Курсының бағдарламасы (атауы, шыққан жылы)



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі306,19 Kb.
#54056
1   2   3   4

Каденция бірнеше тақырып – бөлімдерден тұрады, оны әр қобызшы өз орындаушылық шеберлігімен көрсетеді (стаккатто, октавалық секірістер, триольдер, флажолеттер, маркато, тремоло, квинтоль, секстоль, септоль аккордтары көптеп кездеседі).

Композитордың келісуімен, Ғалия каденцияға біраз өзгерістер енгізген (өзінің орындаушылық қабілетіне қарай қиындатып, қос дыбыстар, отыз екілік пассаждар, жасанды флажолеттолар кеңінен қолданылады.).



Ғ:Молдакәрімова концерттің орындаушылық талдауында былай жазады: Каденцияның екінші бөліміндегі Allegro ырғағындағы әуен, қобыз күйлеріне ұқсас. Төменгі регистрдегі форшлагпен орындалған тұсы, қыл қобыз күйлері негізінде жазылған

Әрі қарай, бастапқы лирикалық теманың үзінділері естіліп, әуен төртінші октаваның «до» нотасына дейін жетеді. Жалпы, каденция орындаушыдан жоғары техникалық шеберлікті, күнделік дайындықты қажет етеді. Соңында бастапқы, байланысты, бағынқы әуендер бірігіп шарықтау шегіне жетеді.

Каденциядан кейін сонаталық форманың қайталау бөлімі орындалады. Үш рет қысқаша қайталанған рефрен байланыстырушы бөлімде бағынышты партияның алдында үнделеді. Егер экспозицияда бастапқы партия мен бағыныңқы партияда тональдіктер қатысы-d-moll-g-moll болса, қайталауда тек d-moll тональдігінде жазылған. Әуеннің әртүрлі құлпыра шығып өзгеруі, тональдық өзгерістерге байланысты.

Ән әуені жігерлі ырғақтармен кезектесіп, нақтылы әуендік сипатпен екінші тақырыбына ауысады. Осылайша музыкалық тақырып бірінші бөлімінен екінші бөліміне ауысып дамып отырады.

Қайталауда, қорытынды партия жоқ, оның орнына үлкен Coda – даму қолданылады, онда бастапқы және бағыныңқы партия жүреді. Разработкадағы бастапқы партия ұлғайтылады.

Бірінші такт Presto темпінде фортепианоның сүйемелдеуімен басталады, ал негізгі әуен, қобыз партиясында орындалады, сонан соң, триольдер қобыз партиясына ауысып, негізгі әуен алма-кезек фортепианоға ауысады.



Жоғарыдағы мысалда, негізгі әуен қобызда жүріп тұрады, ал триольдер



фортепианода ойналады.

Бұл мысалда, триольдер қобыз партиясына көшіп ойналады. Үнемі триольдік негіз, каденциядағы триольдық бөлімді елестетеді. Концерттің соңында үлкен көтеріңкі эмоционалдық мінездеме естіледі. Соңында, қобыз бен фортепиано бірігіп, салтанатты, көңілді түрде аяқталады. Минорлық тональділік концерттің негізгі ерекшелігі болып табылады. Төменгіге қараңыз:



Бұл концерт алғаш рет 1992 жылы 8 мамыр айында, Алматыдағы Орталық концерт залында, Сыдық Мұхамеджановтың еске алу кешінде Ғалия Молдакәрімованың шебер орындауында таспаға жазылды. ҚР халық әртісі Ғ. Молдакәрімова туралы: «Блестяще исполнила Концерт для кобыза с оркестром под управлением Заслуженного деятеля искусств РК Т.Абдрашева. Ее исполнение отличала естественность, искренняя непринужденность, редкой красоты звук и пластичная кантилена»- деп жазады өнертану ғылымдарының кандидаты Д.Жұмабекова [3,41б.]

«Қобыздың қоңыр әуені алғаш рет симфониялық оркестрмен бірге кестеленді. Осыдан біраз уақыт бұрын мұның алғашқы қойылымын республиканың халық әртісі Ғ.Молдакәрімова АҚШ-тағы Колумбияның симфониялық оркестрімен орындаған болатын» - деп жазады Т.Михеева. Қобызға арналған концертінде стильдік нәзік иірімдер, терен сезім анық аңғарылады [4].

Композитор Сыдық Мұхамеджановтың бұл туындысы жалпы қобызға арналған тұңғыш ірі концерттерінің бірі. Аталмыш шығарма ұлттық аспапты музыканың даму биіктігін айқындап, кәсіби орындаушылардың жылы ықыласына бөленді. Бүгінгі таңда концерт музыка колледждері мен музыкалық жоғарғы оқу орындарының репертуарына еніп, конкурстар мен концерт залдарында жиі орындалуда.




14 дәріс.
Құддыс Қожамияровтың өмірі мен шығармашылығы

Құддыс Қожамьяров ұйғыр халқының тұңғыш професионал композиторы,заманымыздыңмузыкалық жанрларының негізін қалаушысы.Ол,өз шығармаларында аз халықтардың,заманына сай музыкалық мәдениет өкілдерінің бейнелерін суреттейді.Қ.Қожамьяровтың шығармаларында ұлттық ерекшеліктер тән.Композиторлық шығармашылықтарымен қатар ол,әр түрлі қоғамдық жұмыстар және ұстаздық қызмет атқарды.
Қ.Қожамьяров,1918 жылы,Алматы облысының Қайнар деген селосында,шаруаның семьясында дүниеге келді.Жастайынан ол халық әндерін жақсы көріп,тыңдады.Алматыда музыка-драма техникумының ашылатынын естіп,ол оқуға баруды ұйғарады.Басында скрипка одан кейін фортепиано класында оқиды.Келе-келе бойында шығармашылыққа деген құштарлық пайда болды.Оның алғашқы композиторлық талпынысына ‹‹Шығыс балладасы ›› және ‹‹Айлы түн ››жас өспірім шағында қиялға толы пьессалары жатады.
Қ.Қожамьяровтың жастық шағы ауыр кезеңде өтті-аштық,соғыс.Осы жағдайларға қарамастан,болашақ композитор өз бастамасында үлкен қайсарлық көрсетт.
Техникумды бітірген соң ол,Москва консерваториясында Отан соғысы басталып,армия қатарына шақырылады.Мұнда ол партия қатарына кіріп,тмаша әскери дайындық аладв,сонымен қатар,музыкамен шұғылдануын үзбейді.Ұрыстарға қатыыспайтын әскери бөлімінде болғандықтан,ол хор ұйымдастырып,халық әндерін өңдеумен шұғылданады.
1946 жылы,әскери міндетін аяқтағаннан соң Қ.Қожамьяров Алматыға оралып,консерваторияға оқуға түседі.Мұнда ол Е.Брусиловскийдің класында оқиды. Қ.Қожамьяров техникумда оқып жүрген кезінде Е.Брусиловский оның композиторлық дарындылығын байқаған екен.
Консерваториядағы және одан кейінгі 50-ші жылдар кезеңі шығармашылығының алғашқы буынын құрады.Бұл кезеің камералы-аспаптық және вокалды шығармалар шығарудан басталады.Композитор өзінің алдына өте күрделі мәселе қояды-ұйғыр халық музыкасының ерекшеліктерін көрсететін өзіндік әуен стилін тауы,оны жүзеге асыру.Ғасырлар бойы келе жатқан халық дәстүрлері Қ.Қожамьяровты шығармашылыққа шабыттандырады.Оның шығармасы арқылы тыңдаушы қауымның,ертедегі ұйғыр мәдениетінің тарихына деген қызығушылығын оятады.Консерватория қабырғаларында жазған алғашқы шығармашылығының –ақ әуенділіктің ерекше жаңа лебі еседі.(поэма,бесік жыры,фортепианоға арналған ноктюрн).Композитор ұйғырдың халық музыкасын өңдеді.Кейбір әндерді өз шығармаларында пайдаланған.Мысалы,фортепианолық трио, ‹‹Бу Чинар››атты ұйғыр әніне жазылған шығармасы сегіз вариациядан құрылады.
‹‹ Туған колхозда ››атты төрт бөлімді шекті аспаптар квартеті өзінің тамаша ұлттық өзгешелігімен еркше көзге түседі.Ұйғырдың халық әндерінің әуендері мұда еркін пайдаланылған.Сонымен қатар,композиторды поэтикалық сөз өрнегі қызықтырады.Оны ұйғыр және қазақ ақындарының өлеңдеріне жазылған әндерімен романстарынан көреміз. ‹‹ Колхоздың егіс танабы ››хор сюитасында композитор бейнелердің нақтылығын,олардың ашық ұлттық әсерлігін көрсетуге тырысады.Консерваторияда оқып жүрген жылдары орындалып жүрді.Сол жылдары оның әрбір шығармасы Астанамыздың музыка өмірінде керемет оқиға болды.Осы кезеңде шығарған шығармаларының ішінде ең ірі туындысы ‹‹ Ризвангуль››симфониялық поэмасы болды.Поэма көптеген ізденіс жолдарын ашты.Бұларды жүзеге асыру үшін,Қ.Қожамьяровқакөп ізденіп,көп оқу қажет болды.Сондықтан ол сынақ өту үшін композитор В.Шелабиннің класына Москваға аттанд 50-ші жылдар бойы‹‹Ризвангуль ›› симфониялық поэмасынан кейін,композитор басқа ірі жанрларды меңгеріп,өзінің күшін сынамақ болды.Ол әр түрлі тақырыптарға сүйеніп,жаңа мәнерлеу тәсілдерін қолданады.Оның шығарамаларының негізгі тақырыбы-ерлік,тұрмыс салт-дәстүрі болып табылады.Оны,әсіресе замандастардың бейнесі қызықтырады.Бұған, ‹‹ Достық жолымен ››симфониялық поэмасы және ‹‹ Ұйғыр колхозындағы кеш›› вокалды-симфониялық сюитасы жатады. Композитордың шығармасының ішінде, әсіресе, халық ерлерінің тарихи бейнелері сәтті шықты. Осы жылдары жемісті болған жұмысы- ‹‹Назугум›› операсы (1956жылы) болды.

15 дәріс.

Еркеғали Рахмадиевтің опералық шығармашылығы

Қазақстанның қазіргі музыка мәдениетінде КСРО және ҚазССР Халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Еркеғали Рахмадиевтің (1930 жылы туған) алатын орны ерекше. Оның сазды әуені ақжарқын лирикаға толы, халық даналығының тереңінен нәр алып, өмірге құштар көңілдің құрышын қандыратындай әуені байтақ.
Сазгердің шабытын жебейтін музасы - лирика. Оның лиро-поэтикасы жүректі тербейтін әсерлілігімен, тартымдылығымен бөлектенеді, ойлары орамды, эмоциясы сезімшіл. Сазгердің үлкен-кіші формадағы шығармалары, вокалды-хор, оркестрлік, театрлық-сахналық туындылары лиризм акварелімен боялғандай айшықталып тұрады. Осындай шығармасының бірі - ақын Нұтфолла Шәкеновтің сөзіне жазылған «Таң самалы» әні. 60-шы жылдары жазылған бұл шығарма қазіргі кезде миниатюралық шедевр ретінде қабылданады, мұнда Рахмадиевтің сазды лирикасының сонар сырлары жан-жақты ашылған, әннің өн бойы әсемдік пен мәңгілік таусылмайтындай әуезге тұнып тұрады, мелодиялық құрылымы мен интонациялық кеңістігі шексіздікке жол тартатындай, ньюансының эмоциялық кербездігі де табиғатпен бірге жаралған адам жанының жайдары мінезіне сай, әннің әр бунағынан жаңа атқан күннің шапағына енді ғана белене бастаған таң самалының тазалығы есіп тұрады.
Е.Рахмадиев әуелі вокалды өнердің сазгері, себебі оның шығармашылық фантазиясының импульсі поэтикалық сөзден түбір алады. Сазгердің жетекші жанры циклға топтастырылған вокалды миниатюралар (Абай өлеңдеріне жазылған вокалды цикл) және жеке туынды қатарындағы вокалды шығармалар («Сағындым, еркем», «Жетісудың қыздары-ай», «Анашым-Ардағым», «Дос көңілі», «Сөйлейді тағдыр», «Балқаш вальсі» т.б.), ал, күрделі формадағы шығармалары - операларда жазылды («Қамар сұлу», «Дала шапағы», «Алпамыс», «Тың туралы ән», «Абылайхан»), оратория мен кантата саласындагы шығармалары («Салтанатты кантата», «Партияға ода», «Конституция туралы поэма», М.Әуезов рухына бағышталған поэма-реквием) сазгердің атын вокалды лириканың қас шебері ретінде даңққа бөледі.
XX ғасырдың 70-жылдарында Е.Рахмадиев аспаптық музыка саласына қалам тартуды бастады. Домбыра музыкасы мен Еуропа инструментализмінің синтезін іздеу талабының жемісінен симфониялык күй атты жаңа жанр пайда болды. Қайрат жігерге, оцтимизм мен динамикаға толы, ұлттық үрдісті сақтай жазылған «Дайрабай», «Құдаша думан», «Ортпа» сияқты симфониялық күйлері бүгінгі заман тынысымен ырғағы бір туындылар санатына қосылды.
Музыкадағы лиро-эпикалық бағыт Рахмадиев шығармашылығының басты ұстанымы десе де болады. Тебіренісі мол лиризм оның барлық шығармаларының өзегіне айналған. Сазгер қаламынан шыққан «Балқаштағы кеш» хор поэмасы, «Қамар сұлу» операсындағы лейттақырып, «Абай дауысы» фортепианолық поэмасының қосалқы партиясы, «Дайрабай» симфониялық күйіндегі лирикалық тақырып, «Алпамыс» операсындағы Жер-Ана мен Алпамыстың және Алпамыс пен Гұлбаршынның дуәттері нағыз лиризмнің биік үлгісі болды.
Сазгердің азаматтық тақырыптағы шығармалары да лирикалық жоспарда жазылған, бұлардың мазмұны биік патетикаға мен публицистикаға құрылған, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді көтеріп отырады. Өз заманының идеалын арқа тұтқан сазгер жалпыұлттық, адами-тәрбиелік тақырыптарды қозғайды (Отанға, туған жерге деген шексіз махаббат, халықтың жасампаз күші, қоршаған ортаның тыныс-тіршілігі тақырыптары), сазгер бүгінгі күннің тарихи шындығын сезшген суреткер ретінде өз ұлтының музыкалық жылнамасын жазуға ұмтылады. Салауатты, гуманисті оты бар Рахмадиев музыкасымен бірқауым ұрпақ өсіп жетілді. Кезінде бұл музыкалық полотнолардың қоғамдық ықпалы белсенді болды, мұнда өз дәуірінің мінбері әрі қоғам қайраткері болған сазгердің тарихи және азаматтық міндетін абыроймен орындаған жарқын келбеті бар.
Рахмадиевтың тарихи-патриоттық тақырыптағы шығармалары көтеріңкі лирикалық сезіммен жазылған. Бұларда жүрек қылын шертетін сезімшіл лирикалық интонациялармен бірге метроритмикасы шебер ұжымдасқан ұранды, плакатты, риторикалы-әнұрандық белгілер де бар. Жыр алыбы Жамбылдың сөзіне сүйене отырып сазгер өз Отаны үшін қуанады, жүрегімен шаттанады:
Қияға көзін салғанда
Қараңдаршы не көрем?!
Қуана өскен ел көрем,
Көгере түскен жер көрем....1
Е.Рахмадиевтің лиро-патриоттық тақырыптағы көптеген шығармаларына ұлы ақынның мына өлеңі эпиграф болуға әбден лайықты болар еді:
Көзіңді салшы далама,
Түкті кілем түріндей,
Тауыма сұлу қарашы
Ағып жатқан гүрілдей,
Ауылыма қарашы
Қырдың қызыл гүліндей,
Ән-күйімді тыңдашы
Батыр лықтың үніндей!2
Патриоттық тақырып Рахмадиевтың хор полотнолары, оркестрлік және опералық шығармаларының арқау өзегі болды, осындай биік мінберлі туындылар қатарына «Салтанатты кантата», «Партияны ардақтаймыз», «Қарсы алу кантатасы», «Конституция туралы поэма», «Аястан», «Халықтар достығы», «Дала шуағы», «Тың туралы ән» туындылары жатады.
Сазгердің өз заманының тынысын жырлаған музыкасы қазіргі көзбен қарағанда біршама өзектілігінен айрылғандай көрінуі мүмкін, бұл жағдайды қоғамдық-саяси құрылымның ауысуынан туған заңды құбылыс деп қараған абзал. Дегенмен, автордың қолынан шыққан музыкалық материалдардың шыншылдығы кім-кімді болса да мойындата алады, кәсіби шеберліктің шыңына шыққан осынау туындылар көркемдік құндылығын әлі жойған жоқ, өйткені, заманның шындығын бейнелеген нағыз суреткердің өнері ғана ғұмырлы, ол ешқашан уақытқа тәуелді болмақ емес.
Е.Рахмадиевтің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамасы халықтың ауыз әдебиеті мен музыкалық фольклоры негізінде жетіліп өсті, бұл оның суреткерлік ойы мен сазгерлік стилінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Үлкен ұрпақтың мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, оны әрі қарай жалғастыруды мұрат еткен дәстүрлі мамандықтың иесі болғандықтан ол ұлттық дәстүрдегі (латын тілінде traditio - мирасқа қалдыру деген сөз) тақырыптарға құлшына кірісті, музыка арқылы сюжеттер мен кейіпкерлердің композициялық бейнесін жүзеге асыруға тер төкті. Е.Рахмадиев өзінің көпжанрлы шығармашылығында фольклордың тұрақты формаларын (таза ұлттық, халықтық түрлерін) үнемі сақтап отырды, сонымен бірге, өз шығармашылығының жаңашыл үкіміне дәстүрлі әуендерді бағындыра отырып, оны әлемдік музыкалық мәдениет жауһарларының жетістіктерімен байыта алды (дәстүрлі мұраларға гармониялық және полифониялық тәсілдерді қолдану, фольклордың жанрлық түрлерін трансформациялау, музыкалық драматургия заңдылықтарын пайдалану). Рахмадиевтің шығармашылық табиғатына тән құбылыс -халықтық сөз бен музыкадан тұратын өнерді көркем әрі түтас деп ұғынуы (бұл жерде сазгердің өзінің туған тілі мен әдебиетін, тарихы мен шежіресін, ұлттың мінезі мен психикасын, моралі мен этикасын, тұрмысы мен күнделікті өмірін терең білетін жан екенін айтып еткеніміз жөн), осы ұстанымы сазгердің кейіннен алған кәсіби білімімен ұштасып, оның төлтума талантының өсуіне жайлы жағдай туғызды.
Жоғарыда аталған сазгердің ізгі қасиеттері Алматы музыкалық училищесі, Алматы және Мәскеу консерваториясы қабырғаларында музыкалық білім мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері Л.Хамиди, Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Н.Тілендиев, Мәскеу консерваториясының профессорлары Ю.Фортунова, Г.Литинскийлердің көмегі арқасында ашыла түсті.



1 Мәдени деңгейіміздің биігі. //Мәдениет.№10 (13) 16-30. 05. 1992ж.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет