Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет6/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3-сұрақ. Көпклеткалы жануарлар классификациясы Metazoa дүние тармағы үш бөлім үстіне бөлінеді.

1. Фагоцителлатәрізділер (Phagocytello Zoa)

2. Паразоа (Parazoa)

Фагоцителлатәрізділер бөлім үсті (Phagocytello Zoa)

Өте қарапайым көпклеткалылар оған тақталылар (Placozoa) типі жатады. Оларға екі клетка типі: қозғалыс қызметін атқаратын - талшықты және ас қорытатын амебоидты – фагоциттер тән. Оларда ұлпа, мүше, ауыз, қуысты ас қорыту болмайды. Құрылысы тұрғысынан көпклеткалылардың арғы тегі – фагоцителлаға ( Мечников бойынша) ұқсас.
Тақталылар (Placozoa) типі

Бұл типке теңіз жануары – Trichoplax туысна жататын екі түр тіркелген. Жалпақ, талшықты клетка көмегімен балдыр бетінде қозғалады. Trichoplax ішінде ас қорыту вакуольдері бар фагоцитарлы клеткалары болады. Мөлшері 4 мм –дей, пішіні амеба тәрізді (дене пішіні тұрақсыз). Оларда сыртқы ас қорыту (бауыр бетіндегі клеткалар фермент бөледі) жүреді және фагоцитоз арқылы қоректенеді. Ішкі амебоидты клеткалардың ас қорыту вакуольдерінде қорытылады.

Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюде 2-ге бөлінеді, ал жынысты процесте жұмыртқа клеткасы (Грелл 1971 ж. анықтады), талшықсыз спермия (1981ж) қосылып ұрықтанады, ұрық тегіс майдаланады. Дернәсіл белгісіз.

Оның морфологиясы фагоцителлотәрізді организм екенін дәлелдейді, жердегі алғашқы көпклеткалы жануардың арғы тегі болуы мүмкін. Оларда ұрық жапырағы, ішек, ауыз, жүйке жүйесі және бұлшықет клеткасының болмауы қазіргі ең қарапайым көпклеткалы екенін көрсетеді.

4-сұрақ. Паразой бөлім үсті - Parazoa

Паразой - клеткалары қызметі тұрғысынан жіктелген, бірақ арнайы маманданған мүшелері жоқ, өте қарапайым көпклеткалы жануарлар. Бұл бөлім үстіне қазіргі жануарлардан – жалғыз губкалар типі жатады.

Губкалар типі (Porifera немесе Spongia)

Губкалар бекініп колониальды тіршілік ететін теңіз, кейбіреуі тұщы су жануарлары.

Губкалар кембрийге дейінгі дәуірден белгілі өте ертедегі жәндіктер, 5000 – нан астам түрлері белгілі. Олардың басқа көпклеткалы жануарлардан айырмашылығы: ұлпа, мүше, жүйке және бұлшық ет клеткалары болмайды, регенерацияға қаблеттілігі жоғары, көптеген клеткалар бір-біріне ауысуға қабілетті. Губкаларға тек клетка іші асқорыту тән. Дене пішіні әртүрлі сабақты, бұталы, шартәрізді, құмыра пішінді, цилиндр тәрізді т.с.с. Көбінің денесі жұмсақ және иілгіш, кейбіреуі қатты, жеңіл жыртылады, сынады немесе үгіледі. Дене сынығынан, олардың каналдармен қуыстарға бай борпылдақ массадан тұратынын көруге болады.

Қарапайым губкалардың денесі түтік, құмыра, қаппішінді, табанымен субстратқа (су асты заттарына) бекінеді, ал “оскулум” деп аталатын тесігі жоғары бағытталған, қабырғасында дене бетімен ішкі парагастроль қуысына ашылатын ұсақ тесік- каналдар орналасады. Бұл тесіктер арқылы су губканың ішіне еніп, ал оскулум арқылы шығады.

Губкалардың клетка элементтері:


  • губканың сыртқа бетін және тесік – каналдарын төсейтін: жалпақ клеткалар пинакоциттер, олардың арасында ерекше тесікті клеткалар - порациттер болады. Порациттер жиырылуға қаблетті, сондықтан тесіктерді ашуға және жабуға икемді.

  • Қарапайым жалғыздан тіршілік ететін ізбістілі губкаларда парагастроль қуысын төсейтін, ал басқа формаларда (бадяга) талшықты камералар түзетін - хоаноциттер (талшықты жағалы клеткалар) – суды сүзу және фагоцитоз қызметін атқарады.

Бұл клетка қабаттары арасында іркілдек мезоглия қабаты болады. Мезоглияда – басқа клеткаларды түзуге қаблетті - археоциттер, фагоцитозға қаблетті – амебоциттер, қаңқа инелерін түзетін - склеробластар, тірек клетка – колленциттер, жиырылуға қаблетті - миоциттер, қаңқа инелерін желімдеп – біріктіретін органикалық зат бөлетін спонгиобластар орналасады.

Губкаларға үш морфологиялық құрылыс типі тән: аскон, сикон, лейкон. Асконойдты губкалардың құрылысы қарапайым, дене қабырғасында көптеген су өтетеін тесіктері және оскулумы бар қалта пішінді. Парагастроль қуысы су ағысын туғызып, сумен келген планктонды ( ұсақ жәндік, бактерия, балдырды, орг. заттарды) ұстап ас қорыту вакуоляларда қоректі қорытатын – хоаноцит клеткаларымен төселген. Сиконоидты құрылысты губкаларда парагастроль қуысының қабырғасының ішкі бетінде хоаноциттермен төселген цилиндр пішінді қалталар пайда болған. Лейконоидты тип – талшықты камералар мен каналдар жүйесін түзеді, сондықтан губка денесінің көлемі үлкееді.

Губкалар жыныссыз және жынысты жолмен көбееді. Жыныссыз көбею – сыртқы және ішкі бүршіктену арқылы жүреді.

Тұщы су губкасы – бадяга ішкі бүршіктенуге қаблетті. Мезоглияда ішкі бүршік геммула пайда болады. Оның пішіні шар тәрізді, екі қабатты қабықпен жабылған амебоидты (археоциттер) клеткалар тобынан тұрады. Қабықтар арасындағы ауа қабаты археоциттерді қысқы суықтан сақтайды. Ephydaotia sp. өкілдерінде геммуланың қабықтары арасында ізбістілі инелер - амфидискалар орналасады. Губкалардың көбі- гермафродиттер, даражыныстылар сирек кездеседі. Жыныс клеткалары мезоглияда археоциттерден қалыптасады. Қаңқаның құрамы мен құырылысына байланысты губкаларды жүйелейді.



Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 76-96 б. 2004

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 98-114 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 99-120 б.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Көпклеткалы жануарларға тән қасиеттер.

  2. Ұлпадар, олардың түрлері

  3. Көпклеткалылардың көбею, даму жолдары.

  4. Көпклеткалылардың шығу тегі туралы болжамдар.

  5. Фагоцителлатәрізділер және паразойлардың құрылысындағы қарапайым белгілер.

  6. Тақталылар мен Губкалардың ұйымдасу ерекшеліктері.

  7. Тақталылар мен Губкалардың қоректену типі.

  8. Тақталылар мен Губкалардың даму циклін салыстыру.

  9. Тақталылар мен Губкалардың шығу тегі.

5 дәріс



Тақырыбы: Нағыз көпклеткалы жануаралар бөлім үсті (Eumetazoa) Сәулелілер бөлімі (Radiata) Ішекқуыстылар типі (Coelenterata)

Дәріс мақсаты : Нағыз көпклеткалы, сәулелі симметриялы жануаралар туралы түсінік қалыптастыру. Ішекқуыстылардың ұйымдасу ерекшелігі, филогениясы және эволюция барысы, классификациясы және Ескектілер типі туралы мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны: 1. Eumetazoa және сәулелі симметриялы жануарлар ерекшеліктері

2. Ішекқуыстылардың жалпы сипаттамасы, дене симметриясы, биологиясы.

3. Ескектілер типі.

Тірек сөздер:

Дәріс сұрақтар және қысқаша мазмұны

1-сұрақ. Eumetazoa – ұлпа мен мүшелері жіктелген, жүйке жүйесі дамыған, жеке дараларға тұтастық тән, сәулелі немесе билатеральды симметриялы көпклеткалылар жануарлар.

Eumetazoa бөлім үсті екі бөлімге бөлінеді: «Сәулелілер (Radiata) бөлімі – ішкі және сыртқы құрылысына сәулелі симметрия тән.

2. Екі жақты немесе билатеральды симметриялылар (Вilateria) бөлімі

Сәулелілер (Radiata) ұйымдасу ерекшелігі. Денесі – сәулелі симметриялы, құрылысы-екі қабатты, ішек (гастраль) қуысы және диффузды жүйке жүйе.

Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі-гетерополярлы ось, морфологиялық құрылымы оның айналасында радиальды қайталанып орналасады. Гетерополяр осі жануардың екі: ораль (ауыз) және абораль (оған қарама-қарсы) полюсті арқылы өтеді. Radiata осінен бірнеше симметрия жазықтығы (2,4,6,8...) өтіп, денені бірнеше тең бөліктерге бөледі. Мүшелер кешенінің қайталану санына сәйкес 4-,6- сәулелі симмертия т.б. болады.

Сәулелі симметрия қозғалмайтын (бекініп, тіршілік ететін) немесе өте баяу қозғалатын жануарларға тән. Сәулелі симметрияның биологиялық маңызы – ондай жануарлардың қорек ұстау және жауынан қорғану кеңістігі ұқсас.

Сәулелілер екі қабатты, себебі олардың денесі, онтогенез процесінде екі ұрық жапырағынан (эктодерма және энтодерма) қалыптасады. Эктодерма – жануарлардың жабыны, ал эктодерма ішек қуысын төсейді.

Сәулелілер – теңіз, сирек тұщы су жануарлары. Оған ішекқуыстылар және ескектілер типі жатады.



2-сұрақ. Ішекқуыстылар типінің ұйымдасу ерекшелігі.

Ішек қуыстылардың 10 мың түрі белгілі. Төменгі сатыдағы, тұщы су, көбі теңіз жануарлары. Денесі сәулелі симметриялы. Сәулелі симметрия бекініп тіршілік ететін және аз қозғалатын формаларға тән. Ішекқуыстылар екі қабатты , ішек қуысы және жүйке жүйесі бар жәндіктер.Типтің ерекше белгілері: атпа клеткалардың болуы және дамуы метаморфозды.

Денесінің қабырғасы екі клеткалар қабатынан тұрады: сыртқы – эктодерма және ішкі – энтодерма. Отырып тіршілік ететін формаларда (гидра) бұл екі қабаттың арасында жұқа тірек жарғағы, ал еркін жүзіп тіршілік ететін медузаларда – құрамында түрлі клетканың элементтері болатын мезоглия орналасады (сурет – 10 ).

Экто – және энтодерма клеткалары пішіні және қызметі жағынан жіктелген. Эктодермада жабын және жиырылғыш тері- бұлшық ет, қорғаныш және қорек ұстау қызметін атқаратын атпа клеткалар (пенетранттар, вольвенттер, глютинанттар) орналасқан. Атпа клеткалардың сезім талшығы – книдоциль тітіркенген кезде, ішіндегі сұйықтық сыртқа лақтырылып, жіпке айналады (сурет – 11 ). Бұлардан басқа организмнің кез-келген клеткасын (жыныс клетканы) түзуге қаблетті қор – интерстициальды клеткалар, тері- бұлшық ет клеткаларының астында өсінділері арқылы бір-бірімен байланысып тор пішінді диффузды жүйке жүйесін түзетін жұлдыз тәрізді жүйке клеткасы - нейрондар орналасады. Жүйке клеткаларымен, ұштары дененің сыртқы бетіне шығатын сезім клеткалары байланысады .

Эктодерма – қорғаныш, жабын, сезім, қозғалыс қызметін атқарады.

Энтодермада: тері – бұлшық ет клеткасы жиырылудан басқа қоректі жұтуға, қорытуға қатысады (ас қорыту клеткалары), без клеткалары гастроль қуысына сөл бөліп, қуыста ас қорытуды жүзеге асырады, тері-бұлшық ет клеткаларының негізінде интерстициальды клеткалар орналасқан, ал талшықты клеткалар қуыстағы қорек түйірлерімен сұйықтықтың айналымын (қозғалысын) қамтамасыз етеді. І
А
шекқуыстылардың ішек қуысын төсеп жатқан энтодерма ас қорыту және қозғалыс қызметін атқарады. Дене қуысына қорек жалғыз тесік-ауыз арқылы түседі, без клеткаларынан бөлінген сөлдің көмегімен ішек қуысында ас қорыту процесі басталады, кейін ұсақ қорек түйірлері энтодерманың талшықты клеткаларыман жұтылып, ас қорыту вакуольдерінде қорытылады, сонымен ас қорыту процесі қуыста және клетка ішінде жүреді. Тыныс алу және зәр шығару мүшелері болмайды: бұл процестер диффузды экто – және энтодерма беті арқылы жүзеге асады.


Жүйке жүйесі – қарапайым, диффузды, жүйке клеткалары барлық денеде шашылып орналасқан. Олар бір-бірімен өсінділері арқылы байланысып, пайда болған тор медузды формаларда шатыр жиегіне жинақталып екі жүйке сақинасын түзеді. (сыртқы сақина – сезім, ішкі - қозғалыс қызметін реттейді). Кейбір медузаларда жарықсезгіш көзшелер және тепе-теңдік мүшелер – статоциттер болады.

Ішекқуыстылар алуан түрлі жануарлар. Олардың ішінде отырып (бекініп) тіршілік ететін полиптер және еркін жүзіп тіршілік ететін медузалар бар. Көптеген түрлердің тіршілік цикілінде полиптер мен медузалар ұрпақтарының кезектесуі байқалады, бұл жағдайда бір тіршілік форма басым (доминант) болып келеді.

Ішекқуыстылардың көбінің дамуы метаморфозды. Оларға планула дернәсілі тән.

Ішекқуыстылар типі 3 класқа бөлінеді. Гидрозоалар (Hydrozoa), Сцифоидтар (Scyphozoa) және Маржан полиптері (Anthozoa).

Гидрозоалар – теңіз, сирек тұщы су формалары. Бекініп тіршілік етеді, кейбіреуі коллония түзеді. Көбінің тіршілік циклінде жынысты ұрпақ- гидроид медузалармен жыныссыз полиптер кезектеседі. Көбі қарапайым қрылысты : гастраль қуысы – қап түзеді, жүйке жүйесі түйін, ( ганглия) түзбейді. Жыныс безі эктодермада дамиды. Гидроид медузалардың радиальды каналдары бұталанбайды. 4000-ға жуық түрлері белгілі. Бұл класқа 2 класс тармағы жатады. Гидроидтар (Hydrozoa) класс тармағы коллонияльды және жалғыздан тіршілік ететін полипті формалармен гидроид медузаларды біріктіреді. Полиптер коллониясы мономорфты (бір типті), диморфты, кейде полиморфты болуы мүмкін. Тіршілік циклінде

Гидроид полиптері жыныссыз бүршіктену жолымен көбейіп, колония өседі. Жынысты көбею гидромедузалардың дамуымен байланысты.

Сифонофоралар (Siphonophora) класс тармағы теңіз гидроидтары. Мөлшері 1 см-ден 2-3 м. Сифонофоралар коллониясы - әртүрлі қызмет атқаратын даралардан тұрады.

Сцифоидтар (сцифомедузалар) класы – Scyphozoa

200-ге жуық түрлер бар, ірісі Cyanea arctica , диаметрі 2 м, қармалауыштары – 20-30 см. Олар, арктикалық теңіздерден тропикаға дейін кездесетін, кең тараған теңіз табақшасы - Aurelia aurita (ең ірісі - 40 см).

Сцифомедузалар пішіні және мөлшері жағынан алуан түрлі.

Жүзіп тіршілік етуге маманданған теңіз ішекқуыстылары. Тіршілік циклінің үлкен бөлігі – медуза формалары, полипті форма қысқа уақыт тіршілік етеді немесе болмайды.

Сцифомедузаның құрылысы гидромедузаға ұқсас, бірақ айтарлықтай ерекшеліктері бар. Сцифомедузалар ірі, мезоглея жақсы дамыған. Оларда желкеме жоқ, шатыр жиегінің жиырылу нәтижесінде қозғалады. Сцифомедузаларда жүйке жүйесі жақсы дамыған, ганглиялар пайда болған, Гастроваскуляр жүйесі күрделі: бұталы және бұтасыз каналдардан тұрады. Қарыны гастраль жіптерімен камераларға бөлінген. Жұтқыншақ – энтодермальды.

Маржан полиптері СРС

3-сұрақ. Ескектілер типі (Ctenophora)

Ескектілер – теңіз жануарлары, еркін жүзіп, жорғалап тіршілік етеді. 120 түрі белгілі.

Ескектілер ішекқуыстылармен бірге Сәулелілер (Radiata) бөліміне жатады және құрылыснда ұқсастық бар: екі қабатты, ішек қуысы. Ескектілердің ерекшілігі: ерекше қозғалыс мүшесі – ескек тақталар, меридиональ қатар түзеді. Әрбір ескек тақта – желімделген эпителия кірпікшелерінен тұрады. Ескектілерде атпа клеткасы болмайды, бірақ ұстағыш қармалауыштарда жабысқан клеткалар болады. Қозғалысты реттейтін абораль мүшесі бар.

Ескектілер тура дамиды. Эмбриогенезде экто-, энтодермадан басқа үшінші ұрық жапырағы – мезенхима бастамасы қалыптасады. Одан мезоглеяда орналасатын бұлшық ет клеткасы дамиды.



Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 97-135 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 114-147 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 121-160 б.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ішекқуыстылар мен ескектілердің ұйымдасу ерекшелігі.

  2. Ішекқуыстылар мен ескектілердің плезиоморфты (бастапқы күйдегі морфологиялық мүшелер) және апоморфты (эволюциялық прогрестегі морфологиялық мүшелер) белгілерінің қатынасы.

  3. Ішекқуыстылар кластарының және ескектілердің сәулелі симметрияның ерекшелігі.

  4. Ішекқуыстылар мен ескектілердің бекініп тіршілік етуге бейімділіктері. Әртүрлі таксондардағы параллелизм мен конвергенция мысалдары.

  5. Ішекқуыстылар мен ескектілердің жүзіп тіршілік етуге бейімділіктері.

  6. Ішекқуыстылар мен ескектілердің тіршілік циклі.

  7. Ішекқуыстылардың дамуынан ескектілердің айырмашылығы.

  8. Ішекқуыстылар мен ескектілердің филогениясы. Экологиялық радиация.

  9. Табиғаттағы Ішекқуыстылар мен ескектілердің маңызы.

6 дәріс



Тақырыбы: Алғашқы ауыздылар бөлімі. Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes)

Дәріс мақсаты: Билатеральды симметрияның пайда болуы, үш қабатты жануарлар, алғашқы ауыздылар және жалпақ құрттар типінің ұйымдасу ерекшелігі, классификациясы, сонымен қатар еркін тіршілік ететін Турбеллярия класының сипаттамасы туралы түсінік беру.

Тірек сөздер:

Дәріс сұрақтары және қысқаша мазмұны:

1. Екі жақты симметрияның пайда болуы.

2. Үш қабатты алғашқы ауызды жануарлардың сипаттамасы.

3. Жалпақ құрттардың ұйымдасу деңгейі (Кірпікшелі құрттар мысалында).

7 дәріс

Тақырыбы: Ди- ,Моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea) және Таспа құрттар (Cestoda). Жалпақ құрттардың прогрессивті белгілері.

Дәріс мақсаты: Паразиттизмнің пайда болуы және паразитті жалпақ құрттардың морфофизиологиялық, биологиялық ерекшеліктері, экологиясы, филогениясы туралы ақпарат беріп, білімдерін жетілдіру.

Дәріс сұрақтары және қысқаша мазмұны:

1. Моно- және дигенетикалық сорғыштар

2. Таспа құрттардың морфофизиологиялық сипаттамасы.

3. Паразитті жалпақ құрттардың ұйымдасуындағы ерекшеліктер

4. Жалпақ құрттардың филогениясы және экологиялық радиациясы.
6-7 дәрістің мазмұны:
1-сұрақ . Жануарлар дүниесінде негізінен радиальды ( Radiata) және билатеральды (Bilaterata) симметрия кең тараған. Сәулелілерге алдында қарастырылған Coelenterata және Ctenophora типтері жатады. Билатеральды симметрия – Bilaterata жануарлар кеңістікте бір жағымен алға қарай жорғлап тіршілік етуіне байланысты денесінің алдыңғы және артқы бөлімдері; арқа (дрозаль) және бауыр (вентраль) оң жақ және сол жақ бүйір ( лабераль) беттерін айыруға болады. Сондықтан жануар денесін тең екіге бөлетін бір ғана симметрия жазықтығын жүргізуге болады. Олардың мүшелері осы симметрия жазықтығының екі жағында орналасады.

Билатеральды жануарлар үш қабатты. Олардың эмбрионды даму кезінде үш ұрық жапырақтары түзіледі. Экто-, энто-, мезодерма. Осы ұрық жапырақтарынан ұлпалар, мүшелер дамиды.

Эктодермадан сыртқы эпителий, тері бездері, кутикула өсінділері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері, алдыңғы және артқы ішек; Энтодермадан - ортаңғы ішек және асқорыту бездері; мезодермадан - бұлшықет, қан айналу , зәр шығару, жыныс жүйелері, омыртқалардың қаңқасы, т.б.

Билатеральды, үш қабатты жануарларға жататын типтер. Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, Annelida, Arthropoda, Onychophora, Mollusca, Tentaculata, Echinodermata, Pogonophora, Hemichordata, Chorolata.

Билатеральды, үш қабатты жануарларда ұрықтың дамуында дене қуысы мен мезодерманың қалыптасуындағы ерекшеліктерге байланысты қуыссыздар немесе алғашқы қуыстылар- Acoelomata және целом қуыстылар - Coelomata ; алғашқы ауыздылар - Protostomia және екінші ретті ауыздылар - Deuterostomia топтарына бөлінеді.

2-сұрақ. Алғашқы ауыздылар - Protostomiaға жататын жануарлардың эмбрионды даму кезінде ұрықтың бластопорасынан ауыз пайда болады, мезодерма телобластикалық жолмен түзіледі. Экто- және

энтодерма аралығында 2 телобласт клеткасы жіктеліп, бөлінеді де мезодерма қабаты дамиды. Бұл топқа жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребндер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар типтері жатады. Deuterostomiaда ұрықтың бластопорасы аналь тесігіне айналады, оған қарама-қарсы эктодерма ішке майысып ауыз пайда болады. Мезодерма энтероцель жолымен дамиды, яғни энтодерманың екі жағынан мезодерма қалталары жіктеліп, сомиттарға айналып бөлінеді. Билатеральды симметрия, мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделенуіне, әртүрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінде кең таралуына себеп болады.



3-сұрақ . Жалпақ құрттардың 15 мыңға жуық түрі белгілі. Денесі құрт пішінді, арқа-бауыр (досовентраль) бағытта қабысқан, тақта, таспа тәрізді. Еркін тіршілік етеді, көбі жануар, адам парзитті.

Жалпақ құрттардың ұйымдасу ерекшелігі:

1. Тері-бұлшықет қабы. Тері астында сақиналы, қиғаш (диагональды) және ұзына бойы бұлшықет орналасады. Дененің арқа және бауыр қабырғасын дорсовентраль бұлшықет будасы жалғастырады, олар дененің қабысуын (сплющивание) қамтамасыз етеді. Күрделі бұлшықет жүйесі әртүрлі қозғалыс типін анықтайды: дененің созылуы және жиырылуы, жіңішкеруі және жалпаюы, толқын тәрізді иілу т.б.

2. Дене қуысы жоқ, дене қабырғаларының аралығы және ішкі мүшелер арасындағы кеңістік борпылдақ ұлпа – мезодермальды парехима орналасады.

3. Асқорыту жүйесі екі бөлімнен тұрады: алдыңғы (эктодермальды). Ішек және оның бұталары тұйық аяқталады. Артқы ішек және аналь тесігі болмайды. Кейбір қарапайым формаларда және эндпаразиттерде ішек болмайды.

4. Жүйке жүйесі – ортогонды типті жұп бас ганглиясынан және одан басталатын бірнеше жұп жүйке өсінділерінен ( комиссурлармен байланысқан) тұрады. Жүйке жүйесі торға ұқсас.

5. Еркін тіршілік ететін түрлерде сезім мүшелері: көзше, тепе-теңдік мүшесі – статоцистер, сипап - сезу клеткалары және химиялық сезім мүшесі дамыған.

6. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі паренхимадан шашылып орналасқан (ішінде кірпікше шоғы бар) жұлдыз тәрізді клекадан (терминаль) басталатын каналдар жүйесі және орталық зәр шығару каналынан тұратын – протонефридия , организмнен зат алмасу өнімін және артық сұйықтықты бөледі. Паренхимадан сұйықтықты жұлдызды клетка сүзеді, оның ішіндегі кірпікше шоғы жалынды қозғалып, сұйықтықты каналға айдайды. Каналшалар орталық з/ш каналына жиналып, з/ш тесігімен сыртқа ашылады.

7. Тыныс алу жүйесі жоқ. Еркін тіршілік ететін формалар терісі арқылы тыныс алады. Эндопарзиттерге анаэробты тыныс алу тән.

8. Жалпақ құрттар - гермафродиттер, яғни әрбір дарада аталық және аналық жыныс мүшелері болады. Жыныс жолдары күрделі. Аналық мүшелерде сары уыз безі болады, ол жұмыртқа клеткасының дамуына қажетті қоректік зат бөледі. Ұрықтану іште жүреді.

9. Даму тура және метаморфозды. Еркін тіршілік ететін турбелярияға мюллер дернәсіл тән. Эндпаразиттердің тірішілік циклі күрделі, партеногенді ұрпақ кездеседі.

Жалпақ құрттар типіне 9 класс жатады. Оның 3-уі еркін тіршілік ететін құрттар, 6- паразиттер.

Кең тарған кластар: Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria)

Сорғыштар класы ( Trematoda)

Моногения (Monogenea)

Таспа құрттар (Cestoda)

Кірпікшелі құрттар класы немесе Планария (Turbellaria)

Көбі еркін, кейбіреуі паразитті тіршілік етеді. Денесі кірпікшелі эпителиямен жабылған. Сезім мүшелері бар. 3500 түрі белгілі. Теңізде, тұщы суда, топырақта тіршілік етеді, кейбіреуі эктопарзиттер.

Денесі жалпақ, сопақша немесе созыңқы. Алдыңғы дене ұшында сезім мүшелері: көзшелер, статоцист, иіс сезі ойыстары болады. Ауызы дененің бауыр бетінде, ортаңғы немесе артқы бөлігінде орналасады.

Тері – бұлшықет қабы - кірпікшелі эпителия және бұлшықет қабаттарынан (сақиналы, ұзына бойы, диагональды) тұрады. Эпителияда сезім және без клеткалары болады. Без клеткасынан бөлінген планарияның субстарт бетімен жылжуын жеңілдетеді. Эпителияның ерекше құрылымы рабдиттер - ісініп, улы шырышқа айналып, сыртқа атылады. Оның қорғаныштық маңызы бар және жемтігін зақымдайды.

Асқорыту жүйесі - әртүрлі: қарапайым ішектен күрделі бұталы ішекке дейін дамыған.

Ішексіз планария (Acoela) отрядына денесінің ортасында бауыр бетінде ауыз арқылы қорек эктодермальды паренхимаға түседі, оның айналасында ас қорыту клеткалары жиналып, уақытша а/қ қуысы түзіледі.

Көп бұталы планарияның ( Polycladida отряды) ішегі күрделі, олардың ауызы дененің артқы ұшына жақын орналасады. Жұтқыншақтан басталатын энтодермальды ішектің сәулелі бұталары тұйық аяқталады.

Үш бұталы ішекті планарияның (Tricladida) ауызы дененің ортасында , одан басталатын жұтқыншақтан үш бұталы ішек таралады ( біреуі алға, екеуі дененің артына бағытталған).

Тура ішектілердің (Rhabdocoela) жұтқыншағы дененің алдыңғы бөлігінде орналасқан, ішегі бұтасыз, қап пішінді. Планарияның көбінде сыртқы а/қ байқалады. Олар моллюскалар, шаяндарға шабуыл жасап, олардың денесіне а/қ ферментін бөледі де, жартылай қорытылған қоректі сорады.

Жүйке жүйесі. Ішексіз планарияларда жұп бас ганглиясы дененің алдыңғы бөлігінде орналасады, одан жүйке өсінділер торы таралады (диффузды жүйке жүйесіне жақын). Басқа отрядтарда ұзына бойы жүйке өсіндісі – коннективтер және көлденең – комиссурлар қалыптасып, торлы жүйке жүйе – ортогон түзілген.

Сезім мүшелері. Планарияның терісінде орналасқан кірпікшелер сипап-сезу және химиялық сезім қызметін атқарады. Кейбір өнімдерінде статоцист (бас ганглия үстінде), көбінде көзшелер болады.

Зәр шығару жүйесі - протонефридия. З/ш каналы дененің артында з/ш тесігімен ашылады. Тұщы су турбеллярияларында қосымша осмо реттеу қызметін атқаратын протонефридия жақсы дамыған. Ішексіз планарияда эксекатор қызметін амебоидты клеткалар тері арқылы сыртқа бөлінеді.

Жыныс жүйесі. Планария – гермофродиттер. Аналық, аталық жыныс безінен басқа күрделі жыныс жолдары және қосымша бездер болады.

Үш бұталы ішекті плнарияның аталық жыныс жүйесі: қос тұқым безі –тұқым қаптарынан, тұқым жолы, тұқым шашақыш канал, шағылысу мүшесі – шүмек (пенис) жыныс қалтасына (клоака) ашылады. Кей жағдайда тұқым шашқыш канал кеңейіп, сперма жиналатын тұқым көпіршігін түзеді.

Аналық жыныс жүйесі жұп жұмыртқа безі, жұмыртқа жолы. Жұмыртқа жолында орналасқан көптеген сары уыз бездері – даму кезінде жұмыртқаға қорек болатын сары уыз клеткаларын бөледі. Сары уыз безі – түрі өзгерген жұмыртқа безінің бөлігі. Жұмыртқа жолдары , клоакаға ашылатын қынапқа келеді. Кейбір түрлерде жыныс клоакасына тұқым қабылдағыш қалтасы ашылады. Оған шағылысу кезінде жұбының спермасы түседі. Жұмыртқаның ұрықтануы шағылысудан кейін жүреді. Ұрықтанған клеткасы сары уыз клеткалар тобымен бірге қауызбен жабылып, күрделі жұмыртқа пайда болады.

Ішексіз турбеллярияның жыныс жүйесі қарапайым. Оларды жыныс жолдары, сары уыз безі болмайды. Шағылысу кезіндешағылысу мүшесінің көмегімен сперма жұбының паренхимасына еніп, паренхимада дамыған жұмыртқаны ұрықтандырады.

Ұрықтанған жұмыртқа (сары уыз клеткалар болмайды) дененің қабырғасы жыртылып, суға шығады.

Көбеюі, дамуы. Теңіз турбеллярияның (Polycladida) кейбіреулері метаморфозды дамиды. Жұмыртқадан мюллер дернәсілі шығады. Кірпікшемен жабылған , 8 сәулелі қалақшасы болады, су қабатында қалықтап, түр таратады. Көбі тура дамиды. Кейбір планария өкілдеріне жыныссыз көбею кездеседі. (организм көлденең бөлінеді). Турбеллярия класы 2 кл/тармағына бөлінеді. Архоофоралар (Acchoophora)

Неоофоралар (Neoophora)

Архоофора кл/тармағы (қарапайым форма, отр. сары уыз жо, дамуы метаморфозды, статоцист бар.

Ішексіздер (Acoela)

Ішек, протонефридия, жыныс өзегі, сары уыз жоқ. Ас эктодермальды паренхимада қорытылады. Жыныс клеткалары мезодермальды паренхимада дамиды. Жүйке жүйесі – қарапайым ортоген диффузды торлы. Теңіз формалары.

отр. Көпбұталыішектілер (Polycladida). Ішегі көп бұталы, жыныс безі көп, сары уыз жоқ. Метаморфозды дамиды. Ірі теңіз формалары (15 см-ге дейін)

Неоофоралар кл/т (Neoophora)

Тұщы суда , құрлықта тіршілік етуге көшкен топ. Сары уызы бар. Жұмыртқа күрделі құрылысты, тура дамиды.

отр: Үш бұталы ішектілер (Tricladida) көбі тұщы суда , кейбіреуі теңізде тіршілік етеді. Тропикалық формалар құрлықта кездеседі. Біздің тұщы суда Ақ сүт планариясы (Dondrocoelum lacteu) кездеседі.

отр: Тураішектілер (Rhabdocoela) – ұсақ теңіз, тұщы су формалары, кейде ылғалды мүктерде (құрлықта) кездеседі. Арасында парзит түрлері де бар. Ауызы дененің алдында, тура ішекті.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет