Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет5/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2 – сұрақ. Өте ертеден ежелгі адамдар өсімдіктермен бірге жануарларды да тамаққа пайдаланған. Аңшылықпен, балықпен айналысып, етін тамаққа, терісін киімге, сүйектерін құрал – сайман, әшекей бұйымдар жасауға пайдаланған. Қауіпті жанаурларды (улы жануарлар, паразиттер мен жыртқыштар) тани білген. Кейін неолитикалық революция кезінде жануарларды қолға үйрету ( ит, мысық, қой, шошқа, сиыр, ешкі т.б.), мәдени өсімдіктерді шығару жүрді (10-20 мың жыл бұрын). Бүгінде үй жануарларының бірнеше мың тұқымы белгілі.

Мал шаруашылығынан басқа зоологиялық биотехнология прогрессивті дамуда. Оның мақсаты: адамның шаруашылық іс-әрекеті мақсатында жабайы жануарларды қолдан өсіп-өндіру. Мыс.: балық және аң шаруашылығы, азық – түлік , биологиялық активті заттар, асыл тас – інжу меруеттер, перламутар т.б. алу мақсатында теңізомыртқасыздарын өндіру. Медицинада үшін құнды у және т.б. өнімдер беретін улы жыландарды өсіп - өндіру. Зиянкес насекомдармен күресте маңызды жыртқыш, паразит насекомдарды өсіріп - өндіру. Органикалық қалдықтарды ыдырататын құрттар мен кейбір насекомдарды, сәндік мақсатта жануарларды өсіру. Жануаралар қоршаған ортаны органикалық ластан тазалайды, органикалық қалдықтарды ыдыратуға қатысады және биогеоценоздағы қорек тізбігіне кіреді, яғни биогенді зат айналымда маңызы үлкен.

Қазіргі кезде жануарлар әлемінің табиғи ресурстарын тиымды пайдалану, қорғау және өсіп - өндіру проблемасы тұр. Соңғы кезде табиғатқа антропогенді қысым күшеюде ( мыс.:суару жүйесінің дамуы - өзен, көл және ішкі теңіз суларының азаюына әкелді). Су, топырақ, атмосфераның ластануы көптеген жануар мен өсімдік түрлерінің өліміне әкеледі. Сондықтан жануарлардың көптеген түрлері жойылумен қатар үлкен қайтымсыз экологиялық катастрофа болуы мүмкін.

Халықаралық табиғат қорғау одағының басқаруымен қорғауға

жататын сирек және жойылып кету қаупіндегі жануарлар туралы мәлімет

жинақталған Қызыл кітап ұйымдастырылды. Жануарлар әлемін қорғау туралы заңдар және укіметтің Қызыл кітапқа енген жануарлар түрін ұстауға тиым салынған өкімдері бар.

Жануарлар әлемін зерттеу, өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану, олардың табиғаттағы қорын сақтау зоологияның негізгі міндеті. Жануарлардың планетада таралуы олардың шығу тегімен, тралу тарихымен, географиялық аймаққа тәуелдугімен анықталады. Құрлықта 6 зоогеографиялық аймақ: 1) Голарктикалық, 2) Эфиопиялық, 3) Үнді-Малай, 4) Неотропикалық, 5) Австралия, 6) Антарктида. Мұхитта: 1) Арктика, 2)Атлантикалы бореаль, 3) Тынық мұхит бореалы, 4) Батыс атлантика, 5) Шығыс атлантика, 6) Үнді-Вестпацификалы, 7) Шығыс тынық мұхит, 8) Магелланов 9) Кергелен, 10) Антарктика.

3 – сұрақ.

Жануарларды ғылыми негізде зерттеп зоологияның гылым ретінде негізін қалаған гректің ұлы ғалымы, философы Аристотель (384 – 322 б.э.д.) . Ол жануарлардың 500 – ден астам түрін зерттеп, оларды 2-топқа бөлген: 1. «энойма» - қанды жануарлар, 2. «анойма» - қансыз жануарлар.1 – топқа аңдар. Құстар, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер, балықтар; 2 – топқа басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер, моллюскалар «басқалары), насекомдар- өрмекшілер –құрттарды жатқызды. Аристотель насекомдардың дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, тауықтың бақаның дамуын т.б. зерттеген. «Жануарлар тарихы», «Жануарлардың дене бөліктері туралы» және «Жануарлардың пайда болуы туралы» еңбектерінде жануарлар құрылысы, эмбриологиясы, системасы туралы мәлімдеген.

ХУ – ғасырда капитализмнің дамуына орай зоология дами бастады.

ХУ1 – ХУ11 ғ – да көптеген зоологиялық материалдар жиналды, бұл жинақтау ғасыры деп аталды.

ХУ11 – ғасырда голланд Антон ван Левенгук, ағылшын ғалымы Роберт Гук – тың «клетканы « ашты.

ХУШ – ғасырда швед К.Линнейдің (1707-1778) құрған систематикасы. «Табиғат систематикасы» еңбегінде «түр», «туыс», «тұқымдас», «отряд», «класс» категорияларын пайдаланып алғашқы өсімдіктермен (7540) жануарлардың (4200) түрін зерттеп, сипаттап жазды. Жануарларды 6 класқа бөлді: Сүтқоректілер, Құстар, Хайуандар (бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер), Насекомдар, Құрттар.

К.Линней түр мен туысты латын тілінде атап, бинарлы номенклатура ұсынды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрді қосарлы атпен латын тілінде атайды. К.Линней систематика ғылымының негізін қалаушы

ХУШ ғ. аяғы және Х1Х ғ. басында органикалық дүние туралы эволюциялық пікірлер айтыла бастады. Француз Жорж Луи Бюффон (1707-1788) «Табиғат тарихы» еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеді.

Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз Жан Батист Ламарк (1744-1829) өзінің «Зоология философиясы» (1809) еңбегінде сыртқы орта әсерінен организмдердің ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетіп, алғаш эволюциялық ұғым пайда болды.

Ж.Ламарк жануарларды омыртқасыз және омыртқалылар деп екі топқа бөлді. Омыртқасыздарға 10 класс: Инфузориялар, Полиптер, Сәулелілер, Құрттар, Насекомдар, Өрмекшітәрізділер, Шаянтәрізділер, Буылтық құрттар, Мұртаяқтылар, Моллюскалар , ал омыртқалы жануарларға 4 класс: Балықтар, Бауырымен жорғалаушылар мен Қосмекенділер, Құстар, Сүтқоректілерді топтастырды. Бұл кластарды құрылысының күрделену дәрежесіне қарай «градация» принципімен сатылы орналастырды. Организмдердің күрделенуін олардың ішкі прогреске ұмтылу күшімен түсіндірді.

Ж.Ламаркпен қатар француз Жорж Кювье (1769-1832) салыстырмалы анатомия, корреляция туралы ілімнің негізін қалаушы. Ол систематиканың дамуына да «тип» категориясын енгізіп, өз үлесін қосты (4-тип: Омыртқалылар, Жұмсақ денелілер, Бунақтылар, Сәулелілер). Ж.Кюбье К.Линней сияқты түр өзгермейді, тұрақты деп метафизикалық көзқараста болды.

Ж.Кюбье корреляция принципіне сүйеніп қазба жануарлар қалдығынан 150 жануардың тұрқын қалпына келтіріп, палеонтология ғылымының негізін салды.

Орыс ғалымы Карл Бэр салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты.

Х1Х – ғасырда биологияның және т.б. жаратылыстану ғылымдарының дамуы Ч.Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімнің қалыптасуына ғылыми негіз дайындады. Ч. Дарвин өзінің еңбектерінде ( 3 еңбек) органикалық дүниеге материалистік түсінік берген эволюциялық ілімнің қағидалары мен түрлердің тегі және эволюцияның қозғаушы күштерін талқылап, тұжырымдады. Дарвин зоология, биогеография, палеонтология, эмбриология т.б. ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосты.

Х1Х ғасырда Шлейден мен Шванн клетка теориясын ашты. Фриц Мюллер мен Эрнст Геккель биогенетикалық заңды агты.

Систематика, зоогеография, фаунистика саласында М.Мензбер, П.Сушкина, Л.Берг, А.Иванов т.б. зерттеулерінің орны ерекше. Жануарлар экологиясында- Н.Рулье,Д.Кашкаров, А.Формозов т.б. үлкен үлес қосты. Эволюциялық палеонтологияда В.Ковалевский, физиологияда –И.Сеченов, И.Павлов т.б. салыстармалы эмбриологияда – А.Ковалевский, И.Мечников.

Эволюциялық морфология негіздерін шешуде А.Северцов, И.Шмальгаузен табысты еңбек етті.

Паразитологияда Е.Павловский, В.Догель, К,Скрябин, В.Беклемишев, ҚР-да раразитология мен гельминтологияның дамуына И.Галузо, Р.Шульц,Е.Гвоздев, К.Сванбаев т.б. үлес қосты.

Жануарлардың 2,5 млн –дай түрі белгілі және жыл сайын 7 мыңға жуық жаңа түрлер сиппаттап жазылуда. Жануарларды жүйелеумен, тіршіліктің көптүрлілігі туралы ғылам систематика айналысады. Систематика жануарлардың туыстық немесе генеалогиялық байланысын көрсетеді. Қазіргі систематика негізіне морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, биохимиялық, экологиялық, географиялық ерекшеліктер алынады. 5 категория(таксон): тип. Класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге бөледі. Жүйелеу топтарына аралық таксондар да қатысады (тип тармағы,т.с.с.)

Қазіргі кезде жануарлар дүниесін 23 типке бөледі:

Жануарларды даму ерекшеліктеріне, құрылымына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Алғашқы 22 тип – омыртқасыз жануарлар,ал 23-ші хордалылар типі – омыртқалы жануарлар.

Жануарлар дүниесі клеткалық құрылысына байланыста екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалылар (5 тип жатады) және Metazoa – көп клеткалылар.

Қарапайымдылар – бір клеткалы эукариоттар, физиологиялық жеке организмдер.

Көп клеткалылар үш бөлім үстіне бөлінеді: фагоцителлозоа – Phagocytellozoa алғ. Қарапайым көп клеткалылар. Оған Placozoa типі жатады. 2-ші бөлім үсті – төменгі сатыдағы көп клеткалылар – Parazoa, губкалар – Spongia типі жатады. 3-ші бөлім үсті – нағыз көп клеткалылар – Eumetazoa. Денесі 2 немесе 3 қабаттан тұрады, мүшелері, ұлпалары жүйке жүйесі жақсы дамыған. Олар дене симметриясына орай сәулелі (радиальды) – Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар – Bilaterata болып бөлінеді.

Билатеральды, үш қабатты жануарлар целом қуыстарының дамуына байланысты қуыссыз немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata , целом қуыстыларға – Coelomataға бөлінеді. Қуыссыздарға төменгі сатыдағы құрттардың 4 типі жатады(көрсету кк).

Соңында билатеральды жануарлар 2 топқа бөлінеді: алғашқы ауыздылар – Protostomia және екінші ретті ауыздылар – Deuterostomia.

Алғ. Ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопорасы ауыз тесігіне айналады, мезодерма телобластика жолымен дамиды(типтер). Екінші ретті ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі аналь тесігіне айналады, ал ауыз оған қарама-қар

1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora

2.Споралылар - Sporozoa

сы эктодерманың майысу нәтижесінде түзіледі. Мезодерма энтероцель жолымен қалыптасады.



Жануарлар әлемі -Zoa

1. Қарапайымдылар жоғарғы бөлімі - Protozoa

3. Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia

4. Микроспоридиялар типі – Microsporidia

5.Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі – Ciliophora
П. Көпклеткалылар жоғарғы бөлімі – Metazoa

1. Сәулелі ( радиальды- симметриялы) бөлім - Radiata

6.Тақталылар типі - Placozoa



  1. Губкалар типі – Spongia

  2. Ішекқуыстылар типі – Coelenterata

  3. Ескектілер типі – Ctenophora

2. Екі жақты симметриялы (билатеральды) бөлім - Bilateria



А.Алғашқы ауыздылар бөлім асты - Protostomia


  1. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

  2. Немертиндер типі – Nemertini

  3. Жұмыр құрттар типі – Nemathelminthes

  4. Скребнилер типі – Acanthocephales

  5. Буылтық құрттар типі – Annelida

  6. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі – Mollusca

  7. Буынаяқтылар типі – Arthropoda

  8. Онихофоралар типі – Onychophora


Б.Соңғы ауыздылар бөлім асты - Deuterostomia

  1. Қармалауштылар типі – Tentaculata

  2. Тікентерілілер типі – Echinodermata

  3. Погонофоралар типі – Pogonophora

  4. Қылтанжақтылар типі – Chaetognatha

  5. Жартылай хордалылар типі – Hemichordata

  6. Хордалылар типі – Chordata


Әдебиеттер:

  1. Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1-кітап Алматы , 2004, 3-23б.

  2. Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М.,1981, 3-19 б.

  3. Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М., 1999, 3-31 б.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Зоология ғылымы, зерттеу әдістері

2. Жануарладың көптүрлілігі және тарлуы

3. Тіршілік орта

4. Жануарлардың тіршілік формасы

5. Жануарлардың қоректену тәсілі

6. Жануаралрадың маңызы және оларды қорғау жолдары

7. Жануарлар эволюциясы

8. Зоологияның даму тарихы

9. Жануарлар жүйесі

10. ҚР – дағы зоологиялық зерттеулер

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 26 - 75 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.

2 дәріс

Тақырыптың атауы: Жануарлар дүниесі Zoa

Бір клеткалы жануарлар дүние тармағы-Protozoa



Дәрістің мақсаты: Біртұтас организм ретінде - бір клеткалы жануарлардың құрылыс ерекшелігі, таралуы, тіршілік ортасы, экологиялық топтары және шығу тегі туралы ақпарат беру

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Бір клеткалы организмдер - қарапайымдылардың ұйымдасу ерекшелігі.

2. Қарапайымдылардың биологиясы.

3 дәріс



Тақырып: Бір клеткалы жануарлардың систематикасы, таралуы, филогениясы.

Дәрістің мақсаты: Бір клеткалы жануарлардың жүйелеу принципі, көптүрлілігі, тіршілік циклі, таралу ерекшеліктері, маңызы және филогениясы туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Қарапайымдыларды жүйелеу принципі және классификациясы

2. Саркомастигофоралар, Апикомплекстер және Кірпікшелілер ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы.

3. Қарапайымдылардың маңызы, экологиялық топтары, экологиялық радиациясы, филогениясы.


2-3 дәрістің мазмұны:

1- сұрақ Бір клеткалы жануарларға (қарапайымдыларға) теңізде, мұхитта, тұщы суда, ылғалды топырақта тіршілік ететін 70 мыңнан астам түрлер жатады. Оның ішінде 3 мыңға жуығы адам және жануарлар паразиттері.

Морфологиялық құрылысы тұрғысынан қарапайымдылар көпклеткалы жануарлар организімінің бір клеткасына ұқсас, ал физиологиялық әр дара – ассимиляция және диссимиляция процесінен тұратын зат алмасу, тітіркену, қозғалу, көбею, тіршілік ортаға бейімделу және т.б. тіршілік қасиеттері тән өздігінен тіршілік ететін жәке организм.

Қарапайымдылардаң денесі бір клеткадан тұрады. Белгілі қызмет атқаратын клетка құрылымы органоидтар деп аталады (көп клеткалы жануарлардың мүшелерінен айырмашылығы).

Қарапайымдыларға тән ерекшеліктер:



  • қозғалыс органоидтар: цитоплазмалық уақытша өсінділер – жалған аяқтар; цитоплазмалық тұрақты өсінділер – талшықтар мен кірпікшелер, жиырылғыш талшық – мионемдер;

  • жиырылғыш вакуоль – осмос қысымын реттейді және зәр шығару мен газ алмасуға қатысады;

  • ас қорыту органоидтары: ас қорыту вакуольдері, кейбір өкілдерінде клеткалық ауыз, клеткалық жұтқыншақ, қылауша болады.

  • көбею органоидтары – ядро аппараты

  • сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайтын органоидтар: көзше, кірпікше, түктер және т.б.

2- сұрақ Қозғалыс органнеласы жалған аяқ, талшық ылғалды ортада бентосты, планктонды тіршілік ететін қарапайымдылар. Бір немесе бірнеше ядросы бар, көбі жыныссыз, кейбіреуі жынысты жолмен көбееді. Ішінде адам , жануар парзиттері бар. Қазіргі заман систематикасына байланысты 3 тип тармағына жіктеледі.

3-сұрақ Апикомплекстер типі – Apicomplexa

Бұл типке таза паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Олардың көбі адам мен жанурлардың қауіпті паразиттері. Олардың тіршілік циклінде жыныссыз (агамогония) және жынысты (гомогония) көбею кезектесіп отырады.

Паразиттердің агамонттар (шизогония) фазасында жыныссыз көбею нәтижесінде зақымдайтын жас формалар – мерозоидттар түзіледі.

Белгілі мерозоидттар (4 немесе 5 ұрпақтан кейін) жынысты жолмен көбеетін гамонттарға айналады. Гамонттар бөлініп гаметалар (гамогония) пайда болады, кейін аналық және аталық гаметалар қосылып зигота түзеді. Зигота қабықпен қапталып ооциста қалыптасады. Кейін спорогония процесі жүреді, нәтижесінде ішінде спорозоиттар болатын спора пайда болады. Ооциста мен спора – сыртқы орта жағдайларынан қорғайтын тығыз қабықпен қапталған. Иесінің клеткаларына енетін жас формаларға (мерозоиттар, спорозоиттар) арнайы апикальды органеллдер комплексі тән. Ол мерозоиттар мен спорозоиттардың алдыңғы жағында орналасқан, иесінің клетка қабығына механикалық әсер ететін – коноидтан және оны ерітетін сұйықтық бөлетін роптрииден тұрады. Сондықтан тип апикомплекс деп аталады.



4-сұрақ Инфузорияларжоғары ұйымдасқан, күрделі құрылысты қарапайымдылар. Оларға қозғалыс органелласы – кірпікше аппараты, ядро дуализмі (макро және микронуклеус), ерекше жыныс процесі – коньюгация және перистом тән. 7500 түрі белгілі, көбі еркін тіршілік ететін теңіз және тұщы су қарапайымдылары. Олардың ішінде сирек болса да симбионттар мен паразиттер кездеседі.

Инфузориялардың клеткасы дененің тұрақты пішінін қамтамасыз ететін пелликуламен жабылған. Оған белгілі құрылым тән. Пелликула ретпен орналасқан көптеген алты бұрышты тақталардан тұрады.



Техникалық оқу құралдары: сызба кесте (амеба, эвглена, вольвокс, опалина, споралылар, кебісше, т.б. қарапайымдылар)

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Бірклеткалы жәндіктердің морфофизиологиялық белгілері;

  2. Қарапайымдылардың көбею тәсілдері.

  3. Қарапайымдылардың цистаға айналуы және оның биологиялық маңызы.

  4. Адамда, жануарларда паразит қарапайымдылардың туғызатын аурулары. Кокцидияның, безгек плазмодиясының тіршілік циклі.

  5. Қарапайымдылардың экологиясы және олардың табиғаттағы маңызы.

  6. Қарапайымдылар денесінің симметрия типтері және тіршілік формалары.

  7. Қарапайымдылардың ядро аппараты және олардың бөліну тәсілдері.

  8. Қарапайымдылар – судың ластануын көрсететін – биоиндикаторлар.

  9. Қарапайымдылардың табиғаттағы маңызы.

10.Қарапайымдылардың филогениясы

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 26 - 75 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.

4 дәріс

Тақырыптың атауы: Көпклеткалы жануаралар дүние тармағы- Metazoa

Дәріс мақсаты: Көпклеткалы жануарлар клеткаларының жіктелуі, ұлпа түрлері, мүшелер жүйесі, олардың атқаратын қызметі, көбеюі, жыныс клеткалары, дамуы және шығу тегі туралы теориялар, классификациясы және төменгі сатыдағы тақталылар, губкалардың құрылыс ерекшелігі туралы сұрақтарды шешу.

Дәріс мазмұны: 1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.

2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы теориялар.

3. Классификация. Фагоцителла тәрізділер бөлім үсті.

4. Паразоа (Parazoa) бөлім үсті. Губкалар типі (Spongia)



Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (әртүрлі көпклеткалы жануарлар, жануар клеткалары, ұлпалар, жыныс клеткалары,қандауыршаның эмбриональды дамуы, насекомдардың, бақаның т.б. эмбрионнан кейінгі дамуы, Мечниковтың Metazoaның шығу тегі т.б.)

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.

Көпклеткалы организмдердің жануарлар дүниесінде пайда болуы – эволюцияның ерекше этапы. Metazoa – ның денесі 2-3 қабатты клеткалар жиынтығынан тұрады. Көпклеткалы жануарлардың клеткалары құрылысы және атқаратын қызметі (фунуциясы) тұрғысынан жіктелген клеткалар жабын, бұлшық ет, жүйке, без, жыныс , т.б. болып бөлінеді. Көпклеткалы жануарлардың клеткалары мамандануына байланысты бірклеткалы организмдер сияқты, жеке тіршілік етуге қабілетсіз. Бірыңғай қызмет атқаратын, құрылысы біртекті клеткалар – ұлпа түзеді: эпителиаль, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Бұл ұлпалардан жануарлардың тіршілігін қамтамасыз ететін мүшелер мен мүшелер жүйесі қалыптасады. Көпклеткалы жануарлар ірі, дене мөлшерінің ұлғаюына байланысты – құрылысы күрделі, зат алмасу жетілген, ішкі орта қалыптасқан. Көпклеткалы организмдер – жануарлардың эволюциялық дамуын кеңейтіп, олардың басымдылығын қамтамасыз етті. Зат алмасудың жетілуі көпклеткалы жануарларда тұрақтылықты (гомеостаз) жеке тіршілік процесін және ұзақ өмірді қамтамасыз етеді.

Көпклеткалы жануарлар жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткасы – гамета мейоз жолымен пайда болады. Мейоз кезінде хромосом саны азайып, редукцияға ұшырайды. Сондықтан жыныс клеткалары (жұмыртқа клеткасы, сперматозоид) гаплойдты. Жұмыртқа клеткасымен сперматозойдтың қосылуы – ұрықтану процесі нәтижесінде диплойдты ұрық (зигота) түзіледі. Ұрық бөлшектеніп, көпклеткалы организмнің бастамасын береді.

Metazoaға тән ерекшелік - олардың тіршілік цикліндегі күрделі жеке даму (онтогенез) процесінде - ұрықтанған жұмыртқадан ересек организмнің қалыптасуы. Көпклеткалы жануарлардың онтогенезі – жұмыртқаның бөлшектенуі, ұрық жапырақтарының (экто-энто және мезодерма) жіктелуі, мүшелердің қалыптасуына тұратын эмбриональды және эмбрионнан кейінгі дамудан тұрады.

2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы теориялар.

Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы сұрақ – жануарлардың ұйымдасу эволюциясын және олардың жеке дамуын түсіну үшін теориялық негіз.

Көпклеткалылардың шығу тегі туралы бірнеше гипотеза бар. Көптеген ғалымдар Metazoa Protozoaдан шықты деп есептейді. Protozoa клеткасының құрылым компонентерінің көбі Metazoa клеткасымен индентивті. Protozoa шегінде көпклеткалы жануарларға өтуде 2 тенденция байқалады: 1-көпядролы полиэнергидті қарапайымдылар (опалина, инфузория, радиолярия , фораминифера т.б.). 2-колониальды формалар (вольвокс, тағы басқа талшықтылар).

1. Metazoaның пайда болуында колониальды гипотеза – колониальды Protozoaға негізделген.

Алғашқы Metazoaның шығу тегі туралы колониальды гипотезаны зоолог-эволюционист Э.Геккель (1874) өңдеді, ол «гастрей» деп аталды. Metazoa-ның ата –тегі шар тәрізді талшықтылар колониясы (көпклеткалылардың дамуындағы бластула стадиясына ұқсас) – «бластея» - деп есептеді. Эволюция барысында бластиден инвагиинация жолымен (ішкі майысу ) алғашқы екі қабатты энтодермамен астарланған ішек қуысы бар көпклеткалылыаар шығуы мүмкін. Э.Геккель «гастрея» (гаструла стадиясына ұқсас) деп атады. Гастрея – ауызы бар, екі қабатты еркін жүзетін жануар. Сыртқы қабаты талшықты клеткалардан тұратын – эктодерма қозғалыс, ал ішкі қабат (энтодерма) - ас қорыту қывзметін атқарады. Геккель бойынша гастреиден екі қабатты – ішекқуыстылар шыққан.

2. «Гастрея» ториясын әрі қарай дамытқан О.Бючли (1884 ж. ) – «планула» гипотезасын ұсынды. Ол көпклеткалылардың ата-тегі – қарапайым жалпақ бір қабатты қарапайымдылар колониясын алады. Одан екі қабатты - «планула» (көпклеткалылардың ата-тегі) шығып гастреяға айналды. Қарапайым екі қабатты көп клеткалы жануар трихоплакс (Trichoplax) талшықтылардың жалпақ колониясына жақын. Трихоплакстың төменгі клеткалар қабаты сыртқы ас қорытуға қабілетті. Кейін эволюция барысында төменгі клеткалар қабатынан гастреяның энтодермасы, жоғарғы клеткалардан эктодерма пайда болады.

3. Кең тараған И.И.Мечниковтың (1882) теориясы. Төменгі сатыдағы Metazoa-ның онтогенезін зерттеп, олардың энтодермасы ішкі майысу жолымен емес, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге көшу жолымен (алғашында борпылдақ, кейін тығыз ішкі қабат бастамасы пайда болады) тзілетінін байқады. Нәтижесінде осы тығыз клетка массасында ішек қуысы (гастраль) және алғашқы ауыз (бластопор) қалыптасады. Мұндай энтодерманың түзілуі губканың дамуында (паренхимула) және ішекқуыстыларда байқалады. Мечников та Геккель сияқты, Metazoa колониальды талшықтылардан дамиды- деп есептейді. Филогенезде ішкі қабат колония қабырғасынан бөлінген жеке клеткалардың ішкі қуысты толтыру нәтижесінде түзіледі. Бұл процесс колония қуысына енген клеткаларда жүрген клетка іші ас қорытуымен (фагоцитозбен) байланысты. Мечников ішкі клетка қабатын – фагоцитобласт, ал филогенетикалық стадияны – «фагоцителла» деп атады.

Metazoa-ның ата-тегінде екі клетка қабатының түзілуі, олардың клеткаларының әртүрлі бағытта маманданумен қатар жүреді, яғни талшықтылар колониясы тұтас көпклеткалы организмге айналады. Сыртқы қабат қозғалыс, сезім, ал ішкі ас қорытуі және жыныс қызметін атқарады. А.В.Иванов (1967) ірі зоолог көп кклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы қазіргі заман ұғымын тұжырымдады. Ол Мечниковтың фагоцетелла гипотезасына сүйенді. Metazoa-ның колониальды ата-тегі – голозоилы қоректенетін жағалы талшықтылар колониясы типті – деп есептеді. (А.А.Захваткиннің көзқарасы сияқты). А.В.Иванов фагоцтиелланың моделі - губка дернәсілі паренхимуладан гөрі фагоцтиоллеға құрылысы жақын трихоплаксты алады. Эволюция процесінде фагоцитолла – губка және тақталылар типінің (клетка іші асқорыту – фагоцитоз тән) басып береді. А.В.Ивановтың көзқарасына сәйкес екі қабатты, ішек қуысы , ауыз және қуыстың ас қорыту тән жануар кейін дүниеге келді.

ІІ. Полиэнергидті гипотеза - Metazoa-ның ата-тегі – полиэнергидті қарапайымдылар. Бұл гипотезаны Иерини кейін Иован Хаджи (1963) ұсынды. Хаджи бойынша Metazoa-ның ата-тегі – инфузория, ал алғашқы көпклеткалы – жалпақ құрттар (планария). Қазіргі кезде гипотезалар арасында И.И. Мечниковтың «фагоцителла» гипотезасы дәлелді. Оны кейін А.В.Иванов толықтырды.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет