «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деп өзі айтқандай, әлі күнге ақынның жан сыры ашыла қойған жоқ. Ол жұмбақтарының бірі - энциклопедиялық эмбебаптығы, өзінің рухани бай аурасы, халықтық - поэтикалық және музыкалық фольклор саласындағы мінезі, дүние құпиясын шешпек болған жаңашылдығы.

Ол екі жүзден астам әр түрлі көлемдегі өлеңдер, шығыстық сарындағы үш поэма жазып қалдырды және Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың негізгі шығармаларын аударды. Абай дарыны орыс әдебиетімен қатар шығыс поэзиясын да тең меңгерді. Оның ақындық қарымы жан-жақты: тарих, этнография, философия, мәдениеттану, әдеби сын саласындағы еңбегі ұшан-теңіз, білімдарлығының арқасында өзіне дейінгі ескі сүрлеу жолды қайта жаңартқан тұлға ретінде тарихта қалды. Дәстүрлі қазақ жырының құрылымын жаңғыртты (Абай оннан астам бұрын белгісіз өлең формаларын жасап шығарды). Ол сол заманның әдебиетіне философиялық поэма, сатиралық памфлет, азаматтық лирика, нақылдар, терең ойлаудың синтезі - «Ғақлия» сияқты және публицистика, ақыл-кеңес, сонымен қатар афоризмдер сияқты жаңа жанрлар енгізді. Абайдың қоғамдағы қайраткерлігі де жан-жақты болды. Ол өз халқының тағдырына алаңдап, Қоңыр-Көкше аймағының болысы болып сайланды (1876-1878). Өмірінің соңына дейін халық жанашыры болды. Сотта қорғаушы болып, әділдікпен шындықты жақтап, маңайына шапағаты көп тиді. Абайдың өзекті бірақ аз зерттелген қыры - оның музыкалық көзқарасы. Абайдың көзін көрген замандастары, жақындары, соңына ерген шәкірттерінің куәландыруы бойынша, ақынның шабыты келгенде тамаша импровизатор, ғажайып орындаушыға айналып шыға келетіні айтылған. Музыкалық дарыны жайлы оның поэзиясы да хабар беретіндей. Бұл жөнінде академик Асафьевтің «жазушы, болмаса ақын музыка туралы ашық ешнәрсе айтпауы мүмкін, десек те нағыз дарынның поэтикалық харекеті музыкалық болатыны анық». Осы сөз Абайға да дөп келеді. Ол өз замандастарының арасынан суырылып, адамзатқа ортақ махаббат пен ғадауатқа жыр толғап, тұнжыр табиғат суретін тапқан дара ақын. Осы қырынан қарағанда Абайдың кез-келген өлеңі ән сияқты жүректі тербейді. Белгісіз әуенмен өрнектелгендей әсер қалдырады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша Абай әндері біртұтас шығармашылықтың жемісі, өлең мен ән және әуен бірден туған. Бұл Абайдың жалпы халыққа өз ойын жеткізейін деген тілегінен туған арман ғана емес, оның өзіне тән ішкі терең жан-дүниесі мен музыкалық дарынының атқылаған жанартауы.

«Ол жердің сұлулығы мен өз жүрек еркіндігін өзгеше білдірген сезімтал жан. Бұл кейде жаңа ғана күнге ұмтылған жас құрақ, кейде ерте көктемнің шуағы, кейде даланың қоңыр салқын желі, оны сергітіп, өлең-шумақтарымен астасып, жаңа әндерінің алғашқы әуездерін тудыратындай еді. Ол оны сезбегендей ән салды. Мәкен тыңдады, тыңдады да ағасының басқаның емес, өз әнін айтып тұрғанын түсіне қойды», - деп «Абай жолы» эпопеясында Мұхтар Әуезов ақынның шығармашылық сәтін осылай сипаттап жазды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың аса бай фольклоры, шығыстың дәстүрлі поэзиясы және орыс әдебиеті мен орыс романсының ықпалымен жазылды. Абай дәуірі - XIX ғасыр, бұл қазақ музыканттарының орындаушылық шеберлігі мейлінше шыңға көтерілген кезеңі. Бұл дәуірде Құрманғазы, Дәулеткерей, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты біртуар өнерпаздар өмір сүрді. Бұлардың шығармашылығында ұлттық дәстүрдің жаңаруы, жаңа тарихтың міндетін арқалаған жаңашыл көзқарас айрықша орын алды.
№7 Дәріс.

Құрманғазы күйлерін орындау әдістері.
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін қазақ халқының аяулы перзеттерін мемлекеттік дәрежеде ұлықтап ардақтау - бірден қолға алынған міндет болды. Осындай қамқорлық көзқарастың арқасында Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Махамбет Өтемісов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.

Осы шаралардың ішіндегі ерекшесі - Құрманғазы бабамыздың тойы, бұл той елімізде тұратын барлық ұлт-ұлысқа ортақ өнердің тойы болды. Өйткені Құрманғазы мұрасы бүкіл адамзат ұрпағына тән өмірдегі түйіткілдер мен фәнилік һәм бақилық шындықтың куәгеріндей ұлы еді.

Құрманғазының 175-жылдығы Ресей жерінде (Астрахан жерінде және Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы концерт залында), Түркияның біраз қалаларында сонымен қатар көптеген достастық елдерінде үлкен салтанатпен өтті. Осы оқиғаға байланысты 1998 жылдың 27 қарашасьшда Алматы қаласында өткен салтанатты жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Құрманғазы арқылы қазақ даласын бүкіл планета таныды, ал біздің халықты әлем мойындады».

19-ғасыр - Ресей саясатында қазақ жерін колонияға айналдырудың әрі қарай жалғасқан кезеңі еді. Қазақ қоғамына ендеп кірген капиталистік өндіріс қатынасы рулық-билік жүйесіне құрылған дала заңымен шарпысқан заманды алып келді. Қалың бұқара орыс өктемшілігімен бірге байлар мен шенді-шекпенділердің қанаушылық қамытын басына киді. Осы тарихи факторлар халық санасын оята бастады. Соның салдарынан Арынғазы, Сырым, Есет, Бекет, Жанқожа, Досан, Жәуке, Исатай, Махамбет, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай сияқты халық батырлары көтерілістер ұйымдастырды.

19-ғасырдың есте қаларлық ерекшелігі өнер мен мәдениетке де қатысты болды. Осы ғасыр тарихи тайталастарға қарамастан ұлттық өнеріміздің шарықтап шыңға шыққан шағы болды. Халық арасынан шыққан біртума дарындар осы кезеңде емір сүрді. Жоғарыда аттары аталған бірсыпыра өнерпаздар шоғырымен бірге ел арасынан ауызша дәстүрді еміп өскен төкпе ақындар, сал-серілер мен әнші-өлеңшілер де халыққа таныла бастады. Олардың ішінен рухани байлығымыздың қазынасын толтырған толағай таланттар - Мұхит, Ақан сері, Біржан сал, Абай, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Жаяу Мұха, Әсет, Балуан Шолақтардың есімдері ілтипатпен аталады.

Осынау қазақ дарындарының ішіндегі өнердегі «жолы үлкендік» жоралғы сөз жоқ, күй атасы - Құрманғазы Сағырбайулына (1823-1889) тиесілі. Болашақ домбырашының жастық шағы Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық көтерілісіне дөп келіп, оның санасында бостандықты сүйгіш сезім түйін салды. Халық батырларының отаршылыққа қарсы күресі жас Құрманғазының халық мұң-зарын ертерек ұғынуына үлкен әсер етіп, намысын оятты. Ол үшін Исатай мен Махамбет еркіндік пен ерліктің символы (үлгісі) болды.

Дарын иесінің шабытын қозғаған халық арасына ауызба-ауыз тараған Махамбеттің өршіл поэзиясы еді. Туған халқы үшін жанын шүберекке түйген ақын өз арманын былай жырлады:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам - деп едім.

Жағалай жатқан сол жерге

Мал толтырсам - деп едім.

Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық.

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік.

Теңдікті, малды бермедік,

Теңсіздік малға көнбедік!

Исатай мен Махамбеттің ерлігіне арнаған Құрманғазының «Жігер», «Кішкентай», «Көбік шашқан» сияқты күйлері халықтық ұранға айналды.

Мөлтек симфония сияқты бұл шығармаларында сазгер төзімді, тәкаппар халықтың бейнесін жасады. Күйлердің өн бойы сезімшіл экспрессия мен психологиялық шиеленістерден тұрады. Құрманғазының бұл туындыларына эпиграф ретінде «Сағынам аузыма алсам Исатайды» деген атақты Шернияз ақынның сөзіне жауап ретінде айтақан:

Исатай мен Махамбет

Өкіне ме екен, «өлдім» деп!

- деген өз өлең жолдарын алуға эбден болатындай.

Құрманғазы төкпе күй стиліндегі домбыра өнерінің ірі арнасының негізін салды және осы мектептің кәсіби шыңына шыға алды. Домбыра музыкасының тақырыптық аясы кеңейіп, жаңа соқпаққа түсті. Ол - 60 шақты күйдің авторы. Ұлы музыканттың жаңашыл қолтаңбасы оның әр күйінен, жалпы шығармашылық кейпі мен дыбысты еркін билеп-төстеген даңғайырлығынан анық білініп тұрады. Сазгер шығармалары от шашқан жанартау сияқты. Әсем мелодиялық өрім мен метрлік Құрманғазыньщ ерекше дарынының алдында оңай шешіліп отырды. Дала халқының өршіл тұлғасы жасалды. («Сары-арқа», «Балбырауын» сияқты күйлерінің ырғақтық екпінге құрылған күй композициясы мен формасы шын мәніндегі аспаптық өнердегі көркемдіктің шедеврлер үлгісі. Күй тақырыбы мен оның кейіптік (образдық) күрделілігі, өзі өмір сүрген замандағы адамдар бейнесі («Төремұрат»), туған жер табиғаты («Қызыл қайың», («Алатау»), философияяық толғаныс («Көбік шашқан»), қоғамдық-әлеуметтік мәселелер («Кішкентай») сияқты тақырыптар сазгердің шығармашылығының негізі болды.

№8 Дәріс.


Қазақстан композиторларының шығармаларын меңгеру әдістері.

1. Еуропалық кәсіби музыкальщ өнердің қазақ жерінде қалыптасуына байланысты шаралар. Алзашқы музыкалық ұжымдар.

Қазақтың кәсіби музыкасының іргетасы қаланып, дәстүрлі соқпаққа түскен XX ғасырдың алғашқы жартысы мәдениетіміз тарихындағы өркендеу кезеңі болып табылады, осы жылдар аралығында кәсіби музыка өнерінің барлық жанрын игерген ұлттық композиторлық мектеп қалыптасты. Қазақ музыкасының жетістіктерін әлем таныды.

Қазақ халқының ежелден ауызша дамыған байырғы мәдениеті енді Еуропа кәсіби үлгісіне бағытталып, үлкен өзгерісті және музыкалық әрекетінің жаңа түрін игеруді талап етті. Осы тұрғыдан атайтынымыз:

а) көркем өнерпаздар ұжымының қызметінен және мәдениет орындарының жұмыс барысынан құрылған театрдың концерттік өмірі қалыптасты (тетрлар, концерттік залдар, филармониялар);

б) «композитор, орындаушы, тыңдаушы» үш тағанының әрқайсысы өзінің рөліне сай музыкалық өмірді құрады;

в) кәсіби музыкалық білім беру орындары ашылды;

с) еуропалық дәстүрді енгізу музыканың мәнерлеу тәсілдеріне ықпалын тигізді. Еуропа аспаптары, жанрлары мен құрылымы, енгізілген көп дауысты фактура қазақ музыкасын байыта түсті.

Кәсіби музыка мәдениетінің даму жолында ең басты мәселе музыкалық сауатты жою: музыкалық мектептер, техникумдар, ағарту институттары, муз студиялар ашылды. Ресей орталық қалаларьшда дарынды жастарға арналған ұлттық муз. студиялар ашылды.

1919 жылдан бастап Верныйда т.б. қалаларда ақын, әнші, күйшілердің фестивалі, слеттер, сайыстар, олимпиадалар, онкүндіктер өткізілді. Халықтың дәстүрлі шығармашылығы жаңа мәдениеттің құрылуымен қатар өзінің дамуын тоқтатпай, белгілі орындаушылар осы мәдениеттің қалыптасуының басықасында болды. (Мысалы: Қарақаралы халық әншілер байқауының жеңімпазы Ғаббас Айтбаев болды).

Фольклорлық кабинет ашылып, ұлттық музыка үлгілері жиналды және нотаға түсірілді.

Халық аспаптары (домбыра, қобыз) ладтық жүйеге лайықталды. Оның басы-қасында А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л,Хамидилер болды. Кейіннен халық ән, күйлері фортепианоға және басқа аспаптарға өңделді. Сөйтіп, халық әні 30-шы жылдары домбырамен емес фортепианоның сүйемелдеуімен концерттік сахнаға шықты.

1925 жылы алғашқы драмалық театр, Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында ашылып, 1929 жылы жаңа астана Алматы қаласына ауысты, музыкалық-драмалық театр атанды. Онда «Еңлік Кебек» (М.Әуезов, Д.Мацуцин; «Айман Шолпан» (М.Әуезов, Коцык пен Шабельский), «Шұға» (Б.Майлин, Коцык пен Шабельский). Осы музыкалық-драмалық театрдың алғашқы орындаушылары және қазақ опералық жанрының қалыптасуына үлкен үлес қосқан гтақты онер қайраткерлері: Иса Байзақов, Е.Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Қ,Жандарбеков К.Қ.Байсейітовтар, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқүловалар.

1934-ші жылдардан қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің тарихы басталады. Алғашында ансамбль, кейіннен үлкен академиялық оркестрге дейін өскен оркестрді алғашқы құрушы - А,Жүбанов. Ол: «Біз тек қазақ күйлерінің өңдеуін ойнамаймыз, әлі әлемдік музыка шедеврлері де ұлттық аспаптардың үнімен естіледі», - деген. Оның айғағына біз себепкерміз.

Кәсіби жазба дәстүрлі музыкалық өнердің қалыптасуына себепкер болғанның ішінде халық ән-күйлерін нотаға түсіріп, әлемге әйгілі еткен музыкатанушы этнографтар. Әсіресе, А.Затаевичтің еңбегін атап өтеміз. Ол 1925 жылы «Қазақ халқының мың әндері» атты жинағын баспадан шығарып, оның кіріспесінде талдамалық мақала берді. Мұнда қазақ музыкасының жанрлары, орындаушылар туралы деректер берілген.

Кейіннен Б.Ерзакович, А.Жұбанов, Л.Хамидилердің де осы түрғыдан енгізген үлестерін ерекше атау керек.

2. Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуы мен дамуы. Негізгі сатылыры.

Қазақ композиторлық мектебінің қалыптасуы туралы музыкатанушылар әртүрлі пікір білдіреді. Соның ішінде біз негізделген пікір өнертану ғылымдарының докторы Үмітжан Жұмақованың докторлық диссертациясында белгілеген сатылар. Біздің ойымызша, ол музыкалық өнердің даму жолын тарихи жағдайлармен ұштастырып, нақты көрсете білген. Жұмақова композиторлық мектептің келесі сатыларын атаған:

Бірінші - 1920 жылдардың ортасынан - 1950 жылдарды қамтиды. Кеңес мемлекетінің туындап, қалыптаса бастаған кезеңі. Бұл социалисттік идеология әсер етіп, өнер (тақырып, образ, жанр, әдіс) толығынан саяси шешімдерге байланысты болған уақыт. Композиторлық мектепті дэстүрлі ұлттық мәдениеттің қайраткерлері және еуропа музыканттары құрды. Осы кезеңде еуропалық негізгі жанрлар және осы мәдениет өмір сүре алатын барлық институттар қалыптасты. Осы сара жолды салып, ұлт мәдениеті тарихымен біте қайнасқан өнер қайраткерлері - А.Жұбанов, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Л.Хамиди - кәсіби музыканың негізін қалаушылар. Алғашқы ұрпақ композиторлар.
№9 Дәріс.
Қазақ операсының фольклорлық бастаулары

Қазақстанның ұлттық опера өнері - халықтың рухани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы. Ел басына нәубет туған кезең XX ғасырдың басында қазақ жеріне келген бүл элемдік мэдениет жауһары қейінгі онжылдықтарды орай өтіп, ұлтымыздың музыкалық мұрасының аса маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты. Бұл жанрдың биік мазмұны орыс және еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең қолдана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады. Қазақстанда операның рөлі қоғамдық мінбер ретінде, кеңестік мәдениет құруды белсенді бастаған социалистік кезеңмен бірге тез қарқынмен дами бастады.

Операньщ жан-жақты мумкіндіқтері туралы атақты опера өнерінің майталманы, ұлы орыс сазгері - ІХИ.Чайковский: «Опера, тағы да опера адам баласын бір-біріне етене жақын етеді, сіздің музыкаңызды тыңдарманмен туыстастырады, сіз тек қана шағын үйірмелердің емес, сәті түссе бүкіл елдің көзайымына айналуыңызға мүмкіндігіңіз туады», - деген пікір қалдырған. И.И.Чайковский айтып отырған «сәттің түсуі» біздің елімізге өткен ғасырдың 30-жылдарымен түспа-түс келді.

Қазақстанда операның бірден қаз тұрып кетуі қиынға соқты, оның жолын көптеген қиындықтар тосып түр еді. Жарты ғасырда жазылған 32 қазақ операсының бәрі бірдей табысты болған жоқ, кейбірінің сахналануы сәтсіздікке ұшырады, кейбірі репертуарға орныға алмады, ал басқа бірі қойылысымен ұмытылып кетті. Тек аз ғана бөлігі уақыттың қатал сынынан аман қалды, ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын қорына кіріп, классиқамызға айналды. Қазақстандағы опера жанрының бастауы мен дамуы бұрыннан қалыптасып қалған академиялық формалар мен әлемдік классикалық опера өнерінің ықпалында болды, оған дәстүрлі қазақ мәдениетінің жанрлық, кейіптік (образдық) түрлері кең қолданылды. Опера жанрының дамуы барысындағы негізгі бағыт - дәстүрлі жанрлар мен әншілік-аспаптық фольклор қалпындағы үлгілерді жаңаша түрлендіру болды. Бұлардың біте қайнасып, жарасым табуы музыкалық мәдениет деңгейінің дамуына тікелей тәуелді еді.

Өткен ғасырдың 30-40-жылдарында жазылған алғашқы операларға халықтық музыканы кең қолдану әдісі тарихтың көзімен қарағанда дұрыс болды, әрі өзін ақтай алды. Музыкалық фольклорды пайдалану Орта Азия елдерінде де (өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік) қолданылды, кейінірек бұл әдіс көркемдік, мазмұндық талаптардың өсуіне сай келе алмады, мүның өзі ұлттық опералық стилистиканың жаңаша жол іздеуіне түрткі болды. Осының салдарынан архитектоника, музыкалық драматургия мэселелері түбірімен өзгеріске ұшырады, әуендік-интонациялық қаңқа (структура), ладтық-ырғақтық қоғамдасу ұлғайтылды, жанрлық түбір дамытылды.


Опера өнерінің озық үлгілері қатарына республиканың халық әртістері, алғашқы ұлттық сазгерлер А.Жұбанов пен Л.Хамиди жазған «Абай» (1944), КСРО халық әртісі М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» (1946) опералары жатады, ұлттық опера өнерінің шын мәніндегі зүміреті болған бұл туындыларға кезінде КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы да берілді (1949).
Музыкалық драматургияның жаңа сатысына қөтерілу жұмыстары осыдан кейін көп күттірмей басталып та қетті. Е.Брусиловскийдің «Дударай» (1953) операсы Мәриам Жагорқызының (Мария Рьгеина 1887-1950) осы аттас әнінің лейттақырыбы (лейттема) негізінде жазылды, автор тақырып пен сюжетті қабыстыра отырып, кейіпкерлердің психологиялық мінездері мен жекелеген жағдаяттарының баяндалуын шегіне жеткізе білді.
XX ғасырдың 60-80 жылдары опера түбегейлі өзгеріске тап болды. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын сюжеттік-тақырыптық негізге қатысты, ендігі жерде шығарманың басты тұғыры ауызша поэтикалық фольклор - батырлар жыры, лирикалық-романтикалық және әлеуметтік тұрмыстық эпос мазмұнына құрыла бастады. Заманымыздың көрнекті жазушысы Мүхтар Әуезов былай деп жазды: «Халық - әнші, халық — ақын, көнеден жол тартқан шабытты поэтикалық қасиетінің арқасында өлмес мұралары – эпикалық поэмалар мен халық әндерін қалдырған, онда бүтін ұлттың төлтума рухы сақталған».
Халықтың эпикалық мұрасына бетбұрыс – Қазақстандағы опера өнерінің дамуындағы заңды құбылыс еді. Эпикалық сюжеттер мен образдарды игеру, олардың біртуар көркем әлеміне бойлау - қазақ операсының ұлттық бейнесі мен бағдарын айқындайтын басты қасиет. Эпикалық сарында жазылған опералар қатарында «Ер Тарғын», «Бекет», «Алпамыс», ал, балет саласында «Қамбар-Назым», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақсақ Құлан» сияқты шығармалар бар.
Қазақ операсының құндылығы мен тарихи маңызы оның ұлттық классикалық әдебиетпен тығыз байланыстылығында, қаһармандық пен лирика тақырыбы, тарихта болған оқиғалар және қиялды көкке өрлететін фантастика, сол заманның көкейкесті оқиғалары, бостандық үшін күрес сонымен бірге ұлттық мінез, тұрмыс пен талғам, бәрі де қазақтың жазба әдебиетіне сүйене құрылған. Осы саладағы еңбектер: Мұхтар Әуезовтен - «Абай», «Бекет», «Еңлік-Кебек», Бейімбет Майлиннен - «Жалбыр», Сәбит Мұқановтан -«Алтын астық», Ғабит Мүсіреповтен - «Амангелді», Сәкен Сейфуллиннен - «Көкшетау», Сұлтанмахмұт Торайғыровтан - «Қамар сұлу», Хамит Ерғалиевтан - «Махамбет» (опера либреттосына Махамбет Өтемісұлының жыр-толғаулары қолданылған) және басқалары.

№10 Дәріс.



Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) күйлерін оқу-әдістемелік құралдарды құрастырудағы маңыздылығы. (

Ықыластың туып-өскен жері Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы. Күйшінің елі Кіші жүздің ішіндегі Тама руынан, оның ішінде Жөгі деген бұтағынан. Ықыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те қобызшы болған адамдар. Алтынбек қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақ сақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп-жебейтін болады», – деп, аян беріпті деген шежіре сөз бар.


Ықыластың әкесі Дүкен Шәкі деген Байғозы батыр елінің қызына үйленген. Ықыластың анасы Шәкі – ақылды, сабырлы, сұлу кісі болған. Ықыластың балалық шағы Мұңлы тауының түбінде Көктас өзеніне қарасты қара жолдың бойында қасқа бұлақтың басында өткен. Ерназардың екі әулеті – Мендіқұл мен Алтынбек балалары жылда Шудан Арқаға жеткенде, ең алдымен, осы жерге тоқтап, үйлерін тігеді. Ескі жұрттарына аман-есен жеткенде шүкіршілік етіп, жұртқа құдайы дәм беретін.
Ықыластың атасы қаршығадай жұтынған, еті тірі, моюды білмейтін тынымсыз жан еді. Әкесі сабырлы, сөзге жоқ, ұяң, күлсе де өзін-өзін қыстап күлетін. Ықылас өз бойынан әкесінің осы қасиетін сезеді.
Дүкен жеті атасынан бері қобыз тартып келе жатқан дәстүрі бойынша, кішкене Ықыластың музыкаға бейімделуіне көлденең тұрған жоқ. Ықылас кереге басында ілулі тұрған кебежедей қара қобызды алып тартады. Мұны көрген әкесі Ықыласқа өзі қобыз үйрете бастайды. Ықылас өте аз уақытта үлкен табысқа жетеді. Зейінді, әңгіме құмар Ықылас әкесінің аузынан Қорқыттың әңгімесін есітті. Ажалға қарсы ем іздеп, дүниенің төрт бұрышын кезіп, ақырында дауа таба алмай, жер ортасы «Жерұйық» Сырдарияға келіпті. Қарағайдан қобыз жасап, оны желмаясының терісімен қаптап, қылдан шекі тағыпты. Сөйтіп, күндіз-түні қобыз тартумен ажалды жолатпай отырыпты. Бір күні Қорқыт шаршап, қарғып кеткен уақытта, ажал қара жылан болып келіп шағып, содан Қорқыт өліпті. Бірақ мәңгілік өмірдің арманы қобыздың ішегінде қалып қойыпты. Ертелі кеш Қорқыттың моласының қасынан: «Қорқыт, Қорқыт!» деген дауа әлі күнге дейін естіліп тұрады екен. Яғни, Ықылас Дүкенұлы отбасында өнер құдыреті атадан балаға дарып отырған. Алайда, киелі қобыздың өнер күші бәріне тарамаған екен. Мысалы, Ықыластың жалғыз інісі Жанас өнерге еш пейілі болмапты.
Ел аузында:

Арғы атамды сұрасаң,


Кеуістің ұлы Тамамын,
Бергі атамды сұрасаң,
Нәріктің үлы Шорамын!
Мен Қазанға барамын,
Мен Қазанға барғанша,
Қара жерге қар жаусын,
Мен Қазанға барған соң,
Қар жаумаса қан жаусын!

– дейтін Шора батыр ұрпағы.
Ықыластың өмірбаяны жөнінде келесі мәлімет назар аударарлықтай. Күйшінің ата-бабалары жеті ағайын жігіт болып, Абылай хан заманынан ертерек, Жосалыны басып, Шуды бойлап, Арқаға келген екен. Кейін Абылай хан боп, жорық жасағанда Сеңгірбек, Баян, Жұма есімді Ықыластың батыр аталары қол бастап, ел қорғаған. Әбілмамбет хан мен Абылай хан Ресей қол астына өз еріктерімен қосылған соң көп жылғы дүрбелең басылды. Кейін ата-бабалары Абылай ханнан «Елімізге қайталық» деп иіліп барып рұқсат сұрапты. Хан бұл тілекке қатты қиналып, толғанып, олардың кеткенін қаламапты.
Ықыластың жас кезінде Қаратұмсықтағы Сайдалының ірісі, күйші Тоқа атасы Алтынбектің үйіне жиі келетін. Дүкен Тоқадан мүшел жас үлкен. Жиырмадағы уыз жігітті жұрт «Тотаң» дейтін. Жас болса да қасына осы елге ұйтқы болған Сеңгірбектің тұтқасы Берден, қырықбойдақ шақаның бас иесі Қазы шешен, кедейдің бір тұғыры Бапақ, сүйегі дәулетті болса да, бар тамаға сөзі жүрген Ерубай секілді игі жақсыларын қасына ертіп жүретін. Тоқа Алтынбектің алтын қолына, қобызына, Дүкеннің де қобызына тәнті болатын. Дүкен болса Тоқаның анда-санда бір соғып өтіп, сұхбат құрғанын, домбырасын сағынатын. Тоқа - әлді, тақымы мығым, құрығы ұзын, сөзі дуалы, бетті, қуатты жан. Осындай өңкей ірі, өңкей шоң адамдар қараша үйлі жоқ-жұқана Алтынбек әулетіне үйіріле беретін. Бұл ненің құдыреті? Бар құдірет – осы әулетке дарыған Қорқыт ата қобызы! Балақай бақсы сияқты қобыз сарынымен жансызға жан бітіріп, Қойлыбай бақсы сияқты ұлы бәйгеге қобызын қосқан құдіреттерді көрген бұл әулет! Арқаның қоңыр желі Ықылас тартқан қобыздың үні де өз төңірегіне аян бола бастап еді. Ар жағында тіреп, көкірегін шеріп, әрнені айтуымызға итермелеп, тезірек есейгісі келіп тұрған кезі еді. Ықыластың атын ырым ғып ошақты, дулат елінің жаңа туған нәрестелеріне қойып, қобызға әуестеніп жүрген балалар көп-ақ болғаны да белгілі.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет