Курсының бағдарламасы (атауы, шыққан жылы)



бет3/4
Дата31.12.2019
өлшемі306,19 Kb.
#54056
1   2   3   4

11 дәріс.

А.Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы

ҚазССР халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР Ғылым Академиясының академигі Ахмет Қуанүлы Жұбановтың (1906-1968) шығармашылық және қоғамдық қайраткерлігі Қазақстанның музыкалық мәдениетінің қалыптасу кезеңіне дөп келді. Халық өміріндегі әлеуметтік төңкерістер, қауымдық жаңару заманы басқа туған кезде ол халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәжірибесін шашау шығармай жаңа дәуірге жалғаған тұлғалы азамат.
А.Жұбанов 1906 жылы сәуір айының 29 күні қазіргі Ақтөбе облысы, Ақжар ауылында дүниеге келді, бұл жерде өзінің рухани ұстаздары саналған - Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сияқты саңлақ күйшілер туғаны белгілі. Оның рухани всуіне зор ықпалын тигізген өзінің туған ағасы көрнекті лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов болды. Оның жол сілтеуімен Ахмет Жұбанов Ленинград қаласына аттанады, консерваторияға түсіп әрі қарай аспирантурада Б.Грубер, А.Оссовский, Х.Кушнарев, Ю.Тюлин сияқты орыс музыкатанушыларынан білім алады.
1933 жылы республика үкіметі шешімімен Қазақстанға оралып музыкалық өмірге бел шеше кірісіп кетті: музыкалық техникумда сабақ берді, халық композиторларының шығармаларын жинап оларды өңдеумен айналысты, халық аспаптары - домбыра мен қобызды жетілдіру үшін эксперименталды шеберхана ашты, алғашқы ғылыми ойдың ошағы болған ғылыми-зерттеу кабинетін басқарды. 1934 жылы қазақтың халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды, әрі бас дирижері болды.
Отызыншы жылдар А.Жұбановтың композиторлық дарыны ашылған кезең ретінде айқындалады. Бұл уақытта ол «Сары» музыкалық-театрланған поэмасын жазды, сонымен бірге драмалық шығармаларға музыкалар, әндер, хорлар, қазақ халық аспаптары оркестрі үшін өңдеулер жазды.
Қырқыншы жылдардың басында тез танымал болған фортепианоға арналған циклді шығармалары «Тәжіктің он биі», «Қазақтың сегіз биі», «Қобызға арналған ария», «Би күйі» дүниеге келді, кейінгі кезеңде жазылған «Романс», «Жезкиік» те орындаушылар репертуарынан түспейтін көзайым туындылар ретінде бағаланды. А.Жұбановтың ұлттық бояуы қанық, мелодизмі шалқар музыкасы қазақ халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлшегіне айналды.
А.Жұбановтың көпжылдық ғылыми қайраткерлігінің жемісі ретінде сан-салалы зерттеу мақалалары, кітаптары, фольклорлық жинақтар және халық сазгерлерінің өмірінен деректелген бағалы монографиялары - «Ғасырлар пернесі» мен «Замана бұлбүлдары» қалды. Бұл еңбектерді қазақ музыкасының энциклопедиясы деп атауға толық болады. А.Жұбанов дүниеден қайтқаннан кейін «Ән күй сапары» мен «Өскен өркен» атты кітаптары шықты. А.Жұбановтың үлкен шығармашылық жетістігі Л.Хамидимен бірлесе жазған «Абай» операсы болды. Екінші «Төлеген Тоқтаров» операсы (бұл да Л.Хамидимен бірге) Кеңестер Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналды, мұнда Отан үшін отқа түскен батыр бейнесі сомдалды.
Талантты екі суреткердің музыкалық-сахналық жанрдағы қайраткерлігі өз жемісін беріп, ұлттық опера өнерінің шедеврі «Абайдың» жазылуына сеп болды.
Латиф Абдулжайұлы Хамиди (1906-1983) қазіргі қазақ музыкасының негізін қалаған алдыңғы буын өкілі. Композитордың дарындылығы оның табиғаттан дарыған тамаша әуезділігімен танылды, оның әуезінде қазақ, татар, орыс мәдениеттерінің әсем қосындысы ылғи білініп тұратын. Композитор «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» сияқты әндері арқылы қазақы әншіліктің классикалық жаңаша үлгісін жасады.
Л.Хамиди 1906 жылы 17 шілдеде Қазан губерниясына қарасты Бували, деревнясьшда дүниеге келді. 1926 жылы Ташкент ағарту институтын бітірді, 1932 жылы Мәскеу музыкалық техникумында түсіп, музыка теориясын профессор Б.Яровский сыныбынан бітірді, ал 1932 жылы Мәскеу консерваториясына қарайтын Татар опера студиясында профессор Г.Литинскийдің жетекшілігімен композиция мамандығьш оқыды. 1933 жылдан бастап оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанда жалғасты (Алматыға көшіп келді).
Л.Хамиди - музыканың бар саласында табысқа қолы жеткен сазгер. Оның қаламынан «Абай», «Төлеген Тоқтаров» (екеуі де А.Жұбановпен бірлесіп жазылған) опералары, «Жамбыл мен Айкүміс» бір актілі операсы, «Балбұлақ» опереттасы, екі симфониялық сюита, домбыра-прима мен оркестрге арналған концерт, театр қойылымдарына жазылған музыкалар, қазақ ұлт аспаптары оркестріне жазылған шығармалар, а,сареllа және сүйемелді хорға жазылған шығармалар, әндер мен романстар, халық әндері мен күйлерінің өңдеулері туындады.
Л.Хамиди шығармаларынан қандай жанрда болса да көркем әуенді, құрылымы түзік, гармониялық және полифониялық фактурасы жарасымды өзіндік үн, авторлық қолтаңба сезіліп тұрады.
Л.Хамиди мен А.Жұбановтың ең маңызды шығармашылық қайраткерлігі халықтың музыкалық фольклорын жинау және өңдеуден басталды, бұл кейіннен олардың сазгерлік стильдерінің қалыптасуына да ықпалын тигізген шарапатты іс болды. Осы орайда «Абай» операсын туындату барысында жазып алынған Абай әндерінің құнды ноталық жазбаларын айтуға болады. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, философ Абай Құланбаевтың 100-жылдығына арналған бұл опера жазылып бітісімен қазақ музыка мәдениетінің жауһарына айналды. XX ғасырдың қөрнекті қаламгері, «Абай» операсының либреттосын жазған әдебиет алыбы - Мұхтар Әуезов: «Абай - көреген көз, Абай - жомарт жүрек, Абай - халық даналығы», — деген еді.
Опера алғаш 1944 жылдың 24 желтоқсанында қойылды. Авторлар опера жанрының музыкалық драматургиялық және сюжеттік заңдылықтарын сақтай отырып, Абайдың нағыз шынайы бейнесін жасай алды.
Опера музыкалық лебіздің жинақылығымен және синтезділігімен ерекшеленеді, жалпы саз өрілімі либретто идеясына, оның шыншыл драмалық ойына сай келіп тұрады. Басты кейіпкер Абайдың музыкалық тілі айқын, оның ариялары мен речитативтері азаматтық интонацияға бай, шынайы әрі сезімшіл. Халық жанашырының ұлы да кемеңгер бейнесінің нанымды шығуына операға кіргізілген Абайдың өз эндері де әсерін тигізді. Бірде философиялы толғанысқа, бірде терең мұңды ойға, бірде тасқындаған қөңілге, бірде мейірімге жетелейтін Абай әндері операда айрықша түрленіп шыға келді, кәсіби композиторлық жазудың арқасында жеке және хор мен оркестрлік партияларға айналған соң олар опера мазмұны мен мәнін жан-жақты ашты.
Еске сала кету керек, Абай әндерін зерттеуді А.Жүбанов пен Л.Хамиди 30-жылдардан қолға алған болатын. 1939 жылы А.Жұбанов Абайдың немересі Мәкен Мұхамеджановадан ақынның 16 әнін жазып алды, Л.Хамиди болса ақын немересі Әкірам Искаковтан біршама әндерді нотаға түсіріп алған болатын. Екі сазгер де Абай тақырыбына мол дайындықпен келді, осы себептен операның көркемдік құрылымы Абай мелосымен барынша байытылды. Қойылым 111 ақт, 5 көріністен тұрады.
1-әрекет. 1-көрініс. Айдар мен Ажардың қашуы. Опера кіріспемен басталады, ондағы күрделі ырғақ пен аккордтық құрылғы мазасыздық туғызады, сюжеттердің шарпысуы басталады (түннің ішінде ат тұяғының дыбысы естіледі, Нарымбет пен оның шабармандары Айдар мен Ажарды қуып жетеді). Ғашықтардың сезімге толы дуәті шырқалады, олар өмірінің соңына дейін ажырамасқа сөз байласады. Драмалық шиеленістің ортасынан Абай шыға келеді де жастарға ара түседі. Абай арнясы ашу мен ызаға толы (3 бөлімді форма).

2-көрініс. Семей шаһары, жастар Абайдың үйін паналаған. Абай ауылында қоңыржай тыныштық, өнер салтанаты басталған. Тура би атанған Сырттан да жастар жағында, олардың бақытты болуына жәрдем бергісі келеді. Ол Ажарға ант-су ішіп шындықты айтуды сұрайды. Біржанның әйелдің ауыр тағдыры жырланатын «Ақ тентек» әнінің әуеніне құрылған Ажардың ариясы айтылады.

11-әрекет. 3-көрініс. Билер соты. Айыптаушылар, билер, Абайдың жақтастары ортаға шығады. Сырттанның «Айнала бүлік, ағайын араз» деген ариозасы айтылады. Жиренше ызбарланады, Әзім сөз сұрайды. Бұлардың дауы ұзаққа созылады, арасына Нарымбет те килігеді. Жастарды жақтап Абай сөйлейді, әділ шешімімен дауды жеңіп шығады. Сырттан биді оның әділетті уәжі иландырады. Жиренше мен Нарымбет Абайға қоқан-лоққы жасап, кек қайтаруға ант етеді. «Билер соты» көрінісінде композиторлар халықтық ән үлгісінің ізімен терме мен желдірме формасын қолданады. Бұл актінің ұтымды тұстары речитациялық диалог формасымен жазылды. Мелостың түрі - декламациялы-речитативті, жағымсыз кейіпкерлердің интонациясы шалт, одағай, бұл мінездер аспаптық суреттеу арқылы берілген.
111-әрекет. 4-көрініс. Айдар мен Ажардың үйлену тойы. Жас ақын ұстазына өзі жазып бітірген «Еңлік-Кебек» поэмасын оқиды, мұны бақылап отырған Абайдың шәкірті Әзім қызғаныштық танытады. Абайдың дұшпандарымен ауыз жаласып Айдарға қымызға қосып у береді, ол ғашығына «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін айтып көз жұмады.
Бұл көріністе Абай мейірімді қамқор әке ретінде, жастардың ұстазы ретінде тұлғаланады. Оның «Ата-анаға көз қуаныш» әуенімен айтылатын Айдарға арналған ариозасы шәкіртінің табысына қуанған ақынның қанағат сезімін береді. Және осы актіде басты кейіпкердің жауларымен кездесетін драмалық тартысы орын алады (операның кульминациясы). Барша жұрт тойға дайындалып жатыр: қыздардың көңілді биі Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйіне қойылған. Қыздар Ажардың бетіне ақ жаулық жабады, келіннің құрметіне «Беташар айтылады, соңында салтанатты хордың үнімен бірге Абай шығады. Жігіттер биі: тақырып домбыра күйінің ырғағы мен мақамына құрылған (халық күйі «Мерген»), бидің аяғы ұлттық ойынға ұласады, бұл да би көріністерімен өрнектеледі. Қыздардың хорымен әсем сазды «Қарлығаш» әні орындалады. Хордан кейін соңғы би биленеді. Лирикалық өзек - Айдар шырқаған «Айттым сәлем Қаламқас» эні.
5-көріністе драманың түйіні шешіледі. Айдар қайтыс болады, оған қайғырған Абай «Ей, халайық» атты атақты ариясын айтады. Арияның бірінші бөлімінде Абай халыққа бұрылады, одан тірек күтеді. Оның ойы да соншалық көтеріңкі әуенмен шырқалады. Арияның ортаңғы бөлімі екі бөліктен тұрады. Біріншісі сөзбен айтылатын қобалжулы бөлік («У беріпті Айдарға»), Екіншісі кең тынысты ынтыққа толы әуен ми-мажорда ұран тәрізді өтеді. «Бұл әуендік тақырыпты сот көрінісінде естігенбіз, онда бұл әуен Абайды қолдаған халықтың орындауында өтеді. Енді оны Абай қайталайды. Ол өзін халық қолдайтынына сенеді. Расында, бұл әуенді хордың жауабында естиміз» (5, 102 б.)

12 дәріс.


Композитор Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы

Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы, Қазақстанның музыка мәдениетінің дамып, қалыптасу кезеңіне сай келді. Ол Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Қарашаған деген жерде 1913 жылы дүниеге келген.Оның балалық шағы Балхаш көлінің жағалауында, Жетісудың кең даласында өтті. Мұқанның музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Алты жасында домбыра шертіп, ән салуға әрекеттенді. Жұмсақ үнді жағымды дауыс анасынан баласына дарыған. Анасы өз заманында халық әндерін тамаша орындап, айтыстарға қатысқан.Алғашқы әріпті Мұқан молдадан үйренді.Басында ол арапша оқыды.Жер аударылып келген орыс тұрғындармен танысқан соң,оқып білім алғысы келді.


20-шы жылдардың соңында және 30-шы жылдардың басында қазақ ауылдарында күрделі әрі маңызды өзгерістер болды.Иван Сироткин деген жақын досының нұсқауымен Мұқан оқуын үзіп,өз ауылына келді.Мұнда колхоз ұйымдастыру жұмыстарына және бай құлақтарын конфискелеу әрекетіне белсене кірісіп кетеді.Бұл өнерден аулақ әрекет болса да,Мұқан музыкаға,әнге орын табады.Ол көркемөнерпаздар концертіне жиі қатысып тұрады.Әсіресе Жаяу Мұсаның‹‹Хаулау››және халық әні‹‹Тілеу қара››әндерін сүйсіне орындайды.Сол кезде атақтары шыға бастаған К.Байсейітованың,Қ.Жандарбековтың және т.б.артистердің өнерімен танысу нәтижесінде,Мұқанның санасынан,шындап оқу қажеттілігі кетпейді.Мұқан Москва консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясына Алматыда арнайы сынақтардан өтіп,қабылданады.
Оқу жылдары және алғашқы шығармашылық қадамы.1936-1946.
Москва консерваториясында оқу М.Төлебаевтың профессионализмінің дамуына жол ашып, қалыптасуына ықпалын тигізеді. Білімге құштарлығымен алдына қойған мақсатына жету үшін, ол үлкен музыка әлемінің алғашқы білімін алады. Әдебиетке деген құштарлығы, театр, концерттерге барып музыка тыңдауы, ол ушін жаңалық болған еуропаның классикалық өнері оның көркемдік көзқарасын қалыптастырады. Басында ол ән бөлімінде оқыды,одан кейін композиция факультетіне ауысты.Оның алғашқы мұғалімдері П.Шехтер және Р.Глиэр болды.Олар М.Төлебаевтың халық музыкасына әуестігі және әндерді өңдеудегі тәжірибелерін қолдады.Тұңғыш авторлық шығармаларына : ‹‹Кешкі көк››,‹‹Көп журдім›› және ‹‹Қамар›› сияқты әндері мен романстары жатады.
Ұлы отан соғысы басталы,оқуды тоқтатуға тура келді.Оның Қазақстаннан барған талай жолдастары майданға кетеді.М.Төлебаев денсаулығына байланысты әскери міндеттен босатылады.Бірақ сонда да болса,ол бірнеше рет майданға өз еркімен аттануға әрекет жасады.
1941 жылы Алматыға оралды.Мұнда Е.Брусиловскиймен танысады,онымен қарым-қатынаста болуы шығармашылық ізденіске жетелейді.Әр турлі жанрлармен формаларды меңгере бастайды.
‹‹Соқ барабан›› ,‹‹Жеңіс›› ,‹‹Комсомол››-патриоттық әндері және ‹‹Кестелі орамал››,‹‹Тос мені, тос›› сияқты лирикалық әндер оның шығармашылығында маңызды орын алады.Соғыс жылдары шыққан шығармаларының ішінде,скрипкамен оркестрге арналған лирикалық поэмасы тамаша туындыларының біріне жатады.Бұл шығарманы ,атақты совет скрипкашысы В.Пиказе –орындады.Ол кезде В.Пиказе Алматыда эвакуацияда қазақ әндерінің әуеніне фантазия және Қазақ увертюрасын жазады.Қазақ увертюрасын кейіннен өңдеп,‹‹Қазақстан›› атты симфониялықпоэмаға айналдырады.Бұл операда қазақ халқыныңСовет укіметі ушін жургізген куресін көрсетеді.Соғыс жылдары шыққан талай шығармаларынан профессионалды шеберлікті меңгергенін байқаймыз.
Шығармашылығының кемелдену кезеңі 1946-1960 ж.ж.
Композитордың қомақты шығармаларының біріне ‹‹Біржан Сара›› операсы жатады.Бұл туынды композитордың кәсіби шығармашылық жетілуі мен өркендеуініңбастауы іспеттес.
М.Төлебаев әр жанрда талмай жұмыс істейді.‹‹Біржан-Сара›› операсы жазғаннан кейін, ол білімін толықтыру керек екенін сезінеді.Сонымен ол 1947 жылы Москваға бет алады.Мұнда Совет композиторлары Н.Мяковский және Я.Фереден оқып,білім алады.
Бұл кезеңде М.Төлебаев шығармаларында өз замандастарының бейнелеріне көп көңіл бөлетін.Ол ән жазуын жалғастыра түседі.Әндерінің мазмұны мен әуені жан-жақты байи түседі.Бұларға:‹‹Шахтерлер әні››,‹‹Отан››,‹‹Жастар вальсі››,‹‹Спортшылар вальсі››,жатады.Кинофильмдерге музыка жазу да ән шығаруына ықпалын тигізеді.Мысалы, ‹‹Алтын мүйіз›› кинофильмдеріне ‹‹Жылқышы әні››, ‹‹Қойшылар әні››, атты әндер жазады.Әдемі әуездік басқа жанрдағы шығармаларына да тән.Мысалы, ‹‹Жастық шақ›› хор сиюитасы әндер циклын құрады.Туған өлкенің табиғатын, халық тұрмысын бейнелеу арқылы, бізді қоршап тұрған жарқын өмірмен таныстырып, жақындастарды.
Совет адамының жаңа қоғам құруындағы бейнесі ірі шығармаларында көрсетіледі.Бұған ‹‹Қазақстан›› симфониялық поэмасы және ‹‹Коммунизм оттары›› кантатасы жатады.
Шығармаларының гүлденген шағында М.Төлебаев үлкен қоғамдық жұмыстар атқарады.Ол СССР композиторлар одағының мүшесі,Қазақ ССР- ына еңбегі сіңген өнер қайраткері,СССР-дың халық артисті атағы және т.б. наградалармен марапатталады.
М.Төлебаевтың өмірі қысқа да болса жемісті болды.Оның шығармалары қазақ музыкасының қалыптасуына және жас композитордың шығармашылық өсуіне ықпалы зор болды.
<< Біржан-Сара>> операсы
М.Төлебаевқа адамның дауысына қатысты жанрлар неғұрлым жақын келеді.Сондықтан,ірі жанрлардың ішінде композитор операға ерекше көңіл бөлген.Тек опера жанрында оның ең тамаша шығармасының шыққанын білеміз.Қазақстан опера өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі болған М.Төлебаевтың операсы музыка мәдениетінің алтын қорына кірді.
«Біржан-Сара» операсы 1946 жылы аяқталды.Бұл операны композитор соғыс жылдары жазады.Операның алғашқы қойылымы 1946 жылы,қарашаның 7-ші жұлдызында,Абай атындағы мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрында болды.Соғыс жылдарынан кейінгі музыка мәдениетіндегі бұл өте маңызды оқиға болды.
«Біржан-Сара» операсына дейін М.Төлебаев Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Амангелді» операсын жазды. Азамат соғысының тақырыбын, соғыс ерлерінің бейнесін ашу композитордың лирикалық табиғатына оңай тимеді.Тек,шабыт әкелген келесі сужетте,М.төлебаевтың көркемдік дарыны ашылды.
<<Біржан-Сара>>-лирикалық-драмалық опера.Оның кейіпкерлері-қазақ даласына атағы шыққан халық ақындары.Операның мазмұны негізіне <<Біржан мен Сараның айтысы>>атты халық поэмасы алынған (Дәстүр бойынша,айтыста жеңәлген Сара шығарған) және екі ақынның өмірінен деректер пайдаланған.
Біржан мен Сараның тағдыр,композитордың өзінің поэтикалық бейнелілігімен тартады.Халық өнерішнің әсерлі күші өмірге ықпалын тигізбей қоймайды.Мұнда,феодалдық қоғамдағы халықтың жағдайы,өзінің ар-намысын қорғай алмайтындығы,бірақ өз өмірін терең бағалайтындығын кейіпкер әндерінде көрсетеді.Біржан мен Сараның адал махаббаты теңіздік өмірге қарсы тұрады және басты кейіпкердің аянышты тағдыры арқылы,композитор халық өнерінің мәнділігін көрсеткісі келеді.Опера халық санасында халық ақындарының есімін мәңгі өшпестей етіп қалдырды.
Операның либреттосын ақын Қ.Жұмалиев жазды.Кейіпкерлердің мінез-құлқын,түпкі ойын толығынан ашып көрсету үшін,Қ.Жұмалиев қосымша бейнелер кіргізді.Бұлар:Біржанның досы-халықтың сезімін,ойын жырлайтын Естай ақын,баласының жанын терең түсінетін анасы-Аналық,Біржанға ғашық болған,Сараның күндесі-Алтынай,Біржанның әкесі Құлжағұл және заңмен билікке бағынушылықты тілейтін-молдалар.Жанбота болыс және нөкер жігіті Серік .
Опера төрт көріністен тұрады.Мұнда ариялар,дуэттер,сахналық көріністер,хорлар және би көріністері бірін-бірі толықтырып,алмасып отырады.
Үшінші көріністен басқалары оркестрлік кіріспемен басталады.Үшінші көрінісі қыздардың мұңды шыққан хорымен басталады.Олар мұнда ақ отауды,Сараның аянышты тағдырын,атастырып қойған Жиенқұл деген күйеу жігітпен өтетін көңілсіз өмірін баяндайды.
Операның мазмұны
1-ші көрініс.У-Шуға толы халық жәрмеңкесі,ауыл-ауылдан жиналған халық Естай Біржанның айтысқа келгенін жариялайды.Әзіл күлкі,шат көңіл еш жамандықтың сыңайын көрсетпейді.Біржан мен Сара поэтикалық сөз шеберлері,суырыпсалма ақындық сайысында өз өнерлерін көрсетеді.Бұл айтыста Сара жеңіледі.Бірақ,бұл жерде айтыстан гөрі айтарлықтай маңызды жағдай болады.Қарсыластар бір-біріне ғашық болып,айтыстың үшінші бөлімінде бір-біріне деген махаббатты сездіреді.Бірақ Біржан бар болғаны қарапайым адам,ол қалыңдықты өз таңдауымен ала алмайды.Біржанның шыншыл,өжет әндері айтыс кезінде екі ақын арасында оянған махаббат сезімі әндері айтыс кезінде екі ақын арасында оянған махаббат сезімі Жанбота болыспен бай күйеу жігіт Жиенқұлға ұнамайды.Қазақтың салты бойынша Сараны Жиенқұлмен атастырып қойған.Болыстың әмірімен айтысты тоқтатады,ол Біржанды болысты мазақ қылғаны үшін жаза қолданбақшы болып қорқытады.
1-ші көрінісінде мазмұнының негізгі жүйесі және музыкалық драмматургиясының түйіні ашылды.Мұндағы лирикалық түйін-махаббат үшін күрес,драма түйіні-әншінің бостандығы және туған өлкесіне арнаған әні көрсетіледі.Бұл екі түйін мұнан былай ашылып түседі.
Біржан мен Сараның алғашқы шығуын,композитор жәрмеңкемен байланыстырады.Ақындардың шығуын ария емес ән арқылы көрсетеді.Біржанның кең танысты әні,туған өлкесі-Көкшетау табиғатының сұлулығын бейнелеп,әншінің поэтикалық дарынын байқатады.
Сараның әні жеңіл,сергек,әсем келеді.Оның әуені өрнектелген ұршықша иіріледі және әнші қыздың айтысуға құштар екендігін,мінезінің жарқын ашықтығын байқатады.
1-ші көріністің негізі-айтыс.Бұл-бүкіл операның ішіндегі тамаша эпизодтардың бірі.Операға енгізілген музыкалық поэтикалық жанр-халық айтысы ерекше поэтикалық шабыт туғызады.Айтыс өнері суырыпсалма өнердің сайысынан басталады.Ән бір-біріне жалғасып тоқтамайды және әрбір сұраққа кідірместен жауап қату тыңдаушыны қыздыра түседі.
Біржанның Сараға аударған назарынан,оның мейірімді жан екенін,оның адамгершілігін,ішкі таза сезімін байқаймыз.Ән әуезділігімен,тынысының кеңдігімен Біржанның алғашқы әніне ұқсайды.
Біржан екінші айтысында,өз тағдырын өзі шеше алмағандығын бетіне басады.Бұл әннің әуенінде көрермен халықтың «Ау» деген қолдаушы үні естілді.Ән жігерлі,сергек келеді және әншінің бейнесі әр қырынан көрсетеді.
Сараны бейнелейтін музыкалық әуен Біржанға қарағанда,кейіпкердің мінез-құлқын сараңдау суреттейді.Сара бейнесі көбінесе Біржанға байланысты суреттеледі.Айтыс көрінісінде Сараның сергек,лирикалық сарында мазмұнымен композитор әйел бейнесін суреттейді.
Айтыс,Біржанның әуенінде құрылған музыкалық дуэтпен тәмаммдалады.Бұл дуэтте елдің көңілін көтерген той-думанды,қасиетті әсем әнді мадақтайды.Ойламаған жерден,болыстың әмірі бойынша айтысты тоқтатады.Біржан жауап ретінде сықақ әні «Жанботаны» айтады.Драмалық оқиға шиеленісіп,түйінделе түседі.
2-ші көріністің оқиғалары,екі ғашықтың қосылуының мүмкін еместігін нығайта түседі.Мұнда Біржанның бейнесі жаңа жағынан ашылады.Анасымен кездесу көрінісінде Біржанның сағынышқа толы сезімін,ойға шомған бейнесін көреміз.Ақын өз бақытын іздейді.Оның аризосында күдікпен сұраққа толы мұңын шаққан жанның үні естіледі.Және әуен сарынында бітпес қайғының әзі байқалады.
Біржан көңіл-күйін жайлаған уайымға қарамастан,қасиетті ән құдіретінен күш-қуат жинайды.Біржан мен анасының дуэтінде үндері үйлесіп,бір сарынды ағында естіледі.
Әкесі Біржанның Сарадан бас тартып,шариғат заңына бағынуын талап етеді.Қожағұлдың қарғысы Біржанның Сараға деген адал махаббатын және Алтынайдың Біржанға деген сүйіспеншілігін бұза алмайды.Біржанның жастармен кездесуінде әнге деген ғашықтығын,қазақтың сары даласына деген сүйіспеншілігін сеземіз.Жастардың жалпы көңіл-күйі,ақынды жоғары көтермелеп,мадақтауы хорда және Естайдың партиясында байқалады.Біржанның бейнесінде тағы бір ерекшелік ашылады.Еркін толқыған әуезді «Арқанның ардагері,Біржан-салмын»әнінде ақынның ішкі дүниесінің жан байлығын сеземіз.Оның әні және Сараға деген махаббаты бөлінбей,тұтас келеді.
Сараның Біржан ауылына келуі басты кейіпкерлерді бір-біріне деген ынтықтығын үдете түседі.Сараның аризосында,лейтмотивіне айналған мұңды лирикалық әуен,енді батыл үнге ауысады.Ол «Қоянды көңілінің еркін ұшқан құсы болып,ақынның сенімді жолдасы болғысы келеді».Біржан мен Сара бір-біріне серт береді. «Арамызда достық болсын» дуэті Біржанның әуенінің әніне құрылған.Бір-бірінің дауысын қайталағандай бір сарынды әуенде өтеді.
2-ші көріністің соңында кейіпкерлердің жағдайы шиеленісе түседі.Егер 1-ші көріністе ақындар айтысы тоқтатылып,Жанбота болыс өз билігінің қаhарымен қорқытса,енді бұл көріністе ол ыза кернеген жауыздығын көрсетіп,халықты таратып қуады және екі ғашықты бір-бірінен айырып жібереді.Мұны біз Жанботаның жалғыз ариясынан көреміз.Арияның әуені речитативті ауыр келеді.
Сара ізіне түскен жігіттерден қашып құтылады,ал Біржан жалғыз қалып қояды.Біржанның осы кездегі халі,оркестрдің үнінен білінеді.Оркестрде Сараның аризосының тақырыптық әуені естіледі.
2-ші көріністің барлық суреттемелерінде ақынның туған өлкесіне,әнге және үлкен махаббатына деген сезімі нығая түседі.Көріністің барысында пайда болған-туған жері,ән,ақынның тағдыры туралы ойлар Біржанның бейнесін бірте-бірте дамытып,көріністің соңында ол,Сараның бостандығы үшін бар күш қайратын жұмсағысы келеді.Біржанның соңғы ариясы өз әуезділігі мен «Өздерінің әншіңмін дала кезген» әніне жақын келеді.Мұнда,әнді созыңқырап дамыта түседі және құрылымы бойынша пысықтап,тәмамдағандай болды.Арияның ортасында дуэтіне ұқсайтын әуен естіледі.
3-ші көрініс операның кульминациясы.Көріністің басы баяу,жайбарақат басталады.Оқиға Жиенқұл ауылында болады.
Мұнда,атастырып қойған екі жастың үйлену тойы болмақ.Көңілдері жабыңқы.Мұны қыздар хорының әуенінен байқаймыз.Салт-ғұрып әндері шырқалып,би орындалады.
Берілген жанр бейнелілігі шиеленіскен жағдайды одан сайын айқындай түседі.Ән және би көріністерінің арасында Алтынайдың Серік және Сарамен жүргізген диалогі естіледі.Есі ауысқан Біржан тауда жүр деген хабар Сараны тағдырдың тәлкегіне көндіре алмайды,ол жексұрын Жиенқұлдан бас тартады.Жиенқұлдың қысқа да,бір қалыпты орындалған партиясы келеке тәрізді естіледі.Сараның ариозосы мен ариясы оның мұңын,ғашық жарымен кездесуді армандайтынын бейнелейді.
Біржанның ойламаған жерде пайда болуы көрініске екпінділік енгізеді.Лирикалық сарын қатая түседі.Біржан мен Сараның кездесу көрінісінде драманың дамуы ең жоғарғы шегіне жетеді.Ғашықтар қосылып,махаббаты үшін өлуге де бар екенін білдіреді.Бұл көрініс бірте-бірте дуэтке айналады.Біржан Сараның кетуін қалайды.
1-ші және 2-ші көріністегі басты кейіпкерлерді бейнелейтін негізгі тақырыптық әуендер естіледі.Мұнда,Біржанның ариясы мен әні,Сараның ариозосы .Осы кезде,бастапқы бөлімдерде болған қарсылас күш иелерді келеді.Бұлар Біржанды байлап,зынданға тастайды 4-ші көріністе драманың қайғылы,шиеленіскен түйіні шешіледі.Зынданда жатқан Біржанды күзетшілер күзетуде.Қараңғы қапаста Біржанның күні өтеді.Ол ән шырқай алмайды,бірақ әндерінің ешқашан өлмейтініне кәміл сенеді.Біржанның партиясында оның әндерінің үні сезіледі,ал оркестрде 2-ші көріністегі <<Біржан-сал>>әннің әуені естіледі.Өмірінің соңғы кезеңінде,ол анасы мен Сараны есіне алады.Күтпеген жерден зынданға Сара келеді.Оркестрде оның ариозосынан алынған лирикалық әуен естіледі.Ол Біржанның рухын көтеріп,өмірге деген ынтасын оятады,өйткені ол халықтікі,оның әндері халыққа керек.Сараның партиясы 2-ші көріністегі ариозоның сарынында жазылған,бұл жерде Сара батыл мінез көрсетеді.Бірақ,Біржан әлсірей бастайды. Өлер алдындағы қоштасу дуэтінде адал махаббаттарын,туған өлкесін естеріне алады.

№13 Дәріс.



КОМПОЗИТОР СЫДЫҚ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ҚОБЫЗҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТІНІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Өнер қашан да өзіне дейінгі сан ғасырлы рухани қазынаны сақтап, ұзартушы, дәстүрді дамытушы жандармен мағыналы. Өмірдің ғана емес, өнердің де мәні мен сәні сабақтастықта. Музыка өнерінің әншілік, күйшілік жанрларындағы орындаушылық өнердегі жетістіктерді көктей шолып өтсек, қобыз тарихында жұлдыздай жарқ етіп, өшпес із қалдырған өнерпаздар көп болмаған. Қорқыттың он шақты күйін жанына азық еткен бұл қобыз тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ықылас Дүкенұлы қолында қайта түлеп, күйшінің он алты туындысымен толықтырылды. Ұрпақ сабақтастығы нәтижесінде жеткен қасиетті қобыз тегеуріні Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевтың бойына дарыды. Ал, ХХ ғ. басында қобыздың көптеген түрлері қазақ мәдениетінде өз орнын тауып, даму жолын белгілегені белгілі.

Егер де ХХ ғ. басында сым қобызды қазаққа танытып, оның өркендеуіне шексіз үлес қосқан Фатима Балғаева болса, көп ұзамай ұлтымыздың мәдени өмірінде аспаптық орындаушылықты жаңа арнада жаңғыртып, әлемдік орындаушылық деңгейге көтере білген Ғалия Молдакәрімованың есімі тарих сахнасынан өз орнын аларына дау жоқ [1].

Д.Тезекбаев шәкірттерімен бірге күрделі шығармаларды таңдап алуға, оларды сұрыптап, дыбыс тазалығына, шығарманың көркемдік мазмұнына үлкен мән беріп үйрететін. Аспапта еуропалық классикалық шығармалар орындалатындықтан, тәжірибелі педагог, сабаққа атақты скрипкашы- ұстаздарын шақырып кеңесетін, олардың ескертулерін қабылдап, қобызда орындаушылық техникалық шеберлігін арттыру үшін, оның үздік жетістіктерін пайдаланатын. Бұл жағдай батыс еуропа музыкалық шығармаларын техникалық жағынан орындаудың шексіз мүмкіндігін ашты.

Ұлағатты ұстаздың оқушылары, оның ішінде Ғ.Молдакәрімова 70-80 жылдары кобыз аспабында ойнауда үлкен бетбұрыс жасады. Қазіргі кезде қобызда Қазақстан композиторларының шығармаларымен қатар, скрипкаға арнайы жазылған ірі классикалық орыс, шетел композиторлары: П.Чайковский, Н.Римский-Корсакоы, А.Хачатурян, Ф.Шопен, Мендельсон, В.Венявский, Ш.Берио, К.Крейслер, Сара-Cаттенің виртуозды туындылары меңгерілген. Яғни, төрт ішекті қобыздың өзіндік артықшылығы танылып, оның мүмкіндігі ешбір музыка аспабынан кем емес екендігі дәлелденді

Аспаптық жанрлардың ішінде скрипкаға және (1975), қобыз бен фортепианоға арналған (1988) концерттер, камералық оркестрдің сүйемелдеуімен гобой мен флейтаға арналған поэмалар (1979-1980) жарық көрді. Музыка саласының барлық жанрларда тамаша шығармалар жазып, мәдениетіміздің алтын қорына қомақты үлес қосқан халқымыздың сүйікті композиторларының бірі С.Мұхамеджанов туралы «Егеменді Қазақстан» газетінде жоғары баға берілген.

«С.Мұхамеджановтың қазақ музыка өнерінде алған орны айырықша. Оның ұшқыр қаламынан туған төрт опера, төрт симфония, қазақ халық оркестріне арнап жазылған көптеген туындылары мен камералық шығармалары, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған музыкалары, Абай өлендеріне шығарған толайым дүниелері бар» [2].

Қобызға арналған шығармасында композитордың алдына қойған мақсаты - халық музыкасының дыбыс ерекшіліктерін қазіргі заман тілімен жеткізіп, ұлттық стильдің көрсеткіштерін табу, сол арқылы жаңа композициялар шығарып, жаңа иірімдерді бағдарлау. Өз музыкасының ұлттық бояуын ол шығармашылығының ішкі құрылыстары арқылы көрсетуге тырысты. Бұл туындыны қобызшылардың концерттік репертуарлық төрінен орын алды. Концертте С.Мұхамеджанов аспаптың барлық колориттік, техникалық мүмкіншіліктерін ашып көрсетті. Мұнда композитор ұлттық дәстүрді еуропалық жүйенің заңдылықтарымен ұштастырды.

С. Мұхамеджановтың еске алу құрметіне арналған «Мәдени деңгейіміздің биігі» кеші туралы ой толғамда, Мәдениет Министрлігінің қызметкері К.Есенғазы былай деп ой-пікірін білдіріп жазады: «Сыдық Мұхамеджановтың бір кереметі бірінші рет орындалып отырған оркестр мен қобызға арналған концерті жоғарғы музыкалық әрі техникалық ойнаудың барлық күрделі де қиын әдістерін қолдана отырып шығарған дүние екен. Композитордың келешекте біздің жастарымыздың орындаушылық шеберлігінің өсуі табиғи заңдылық деп көрегенділікпен үлкен сеніммен қарап, гармониялық, полифониялық үрдіс үлгісін, философиялық терең ой сезіміндегі сергектігін сақтай жазылғаны ғажап. Ғалияның табиғи дара дарындылығы мен орасан зор еңбекқорлығына қалай таңқалмассын». 1 Осындай қобызшының қайталанбас орындаушылық шеберлігі туралы ақпарат беттерінде көптеп жазылды.

Концерттің бастапқы тональдігі – d – moll.

Құрылымы (формасы) жағынан концерт күрделі үш бөлімнен тұрады.

1Кесте


I бөлім

II б. Каденция

III б. Қайталау

d – moll

Бастапқы. П.



e – moll

Байланысты п.





d – moll


2 Кесте

А- Эпизод

В- Эпизод

Рефрен

П. П.

Соdа-


(5+5) қайталау

а-moll-d-moll модуляция





С- Эпизод

разработка.


Концерттің бірінші бөлімі формасы жағынан бастапқы, байланыстырушы, бағыныңқы және қорытынды тақырыптардан тұратын, сонаталық шығармаға ұқсайды. Он тактіні қамтитын бастапқы кіріспе гармониялық және әуендік жағынан рондоға ұқсас келеді, өйткені ол бастапқы және байланыстырушы партиялардан кейін екі рет қолданылады. Концерт фортепианоның жеке партиясымен басталып, әрі қарай қобызға сүйемелдейді.

Егер осы тақырып бағыныңқы және қорытынды партиялардан кейін келсе, онда бұл нағыз – рондо – сонаталық формадағы шығарма болар еді, ал осындай қайталау жоқ болғандықтан бірінші бөлім құрылымы жағынан сонаталық құрылымның экспозициясына, яғни рондо тәрізді түріне келеді. Бастапқы партия (11 т.) – лирикалық әнге ұқсас. Ырғақтық негізі – жартылық, сегіздік және төрттік нүктемен (яғни кері пунктир). Рефрен тақырыбында мынадай ырғақ қолданылған: Мысалы:



Қобыздағы бастапқы партия әуезді, мұңды болып келеді.

(5т + 5т). Бастапқы партиядан кейін секвенциялық дамумен қатар

(d–moll,a–moll)тональдігіне ауысып, модуляцияланады.(21 -29т.)



Дами келе нәзік, мұңды әуен қобыздың барлық регистрін пайдалана орындалады. Бұл тәсіл қобыздың ерекше дыбысын айқындап, тыңдаушыға үлкен әсер қалдырады. Концерттің ерекшілігі – негізгі әуеннің әртүрлі тональдікте орындалуы. Оның кантилендік (әуездік) бөлімінде терең мұң мен қайғы естіледі.

Екінші Piu mosso бөлімінде байланыстырушы партия, бастапқы партияға қарама-қарсы, құрылымы жағынан модуляцияланған сөйлемге

(d – moll – дан a – moll) ұқсас. (31-40т). Мысалы:



Байланыстырушы партиядан кейін (бұл мысалда 10т.) екі рет рефрен қайталанады. Осы бөлімдегі қобыз партиясы қысқарған түрінде орындалады да, оркестрдегі партиялары өзгеріп тұрады.



Рефреннен кейін (66т) байланыстырушы нәзік әуен жігерлі синкопа ырғағында орындалады да, оң қолдағы ысқышты қобыздың ішегіне сәл басыңқырағанды қажет етеді. Мысалы:

Бұл әуен алма-кезек орындалып, әуенді үзбей, марш мінездемесінде орындалады. Бағыныңқы партияның әуені оларға қарама-қарсы болып келеді. Бұл бөлім - поляк елдерінің мазурка, краковяк билеріне ұқсас болып келеді. Концерттің жылдам эмоционалды мінездемесінде жазылған әуен, қобызшыдан нақты, анық ырғақты талап етеді. Бұл партиядан кейін рефрен қайта оралады. Ортаңғы бөлімінде бұл екі құрылым қысқарған түрінде жазылған, ал оркестрдегі партиялар, өлшемі жағынан, үнемі өзгеріп тұрады. Негізгі шығарманың тұтастығын би жанры құрайды. Шығарманың эмоционалдық көтеріңкілігі тесситураның ауысуымен өтеді де, орта регистрдегі әуен жарқын шығып, жоғарғы регистрге көтеріледі.



Әрі қарай фортепиано мен қобызшының ойнақы әуендері алма-кезек ауысып, бірте-бірте жеке каденцияға ұласады.

Бұл каденция қобызшыдан үлкен кәсіби шеберлікпен интерпретациялық қабілетті талап етеді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет