Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет9/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Дәріс мақсаты: Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі, Шаянтәрізділер класы -алғашқы су буынаяқтылары, классификациясы, филогениясы, экологиялық радиациясы, маңызы туралы білімдерін толықтыру.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі.

2. Шаянтәрізділер класы -алғашқы су буынаяқтылары

3. Шаянтәрізділердің классификациясы, филогениясы, экологиялық радиациясы.

Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, Полихиттер, буынаяқтылар, шаянтәрізділердің құрылысы). Коллекция (өзен шаяны , омар, хелицерлілер, насекомдар) ылғалды препараттар, бейнефильмдер, т.б.

1-сұрақ

Желбезектыныстылар типтармағы (Branchiata) су жануарлары, тыныс алу мүшесі – желбезек. Денесі үш бөлімнен тұрады. Бас – акроннан және 4 сегменттен түзілген. Басында 2 жұп мұртша: акрон өсіндісі – антеннула, бірінші бас сегмент аяғының түр өзгерісі – антенна. Қалған 3 жұп бас аяқтарынан – жақ пайда болған. Бұл тип тармағына бір класс жатады.

Шаянтәрізділер класы (Crustacea)

2-сұрақ

Су жануарлары, 40 мыңға жуық түрі белгілі. Жүзіп, жорғалап, бекініп (теңіз жаңғағы, теңіз үйрекшесі) мұхитта, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. Кейбір өкілдері құрлықта (жылбыс) кездеседі. Ылғалды тропикада құрлықта (топырақта) бүйір жүзгіщтер, құрлық крабтары мекендейді. Ішінде су омыртқасыздары мен балық паразиттері де бар.

Су экожүйесінде шаянтәрізділердің биологиялық зат айналымда ролі үлкен. Планктонды формалар бір клеткалы балдырлармен, су қабатында қалықтаған органикалық түйірлермен қоректенсе, ал олармен балықтар, киттер қоректенеді.

Суды биологиялық тазалауда шаянтәрізділердің маңызы зор. Олардың көбі биофильтраттар, детритофактар. Шаянтәрізділерді адам тамаққа пайдаланады. Әсіресе асшаян, краб, лангустар, т.б. шаяндар - кәсіптік объект, оларды аулау, өңдеу өнеркәсібі ұйымдастырылған. Балық зауыттарында балыққа қорек үшін ұсақ шаяндарды өсіреді.


Шаянтәрізідлердің морфологиясы лабораториялық сабақта қаралады.

Дамуы. Эмбриональды дамуы буылтық құрттарға ұқсас: жұмыртқа спиральды, тегіс емес детерминирлі бөлшектенеді. Мезодерма телобласт жолымен қалыптасады. Эмбрионнан кейінгі даму метаморфозды жүреді. Көбінде жұмыртқадан планктонды дернәсіл науплиус шығады. Оның денесі акроннан, 2 сегметтен және аналь қалақшасынан тұрады. Бір бұталы антеннулалар, 2 жұп 2 бұталы жүзу аяқтары (ересек шаянның антеннасы мен мандибула гомологиясы) болады. Дара науплиус көз, ішек, антенналь бүйрегі, бас ганглиясы бар. Аналь қалақшасының алдындағы өсу аймағында жаңа сегменттер бөлініп, келесі дернәсіл стадиясы – метанаулиуске айналады. Оларда барлық бас сегменттері, алдыңғы көкірек сегменті (жақ аяқпен) бар. Бірнеше рет түлейді, сегменттері, аяқтары, ішкі мүшелері жетіледі.

Жоғарғы сатыдағы шаяндарда (ас шаян) жұмыртқадан науплиус шығып, метанауплиус, кейін жоғарғы сатыдағы шаяндарға тән ерекше дернәсіл – зоеа дамиды. Зоеа-да бас және алдыңғы көкірек аяқтарынан басқа қалған көкірек аяқтар бастамасы, соңғы аяқпен құрсақ қалыптасқан және фасет көзі бар. Ас шаяндарда зоеа-дан кейін көкірек аяқтары жетілген, барлық құрсақ аяқ бастамасы дамыған мизид стадиясы болады. Мизид дернәсілі түлеп, ересек формаға айналады.

Крабтарда жұмыртқадан зоеа дернәсілі шығады, ал өзен шаяны тура дамиды.



3-сұрақ. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:

Желбезекаяқтылар (Branchiopoda)

Цефалокаридтер (Cephalocarida)

Максиллоподтар немесе Жақаяқтылар (Maxillopoda)

Бақалшақты шаяндар (Ostracoda)

Жоғарғы сатыдағы шаяндар (Malacostraca) - СОӨЖ

Шаянтәрізідлер буынаяқтылар типінің ежелгі тобы. Кембрий шөгінділернен белгілі. Оның класс тармақтарын салыстырмалы – морфологиялық талдау олардың ортақ тектен жеке даму жолы бар екенін көрсетеді. Систематиктер шаянтәрізділердің бірнеше туыс кластар ретінде қарау мүмкін дейді.

Шаянтәрізділердің эволюциясы әртүрлі экологиялық қатарға ие болған түрлі тіршілік форманың түзілуіне әкелді. Арғы тегі – жүзіп тіршілік еткен ұсақ пелаго-бентосто формалар, олардан бірнеше бағытта бейімделген топтар шыққан: планктон, нектон, бентос, паразит және құрлық формалары.

Cephalocarida

Алғашқы Branchiopoda

Crustacea Maxillopoda

Ostracoda

Malacostraca
Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2004. 273-319 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 292-330 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 341-384 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі.

2. Алғашқы су буынаяқтылары - Шаянтәрізділердің ұйымдасу ерекшелігі.

3. Шаянтәрізділер қол-аяқтарының эволюциялық өзгерістері.

4. Шаянтәрізділердің жүйке жүйесінің прогрессивті дамуы. Олигомеризация.

5. Шаянтәрізділердің эмбрионнан кейінгі даму типтері. Онтогенез эволюция бағыттары.

6. Шаянтәрізділердің паразитизмге адаптациясы.

7. Отырып тіршілік ететін формалардың ұйымдасуындағы регресс.

8. Бақалшақты шаяндардың қосжақтаулы моллюскалармен конвергентті ұқсастықтары.

9. Құрлықта тіршілік етуге көшкен шаянтәрізділердің адаптациясы.


14 дәріс

Тақырыбы: Хелицерлілер (Chelicerata)

Дәріс мақсаты: Хелицерлілер т/т, Семсерқұйрықтылар, құрлық фаунасы-өрмекшітәрізділердің морфофизиологиялық ерекшеліктері, биологиясы, филогениясы және экологиялық топтары туралы мәлімет беріп, теориялық білімдерін кеңейту.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Хелицерлілер т/т-ның сипаттамасы. Семсерқұйрықтылар.

2.Құрлық фаунасы-өрмекшітәрізділердің құрылысы, биологиясы. Филогения және экологиялық топтары.

Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер ( жануарлар филогениясы, буынаяқтылардың жалпы кестесі, өрмекшітәрізділер. ылғалды препараттар: өрмекшітәрізділердің түрлері.

1-сұрақ. Су буынаяқтылары трилобиттермен шаянтәрізділерден айырмашылығы хелицерлілер негізінен құрлық тұрғындары. Құрлық формаларының арғы тегі өліп-біткен су жануарлары. Бүгінгі күні су хелицерлілернен «тірі қазба» - семсерқұйрықтылардың бірнеше түрлері сақталған. Хелицерлілердің 63 мың түрі белгілі. Оларға тән белгілер:

1. Хелицерлілер денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады. Біріккен баскөкірек акроннан және 7 сегменттен (соңғысы дамымаған) түзілген. Құрсақ 12 сегменттен және тельсоннан тұрады.

2. Аяқтары бір бұталы. Баскөкіректе 6 жұп аяқ: хелицер, қармалауыш аяқ, төрт жұп жүру аяқтар. Су формаларында құрсақ аяқтарында желбезек өсінділері болады. Хелицерлілердің ерекшелігі: басында антенна болмайды. Бірінші баскөкірек бас сегментінде қысқаштәрізді – хелицер орналасқан, сондықтан тип тармағы хелицерлілер деп аталады. Хелицер - қоректі ұсақтайтын мүше. Екінші жұп – қармалауышаяқ – қоректі қармалау, ұстау қызметін атқарады. Қалған төрт жұп жүру аяқтары. 7-нші сегментте аяқ болмайды, тек су хелицері – семсерқұйрықтыларда рудиментті аяқ сақталған.

Құрсақ бөлімде аяқтар жоқ. Су формаларында алдыңғы 6 құрсақ сегментте желбезек аяқтары болады, кейбір құрлық түрлерінде рудиментті құрсақ аяқтары жыныс өсінділеріне, тыныс өсінділеріне, тыныс алу мүшелері - өкпе немесе өрмек сүйеліне айналған.

3. Ас қорыту жүйесіне бауыр – деп аталатын ішектің ерекше жұп безді өсіндісі тән.

4. Зәршығару мүшесі – коксаль безі немесе 5-ші жүру аяқ негізінде ашылады, шығу тегі – түрі өзгерген целомодукт. Құрлық хелицерлілерінде және артқы ішек аралығында ашылатын мальпигиев түтіктері – зәр шығару мүшесі. Артқы ішекте су реабсорбциясы жүреді. Мальпигиев түтіктері организмдегі ылғалдың экономиясын қамтамасыз етеді.

5. Тыныс алу мүшесі су хелицерлілерінде құрсақ аяқтарындағы желбезек, ал құрлық формаларында өкпе немесе кеңірдек. Ұсақ формалар тері арқылы тыныс алады.

6. Сезім мүшелері нашар дамыған: қарапайым көздері бар, иіс сезу, сипап сезу мүшелері жекелеген сенсиллалар және олардың жиынтығы.

7. Бас миы прото – және тритоцеребрумнан тұрады, ал дейтоцеребрум

(атеннаны нервтендіретін) болмайды.

8. Су хелицерлілерінде ұрықтану сыртта, ал құрлық формаларында ішкі-сыртқы (сперматофоралы) немесе іште жүреді.

9. Дамуы тура, өсу және түлеу арқылы жүреді.

Хелицерлілер тип тармағына үш класс жатады.

Семсерқұйрықтылар (Xiphosura)

Өліп-біткен Алыпқұршаяндар (Gigantostraca)

Өрмекшітәрізділер (Arachnida) кластары

Семсерқұйрықтылар класы - өте ертедегі су хелицерлері, палеозой және мезозой эрасында кең тараған, қазіргі кезде тек бес түрі белгілі.

Денесі жалпақ, қалқанмен жабылған, біріккен құрсағы семсертәрізді өсіндімен аяқталады. Сыртқы түрі трилобитке, дулығарға (қалқанды шаяндарға) ұқсас. Бұл жануарлар бентосты тіршілік етуіне байланысты ұқсас тіршілік формаға ие болған. Қалқанның алдыңғы жиегімен су түбін қазып, түрлі құрттармен моллюскаларды тауып қоректенеді, ал семсер - өсінді қазу кезінде тірек болады.

Баскөкірек қалқанында бір жұп күрделі көз, ортасында жұп жәй көздер орналасады. Баскөкіректің астында саңылау тәрізді ауыз, 6 жұп аяқтарымен қоршалған. І-ші жұп аяқ- үш буынды хелицер, қоректі ұсақтайды (үгітеді). Қалған 5 жұп аяқпен су түбінде қозғалады. Олардың біріншші жұбы қармалауыш аяққа(педипальпа) сәйкес және келесі

үш жұбы қысқашпен аяқталады, қорек ұстайды. 5-ші жүру аяғы тырнақпен аяқталады, қылтанды. Судың түбін қазғанда бұл аяқтар тірек қызметін атқарады және оның негізінде желбезек өсіндісі болады. Барлық 5 жұп аяқтар негізінде қоректі үгітетін шайнау өсінділері бар. Баскөкіректің 7-ші сегментінде аяқ рудименті-хилярии сақталған.

Қазіргі семсерқұйрықтылардың құрсағы біріккен 6 сегменттен және семсер тәрізді аяқтар орналасқан. Бірінші жұп-желбезек қақпағы, қалған 5 жұп желбезек аяқтарын жабады. Эмбриология мәліметтеріне байланысты семсер өсіндісі үш құрсақ сегментімен тельсоннан пайда болған.

Асқорыту жүйесі алдынғы ішек іші хитинмен астарланған және үгіткіш қарыннан; бауыр ашылатын ортанғы ішектен ,артқы ішектен тұрады.

Қан айналу жүйесі ашық. Түтік тәрізді жүрегінде 8 жұп остия болады, миксоцильдің перикардия сикусында орналасады.

Зәр шығару мүшелері: 4жұп бүйрек –коксаль бездері, 5-ші жұп жүру аяқ негізінде ашылатын 2 каналдан тұрады. Бүйрек түрі өзгерген целомодукт.

Жүйке жүйесі-бас миынан (көзді нервтендіреді),жұтқыншақ маңы коннектив, құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Сезім мүшелері нашар дамыған. Бір жұп күрделі және жәй көздері болады.

Семсерқұйрықтылар дара жынысты. Жыныс гонадысы, өзектері жұп мүшелер.Жыныс тегісі 1-ші құрсақ сегментінде желбезек қақпағының астынды ашылады.

Семсерқұйрықтар сары уызға бай жұмыртқаларды теңіз жағалауына салып, құммен көмеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл трилобиттерге ұқсас. Бірақ олардың дамуын тура деуге болады, себебі трилобиттәрізді дернәсілдің құрылысы ересек формаға ұқсас, айырмашылығы семсер өсіндісі дамымаған. Эмбрионнан кейінгі даму өсуімен және тұрақты түлеумен сипатталады.

Семсерқұйрықтылар Атлант мұхитында, Орталық Америка (1түр), Оңтүстік-Шығыс Азия (3түр), Филиппен аралдарының (1түр) жағалауында кездеседі. Олар тірі қазба, ертедегі өкілдері силур шөгіндісінде табылған.



2-сұрақ. Өрмекшітәрізділер - құрлық хелицерлері, баскөкірегінде қысқаш-немесе тырнақтәрізді хелицер, қармалауышаяқ, 4жұп ұзын жүру аяқтары бар. Құрсақта аяқ болмайды. Өкпе немесе кеңірдек арқылы тыныс алады. Коксаль безінен басқа мальпигиев тамырлары бар.

63 000-ға жуық түрлері белгілі. Құрлық формалары топырақта, өсімдікте тіршілік етеді. Арасында екінші ретті су формалары, өсімдікпен жануар паразиттері кездеседі.

Өрмекшітәрізділердің көбі өрмек безінің өнімі өрмек жібін бөледі. Өрмек қорек ұстау, жауынан қорғану және таралуда маңызы бар.

Алғашқы су хелицерлерден өрмекшітәрізділердің ерекшелігі-құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Хитинді жабын өте жұқа-дененің меншікті салмағын жеңілдетеді. Хитинді кутикуланың құрамына сыртқы қабат-эпикутикула тән. Ол кеуіп кетуден сақтайды. Құрсақтағы желбезек аяқтар жойылып, ауамен тыныс алуға бейімделген мүше - өкпе және кеңірдек пайда болады. Рудиментті құрсақ аяқтар жыныс, тыныс алу қызметін атқарады немесе өрмек сүйеліне айналған. Жұру аяқтары ұзын, құрлықта қозғалуға бейімделген.

Өрмекшітәрізділер класс шегінде дене сегменттері олигомеризацияланған (барлық сегменттер біріккенге дейін).

Морфофизиологиялық ерекшеліктері лабораториялық сабақта қаралады.

Классификациясы, экологиясы-СООЖ, СӨЖ-де қаралады.

Ертедегі хелицерлілер, желбезек арқылы тыныс алған су жануарлары: семсерқұйрықтылар тағы басқалары. Олардың қазбалары кембрийден белгілі, палеозойда басым топ болған. Құрлыққа алып құршаяндар класының өкілдері шыққан. Қазбада алып құршаяндар арасындағы аралық формалар бар (Құрлықты мекендеген).

Салыстырмалы морфологиялық мәліметтер қазіргі заман отрядтары бір- біріне тәуелсіз қалыптасқан және құрлыққа шыққан. Әр отряд мүшелерінің эволюциясы әр түрлі. Мысалы: құршаяндар суда тіршілік еткен ата- тектердің құрсақ желбезек аяқтары жыныс қақпағына, тарақшаға, өкпеге, ал өрмекшілерде - өкпеге және өрмек сүйеліне айналған. Кенелерде бірнеше жұп желбезек аяқтар орнында коксоль мүшесі сақталған. Эволюцияның екінші жолы: өрмекшітәрізділердің барлық отрядында морфогенезде эволюция жүрген: су өткізбейтін кутикула, желбезек өкпеге немесе кеңірдекке, бүйрек мальпигиев тамырына ауысқан, құрсақ біртұтас мүшеге айналды, хелицер мен қармалағышаяқ маманданған, жүру аяқтарда табан пайда болған. Жұмыртқа іште ұрықтанады, дамуы метаморфоздан тірі тууға дейін жүреді. Кейбір өрмекшітәрізділер өрмек жібін пайданалады. Орыс ғалымы А. Б. Ланг бойынша су хелицерлерінің жорамал тегінен семсерқұйрықтар, алып құршаяндар шыққан.

Құрлыққа шығу және су маңында ылғалды ортада тіршілік етуге бейімделуге байланысты қазіргі кезде өліп- біткен алыпқұршаяндардан құрлық хелицерлері құршаяндар отряды шыққан. Өрмекшітәрізділер класы су хелицерлерінің белгісіз топтарынан шыққан. Құрлық кенелерінің шығу тегі, желбезек аяқтардың редукциясы, коксаль мүшелердің дамуы, тері арқылы тыныс алу, топырақта тіршілік етумен сипатталады.

Өрмекшітәрізділер эволюциясының үшінші кезеңі құрлықты мекендеу және ылғалға мұқтаж ортада жетілген кеңірдек жүйенің дамуымен байланысты. Бұл деңгейде екі өкпелі және кеңірдекті өрмекшілер, кене, жалған құршаяндар тағы басқа шыққан.

Сонымен бүгінгі таңда өрмекшітәрізділер отрядтарының шығу тегінің бірлігін көрсететін дәлелдемелер жоқ, сондықтан бұл класты полифилетикалы деп есептеуге болады. Таксондар эволюциялық радиациямен қатар жүрді. Алғашқы хелицерлілер- су жануарлары: бентосты және бенто-пелагикалық формалар. Желбезекпен тыныс алды, ұрықтану сыртта жүрді, дамуы метаморфозды. Ұсақ жаға формалары құрлыққа шыққан болар. Оларда ауамен тыныс алатын мүше, т.б. бейімділіктер қалыптасты. Алғашқы құрлық формалары тас астында жасырын тіршілік еткен ымырт жануарлары (құршаян тәрізді). Құрлықты игеру бірнеше бағытта жүреді. Кейбіреуі топырақ (кенелер), басқалары ыдыраған өсімдік қалдықтарын, орман төсенішін тіршілік орта ретінде меңгерді. Өрмекшілермен кенелер топырақпен байланысты үзіп, басқа экологиялық қатарды меңгереді. Олар өсімдік ярустарында, ал кейбіреуі қайтадан суда тіршілік етуге көшкен. Кенелер барлық ортаны (топырақ, су, өсімдік ярустары) иемденген, арасында хелицерлілерге тән келмейтін трофикалық топтар: фитофагтар, сапрофагтар және өсімдік пен жануар паразиттері кездеседі. Жас өрмекшілер өрмек жібімен жел арқылы таралады, ал ұсақ кенелер ауа қабатына көтеріледі.



Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2004. 320-352; 353-369 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 401-436б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 385-412б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Хелицерлілердің басқа буынаяқтылардан морфологиялық ерекшелігі.

2. Хелицерлілердің прогрессивті белгілері.

3. Су хелицерлілерінің бентосты тіршілікке мамандануы.

4. Өрмекшітәрізділердің құрлықта тіршілікке бейімделуі.

5. Кенелердің морфологиялық, экологиялық көптүрлілігі.

6. Табиғатта өрмекшітәрізділердің маңызы.

7. Кенелердің практикалық маңызы.

8. Хелицерлілердің филогения.

9. Өрмекшітәрізділердің экологиялық радиациясы.


15 дәріс

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар (Traсheata) тип тармағы, Көпаяқтылар

( Myriapoda) класы



Дәріс мақсаты: Құрлық жәндіктері – кеңірдектыныстылардың ұйымдасу ерекшелігі, көпаяқтылардың морфологиясы, биологиясы, экологиясы, классификациясы туралы мәлімет беру.

Тірек сөздер:

Дәрістің мазмұны: .

1.Кеңірдектыныстылар типтармағының ерешелігі.

2.Көпаяқтылардың морфологиясы, көбеюі және дамуы.

Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер, коллекциялар, бейнефильмдер

1-сұрақ.

Кеңірдектыныстылар – құрлық жәндіктері. Тыныс алу мүшесі – кеңірдек, ұсақ өкілдері тері арқылы тыныс алады. Екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген формаларда да (су сүйгіш қоңыздар, су кандалалары т.б.) кеңірдек сақталған, бұл олардың тегі құрлық жәндіктері екеніне дәлел.

Кеңірдектыныстыларға тән ерекшеліктер:

1. Кеңірдектыныстылар ауамен кеңірдек арқылы тыныс алады.

2. Денесі бастан және көпбунақты тұлғадан (көпаяқтытыларда) немесе бастан, үшбуынды көкірек және сегменттелген құрсақтан (бунақденелілерде) тұрады. Аяқтары бір бұталы. Көпаяқтыларда жүру аяқ тұлға сегменттерінің көбінде, ал бунақденелілерде үш көкірек сегментте орналасады.

3. Басы біріккен акроннан және 4 сегменттен тұрады. Басында акрон өсіндісі – бір жұп мұртша және 2-3 жұп жақтар болады. Бастық І-нші сегментінде (интеркаляр) аяқ болмайды. Басқа буынаяқтыларда І-нші бас сегментте аяқ болады. 2-4-нші бас сегментте мандибула және 1-2 жұп максилла болады.

Кеңірдектыныстылардың құрлықта тіршілікке бейімділіктері: өткізбейтін кутикула – кутикуланың тығыздалу және қалыңдау немесе су өткізбейтін беткі қабат – балауызда заттан тұратын – эпикуланың пайда болу нәтижесінде қалыптасқан. Бірақ ылғалды ортаны мекендейтін түрлерде жартылай өткізгіш кутикула сақталған.

Кеңірдектыныстыларда өткізбейтін кутикуланың дамуына байланысты тері арқылы тыныс алу жүрмейді, сондықтан аранайы ауамен тыныс алудың мүше кеңірдек пайда болған. Ылғалды экономды пайдалануды қамтамасыз ететін зәр шығару мүшесі – эктодермальды мальпигиев тамырлары, ал өрмекшітәрізділерде мальпигиев тамырлары - энтодермальды, сондықтан бұл мүшелер оларда конвергентті. Мальпигиев тамырларында енген экскрет ылғалы артқы ішек қабырғаларында сорылып қайтадан зат алмасу процесіне қатысады. Зәр өнімі – несеп қышқылы кристалл түрінде организмнен бөлінеді.

Кеңірдектыныстыларда қоректік зат және метаболиялық ылғал қоры – май дене болады. Сондықтан кеңірдектілер қорексіз және ылғалсыз ұзақ өмір сүре алады.

Сыртқы-ішкі және ішкі ұрықтану – құрлықта тіршілік етуге бейімділік. Көптеген су буынаяқтыларында ұрықтану суда жүреді. Сыртқы-ішкі ұрықтану кезінде аталық салған сперматофорды (спермиялармен) аталық қабылдайды, ал ішкі ұрықтануда аталық жыныс өнімі аналық жыныс жолына тікелей енеді.

Кеңірдектыныстылар тип тармағы

Көпаяқтылар (Мyriapoda) және Алтыаяқтылар (Hexapoda) класс үстіне бөлінеді.


2-сұрақ.

Көпаяқтылар, құрттәрізді ата-тегінің белгілерін сақтаған қарапайым топ. Алтыаяқтылар ішінде қарапайым топтар: Протуралар, Ногохвостки ... двухвостки және және прогрессивті - бунақденелілер, буынаяқтылар эволюциясының ең жоғарғы шыққандағы топ.



Көпаяқтылар класс үсті - Myriapoda

Екі жұп аяқтылар класы - Diplopoda

Кивсяктар отряды - Juliformia

Кивсяк - Schizophуllum sabulosum

Ерінаяқтылар класы- Chilopoda

Костянкалар отряды - Lithobiomorpha

Костянка - Lithobius forficatus
Көпаяқтылар құрлық кеңірдектынысты буынаяқтылар, 15 мыңға жуық түрі бар. Құрт тәрізді созылған денесі бас және гомономды сегменттелген біртекті жүру аяқтар орналасқан тұлғадан тұрады. Олар жасырын өмір сүреді: топырақта, түскен жапырақ арасында, шіріген ағашта, тас астында, т.б. орындарда кездеседі.

Көпаяқтылардың көбі – сапрофагтар, шіріген өсімдік қалдығымен қоректенеді, ішінде жырқыштар (ерінаяқтылар) , саңырауқұлақ жіпшелерімен (пауроподтар) қоректенетіндер кездеседі.

Көпаяқтылар класс үсті – Mуriapoda төрт класқа бөлінеді: Ерінаяқтылар (Chilopoda), Екіжұпаяқтылар (Diplopoda), Симфилдер (Sуmphуla), Пауроподтар (Pauropoda) .

Көпаяқтылар класс үстіне 4 класс жатады.

Симфилдер (Symphyla)

Пауроподтар (Pauropoda)

Екі жұпаяқтылар немесе Кивсяктар (Diplopoda)

Ерінаяқтылар (Chilopoda)

Көпаяқтылар – сапрофагтар, топырақ - түзуге қатысады. Кивсяктар өсімдік қалдықтарын ыдыратады.

Ерінаяқтылар – жыртқыштар, топырақ және құрлық омыртқасыздарының сан мөлшерін реттейді.

Көпаяқтылар ірі жануарларға (қоңыз, рептилии, құс, бунақдене қоректі сүтқоректілер) қорек. Сонымен, құрлық экожүйесінде көпаяқтылардың биологиялық маңызы бар.

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2005, 2 кітап 379-390 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 331-338б

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 413-425 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Кеңірдектыныстылардың басқа буынаяқтылар типтармақтарынан ерекшеліктері.

  2. Кеңірдектыныстылардығ құрлықта тіршілік етуге бейімділіктері.

  3. Көпаяқтылардың ұйымдасуындағы қарапайым белгілер.

  4. Көпаяқтылар кластары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

  5. Көпаяқтылардың көбею және даму типтері.

  6. Көпаяқтылар өкілдерінің табиғаттағы маңызы.

  7. Көпаяқтылар арасындағы филогенетикалық қарым-қатынас.

  8. Көпаяқтылардығ экологиялық топтары.

16 дәріс

Тақырыбы: Бунақденеліліер (Insecta) класы

Дәріс мақсаты: Құрлықта тіршілік етуге, ауада ұшуға бейімделген бунақденелілердің ұйымдасу ерекшелігі туралы мәлімет беріп, білімдерін толықтыру.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Құрлықта тіршілік етуге, ауада ұшуға бейімделген бунақденелілердің (насекомдардың) ұйымдасу ерекшелігі.

2. Бас бөлімінің құрылысы (мұртша, көру мүшесі, ауыз аппараты).

3. Көкірек және құрсақ бөлімдері.



Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер, коллекциялар, бейнефильмдер
1-сұрақ.

Алтыаяқтылар класс үстін барлық кеңірдектыныстылар типтармағы сияқты кеңірдек арқылы тыныс алады, басы акроннан және 4 сегменттен тұрады, басында бір жұп мұртша және үш жұп жақ болады.

Алтыаяқтылардың көпаяқтылардан айырмашылығы, тұлғасы үш буынды, үш жұп жүру аяқ орналасқан – көкіректен және аяқ дамымаған құрсақтан тұрады. Ауыз аппаратында екінші жұп максилла бірігіп дара төменгі ерін түзеді. Көздері күрделі (фасет) немесе қарапайым.

1956 ж. Халықаралық энтомологиялық конгрессте бунақденелілер (насекомдар – Insecta) екі класқа жіктеледі.

Жасырынжақты бунақденелілер ( Entognatha)

Ашықжақты бунақденелілер ( Ectognatha)



Жасырынжақты бунақденелілер қанатсыз қарапайым алтыаяқтылар. Ауыз аппараты бас капсулласында жасырын орналасқан. Басында мұртша, қарапайым көзшелер болады. Құрсағында қозғалыс өсінділері дамыған. Кеңірдек немесе тері арқылы тыныс алады. Топырақта, қабық астында, түскен жапырақ арасында кездеседі.

Ашықжақты бунақденелілер (Ectognatha) алтыаяқтылардың негізгі класы. Денесі, мұртшасы және 3 жұп ауыз аяқтары бар бастан (Cephalon), үш буынды үш жұп аяқты – көкіректен (Thorax) және аяқтары жоқ құрсақтан (Abdomen) тұрады. Кеңірдекпен тыныс алады. Дене мөлшері 1-2 мм-ден 15-30 см-ге дейін.

Жабықжақты бунақденелілерден айырмашылығы: ауыз аппараты ашық, көбінде ортаңғы және артқы көкіректе қанат дамыған және басында күрделі фасет көзі болады. Құрсақ аяқ рудименттерінен жыныс өсінділері, төменгі сатыдағы формаларда грифелька бар.

Құрлықта тіршілікке насекомдардың жоғарғы деңгейдегі адаптациясына байланысты, олар буынаяқтылар арасында жоғарғы прогреске жетті. Насекомдар кең экологиялық радиацияға ұшырап, құрлықта алуантүрлі экологиялық қатарға ие болды. Кейбір топтар екінші рет суда тіршілік етуге көшіп, тұщы су биоценозында айтарлықтай маңызы бар.

Насекомдардың құрлықты меңгеруде шешуші маңыз алатыны олардың жабын құрылысындағы адаптация, зәр шығару, кеңірдек жүйенің морфофункциональды ерекшелігі, қозғалыс мүшесі - аяқтары мен ауыз аппаратының жетілуі және ұшу мүшесі - қанаттардың пайда болуы. Сонымен қатар, олардың эмбрионды және эмбрионнан кейінгі дамуы құрлық тіршілік орта факторларына тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Басқа кеңірдектыныстыларға қарағанда насекомдардың экологиялық мүмкіншілігі кең.

Насекомдардың 1-1,5 млн-ға жуық түрлері белгілі. Кейбір энтомологтар 2 типті 3 млн-ға жетеді - деп есептейді. Себебі, жыл сайын 10-даған, 100-деген жаңа түрлер сипаттап жазылады.

Бұл жерде түрлер және даралар саны, кеңістіктігі таралу және экологиялық жіктелу тұрғысынан ең үлкен топ.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет