Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет8/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 .239-272 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 250-288 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 240-276 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Буылтық құрттар мысалында целомды жануарлардың ұйымдасу ерекшелігіндегі прогрессивті белгілер.

2. Буылтық құрттардың екінші ретті дене қуысы: құрылысы, қызметі, шығу тегі. Әртүрлі кластарындағы целомның модификациясы.

3, Буылтық құрттар эволюциясында полимеризация және олигомеризация принциптері.

4. Буылтық құрттардың төменгі сатыдағы жалпақ және жұмыр құрттармен ұқсастығы.,

5. Көпқылтанды құрттардың жүзіп, қазып және бекініп тіршілік етуге мамандану белгілері.

6. Азқылтанды құрттардың қазып, бекініп және топырақта тіршілік етуге мамандануы.

7. Қансорғыштар ретінде сүліктердің маманданған белгілері.

8. Су- және геобиоценоздарда буылтық құрттардың биологиялық маңызы.

9. Буылтық құрттар типіндегі филогенетикалық қарым-қатынас.

10. Буылтық құрттардың экологиялық радиациясы.

10 дәріс



Тақырыбы: Моллюскалар (Mollusa) типінің морфофизиологиялық сипаттамасы

Дәріс мақсаты: Моллюскалардың морфологиясы, биологиясы, прогрессивті белгілері, аннелидтерге ұқсастығы туралы мағлұмат беру.

Дәрістің мазмұны:

1. Моллюскалар типінің морфофизиологиялық ерекшелігі.

2. Сауыттылар, Монофлакопоралар класының ұйымдасу ерекшелігі.

Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, молюскалардың морфологиясы, буылтық құрттар. Моллюскалар бақалшағының коллекциялары. Ылғалды препараттар, бейне материалдар, т.б. көріністер

11 дәріс



Тақырыбы: Моллюскалар (Mollusa) типінің классификациясы, филогениясы.

Дәріс мақсаты: Тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының ұйымдасу ерекешелігі, ұқсастығы және тіршілік ету жағдайына байланысты айырмашылығы, экологиясы, маңызы, шығу тегі туралы ақпарат беріп, білімдерін тереңдету.

Дәрістің мазмұны:

1. Тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының ұйымдасу ерекешелігі.

2. Моллюскалардың филогениясы және олардың экологиялық радиация жолдары

Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, молюскалардың морфологиясы, буылтық құрттар. Моллюскалар бақалшағының коллекциялары. Ылғалды препараттар, бейне материалдар, т.б. көріністер

10-дәріс мазмұны:



1- сұрақ. Моллюскалар 113 мыңға тарта түрі бар, ірі топ. Денесі жұмсақ, ізбестілі бақалшақта орналасады. Мұхит, теңіз, тұщы су және құрлықты мекендейді. Көбі су түбінде тіршілік етеді. Кейбіреуі суда белсенді жүзеді, бұлшықетті табанымен жорғалап, көміліп, бекініп, ішінде басқа жануар паразиттері де бар. Су және құрлық экожүйесінде моллюскалар қорек тізбегеінің маңызды звеносы. Олардың көбі су фильтраттары, тұнбамен қоректенеді, сондықтан олар суды биологиялық тазалауда және органикалық қалдықтарды ыдыратуда (деструкция) маңызы бар. Арасында жыртқыштармен өсімдік қоректі формалар кездеседі. Кәсіптік маңызды объекті. Кейбір моллюскалар гельминттердің аралық иесі, ал құрлық түрлері ауыл шаруашылық зиянкестері.

Моллюскалар буылтық құрттар сияқты трохофоралы, целомды жануарлар тобына (Trochozoa) жатады. Сондықтан моллюскаларға алғашқы билатеральды симметрия, целом және оның туындысы - целомодукт, спиральды бөлшектену типі, трохофоратәрізді дернәсіл тән. Буылтық құрттардан айырмашылығы: моллюскалардың денесі сегменттелмеген (аметамерлі). Тек кейбір қарапайым формаларда метамерлі мүшелер кездеседі, сондықтан моллюскаларда аметамерияның шығу тегі туралы айтыс туады. Моллюскалар типінің ерекшеліктері:

1. Денесі үш бөлімнен тұрады: бас, тұлға, аяқ. Басында ауыз және сезім мүшелері орналасады. Тұлғада ішкі мүшелер. Аяқ-бұлшықетті қозғалыс мүшесі, бекініп тіршілік ететін түрлерде редукцияға ұшыраған.

2. Моллюскалар денесі мантиямен жабылған. Мантия тері қатпары, сыртында бақалшақ бөледі. Дене мен мантия арасында, мантия мүшелер кешені; желбезек, химиялық сезім мүшесі – осфродия, артқы ішек тесігі, зәр шығару және жыныс мүшелер жүйесі зәр шығару және жыныс мүшелер орналасқан мантии қуысы түзіледі.

3. Көбіне бақалшақ тән. Ол мантииден бөлінеді, қорғаныш, қаңқа қызметін атқарады. Пішіні: қалпақ, спираль немесе екі жақтаудан тұрады. Кейде бақалшақ рудукцияға ұшырайды.

4. Асқорыту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Жұтқыншақпен байланысты сілекей безі бар. Жұтқыншақта қоректі үгітетін арнайы мүше – радула, жиі хитинді жақтар дамыған. Ортаңғы ішекке қарын және асқорыту безі – бауыр жатады.

5. Тыныс алу жүйесі – ктенидия немесе тері желбезегі. Құрлық формаларында ктенидия орнында ауамен тыныс алатын мүше - өкпе.

6. Целом – жүрек маңы қалта (перикардия) және гонады қуысы ретінде сақталған (метамерия жоқ). Мүшелер арасы паренхимаға толы. Целомодукта перикардияға ашылады, бүйрек қызметін атқарады. Гонада қуысына ашылатын целомодукт – жыныс өзегінің қызметін атқарады.

7. Қан айналу жүйесі ашық (целом редукциясына байланысты). Қан тамыр және мүшелер арасындағы лакун, синустармен ағады. Бірнеше камерадан тұратын жүрек бар. Көбінде жүрек бір қарынша , екі жүрекшеден тұрады.

8. Зәр шығару мүшесі – бүйрек, мезодермальды перикардиодукт (целомодукт). Бүйрек воронкасы целомға (перикардия), ал зәр шығару тесігі мантий қуысында ашылады.

9. Қарапайым моллюскалардың жүйке жүйесі - баспалдақты (қарапайым буылтық құрттар тәрізді ). Жұтқыншақ маңы сақинадан, комиссурмен жалғасқан екі жұп бағанадан тұрады. Көбіне шашыранды – түйінді, бірнеше жұп ганглиядан тұрады. Олар бір-бірімен комиссур және коннективтермен жалғасады. Кейбір моллюскаларда жүйке ганглиялары жинақталып, күрделі бас миы пайда болады. Моллюскаларда көру мүшесі, статоцистер, осфрадия болады. Сипап сезу клеткалары басында, аяғында, мантии жиегінде кездеседі.

10. Моллюскалардың көбі дара жынысты, бірақ гермафродиттер де кездеседі. Ұрықтану сыртта немесе іште жүреді.

11. Дамуы метаморфозды. Төменгі сатыдағы моллюскаларға трохофора дернәсілі тән. Көбінде трохофора жұмыртқа велигер дернәсілі (парусник) шығады. Кірпікше будасынан басқа велигерде қозғалыс мүшесі – кірпікшемен жабылған қалақшалы желкемесі болады. Тұщы су (кейбір), құрлық молллюскалары тура дамиды.
2-сұрақ. Моллюскалар (әсіресе төменгі сатыдағы формалар) буылтық құрттармен ұқсас. Целомды жануар, зәр шығару жүйесі – целомодукт, қарапайым өкілдерінде қарапайым полихеттер тәрізді жүйке жүйесі – баспалдақты, кей өкілдеріне метамерия байқалады (хитон) жұмыртқа спиральды бөлшектенеді, трохофора дернәсілі.

Моллюскалар типі екі тип тармағына бөлінеді:

Бүйірнервтері тип тармағы ( Amphineura) Қарапайым моллюскалар, тұтас бақалшақ болмайды, арқа қаңқасы бөлек тақталардан тұрады. Басында қармалауыш, көз, көбінде статоцист жоқ. Жүйке жүйесі – баспалдақты, метамерлі мүшелер бар. Трохофора дернәсілі тән. 2 класс жатады:

Қалқандылар класы ( Polyplaeophora ) немесе хитондар.

Теңіз жануарлары, аяқтарымен төсемікке жабысып, баяу жорғалайды, радуланың көмегімен балдырларды қырып қоректенеді.Арасында жыртқыштар да кездеседі. Денесін 8 тақтадан тұратын бақалшақ жауып тұрады. Мантий қуысында көптеген (6-88) жұп желбезек болады. 1000-ға жуық түрі белгілі.

Денесі 3 бөлімнен тұрады.

Ас қорыту жүйесі 3 бөлімге бөлінеді. Жұтқыншақта тұрақты өсетін радула болады, оған жұп сілекей безі ашылады. Оның сөлі углеводты ыдыратады. Ортаңғы ішекке қарын, ащы ішек жатады. Қарынға бауыр ашылады. Артқы ішек аналь тесігімен мантий қуысына ашылады. Ас қорыту процесі негізінен қарында және бауырда жүреді. Ас қорытуда фагоцитоз үдкен орын алады.

Қан айналу жүйесі ашық. Жүрек бір қарыншадан, екі жүрекшеден тұрады.

Екі бүйрек(целодукт), бір ұшы жүрек маңы қалтаға, екінші ұшы мантий қуысына ашылады.

ЖЖ қарапайым, жұтқыншық маңы сақинадан, одан басталатын 2 жұп бағанадан (педаль, плевровисцераль) тұрады. Олар көлденең өсінділермен жалғасып, баспалдақ түзеді. Педаль-аяқты, плевровисцераль-тұлға, мантий, желбезекті нервтендіреді.

Сезім мүшелері нашар дамыған: хамаиялық сезім, арқасында-жарық, термосезім эстеттер болады, ал статоцист жоқ.

Дара жынысты. Гонадылар дара, өзектері жұп, мантий қуысына ашылады. Жұмыртқа суда ұрықтанады. Буылтық құрттардың дернәсіліне ұқсас «трохофора» тән. Олар жүзіп, түр таратады.

Сонымен хитондарға қарапайым белгілер тән: ЖЖ-баспалдақты, көзі, қармалауышы, жақтары болмайды, «трохофора» дернәсілі.

Қалқансыздар класы ( Aplacophora )-150 түрі белгілі, аз қозғалатын қазғыш формалар, су түбіндегі микрофаунамен қоректенетін-микрофагтар немесе гидроид полиптер колониясында тіршілік етеді. Денесі құрт пішінді. ЖЖ баспалдақты, Метаморфозды дамиды. Дернәсілі-трохофоратәрізді.


Бақалшақтылар тип тармағы (Conchigera)

Тұтас немесе екіжақтаулы бақалшағы бар. Кейде бақалшақ редукцияға ұшырайды. Басы жіктелген, көзі және қармалауыштар жақсы дамыған. Қос жақтаулы моллюскалардың басы редукцияға ұшыраған. Радула, жақтары бар. Жүйке жүйесі – шашыранды-түйінді, төменгі сатыдағы өкілдерде баспалдақты жүйке жүйесі кездеседі. Статоцист болады. Дернәсілі - велигер (парусник), аяқ және бақалшақ бастамасы бар, суда қалықтау мүшесі – парус, кірпікшелі қалақша пішінді.

Бұл тип тармағына 5 класс жатады:

Моноплакофора (Monoplacophora)

Бауыраяқтылар (Qastrophoda)

Қалақаяқтылар (Scaphopoda)

Қосжақтаулылар (Bivalvia)

Басаяқтылар (Cephalopoda)

Моноплакофора (Monoplacophora)-көпке дейін тек қазба күйінде белгілі болып келді, ал 1952ж Тынық мұхитта 3590м тереңдікте Дат экспедициясы «Галактия» кемесімен тірі Моноплакофораны тауып, дат зоологі Лемке сипаттап жазып Neopilina galatheae деп атады. Кейін бірнеше түрі сипаттап жазылды.

Денесі 3 бөлімнен тұрады, бақалшағы конус пішінді, кейде спиральды. Төбесі ортасында. Желбезек 5 жұп. Бақалшақты тұлғаға аяқтан басталған 8 жұп бұлшықет бекітеді.

Ас қорыту жүйесі басқа моллюскалар сияқты, жұтқыншағында радула болады.

Қан айналу жүйесі ашық жүрегі жұп, екі қарыншадан, 4 жүрекшеден тұрады. Целом , басқа моллюскаларға қарағанда тәуір жетілген.

6 жұп бүйрек (целомодук). Алдыңғы 4 жұп арқа целомға, соңғы 2 жұп жүрек маңы қалтаға ашылады. Сыртқы бүйрек өзегі мантий қуысына ашылады.

Жүйке жүйесі баспалдақты. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас қармалауыштар, химиялық сезім мүшесі және аяқтарында статоцист бар.

Неофилиндер дара жынысты, жұмыртқа сыртта ұрықтанады.

Сонымен Neopilina-ға тән қарапайым белгілер: ЖЖ баспалдақты, жұп жүрек, арға целом сақталған, метамерлі құрылыс, бүйрек гонадымен байланысты, сезім мүшелері және даму ерекшеліктері.

Моноплакофораның ұйымдасу ерекшелігі бүйірнервті және бақалшақты моллюскалардың шығу тегінің бірлігін көрсетеді.
11-дәріс мазмұны:

1-cұрақ

Бауыраяқтылар (Qastrophoda)-көп санды, алуантүрлі класс. 90 мыңнан астам түрі белгілі. Су және құрлықты мекендейді. Бақалшағы тұтас, конус немесе спираль пішінді. Денесі 3 бөліктен тұрады. Басы жақсы жіктелген, 1-2 жұп қармалауыш, көзі және жалпақ табан тәрізді аяғы бар. Екі жақты симметриялы жануар, бірақ спиральды бақалшаққа байланысты сыртқы және ішкі құрылысында ассимметрия байқалады. (лаб, ожсөж, сөж).

Қосжақтаулылар (Bivalvia) –баяу қозғалатын, кейде бакініп тіршілік ететін су түбінде тіршілік ететін формалар. Бақалшақ денесін тұтастай жабады. 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Олар негізінен биофильтраттар, сондықтан суды биологиялық тазалауда маңызды. Енжарлы тіршілік етуіне байланысты бас редукцияға ұшыраған. Сыртқы және ішкі құрылысы тіршілік жағдайына байланысты экологиялық маманданғанын көрсетеді. Олардың кәсіптік маңызды және балықтың, т.б. жануарлардың сүйікті қорегі. (лаб, ожсөж, сөж).



Басаяқтылар (Cephalopoda) – жоғары сатыда ұйымдасқан моллюскалар. Алып, теңіз жыртқыштары, белсенді жүзгіштер. Денесі бастан, тұлғадан тұрады. Аяғы қарамалауыштарға айналған. Көбінің бақалшағы редукцияға ұшыраған. Қазіргі заманғы Басаяқтылардың 650 түрі белгілі (қазба-11 мыңға жуық). Белсенді тіршілік етуіне орй оларға көптеген прогрессивті белгілер тән.

Басаяқтылар-кәсіптік жануарлар. Әлемді бүгінгі күні азық үшін жылына 1600 мың т аулайды. Тушь және сапасы жоғары сия дайындау үшін каракатица, кейбір сегізаяқтылардан сия сұйықтығын алады. (лаб, ожсөж, сөж).



2-cұрақ. Соңғы ғылыми зеттеулер.

Моллюскалардың шығу тегін алғашқы целомды трохофоралы жануармен байланыстыратын болжамдарды қарастырады (олардан қазіргі буылтық құрттарда басып алады). Буылтық құрттар эволюциясында метамерия жойылып, аметалар тектен шыққанын көрсетеді.

Моллюскалар мен буылтық құрттардың туыстығына жоғарыда көрсетілген ұйымдасу ерекшелігі және дамуы, дернәсіл дәлел.

Aplacophora

Polyplaeophora

Monoplacophorа

Алғашқы

Mollusca Scaphopoda

Qastrophoda

Bivalvia


Cephalopoda
Алғашқы моллюскалар (Archimollusca) билатеральды симметриялы жануар, тұлғасы аласа, аяғы бұлшықетті жалпақ, басы нашар жіктелген, бақалшағы әлсіз дөңес, қарапайым, амерлі. Бүйірнервтілер мен моноплакофоралылардағы метамерия – екінші ретті құбылыс. Моллюскалардың және басқа да трохофоралы жануарлардың алғашқы целомды жануарлардан (амерлі) шыққаны туралы дәлелдемелер бар.

Бақалшақтылар тип тармағынан алғашқы моллюскаларға Monoplacophorа жақын. Моноплакофоратәрізділер тектен Yastrophoda, Scaphopoda, Bivalvia кластары шыққан. Бауыраяқтылар моллюскаларда конус тәрізді және спиральды бұралған бақалшақ дамып, билатеральды симметрия бұзылып, ассиметриялы қалыптасқан.

Қазып тіршілік етуге және биофильтрацияға мамандануына байланысты қосжақтаулы моллюскаларда бас редукцияға ұшыраған. Эволюция барысында моллюскалар кең экологиялық радиацияға ұшырап, әртүрлі тіршілік ортаға бейімделген алуан түрлі тіршілік форма пайда болды. Моллюскалардың негізгі тіршілік формасы – су жануары түбінде жорғалайтын - эпибентобионттар, жорғалағыш формалардан еркін жүзетін (Cephalopoda), қазғыш және бекініп тіршілік ететін (Bivalvia) және планктонды (кейбір Qastrophoda, Cephalopoda) тіршілік формалар тараған. Жорғалағыш су формалары құрлыққа шығып ерекше маңданған (Cephalopoda-дан Pulmonata), жекелеген топтар суда тіршілік етуге қайтадан бейімделген.

Әдебиет:Дәуітбаева К.«Омыртқасыздар зоологиясы»А.2005 2кітап 503-602 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 442-500 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 276-340 б.

Интернет ресурстары т.б. деректер



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Буылтық құрттармен салыстырғанда моллюскалар типінің прогрессивті белгілері.

2.Трохофоралы целомды жануарлар ретінде буылтық құрттармен моллюскалардың ұйымдасуындағы ұқсас белгілер.

3. Төменгі сатыдағы моллюскалар: бүйірнервтілер мен моноплакофоралардың құрылысындағы метамерия көрінісі.

4. Моноплакофора класының филогенетикалық маңызы.

5. Бауыраяқты моллюскалардың экологиялық радиациясы және олардың морфофункцияальды адаптациясы.

6. Қазып тіршілік етуге және биофильтрацияға қосжақтаулы моллюскалардың адаптациясы.

7. Қосжақтаулы моллюскалардың экологиялық радиациясы.

8. Белсенді теңіз жыртқыштары ретінде басаяқты моллюскалардың прогрессивті белгілері.

9. Басаяқты моллюскалардың филогениясы, экологиялық радиациясы.

10.Моллюскалардың көбею және даму ерекшеліктері.

11. Моллюскалардың жүйке жүйесінің эволюциясы.

12. Су және құрлық экожүйесінде моллюскалардың экологиялық маңызы.

13. Моллюскалардың практикалық маңызы.

14. Моллюскалардың филогениясы және олардың экологиялық мамандану бағыттары.
12 дәріс

Тақырыбы: Буынаяқтылар (Arthropoda) типі

Дәріс мақсаты: Морфологиялық прогресте дамыған, жер планетасының барлық биотопын мекендейтін буынаяқтылар типінің ұйымдасу ерекшелігі, көптүрлілігі, биологиясы, экологиясы, эволюциясы, маңызы туралы түсінік беру және қалыптастыру.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Типтің жалпы (морфофизиологиялық) сипаттамасы

2.Трилобиттәрізділер (Trilobitomorpha) типтармағы, оның ұйымдасу ерекшелігі, буынаяқтылар филогениясында маңызы.



Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, буынаяқтылар типі, семсер құйрық, трилобит, полихеттер). Коллекциялар: семсер құйрық, трилобит, ылғалды препараттар, бейне материалдар, т.б. көріністер .

1- сұрақ. Буынаяқтылар жер планетасында кең тараған, барлық биотопты меңгерген гүлдеген топ, 1,2-1,5 млн түрі белгілі. Денесі гетерономды сегменттелген, қатты хитинді жабыны және буынақты қол-аяққа ие болған жануарлар. Экологиялық алуантүрлі олар теңізде, мұхитта, тұщы суда, топырақта, құрлықта тіршілік етеді. Паразит формалар да аз емес. Буынаяқтылар ішінде жүзгіш, жорғалағыш, жүгіргіш, қазғыш, ұшқыш, тіпті аз қозғалатын және бекініп тіршілік ететін формалар бар. Олар табиғатта жануар мен өсімдіктің тірі ұлпаларымен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар қиын қорытылатын: ағаштекті, балауыз, мүйізді туындылар, тері, түк, қауырсындар т.б. қоректермен де қоректенеді.

Буынаяқтылардың сан мөлшері өте жоғары. 1 м2 топырақтың қарашірік қабатында 1 млн дараға дейін топырақ кенелері және алғашқы қанатсыз насекомдар кездеседі. 1 м3 теңіз суының беткі қабатында 30 мың данаға жуық ескекаяқты шаяндар тіркелген. Ал теңіз түбінде ірі буынаяқтылар – крабтар мекендейді. Ұшқыш насекомдар көпсанды: шегіртке, маса, т.б. қансорғыштар.

Буынаяқтылардың табиғи экожүйеде биологиялық маңызы зор. Теңіз және құрлық экожүйесінің тұрақты компоненті ретінде биологялық зат айналыммен биоэнергетикалық процесте маңызы айтарлықтай. Көптеген су өкілдері биофильтраттар (суды органикалық ластанудан тазалайды). Топырақ түзілу процесіне қатысады. Кәсіптік маңызы бар шаруашылық дамыған (бал, жібек). Буынаяқтылардың жағымсыз маңызы – ауыл шаруашылық, орман шаруашылығының зиянкестері, адам мен жануар ауру қоздырғыштары және таратушылары.

Буынаяқтылар – билатеральды симметриялы, целомды – трохофоралы жануарлар тобына жатады. Құрылыс жоспары буылтық құрттарға жақын. Метамерлі құрылысты. Эволюция барысында буынаяқтылар көптеген прогрессивті ерекшеліктерге ие болған, жерде экологиялық қатардың кең меңгерген, құрлыққа және ауа кеңістігіне шыққан.

1. Буынаяқтыларға тері-гиподермадан бөлінетін хитинді кутикула тән. Кутикула хитиннен (т.б. заттардан қаныққан күрделі полисахарид) тұрады. Ол иілгіш, созылғыш және берік, жануар денесін жыртқыштардан, сыртқы бөгде заттардан қорғайды, кейбір түрлердің кутикуласы Ca, Fe, Cr тұздарымен қаныққан.

Кутикула бірнеше қабаттан тұрады: сыртқы қабат экзокутикула, ішкі – эндокутикула, құрлық формаларында қосымша беткі қабат – эпикутикула, липидті қосылыстардан тұрады, дененің ылғалын сақтайды (ылғалдың булануына кедергі). Хитинді кутикула сыртқы, ішкі қаңқа қызметін атқарады. Хитинді жабынның тығыз учаскасы – склерит және жұқа жұмсақ – жарғақша (мембрана), ол сегменттер арасында орналасады, сондықтан денесі қозғалғыш. Буынаяқтылардың өсуі түлеумен байланысты.

2. Дене сегментациясы гетерономды. Морфо-функциональды біртекті сегменттерден дене бөліктері қалыптасады. Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ. Бас акроннан және 4 сегменттен тұрады. Акрон аннелидтің простомиумына және 2 сегментке сәйкес. Баста ауыз және сезім мүшелері орналасады. Көкірек локомотор қызметін атқарады, ал құрсақта ішкі мүшелер орналасады. Көкірек, құрсақ сегмент саны өзгергіш. Құрсақ аналь қалақшасымен (тельсон-аннелид пигидиясына сәйкес) аяқталады.

3. Бунақты аяқтар –прогрессивті белгі. Олар кутикуламен жабылған, оның қозғалысын бунақты құрылыс қамтамасыз етеді. Аяқтары локомотордан басқа көптеген қосымша функция атқарады. Кейбіреулері сезім мүшелері – антенна, басқалары жақ, тыныс алу немесе шағылысу мүшелеріне айналған.

4. Бұлшық еті – көлденең жолақты. Бас бұлшықеттері – үгіту, көкірек – локомотор қызметін атқарады. Ұзына бойы және дорсовентральды еттер дене сегменттерінің қозғалысын қамтамасыз етеді. Буынаяқтылар бұлшықетінің күші салыстырмалы сүтқоректілер бұлшықетінен күшті ( насекомдар өз салмағынан 14-25 есе артық жүкті қозғай алады).

5. Дене қуысы – миксоцель – аралас (целом мен алғашқы қуыстың араласу нәтижесінде пайда болады). Миксоцель сұйықтығы гемолимфа деп аталады. Миксоцель екі диафорагмамен 3 синусқа бөлінеді: перикардия, висцераль және периневраль. Перикардия синусында жүрек, периневральда – бауыр жүйке тізбегі, ал висцеральда – басқа ішкі мүшелер орналасады. Целом қалдығы гонадада және бүйреккте сақталған.

6. Ас қорыту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлім: өңеш, үгіткіш қарын, ортаңғы ішекте ас қорытылады, сіңеді. Бауыр немесе тұйық пилорикалық өсінділері бар.

7. Қан айналу жүйесі ашық. Қан тамырлары нашар дамыған. Гемолимфа тамыр және миксоцель синустарымен қозғалады. Жүрегі көп камералы түтік тәрізді – арқа қан тамырының өзгерісі.

8. Жүйке жүйесі буылтық құрттардың жүйке жүйесіне ұқсас. Қарапайым формаларда – баспалдақты. Жоғары сатыдағы буынаяқтыларда бас миын түзетін жұтқыншақ үсті жұп ганглиясынан, бауыр жүйке тізбегінен тұрады.

Мінез-құлқы күрделі, сезім мүшелері жақсы дамыған. Күрделі – фасет және жәй көздер, сипап сезу, есту, тепе-теңдік және химиялық сезім мүшелері.

9. Тыныс алу мүшесі: желбезек, өкпе немесе кеңірдек жүйесі. Ұсақ формаларда тері арқылы т/а байқалады.

10. Зәршығару мүшесі түрі өзгерген целомодукт – бүйрек (1-2 жұп), құрлық өкілдерінде организмнің ылғалын экономдайтын – мальпигиева түтіктері.

11. Метаморфозды дамиды, тура даму сирек.

Буынаяқтылар типі 4 тармағына бөлінеді:

1. Трилобиттәрізділер (Trilobitomorpha)

2. Желбезектыныстылар (Branchiata)

3. Хелицерлілер (Chelicerata)

4. Кеңірдектыныстылар (Tracheata) тип тармақтары



2-сұрақ. Трилобиттер тип тармағы – қарапайым, өліп-біткен топ. Кембрийге дейінгі палеозой қазба шөгінділерінде белгілі. Денесі гомономды сегменттелген, бас және тұлғаға бөлінеді, бір жұп мұртша – антеннулла , аяқтары екі бұталы, желбезекпен тыныс алған.

Трилобиттер (Trilobitа) 10 мың қазба түрлер белгілі. Плеозойда теңізде, мұхитта бентосты тіршілік еткен. Буынаяқтылар типінің тарихи тегі туралы сұрақты шешуде трилобиттер – маңызды топ. Буылтық құрттармен (полихеттермен) ұқсастығы айқын.

Денесі бас және сегменттелген тұлғадан тұрады. Басы: акрон - 4 сегмент. Акронда бір бұталы мұртша – антеннулла орналасқан, ол сипап-сезу мүшесі. Басқа бас сегменттеріндегі 4 жұп аяқтар тұлға аяқтарына ұқсас. Аяқтары қозғалыс, тыныс алу, үгіту қызметін атқарады. Аяқтың көмегімен жорғалайды, жүзеді, қорек ұстайды. Тұлға сегменттері гомономды, соңғы дене сегменттер және аналь қалақшасы бірігіп, құйрық қалқан – пигидий түзеді. Арқа бетінде трилобит үш жолаққа бөлінеді. Дамуы метаморфозды, дернәсілі – протаспис.

Әдебиет: Дәуітбаева К.«Омыртқасыздар зоологиясы»А.2004 1кітап 273-297 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 290-311, 399-401 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 341-348 б.

Интернет ресурстары т.б. деректер



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Буылтық құрттармен салыстырғанда Буынаяқтылардың ұйымдасуының прогрессивті белгілері.

  2. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен туыстық белгілері.

  3. Буынаяқтылардың әртүрлі экологиялық қуысты меңгеруге мүмкіншілік беретін эволюция үрдісінде жеткен прогрессивті белгілері.

  4. Буынаяқтылар типтармақтарының ұйымдасу ерекшеліктері.

  5. Су және құрлық буынаяқтыларының ерекшеліктері.

  6. Трилобиттәрізділер типтармағының ұйымдасу ерекшелігі және буынаяқтылардың филогениясындағы маңызы.

13 дәріс



Тақырыбы:

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет