Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/5
Дата11.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#7146
түріЛекция
1   2   3   4   5


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Пәнді оқытудың мақсаты: студентттерге мамандық бойынша қажетті ептілік пен дағдыларды психологиялық білімдерді меңгеруіне, өмірде сәттіліктерге жетуіне көмек беру, отбасы психологиясы аумағында білім беруге отбасылық өзара қатынастардың шешіміне байланысты кеңес беруге үйрету, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, отбасына психологиялық көмек беру қасиеттерін жоғарылату, отбасы ішілік өзара қатынастарының тұрақты болуына мүмкіндік туғызу.

Пәннің міндеттері: психолог студенттерге отбасының психологиялық ерекшеліктері жайлы білім беру; отбасын нығайту жұмыстарын дамыту бойынша іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру; студенттердің отбасымен тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу.
4. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ

Пререквизиттер Отбасы психологиясы пәнінің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер

Постревизиттер Дифференциалды психология пәнінен кейін өтілетін, осы пәнге сүиенетін пәндер

Кафедра


Кафедра қабылдаган шешім күні

Психология, даму психологиясы, педагогикалық психология және т.б

Еңбек психологиясы, педагогикалық шеберлік, Қазақстандағы психологиялық ғылым

Педагогика және психология

Хаттама


5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ




Семестр

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды бақылау

Л екция

Семинар

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

3

135

30

15

45

45

Емтихан

тест



6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (RULES):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ



Тақырып мазмұны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

ОБСӨЖ




І тарау ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘН РЕТІНДЕ

1

Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері

1. Отбасы психологиясы қазіргі психология саласының бірі ретінде

2. Отбасы психологиясының міндеттері.


1

-

1

1

2

Қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің өрістеуі

1. Отбасы мен неке мәселесіндегі ғалымдардың зерттеулері мен көзқарастары.

2. Қазіргі және дәстүрлі отбасы типтік мөлшері.

3. Отбасы мен неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті.



1

1

1

1

3

Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері

1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері.

2. Қазақ жұртшылығына итетін экономикалық әсермен ислам дінінің ықпалы.

3. Қазақ отбасындағы некелесудің ерекшеліктері



1

-

1

1

4

Қазіргі отбасының құрылымы мен дамуы, қызметтері

1. Отбасы қызметтері;

2. Отбасының құрылымы;

3. Отбасының дамуы;



1

1

2

1

5

Отбасының әртүрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктері

1. Отбасының пайда болуы;

2. Отбасылық өмірдің бұзылыстары. Отбасы бұзылыстарын қамтамасыз етуші факторлар;

3. Отбасылық дағдарыстар;



1

-

3

1



ІІ тарау ЖЕКЕ АДАМ, ҚОҒАМ, ОТБАСЫ


6

Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу

1. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік;

2. Тәрбиелі адам жайлы түсінік;


1

1

2

3

7

Жеке адам және қоғам

1. Жеке адам және қоғам;

2. Жеке адам және отбасы;

3. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

4. Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі


1

-

2

2

8

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы

1. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас және араласу;

2. Араласу – адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі;

3. Өзара қарым-қатынас түрлері;



1

1

1

3

9

Қарым-қатынас мәдениеті

1. Дұрыс қарым-қатынас жасауға қажетті мінез сипаттары;

2. Қарым-қатынас мәдениеті және оны тәрбиелеу;

3. Өзара әрекет ету және адамдардың бір-бірін қабылдауы;



1

1

3

1

10

Жас жігіттер мен қыздардың өзара қатынасының адамгершілік негіздері

1. Ерлік туралы түсінік;

2. Әйелдер мен әйелге тән нәзіктік;

3. Тән сұлулығы мен жан сұлулығы;



1

-

2

1

11

Ғашықтық мінез-құлық мәдениеті

1. Адамның жалпы мәдениеті мен ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті;

2. Ғашықтардың бірін-бірі тәрбиелеуі;

3. Қателеспеу жолдары;



1

1

1

2



ІІІ тарау НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ


12

Некеге психологиялық даярлық;

1. Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-бағдары;

2. Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеу;

3. Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі әдістері;



1

-

2

3

13

Отбасының психологиялық ахуалы

1. Психологиялық жағдай туралы түсінік;

2. Психологиялық ахуал және үйлесімділік;

3. Үйлесімділік түрлері;



1

1

3

2

14

Жекелік психикалық зардаптарды қамтамасыз етуші отбасылық қызметтер бұзылыстарының түрлері

1. Психикалық зардап;

2. Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай;

3. Отбасылық қауіп-қатер;



1

-

2

1

15

Отбасылық қызметтердің жекелік алғышарттарының бұзылыстары

1. Отбасы қызмет етуінің психологиялық қасиеттері.

2. Отбасылық талаптардың деңгейі;

3. Әлеуметтік дамуда отбасының адамгершілік негіздері..



1

-

2

3

16

Отбасылық адамаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары

1. Қарым-қатынастың жолдары жайлы ілім.

2. Психикалық зардаптар бастаулары;

3. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас мәдениеті;

4. Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті;

5. Неке гигиенасы;



1

1

1

2

17

Отбасылық диагностика әдістері. Отбасын зерттеу және оның бұзылыстар диагностикасы

1. Отбасылық диагноз. Отбасылық психотерапия.

2. Жүйелі отбасы психотерапиясы;

3. Стратегиялық отбасы психотерапиясы;

4. Отбасы жайлы ақпарат алудың диагностикалық мәселелері.


1

-

3

1




ІV тарау ОТБАСЫН ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

18

Отбасы татулығы бағдарламасы.

1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

2. “Отбасы татулығы бағдарламасының” негізгі бағыттары

3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі



1

1

1

1

19

Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама

1. Мақсаттары және міндеттері;

2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары;

3. Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі

4. Отбасының әлеуметтік мәні.


1

-

1

1

20

Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны

1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі”

2. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” мақсаттары мен міндеттері

3. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” іс-әрекет мазмұны мен бағыттары



1

1

1

1

21

«Ата-аналар» мектебі

1. Мақсаттары және міндеттері;

2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары;

3. Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі

4. Отбасының әлеуметтік мәні.


1

-

1

1

22

Отбасы жүйесі – баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

1. Отбасы құрылымы, қызметі;

2. Отбасы дамуы;

3. Отбасылық қарым-қатынас күші: дүниеге келу  тәртібі



1

-

1

1

23

Отбасылық дағдарыстар

1. Отбасылық қалыпты дағдарыстар;

2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыстар;

3. Отбасы жеке тұлғаның психологиялық травматизмінің қайнар көзі ретінде

4. Қиын балалардың психологиясы


1

1

1

2

24

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері

1. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негіздері

2. Отбасындағы бала дамуының кезеңдері

3. Мектепке дейінгі шақта баланың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы

4. “Отбасына бейімделу және топтасу шкала” сауалнамасы


1

1

1

1

25

Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері

1. Отбасы психотерапиясы;

2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары;

3. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы


1

-

2

1

26

Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

1. Отбасымен жұмыс; Мақсат пен міндеттер қою;

2. Ата-аналармен жүргізілетін терапия

3. Ойын терапиясы.



1

1

1

2

27

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері. Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау

2. Алғашқы сұхбатты жүргізу

3. Отбасымен жүргізілетін алғашқы орта кезеңдік жұмыстар



1

-

1

2




V тарау СЕЗІМ. ОТБАСЫ. ЭНЕРГЕТИКА

28

Билік үшін күрес

1. «Мен» түрлері.

2. Мәселелерді жекеше шешу тәжірибесі

3. Жомарттық энергиясы



1

1

-

1

29

Әйелдердің наразылығын келтіретін еркектердің әрекеттері

1. Еркектердің шешімдер қабылдау және кеңес беру себептері

2. Еркектердің жол сұрамау себептері, мәселелерді шешу

3. Еркек адамдардың дүкенге барудан қашқақтау себептері, мәселелерді шешу.



1

-

1

1

30

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі

1. Отбасы – бала үшін тұлғалық қалыптасу көзі ретінде.

2. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістері

3. Педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнер ретінде.



1

1

1

1




барлығы

30

15

45

45


9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
І тарау. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘН РЕТІНДЕ
1-лекция

Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы психологиясы қазіргі психология саласының бірі ретінде

2. Отбасы психологиясының міндеттері.
Мақсаты: Студенттерді психологияның тағы бір саласымен таныстырып, оның оқу процесіндегі мәні мен маңыздылығын түсіндіру, талдау.
Лекция мәтіні:

1. Отбасы - адамның өте маңызды, аса жуапты ісі. Отабыс адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі, бірақ әр отбасы барлығынан бұрын мемлекеттік мәні бар, зор іс болып табылады.

Отбасылық өмір адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді. Отбасы месіне қажетті көптеген практикалық дағдылар мен қасиеттер ата-ана аясындағы күнделікті өмір кезінде де қалыптсып жатады. Мысалы, сіздердің барлығыңыз қазірдің өзінде біраз нәрсені: мысалығ тамақ әзірлеуді, үй жинастыруды, кір жууды, үтіктеуді, шүмек жөндеуді, сөре қағуды т.б. білесіздер. Бұл – үй шаруашылығының қарапайым түрлері, ал сендер бұжан қарағанда күрделірек, мысалы, отбасы қаржысын жоспарлай аласыздар ма? Отбасылық өмірде өмір сүрудің қызықты да мазмұнды болуы үшін, тіпті өте сезімтал жұбайларға да бір-бірінің психологиясын жақсы білуі, өздерімен қоса басқалардың да қасиеттерін түсіне білулері керек, ал педагогиканы білудің маңызы болашақ балаларды тәрбиелеу ғана емесе, сондай-ақ өзді-өзін қажымай-талмай тәрбиелеу үшін де қажет.

Некелесуге дайындықтың болмауы жас жұбайлардың бірлесіп өмір сүруінің бастапқы айларында немесе тіпті алғашқы күндерінде, олардың сезімдеріне ешқандай көлеңке түспеген дегеннің өзінде байқалып тқрады.

Адамдардың отбасылық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В.А.Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағына қарағанда өмірдің рухани мазмұны басымырақ мән беруге келіп саяды. Оның айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзіңнің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда берсең ғана аласың. Егер адамдардың бір-біріне беретінін болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айрылысуға апарып соқтыруы мүмкін.

Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі қазіргі отбасыға пайдақұмарлық пен дүниеқорлық жат екенін, қайт оның негізінде адамның жоғары рухани байлығы - өзара сыйласу мен махаббат жатқандығына зейін аударту керек. Сондықтан адамды сүйе білуді үйрену – отбасы иесінің жеке басының ең құнды сапаларын дамыту деген сөз. А.С.Макаренко: Адамды бақытты болуға үйрету мүмкін емесе, оны бақытты боларлықтай етіп тәрбиелеуге болады деген.

2. Отбасының негізгі міндеті – белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамдық, топтық және жеке адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қоғамның әлеуметтік ұясы бола оытырп, отбасы біраз ең маңызды қажттілікітерді, соның ішінде халықтың санын ұдайы жаңартып отыру қажеттілігін де қанағаттандырады. Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық қажеттіліктерін де, сондай-ақ жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып отырады. Осыдан барып, отбасының міндеті туындайды. Отбасының негізгі міндеттері болып репродукциялық, шаруашылық-экономкиалық, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, комуникативтік және тәрбиелік міндеттер саналады.

Отбасының репродукиялық міндетінің мні тіршілікті жаңғыртуда, яғни баланың туып, адам тұқымының жалғасуыда болмақ. Отбасы халықты сан жағынан ғана емес, сонымен қоса сапа жағынан да ұдайы қайта толықтыруға қастысатын болғандықтан, бұл міндет өз құрамына басқа міндеттердің де элементтерін кіргізіп отырады. Бұл ең алдымен жаңа ұрпақты адамзаттың ғылыми-мәдени жетістіктеріне тарту, оның денсаулығын қорғап және сонымен қоса „жаңа ұрпақтарды түрлі биологиялық кемістіктердің қайта жаңғыруын” болдырмаумен байланысты.

Соңғы жылдарда бұл міндетке бүкіл жұртшылық көңіл бөлуде. Қазіргі отбасында қанша бала болу керек? Деген сұрақтар қойылып, бұл тақырыптарға байланысты газет, журнал беттерінде дискуссиялар пайда болуда. Оларды жүргізушілер – социологтар, демографтар, психологтар. Бұл неге өзекті мәселеге айналып отыр.

Мұның көп себебі бар және олар күрделі де өзара тығыз байланысты. Солардың кейбіреулерін ғана қарастырып көрейік. Бұрын біздің елімізде көп балалы отбасы жаппай тараған болатын. Қазргі кезде жағдай мүлдем өзгерді. Барлық отбасылардың жартысынан көбінде бір-бірден ғана бала бар немесе мүлдем жоқ та, екі немесе үш балалы отбасылар саны едәуір азайып кетті. Неге бұлай болды? Ол жақсы ма әлде жаман ба?

Мұндай жағдайдың пайда болу себептерінің бірі ретінде қалалық өмір сүру салтының таралуы аталынады. Мұның аздаған шындығы бар. Бұдан жарты ғасыр бұрын біздің елімізде он отбасының сегізі селолық болып есептелетін. Қазір еліміздегі халықтың үштен бірі қалада тұрады. Селолық отбасылардың біразы қалалық өмір салтын қостайтын болды. Әйелдердің өндірісте жұмыс істеуі, адамдардың материалдық әл ауқаты мен мәдениетінің өсіп, қажеттіліктерінің артуы - міне осылардың барлығын да жоғарыда көрсетілген себептердің қатарына жатқызады. Адамдардың тілектері, олардың бір-біріне деген талабы да ратуша. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары да өзгеріп, олар адамгершілік жағынан жоғарырақ, күрделірек және психологиялық жағынан сезімтал бола бастады. Балаларға деген көзқарас та өзгерді: оларды жақсы киіндіреді, Жан-жақты жабдықталған үй немесе пәтер, жақсы жиһазға ие болуға тырысатын болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Психологияның жаңашыл саласы ретінде отбасы психологиясының мәні мен маңызы?

2. Отбасы психологиясын зерттеумен айналысқан зерттеуші ғалымдар?

3. Отбасы психологиясының міндеттері?

4. А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинский отбасы мәселесі жөнінде зерттеу жұмыстары?
2 лекция

Қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің өрістеуі

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы мен неке мәселесіндегі ғалымдардың зерттеулері мен көзқарастары.

2. Қазіргі және дәстүрлі отбасы типтік мөлшері.

3. Отбасы мен неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті.
Мақсаты: Отбасындағы жұбайлық өмір туралы мәселелер төңірегіндегі зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын талдау, қазіргі және дәстүрлі отбасы типтік мөлшерімен студенттерді таныстырып, отбасылық қарым-қатынастардың мәні мен маңызын түсіндіру.
Лекция мєтіні

1. Адамзат отбасы неке қарым-қатынасына ежелден-ақ үңіле назар аударып келеді. өткен заманның асқан ойшылдары өз дәуірінің мүмкіндігіне қарай отбасын зерттеуге ұмтыды. Олар отбасының пайда болу, даму процесін түсіндіруге; қызметін даму заңдылықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты.

Ежелгі грек философы Платон патриархалдық отбасын (яғни, барлық қарым-қатынастың өзегі – ата-ана және оларға толық бағынатын балалары бар отбасын) алғашқы және негізгі қоғамдық ұя деп есептеді. Оның пікірінше, мемлекет патриархалдық отбасылардың одаққа бірігуі нәтижесінде пайда болған. Платон одан басқа келешек ұрпағының денсаулығын ойлаған жұбайларға нақты ұсыныс жасап отырды. Платон 20 дан 40 жасқа дейінгі әйелдер 55 жастан аспаған еркектерден ең мықты балалар туады деп есептеді. Ол әрбір 35 жасқа дейінгі еркектің үйленуін, ал одан жалтарғандарға айып салуды талап етті. Платон отбасының ішкі және сыртқы өмірін қатаң бақылауға алуды талап етті.

Платонның шәкірті Аристотель оның отбасына деен көзқарасын сынады,, алайда қоғамның ұясы және мемлекеттің негізі ретінде патриархалдық отбасы идеясын қолдап дамытты. Аристотель отбасын мемлекетпен тығыз байланыстырды. “Әрбір отбасы мемлекеттің бөлігін құрайды, жоғарыда көрсетілген барлық адамдар отбасының бөлігі және жеке бөліктердің адамгершілігі бүтіннің адамгершілігіне сәйкес елуі тиіс, сондықтан балалар мен әйелдерді тәрбиелеуді мемлекеттік құрылысқа үйлесімді қатынаста қою қажет; лайықты құрылысқа ұмтылатын мемлектке бұл парықсыз болмаса, онда лайықты балалары мен әелдері болуы керек. Мұнымен санасу керек, өйткені әйелдер халықтың жартысын құрайды, ал балалардан саяси өмірге қатысушылар өсіп шығады.”

Көптеген философтар мен ойшылдардың шығармашлығы жұбайлық проблемасына көп көңіл бөлгенін дәлелдейді. Алайда, олар өзінің жұмысында көбінесе қоғамдық қарым-қатынасты отбасылық қарым-қатынастан бөліп, отбасы мен мемлекеттің арақатынасына назар аударған; отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде аз қарастырған. Мысалы, француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо отбасы туралы былай деген: “Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы – ол отбасы... Сонымен, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ иүлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға”.

Жоғарыда аталған француз ағартушысының пікірінен отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметі ұқсас және отбасы қоғамды қайталайды деген қорытынды шығады. Руссо, сөйтіп, отбасын халықты ұдайы өндіру, жас буынды әлеуметтендіру сияқты проблемаларды шешетін құрал ретінде ғана қарап, отбасы институтын жеңілдетіп жіберді.

2. Э.Фромм буржуазия заманындағы отбасы туралы онша оптимистік көзқарас танытпайды. „Некелік шарт әржаққа серігінің денесін, сезімін, көңілін пайдалануға ерекше құқық беред. Енді ешкімді жеңудің керегі жоқ. Сүйіспеншілік адам ие болмайтын бір нәрсеге, меншікке айналды. Жұбайлардың ешқайсысы енді сүйікті болып, сүйіспеншілік туғызу үшін ынта-жігерін салмайды”

Осы екі пікір ХІХ-ХХ ғасырлардағы отбасы институтының жағдайын, осы күнге дейін шешілмей келе жатқан негізгі қайшылықтарын ашып, дәл анықтайды. Отбасы неке қарым-қатынасында болған үлкен өзгерісті көзге елестету үшін әлеуметтанушы М.С.Мацковский ұсынған дәстүрлі және қазіргі отбасының типтерін салыстыру жеткілікті.


Қазіргі және дәстүрлі отбасының типтік мөлшері


Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары

Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері

Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері

Өндірістік

Дәулетті топ отбасында әйел жұмыс істемеу керек. Кедей отбасында ол экономикалық қажеттілікке қарай жұмыс істейді.

Еркектер мен әйелдерге жұмыста, мансапта, қоғамдық қызметте тең құқық беріледі.

Репродуктивтік

Отбасы көпбалалы болу керек. Балалар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы

Бала туу түсінікке сәйкес және жоспарланатын тұрмыс қалпымен шектеледі.

Тәрбиелік

Баланы қатаң тәртіпте тәрбиелеу керек, тәрбиелеу түрін әкесі белгілейді, ал тәрбиелеумен шешесі айналысады

Бала тәрбиелеуде оның қалауы, пікірі ескеріледі, үлгі және сенім күшіне негізделген тәрбие басым болады, тәрбиемен жұбайлардың екеуі де айналысқаны дұрыс деп есептеледі

Экономикалық

Отбасының табыскері, асыраушысы күйеуі болу керек, әйел ол берген қаражатты жұмсайды

Еркек пе әйел кәсіби жағдайы мен қосымша табыс табу мүмкіндігіне сай отбасының материалдық әл-ауқатына үлес қосады

Бос уақыт

Ерлі-зайыптылар қонақтармен қатынасты, көңіл көтеруді, әуесқойлық істі не бірге өткізеді, не күйеуге біршама дербестік құқық беріледі

Күйеуі мен әйелі үйде бос уақытын өткізуге тең құқықты және олар өздерінің бос уақытын бір-бірінен бөлек жиі өткізеді

Рухани қатынас аясы

Жұбайлар арасындағы қатынас негізінен отбасы проблемасына, үйге, шаруашылыққа, балаларға, отбасы көңіл көтеруіне, туықандармен қатынасқа және басқаларына арналады

Қатынас жолдастық сипатта болады және отбасы проблемасына басқа күйеу мен әйелдің тіршілік әрекетінің, өндірісітік істердің, әуесқойлық құмарлықтың барлық саласын қамтиды

Достармен және туысқандармен қарым-қатынас

Туысқандар тобымен міндетті түрде қатынас, көршілермен достық қарым-қатынас, тек еркектің жеке достары

Достық қарым-қатынасқа бейімделу және мүдделік қатынас, туысқандық байланысты және көршілерімен қатынасты қолдаудың міндетті еместігі

Билік және азаттық аясы

Күйеу-отбасы басшысы, ол негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайды

Жұбайлар бірлесіп талқылаған соң негізгі шешімдер қабылдайды және азаттықтың бөлінуі мүмкін

Бірінші әлеуметтік бақылау аясы

Отбасы әйелдің жүріс-тұрысына қатаң бақылау жасайды, бұл еркекке едәуір аз дәрежеде қатысты

Отбасы еркек пен әйелдің жүріс-тұырысындағы әлеуметтік ауытқуларға (маскүнемдік, нашақорлық, дөрекілік, т.б.) бірдей шамада бақылау жасайды

Сезімдік қатынас аясы

Жылылық, мейірімділік, сезімдік қабылдау, тек әйел жағынан күтіледі

Жұбайлар бір-бірінен олардың еркектік, әйедік ерекшелік сипатын есккеріп, сезімдік қолдау күтеді

Әлеуметтік-мәртебелік аясы

Санаулы әлеуметтік біртекті топта некеге тұру, неке арқылы әлеуметтік мәртебені көтеруге ұмтылу

Некелік одақтың әлеуметтік әр тектілігі, некелік серіктің мәртебелік емес, жеке басының сипаттамасының мәнділігі

Жыныстық аясы

Жыныстық қатынастың тәуелдік маңызы бар: ол көбінесе тек бала табудың шарты болды, әйелдердің некеге дейінгі қатынасына жол берілмейді, ал еркектердікі айыпталмайды; дәулетті топта моральдық көзқарас негізінде тек еркектерде некеге дейінгі қатынас кең қолданылды

Жыныстық қатынастың ұдайы өндірістік қызметінен бөлінуі, әйелдің жыныстық белсенділігінің артуы, олардың жыныстық өмірдегі талабы; некеге дейінгі жыныстық қатынасқа, егер оның негізінде сүйіспеншілік болса, жол беру; некеде тұрған еркек пен әйелдің некесіз жыныстық байланысты бірдей айыпталады

Ажырасу мәселелерін көп жеңілдеткен өзгерістердің отбасы өмірінде орасан зор маңызы бар. Ажырасу санының өсуінің салдары – көп, әртүрлілік және отбасы қарым-қатынасының күрделілігі (екінші реті болған неке, толық емес отбасы, ерте неке болған баласы бар отбасы т.с.с.). Осы жағдай және тәжірибелік зерттеудің дамуы отбасы әлеуметтануының тез дами бастауына алып келді.



3. Отбасы-неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті өте көп. С.И.Голод адамзат тарихында отбасы эволюциясының өз жолын салады және жақын болашақта оның белгісін болжауға әрекеттенеді. Оның пікірінше, отбасы дамуы париархалдықтан бала орталыққа, соңынан жұбайлыққа келген. Патриархалдық отбасының кіндігі ретінде ата-ана болады. Бұған жақын уақытқа дейін қыстаққа кең тараған көпбалалы шаруа отбасы мысал бола алады. Бала орталықтық отбасы – барлық қарым-қатынастың өзегі бала болатын қазіргі типтік отбасы. С.И.Голодтың пікірінше, жұбайлық отбасы таяу болашақтағы отбасының тап өзі болады. Бұның мәнісі, осы заманғы немесе өз ғасыры дәрежесіне сәйкес адамдардың дербестігіне негізделеді. Демократиялық қоғамда ешкім жаппай берілген үлгіде әрекет жасамайды, түрлендіруге және өздігінше шешімге әрқашан орын табылдаы. Дербестік мынада: жұбайлардың мүддесі отбасынікінен ауқымдырақ, олардың әрқайсысының қажеттігі мен қатынас шеңбері жұбайлық шеңберіне шығып кетеді, олардың әрекеті әдет-ғұрыппен, сыртқы жарлықпен болмаса да, өзіндік ерекшеліктерімен, құлықтық-әсемдік құндылықтарымен реттеледі.

И.В.Бестужев-Лада үшінші мыңжылдықтың басында жалғыз басты адам, бір балалы отбасы және ажырасу болмайды деп пайымдайды.

Қазір кімнің болжамы жақын болашақта келетінін айту қиын, бірақ отбасының жойылмайтынына қатты сенуге болады, өйткені адамзат өзі тарихында отбасы осы күнге дейін орындап жүрген қызметті атқара алатын басқа қоғамдық институт жасаған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасылық мәселелерді зерттеумен айналысқан ғалымдар, олардың еңбектері?

2. Көне Грециядағы отбасындағы еркек пен әйел қатынасы?

3. Американдық әлеуметтанушы К.Г.Коллиердің отбасы әлеуметтанудың негізгі кезеңдерін қалай жіктеді?

4. Тарихтағы көне отбасының сипаттамасы қандай болды?

5. Американдық антрополог М.Мид бойынша неке түрлері?


3 лекция

Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері.

2. Қазақ жұртшылығына тиетін экономикалық әсермен ислам дінінің ықпалы.

3. Қазақ отбасындағы некелесудің ерекшеліктері
Мақсаты: Студенттерге басқа елдермен бірге қазақ халқында да сақталып келген салт-дәстүрлермен таныстырып, қазіргі таңдағы жағдайларымен салыстырып, некелесудің ерекшеліктерінің мәнін ашып түсіндіру.
Лекция мєтіні

1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері – қазақ отбасы мен некесінің де бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерінің барлығын басынан өтікзгендігін дәлеледейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақтағы отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.

Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдатсыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында балағатқа толды деп үйлендіре берген.

Халқы түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.

Неке құрудың негізгі жолы құда түсіп, қалыңмал төлеп, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы жоқ шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп келін түсіру оңайға түспейтін. Сондықтан кедей балалары 20-30 жасқа дейін үйленбей жүрген. Тіпті тақыр кедей балалары әуелі өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-шешеден жастай айрылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағаты, әдет те бар. Мұны қазақ «қол бала» етіп алу дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балағатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайды.

Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру әрине, кедей-жарлылардың ісі. өйткені көп баланы асырап, бағуға олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса қалыңмалын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Мұндай мүмкіндіктен аулақ болған ата-ана тек малды шарулар, байлар. Олар қыздарын 17-18 ге келмей ұзатпаған. Осы уақытқа бай қыздары әбден бойжетіп, оң-солын айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәскелес болатын. Әсіресе еркек-шора болып өскен жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра береді.

2. Қазақстан жері ұлан-ғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғандығы дайсыз. Айталық Ресей шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс аудандарда және оңтүстікте ежелден отырықшы, қала мәденитінің әсерінде болған Ташкент, Шымкент және Түркістан маңында мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсерімен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлде қайда әлсірей түсуі анық. Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұрадағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы.Алтынсариннің айтуынша Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П.Е.Маковскийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы жинаған деректерге қарағанда, П.Е.Макоскийдің үш ата расындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді.

Сырдария облысын мекендейтін қазақтар арасында 7 атаға толғанша қыз алыспау тәртібі негізінен ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталмағанмен, 3-4 атадан қыз алыса беру әдетінің орын алғандығын көптеген авторлар өз еңбектерінде көрсеткен болатын. ХХ ғасырдың басында өзіне дейінгі әдеби мұраны зерттей келіп, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз алспау тәртібінің мықты сақталуымен бірге, 3-4 атадан қыз алысатындардың кездесетіндігін Н.Малышев атап көрсеткен.



3. Неке мәселесі жөнінде шариғат қағидасы бойынша баласының енесіне әкесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздар, бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығы жөнінде бірнеше авторлар өз еңбенктерінде атап өткен. Ал, ел арасындағы деректерге қарағанда халық арасында мұндай некелсуге тыйым болмаған. Өйткені, апалы-сіңлілер абысынды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына қазақ ауыз әдебиетінен көптеген мысао келтіруге болады. Мысалы, «Ер-Төстік» ертегісіндегі Ерназар байдың тоғыз ұлына екінші бір байдың тығыз қызын айттырып алып бергені.

Қазақ отбасындағы некелесудің тағы бір ерекшелігі туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі өлсе үйленуге рұқсат етілген. Ал туған қайынбикесіне еш уақытта үйленуге болмайды. Күйеуі өліп, жесір қалған әйел қайын атасына және туған қайнысының балаларына тұрмысқа шығуға болмайды. Ал, қайын атасының інісіне, қайнағаларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ халқының некек құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру тәртібі?

2. Ертедегі қазақ еліндегі неке құрудың негізгі жолдары?

3. Ерлі-зайыптылардың жас ерекшеліктер мәселесі?

4. Қазақ еліндегі қыз алысу мәселелері?

5. Неке мәселесіндегі шариғат қағидалары?

6. «Бесік құда» дегеніміз не, түсінік беріңіз?
4 лекция

Қазіргі отбасының қызметі, құрылымы мен дамуы.

(1 сағат)
Жоспары:

1. Отбасының құрылымы мен дамуы.

2. Отбасы қызметтері;

3. Отбасы түрлерінің жіктелуі

Мақсаты: Студенттерге отбасының құрылымы мен дамуының мәнін ашып көрсетіп, қазіргі таңдағы обасылық қызметтермен таныстырып, отбасылық жіктеулерді талқылау.
Лекция мәтіні:

1. Отбасы құрылымына – отбасы құрамы мен саны, сондай-ақ оның мүшелерінің өзара байланысының жиынтығы кіреді. Отбасы құрылымының талдаулары бірнеше сұрақтарға жауап береді, мысалы отбасылық қызмет қалай жүзеге асады, отбасында кім жетекші, кім орындаушы ролін атқарады, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген. Отбасы құрылымы бойынша отбасылардың әр түрін бөліп көрсетуге болады. Бір отбасыларда барлық қызметтерді ұйымдастыру мен жетекшілік ету бір адамның қорында, ал кейбір отбасылардың басқаруында барлық мүшелері теңдей қатысады. Бірінші жағдайда авторитарлы жүйе, ал екіншіде демократикалық жүйеде айтылады.

Отбасы көбіне міндеттердің теңдей бөлінуіне, сондай-ақ отбасылық мәселелерді шешуге теңдей қатысуға бағытталған.

Отбасы дамуы. Отбасының қызметі, құрылымы сондай-ақ олардың әртүрлі жағдайда бұзылу мүмкіндігі отбасы дамуының әртүрлі кезеңдерінде едәуір өзгереді. Өмірлік циклді негізгі этаптарға бөлудің әртүрлі жүйелері бар. (Е.Дювал 1957) W.Bove

Васильев өмірлік циклді 5 кезеңге бөлді.

1. Некеге тұрғаннан соң отбасының құрылуы мен бірінші баланың туылуына дейін;

2. Балалардың туылуы мен оларды тәрбиелеу. Бұл кезең ең болмағанда бір баламен жұмыс әрекетінің басталуымен аяқталады.

3. Отбасылық тәрбиелік қызметтің орындалуының аяқталуы. Бұл кезең баламен жұмыстың басталуынан бастап, ата-ананың қамқорлығынан барлық балалардың шығып кетуіне дейінгі аралықты құрайды.

4. Балалардың ата-аналармен бірге және ең болмағанда біреуінің өзіндік жеке отбасының болуына дейін.

5. Жұбайлардың жеке отбасылары бар, өздері жеке немесе балалармен тұруына дейін.

2. Отбасы – жалпы шаруашылықта бірге жүруші, әйел мен ердің, балалар мен ата-аналардың, ағалар мен қарындастардың қарым-қатынастары, сондай-ақ ерлі-зайыптылық одақ және туыстық байланыстарға негізделген жекелік болмыстың негізгі формасы, қоғамдық ұйым (кіші әлеуметтік топ) болып табылады. Отбасы жалпы қоғамда да, жеке өмірде де маңызды ролі атқарады.

Отбасының тіршілік аумағы, оның жекелеген мүшелеріне ғана емес барлық қоғамда тұтастай маңызды.

Қоғамдық ортадағы отбасылық қызметтердің жекелік және қоғамдық маңыздылығы былайша сипатталады:


  • отбасының тәрбиелік қызметі -

  • отбасының тұрмыстық-шаруашылық қызметі –

  • отбасының эмоционалдық қызметі –

  • отбасының рухани-мәдени қатынас қызметі –

  • отбасының бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі –

Уақыт өте келе отбасылық қызметтерді бірнеше өзгерістер болады, мысалы жаңа әлеуметтік жағдайларға байланысты жойылады, өзгеріске ұшырайды. Біздің қоғамдағы жаңашыл отбасылар тұқымқуалаушылық, мұра арқылы берілген қызметтерді арттырумен айналыспайды. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі де өзгереді. Некелік – отбасылық қатынас аумағында бұзылушылық деңгейі де жоғарылады, мысалы некесіз бала босану, ерлі-зайыптылық ұрыс-керіс. Ажырасу отбасындағы лайықсыз қасиеттің жазасы ретінде қарастырылмай қойды.

Жаңашыл отбасында эмоционалды, рухани қатынас, жыныстық-эротикалық, тәрбиелік қызметтердің маңыздылығы арта түсуде. Неке көбіне шаруашылық-материалдық емес эмоционалды байланысқа негізделген бірлестік ретінде қарастырылады.



Отбасылық қызметтердің бұзылуы – тіршілік әрекеттегі отбасылық қызметтердің орындалуының қиындауы немесе мүлде орындалмау ерекшеліктері.

3. Отбасының жіктелу проблемасына келгенде, кейбір қиыншылықтар пайда болды, отбасы мен неке формасының, түрінің саны өте көп болғандықтан оларды нақты санмен белгілеу қиын. Осы жағдайда ғылыми әдебиеттерде бәрінен жиі кезедсетін отбасының ең негізгі белгісіне тоқтап кету орынды деп есептейміз.

1. Құрамы бойынша:

а) Нуклеарлық (қарапайым) отбасы қалай толық болса, солай орта бола алады. Күйеуі, әйелі және балалары бар отбасы толық нуклеарлық отбасы деп есептеледі. Орта нуклеарлық отбасы – жұбайлардың бірінсіз: әдетте, ана баласымен болатын отбасы. Орта нуклеарлық отбасы ажырасу нәтижесінде жиірек, ал сирек жағдайда жұбайлардың бірі қайтыс болғанда немесе жалғыз әйел мен еркектің бастамасымен бала асырап алған жағдайда пайда болады. Орта нуклеарлық отбасындағы барлық өірлік тәртіп басқа отбасының тәртібінен күшті ерекшеленеді.

Толық нуклеарлық отбасы - басқа отбасылар арасында ең көп таралған форма. Онда жұбайлар мен олардың балалары өзін-өзі қалыптастыру, қабілетін көрсету үшін көп жағдайлар жасалған. Солай болғандықтан осы жағдайда жұбайларға олардың ата-анасының күшті ықпалы білінбейді. Бала тәриесі үрдісінде күрделі отасындағыдай бұл мәселеде түрлі ұрпақтың арасында пікір келіспегендігінен туындайтын апатты жағдай азырақ болады.

ә) Күрделі отбасы. Отбасының бұл типінің ерекшелігі – отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады. әртүрлі ұрпақ адамдарының бір отбасында өмір сүруін мәжбүр ететін негізгі екі себеп бар. Олардың бірі мынада: жас жұбайлар ата-анамен тұруды қалайды, өйткені бұл тұрмыстық және материалдық аспектін жеңілдетеді.

Б) Үлкен отбасы. (10 және одан да көп мүшелері бар) біздің уақытта сирек кездеседі. Мұндай отбасында бала үшін проблема жоқ, байланыстың әр алуандығы бар, өзара көмек күшті дамыған. Дәу едәуір азырақ, өйткені өмір мұндай үлкен отбасында оның әрбір мүшесін өнегелі және қайырымды болуыға мәжбүр етеді.

2. Балалар саны бойынша:

а) Баласыз отбасы. Отбасыда бала болмаудың негізгі себептерінің бірі – жұбайлардың бірінің бала тууға кедергі болатын дене сырқаты немесе кешеуілдеп қалған неке.

ә) Бір балалы отбасы. Мұндай отбасы әсіресе, кейінгі уақытта көп тарала бастады. Себебі, баланың ата-аналар жағынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін қарым-қатынас негізгі нысана болуында. Жалғыз балаға сапалы тәрбие, білім беруге, материалдық жабдық жасауға қолайлы болатындықтан, отбасының көбі бір бала болуды қалайды.

Б) Аз балалы отбасы. Мұндай отбасында екі-үш бала болады. Бір балалы отбасына қарағанда орнықты болады.

В) Көп балалы отбасы. Төрт және одан да көп балалы отбасы көп балалы деп ептеледі. Мұндай отбасында ажырасу сирек кезедеседі.

3. Отбасының стажы бойынша: мұндай отбасының типтері бар: а) жас жұбайлар; б) жас отбасы; в) баладан үміткер отбасы; г) балалары бар жас отбасы; д) орта жастағы жұбайлар отбасы; е) егде жұбайлар жұбы.

4. Географиялық белгісі бойынша:

а) қалалық; б) ауылдық;



5. Отбасындағы басшылық типі бойынша:

а) өктем отбасы; б) эгалитарлықө отбасы;



6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы жне жағдайы бойынша:

а) сәтті отбасы; ә) әлеуметтік сәтсіз отбасы; б) ұстаздығы әлсіз



7. Отбасындағы тұрмыс, отбасы тәртібі бойынша:

а) шаруашылық-тұрмыс ұясы үлгілі отбасы; ә) балаорталық отбасы; б) жұбайлық отбасы; в) патриархалдық отбасы; г) пікірталас клубы немесе спорттық топ типіндегі отбасы. ғ) отбасы “жұбаныш”;



8. Әлеуметтік құрамының біркелкілігі бойынша: а) әлеуметтік гомогендік отбасы. ә) әлеуметтік-гетерогендік отбасы

9. Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша:

а) дистанттық отбасы; ә) студенттік отбасы;



Бақылау сұрақтары:

1. Отбасының құрылымы мен құрамы?

2. Отбасының дамуы және даму барысындағы мәселелер, оларды шешу жолдары?

3. Васильев зерттеулері?

4. Отбасының әлеуметтік-педагогикалық қызметтері, олардың атқарылуындағы мәселелер?

5. Отбасы түрлерінің жіктелуі?



5 лекция

Отбасы әртүрлі кезеңдеріндегі қызмет етуінің ерекшеліктері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасының пайда болуы;

2. Отбасылық өмірдің бұзылыстары. Отбасы бұзылыстарын қамтамасыз етуші факторлар;

3. Отбасылық дағдарыстар;
Мақсаты: Студенттерді отбасының құрылуына қажетті мәліметтермен таныстыру, мүмкін болған отбасылық бұзылыстармен, дағдарыстарды болдырмауға, олармен күресуге үйрету
Лекция мәтіні:

1. Отбасының құрылуы. Бірінші баланың өмірге келуіне дейін жас отбасылар міндеттер қатарын шешіп алады. Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелер жұбайлардың жалпы отбасылық өмір жағдайына және бір-бірінің психологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі болып табылады. Бұл кезеңде жұбайлардың өзара жыныстық бейімделуі жүзеге асырылады немесе аяқталады (егерде некесіз қатынаста болса). Отбасылық бұл даму кезеңінде негізгі күш бастапқы отбасылық бұйым, жабдықтар қолдануға жіберіледі, яғни пәтер-үй мәселесі мен ортақ мүлік арттыру мәселелерін шешіп алулары керек. Дәл осы отбасылық даму кезеңінде туыстары мен қатынастары құрылады.

Жас отбасыларының көпшілігі бірлескен жұбайлық өмірдің басында-ақ ажыраса бастайды. Бұндай некелердің бұзылуының негізгі себептері ерлі-зайыптылық өмірге дайынсыздық, тұрмыстық жағдайдың қанағаттандырылмауы, үйленгеннен кейін пәтер жайдың болмауы.

Еңбек әрекетін бастамаған балалы отбасы. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейін өмірлік циклдің негізгі, орталық кезеңі, яғни құрамында ер жеткен балалары бар жетілген отбасының құрылуы. Отбасылық өмірде бұл едәуір шаруашылық-тұрмыстық белсенділік уақыты. Әйелдердің, ер жетпеген баласы бар аналардың үй шаруашылығымен айналысуға жұмыстан тыс көбірек уақытын бөліп отыруына тура келеді. Мұндай отбасыларының ер азаматтары үй еңбегіне орташа есеппен күніне 1,5-2 сағат бөледі.

Бала дамуының әрбір жаңа кезеңі бір жағынан өткен кезеңдерде отбасы қызмет етуі қаншалықты тиімді болғанының өзгеше тексеруі, бақылауы болса, екінші жағына олардың алдында жаңа міндеттер қойылады, ата-аналардың қабілеттілік пен ептілік, шеберлік сияқты басқа да қасиеттерді талап етеді. Отбасы дамуының бұл кезеңінде де әртүрлі мәселелермен бұзылулар болып тұрады. Сондай-ақ дәл осы кезеңде отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі де кездеседі.

Бұл уақыттағы отбасылық тіршіліктің бұзылуының негізгі бастауы, біріншіден жұбайлардың шамадан тыс жүктелуі, олардың күштерінің зорлануы, екіншіден рухани және эмоционалды қатынастарды қайта құру қажеттілігі болып табылады. Дәл осы кезеңде әртүрлі эмоционалды салқындық, жұбайын өзгерту, жыныстық (дисгармония) үйлесімсіздік, серігінің мінезіне көңілі толмау себебін ажырасу, басқа адамды ұнатуларда кездеседі.

Отабасылық өмірдің бірінші кезеңіне тән эмоционалды қатынас мәселесі, конфликттер олардың салқындауына әкеледі. Отбасылық тіршіліктің негізгі бұзылыстары тәрбиелік қиындықтармен де байланысты.



2. Отбасылық тіршіліктің аяқталу кезеңдері. Балалардың соңғысы еңбек әрекетін бастап, ары қарай өзінің балаларымен отбасын құру – отбасылық өмірдегі өзгерістерді қамтамасыз етеді. Отбасы тәрбиелік әрекеттегі тоқтатады. Оны жалғастыру әрекеті балалардың қарсыласуына әкеп соқтырады. Күнделікті отбасылық өмірдегі кейбір айқын өзгерістер жас ерекшеліктерімен байланысты. Бұлшық ет күшінің бірте-бірте әлсіреуі күнделікті тұрмыстық қызметті қайта қалпына келтіруді күшейтеді. Жұбайлардың денсаулық жағдайы төмендеуіне қарай денсаулық мәселесі бірінші орынға қойылады.

Осы уақыттарда жағдайға байланысты үй еңбегімен балаға қарауда отбасы мүшелерінің белсенді араласуы маңызды роль атқаралды. Әсіресе немерелерінің алғашқы жылдары “Аталар мен әжелерден” көп күшті қажет етеді.

Өмірлік циклдің, еңбек әрекетінің аяқталуы, зейнетке шығу, мүмкіндіктердің азаюы құрметке қажеттілікті күшейтеді. Бұл кезеңде өзінің қажеттілігін сезіну, өзіне деген сый-құрметтік қатынастың қамтамасыз етілуі аңызды ролі атқарады.

3. Отбасылық тіршіліктің бұзылыстары. Отбасы бүкіл өмірлік цикл бойында үнемі әртүрлі қиындықтарға, жағымсыз жағдайлар мен мәселелерге толы болады. Отбасындағы мүшелерінің бірінің ауыруы, үй-тұрмыстық қиындықтар, әлеуметтік қоршаған ортамен конфликттер, әлеуметтік процестердің ауқымды салдарлары (соғыс, әлеуметтік дағдарыстар т.б.) барлық қиыншылықтардың тізімі бола алмайды.

Отбасында кездесетін қиыншылықтар мен оның салдарларын психологтар, социологтар, психиатрлар қарастырады. Бұл аумақтағы зерттеулер екі бағытқа топталады. Біріншісі – отбасындағы ауқымды әлеуметтік процестердің жағымсыз әрекет күшінен пайда болған: соғыс, экономикалық дағдарыс т.б. қиыншылық жағдайында зерттеу. Бұл мәселелер Америкалық зерттеушілердің соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жұмыстарында кеңінен көрсетілген.

Екінші нормативтік стресстер, яғни отбасылық өмірдің күнделікті жағдайында кездесетін қиыншылықтарды зерттеу. Бұл қиындықтар отбасындағы өмірлік циклдің негізгі этаптарынан өтуімен, сондай-ақ отбасын бұзылуға әкелетін: ұзақ айырылысу, ажырасу, отбасы мүшелерінің бірінің өмірден кетуі, қиын ауру сияқты жағдайлардан пайда болатын мәселелермен байланысты.

Бұл жағдайлардың барлығы отбасылық өмірдегі күрделі, көп салдарлы бұзылыстардың көрінуіне әкеп соқтырады. Бұл бір жағынан өзара қатынастағы кикілжіңдердің өсуі, отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі, отбасы бірлігінің әлсіреуі болса, екінші жағынан – отбасын сақтап қалуға күшінің артуы мен қиыншылыққа қарсы тұрудың өсуі болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Тіршіліктің бұзылуының негізгі бастауы нелер?

2. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейінгі өмірлік циклдің негізгі, орталық кезеңі?

3. Отбасылық тіршіліктің аяқталу кезеңдері?

4. Отбасылық тіршіліктің бұзылыстары?
ІІ тарау ЖЕКЕ АДАМ, ҚОҒАМ, ОТБАСЫ
6 лекция

Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу

(1 сағат)

Жоспары:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік;

2. Тәрбиелі адам жайлы түсінік;

Мақсаты: Студенттерге өзін-өзі тәрбиелеудің мәні мен маңызын түсіндіріп, тәрбие ұғымын кеңінен талқылау.
Лекция мәтіні:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

Әлеуметтік тұрғыдан кәмелетке келген адам өз кемшіліктерін, жеке басының мәдениетінің төмендігін, тәрбиесінің нашарлығын, мұндағы барлық жауапкершілікті мұғалім мен ата-анаға үйіп-төгіп, өзін судан таза етіп көрсетуге құқығы жоқ. әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі соқпақтарынан өзі дербес өтіп, өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Кім өзі жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе, жақын дос, жанұя басы болғысы келсе, кімде-кім оқуда, еңбекте табысқа жеткісі келсе, отбасылық өмірде бақытты жан болғысы келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн. Бұл жерде Николай Заболоцкийдің «Жаныңа тыным берме» деген өлеңін мысал ретінде келтіруге болады.

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы жеке әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның өзі кім болғысы, қандай болғысы келетініне тәуелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, әсіресе балғын жас өспірім шақта ерекше маңызды. Бұл жаста жеке адамның қалыптасуының ең маңызды сәттерінің бірі және өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты - өзіндік сана-сезімін дамыту және қалыптастыру болмақ. Өзіндік сана-сезім – бұл адамның қоғам мүшесі екендігін, сондай-ақ өзінің жеке сапаларын, басқа адамдармен, өзін қоршаған өмірмен қарым-қатынасын, өзінің күш-қуатын, амал-әрекетін, қылығын, сезімі мен ойын сезіне алуы.

Өзіндік сана-сезімнің маңызды элементі – жеке адамның өзін-өзі бағалай алуы болып табылады. Адамның өзін бағалай алуы оның жеке басының әр түрлі жақтарымен дәл мағынасына сәйкес (яғни адекватты бала), ал тіпті көтеріңкі не төмен (яғни адекватты емес) болып келуі мүмкін. Өзін-өзі бағалау іс-әрекеттің нәтижесін талдай алудан (мәселен, егер оқушы математикалық есептерді жеңіл және жылдам шығаратын болса, осы пәнге байланысты кез келген материалды өз бетімен меңгере алса, онда оқушының математикалық қабілетінің өзіндікбағасы жоғары екендігі байқалады), немесе бұл жағдай сол адамның өзін басқалармен, кітаптар мен фильмдердің кейіпкерлерімен салыстыра алуынан туындайды.

ӨЗін-өзі бағалау тұрақты және тұрақсыз болып келуі де мүмкін. Өзін-өзі бағалудың тұрақты түрі адамның өзіне сенімін арттырады, ал мұнысы шындыққа сәйкес келмесе, кісіні айналадағылармен немесе өзімен-өзін конфликтіге келтіруі мүмкін. Өзін-өзі бағалаудың тұрақсыз түрі үнемі қолайсыз болмайды, өзіне сын көзбен қараған адам өз мақсатына жетуі тиіс.

Жас өсіпірімдік шақта өзін-өзі бағалай алудың жалпылама көрінісі - өзін-өзі қастерлеудің негізі – оның өзін жеке адам ретінде есептеумен не есептемеуінің ірге тасы қалана бастайтындығында.



2. Тәрбие кез-келген қоғамның маңзды функциясын құрайды. Дамыған әлеуметтік қоғамда негізгі дүниетанымы биік адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа творчестволық көзқарапен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.

Бұл міндетті шеші қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді.

Тәрбие психологиясын зертеудегі маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге бағытталады:

1. Жеке адамдарды белсенді мақсатқа бағыттап қалыптастыру мүмкін бе? Бұл тұста ғалымдардың дүниетанымдық көзқарасы, жеке адам мәні, алдымен, оның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік әрі биологиялық бастаманың қарым-қатынасы, неғұрлым дәл шектеледі.

2. Жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудағы заңдылықтар мен механизмдер мүмкіндіктері, шарттар және бұл процеске белсенді ықпал жасау механизмдері қандай? Бұл сәттерді талдауда қазіргі психология адам іс-әрекетінің мәні және оның құрылысы мен өзгерісі туралы маркстік қағидаларға негізделеді.

3. Жеке адамды қалыптастыру процесіне ықпал жасауда зерттеу мен ұйымдастыру жүйесінің принциптері мен шарттары қандай? Бұл тұрғыда әрбір дәуірге тән психикалық дамудың жас шағы кезеңдеріне бөлу іс-әрекеттің жетекші типтері туралы бұрынғы ппсихология ғылымының қағидалары аса маңызды орын алады.

4. Жеке адамды психологиялық қайта құрудың аса мол мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін тиімді формалары, шарттары мен тәрбилеу процестерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері қандай? Олар біздің қоғамның жағдайында тәрбиелеудің негізгі мақсаты – жеке адамдардың ұжымдық сапасын қалыптастыру, олардың іс-әрекеттерін қоғам мүддесіде бейімдеумен айқындалады.

Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды зерттейді.

Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс ретінде қарастырады.

Жеке адамның моральдық-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адамгершілік негіздерін, адамгершлік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдерімен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерін аша отырып, тәрбие психолгиясы даму үстіндегі жеке адамды белсенді “жобалауды”, қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптері, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын табады.

Жоғары сынып оқушыларына тән ерекшелік – олардың келешекке талпынуға құштарлығы болып табылады. Бұл жайт жеке бастың дамуы үшін ең қолайлы, қайталанбайтын жағдайлар жасайды. Келешекке байланысты аса мәнді мотивтер адамға өзін танып, қоғамдағы орнын белгілеуде өзін бағдарлай алуға, айналасына ой жүгіртуге, үйреншікті шеңберден шыға бастауға мүмкіндік беретін талпыныстар туғызады. Жас өспірімдердің жеке басын, айналасындағы адамдарды танып білуге құмартуы келешек мамандық пен ересектік өмір туралы тебіреніс-толғаныстар, яғни „кім болам?” деген сұраққа ғана жауап іздемей: „қандай боламын?”, „осы дүниедегі менің орным қандай?”, „мен осы шынымен-ақ басқалар секілдімін бе?”, „мен қандаймын?” – деушіліктің барлығы өзін-өзі тәрбиелеу қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілік жеке адамның басқа да өзгешеліктерімен, ең алдымен, оның бағыт-бағдарымен, мінез-құлқымен, интеллектуалдық және адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейімен тығыз байланысты.

Өзімен-өзінің көзге көрінбейтін арпалысы („өзін құл қылып ұстау”) адам өлшеусіз жан күшін жұмсауды талап еткен. өзінің ағасы Николайға жазған хатында А.П.Чехов былай дейді: «Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін... күндіз түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы қайратты болуым қажет... Мұнда әрбір сағат қымбат...» Осы хатында Антон Павловичөз ойынша, тәрбиелі адамдар қандай талаптарға сәйкес келуі керектігі жөнінде сөз қозғайды:

«... Олар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан да әрқашан кешірімді, биязы, кіші пейіл, көнгіш келеді... Олар жоғалған резеңке, не балғаға бола күйіп піспейді; бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді, ал одан кетіп бара жатып, сізбен бірге тұруға болмайды, - деп айтпайды. Олар айқай-шуды да, суықты да, күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кейімейді, кешірімді келеді...

... Олар ақ көңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Жалған сөз тыңдаушының жанын күйзелтеді, сөздің қадірін кетіреді. Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай көрінеді, кішкентайларға зәрін төкпейді... Олар бос сөзді жақтырмайды, біреу арнайы сұрамаса, өз бетімен ешкімге сырын ашпайды...

...Олар біреудің жаны ашысын, аясын деп, өздерін кемсітпейді. Басқаның жан дүниесінің нәзік жеріне тимейді, оған жауап ретінде аяғанды, аялағанды қаламайды. Олар „мені жұрт түсінбейді” – демейді, ...өйткені мұның барлығы жалған, ескі, арзан әсерге негізделген...

... Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу сияқты жалған беделге, жылтырауыққа жоламайды... Ұсақ-түйек есепті ұнатпайды, жүз сомдық папкасын ұстап жүгірмейді, басқаларды жібермеген жерге өзін кіргізіп жіберді деп мақтанбайды...

...Олар өзін эстетикалық жақтан тәрбиелейді... »

Өзін-өзі тәрбиелеу үшін біліміңді үздіксіз кеңейтіп отырудың, ақыл-ой дамуының деңгейін арттырудың, еңбектене білуге байланысты тұрақты әдетті қалыптастырудың маңызы арта түседі.

Өзіңді-өзің тәрбиелеудің әсерлі әдістерінің бірі – адамның өзімен жұмыс істеу жоспарын жасауы болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу дгеніміз не және ол қай уақыттардан басталып, қанша уақытқа дейін жалғасады?

2. Өзіндік сана-сезім дегеніміз не, оның маңызды элементі?

3. Жоғары сынып оқушыларына тән ерекшеліктер?

4. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері немесе жолдары?

5. Тәрбие психологиясының басты мақсаты?


7 лекция

Жеке адам және қоғам

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке адам және қоғам;

2. Жеке адам және отбасы;

3. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

4. Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

Мақсаты: Студенттерге жеке адам ұғымының мәнін түсіндіріп, оның қоғаммен, отбасымен байланысын талқылау.
Лекция мәтіні:

1. Адам қоғамда өмір сүріп және сол арқылы ғана жеке адамға айналады. Жаңа туған нәрестеде ешқандай әлеуметтік тәжірибе жоқ, онда тек адамға тән (потенция) мүмкіндік ғана бар. Адамдармен тікелей және жанама қарым-қатынас жасау процесінде ол тілді, еңбек тәсілдері мен құралдарын, таным және шығармашалық әдістерін меңгереді. Бала алғаш өмірге келгенінен бастап (алдымен санасыз, кейіннен саналы түрде), адамдармен әр түрлі қарым-қатынасқа түседі, сөйтіп, өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр салтты, мәдени мұраны т.б. меңгере бастайды. Адамда туғаннан бастап басқалармен қарым-қатынас түсу арқылы біз сол адамның белгілі бір қасиеттерімен, ақ көңілділігі немесе тұрпайылығымен т.б. танысамыз, оның бұл қасиеттерін өзіміздің қасиетімізбен салыстырмыз, іс-әрекетімізді, қылықтарымызды өзімізді қоршаған жұртшылық талап ететін сапалармен беттестіреміз, айналадағылардың талап тілектерін түсінуге, олардың тебіреністерін сезінуге, көңіл*күйлері мен пікірлерін аңғаруға тырысамыз.

Басқалармен эмоциялық байланыс жасау арқылы адамда өзін-өзі қастерлеу, қадір тұту, сақтану сезімі қалыптасады. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды. Кей кезде де, қайда болмасын адамдар түрлі топтармен өмір сүреді. Осындай топтарға ену онда адамдық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Күнбе күнгі және ұзаққа созылған қарым-қатынастар кезінде адамдар бірін-бірі бағдарлай білуге, әрқайсысының дербес ерекшеліктерімен санаса білуге машықтанады.

Адамдардың әлеуметтік бірлігі дамуының ең жоғары формасы – ұжым. Қоғам үшін пайдалы іс-әрекет адамдарды ұжымға біріктіреді. Ұжымдағы адамдардың қарым-қатынасы тұрақты болады, өзара көмек сипаты тән.

Ұжым – қоғамның кішкентай бөлшегі, ол қоғамның саяси, адамгершілік, эстетикалық және т.б. идеяларымен сусындайды. Ұжымнан жеке адам өз мінез-құлқына нәр алып отырады. Ол ұжым арқылы қоғаммен, басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түседі. Тек ұжымға ғана адамның қоғамдық қажетті сапалары, әсіресе ұжымшылдық қасиет қалыптасады.

Ұжымшылдық – жеке адамның өзіндік қасиетіне айналған ұжыммен ниеттестік сезімі. Ол қоғам мен жеке адамның, топтың мақсат бірлігінен байқалады. Ұжымшылдық еңбек әрекетінің үстінде айқын көрініп, қалыптасып отырады.

Жеке адам мен отбасының өзара қарым-қатынасы алуан түрлі: ұжымшыл жеке адамға ықпал жасаса, жеке адам да, керісінше, ұжымда ықпал етеді. Адамның рухани өмірі бай болса, оның ұжымға әсері де күшті, беделі де жоғары болады.



2. Отбасы – қоғамның шағын ұясы, ұжымның бір түрі. Оның әрине, өзіндік ерекшеліктері болғанмен, ұжымдық өмір сүрудің бір формасы екендігі анық. Өзінің отбасын сақтағысы келетін әр отбасы бір-бірінің мүддесін көздейтін, өзара жәрдемдесе білетін, бір-біріне жауапкершілігін сезінетін ұжым болуға тиіс.

Отбасыны әрқайсысының дербес «мені», өзіндік даралығы бар екі адам құрады. Отбасы жеке «мендерді» «біздерге», «менікіні» «біздікіне» біріктіреді. Мұндайда алдымен отбасы мүддесі негізгі мәнге ие болатын болса, енді бір жағдайда отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке мүдделері де сөзсіз ескеріледі. Бұл – «меннің» «бізге» ауысуының сапалы секірісі, отбасы құратын адамдардың қуанышы мен қанағат тұтуының қайнар көзі. Ол сонымен бірге отбасы өміріндегі негізгі психологиялық қиыншылықтың белгісі болуы мүмкін, өйткені отбасы адамнан сезім байлығын, қажет жағдайда, жан құрбандығын, бір-біріне қамқорлық, бірінің мүддесі, қуанышы мен қайғысына ортақтаса білу қабілетін қажет етеді. Бұл жерде де барлығын адамның жеке басының бағыт-бағдары, оның негізгі себептері, яғни рухани тіршілікті өзара байытуға бағытталған немесе ұжымшылдық тұтынуды ғана көксейтін өзімшілдіктің көріністері шешетін болады.

Адам басқа біреуді түсіне, өз кемшіліктерін көре, ондайларынан арыла алуға шамасы жете ме – міне, некелесу бақыты осы мәселелерге байланысты болады, бұлардың барлығы қандай деңгейде, ол жеке адам бола алды, басқа біреуге не бере алады, рухани жағынан кісіні жылыта ала ма деген сауалдар төңірегіне топтасады.

Бала күн сайын айналасындағы шындықты көре, оған өзі тікелей қатыса, ата-анасынан сын пікір ести өседі, олардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын бақылайды. «Күн сайын ертеден кешке дейін, кей кезде, тіпті түн ортасына шейін отбасыда ата-ана, аға-іні, апа-қарындастарын тарапынан бала алдынан мінез-құлықтың сан алуын үлгілері, олардың еліміз бен шет елдердегі саяси жағдайларға, адамдар мен олардың іс-әрекетіне қатысы, өнеге ым-ишара, сөз саптау үлгілерінің небір түрлері өтіп жатады». Олай болса, бала отбасының әлеуметтік өміріне әбден араласады екен, бұл жағдай оның біртіндеп қалыптасатын жеке басының мән-мазмұнын белгілейді, сайып келгенде, отбасынан қоғамдық тәрбие басталатынын көрсетеді.

Баланың басқа адамға, айналасындағыларға қарым-қатынасының қалыптаса бастауы ең алдымен оның туған-туысқан, өзіне жақын адамдарға қатысынан байқалады. Осы қарым-қатынастың ықпалымен оның өзіндік санасы да қалыптасады. Бала сәби кезінен бастап ұлкендерден үйренеді. Ол жүруді, сөйлеуді, түрлі заттарды дұрыс пайдалануды, ойнау мен оқуды, еңбек ете білуді ғана үйренбейді, өзін-өзі тани, басқа біреулерді байқай, сезе, ойлана алуға да машықтанады. Ересек адамдармен қарым-қатынас жасау барысында ол моральдық құныдылықтар мен мұраттар ортаның өзіндік ерекшеліктерін меңгереді.

Отбасындағы жеке адамдардың бір-бірімен қатынастары (отбасындағы ересек адамдардың бір-біріне қатысы, үлкендердің балаларға, балалардың атасы мен әжесіне, әкесі мен шешесіне, балалардың бір-біріне) және бұл айтылғанның барлық отбасы мүшелерінің көңіл күйіне қалайша ықпал жасайтындығы жайлы мәселеге аз да болса тоқталған дұрыс. Осындай қарым-қатынастардың бірнеше түрінен мысалдар келтірсе тіптен жақсы. Біз алдағы жерде отбасындағы психологиялық ахуал (жағдай) туралы сөз қозғалғанда мұндағы қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне толығырақ тоқталатынымызды ескерте кеткеніміз жөн.

Отбасы баланың жеке басын қалыптастыруда зор маңыз алатын болды. Бірақ бала тек отбасыда ғана өсіп жетілмейді, ол келе-келе басқа адамдармен – ересектермен, құрбы-құрдастармен де қарым-қатынас, оның жеке басының дамуына ықпал ететін басқа ұжымдардың – сынып сияқты түрлі таныстардың ауқымына түседі. Жоғары сыныптарда жеке адамға лайықты сапалар біршама қалыптасып болады да, барлық қылықтар мен ақыл-сезімдеріне тек өзі ғана жауап беретін кезең туады. Жеке адамның дамуын сипаттайтын сапалар туралы біз тектен-текке сөз қозғап отырған жоқпыз; олар – жауапкершілікті өз мойнына ала білу, өзі істеген іске жауап ішіндегі ең негізгілер болып табылады. Біз – алдымен баланың отбасыда тәрбиеленетінін, ал кейінен сол өскен баланың отбасыға ықпал ететінін түсінуіміз қажет. Тағы да еске сақтайтын нәрсе; сен өз ата-анаң үшін не істей аласың, енді мұны өз балаларыңнан да күтуге тиістісің.

3. Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:

Отансүйгiштiк.

Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.

Әдептiлiк.

Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.

Бауырмалдық.

Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.

Қайырымдылық.

“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”.

4. “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым.

Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.

Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.

Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен.

Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).

Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б). бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi. Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.

Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет”.

Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында .

Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады .

Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.

Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.

Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi».

Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.

Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.

Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”].

М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.

Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң “Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi ” . Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу].

Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.

Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.

Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.

И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады.

Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:

-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.

- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.

-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.

“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.

Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.

Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал.

Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: “Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол” деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. “Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы оқушылар дүниетану сабағында танысады. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік?

2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы?

3. Адамдардың әлеуметтік бірлігі дамуының ең жоғары формасы?


8 лекция

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы

(1 сағат)

Жоспары

1. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас және араласу;

2. Араласу – адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі;

3. Өзара қарым-қатынас түрлері;
Мақсаты: Студенттерге тұлға және қарым-қатынас, араласу ұғымдарының мәндерін түсіндіріп қарым-қатынас түрлерін қарастырып, оңды, дұрыс қатынас жасай білуге үйрету.

Лекция мәтіні:

1. Бала дүниеге келісімен екінші бір адамды қажет етеді. Нәресте екі-үш айлық кезінде-ақ көзге түсерлік объективтік себептерсіз мінез көрсете бастайды да, біреу сөйлесіп, қарым-қатынас жасай бастаса, жұбана қояды. Психологтар сол кездің өзінде ересектермен араласу баланың психикалық дамуының, оның болашақта жеке басы қалыптасуының ең маңызды шарттарының бірі болып табылатынын анықтап отыр. Баланың басқалармен араласуға деген қажеттілігін жеткілікті қанағаттандырмау келе-келе оның сырдың сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, әуел бастан-ақ дүниеге сенімі азаюына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Басқалармен араласу қай жастағы адам үшін де өмірлік маңызды қажеттілік болып табылады. Барлық халықтарда адамды жеке қамап ұстау жазаның ең ауыр түрі болып есептелуі тегін емес.

Араласу дегеніміз – хабарлау, айтып жеткізу. Адам араласу арқылы айналадағы дүние туралы білім алады, тәжірибені, еңбек пен тұрмыс дағдыларын қабылау да, тарихи даму барысында адам баласы жасап шығарған мәдени, адамгершілік және әлеуметтік құныдылқтарды меңгеру де осы араласу арқылы болады.

Араласу - өте кең де көп түрлі ұғым. Кітап оқығанымызда да араласу жүріп жатады, оның үстіне оқырманның жазушымен қарым-қатынасы да жүзеге асып жатады. Спектакль көрсекте, лекция оқысақ та, телефонмен хабарлассақ та, достарымызбен сөйлессек те – осының барлығы араласу.

Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа білеулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе, екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы – ерекше эмоциялық күй. Қарым-қатынас пен араласу- өзара байланысты, ажырағызсыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй – қарым-қатынас – адамның мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа қимылдарынан біршама анық көрінеді. Алайда сыртқы мінез-құлық барлық кезде бірдей ішкі көзқарасқа үйлесе бермейді. Сондықтан да адамның сезім-толғаныстарының тереңдігін олардың сырттай көрінуіне қарап пайымдауға болмайды. Мысалы, кейде өте терең сезінетін кісілер өзінің әсерлерін сырттай білдірмеуге тырысады, ал кейде айрықша қиын жағдайларда білдіре де алмайтыны болады.

2. Тек араласудың нәтижесінде ғана жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарға баға беруге үйренеді, моральдық нормаларды меігереді, бұл нормаларды күнделікті өмірде тексеріп, пайдаланады да, сол арқылы өзі өмір сүріп, әрекет ететін адамгершілік принциптеріне дағдыланады. Жеке адамның жауапкершілік, парыздылық, принциптілік, қайырымдылық, адалдық, мейрімділік сияқты аса маңызды қасиеттері араласу барысында байқалып ғана қоймайды, сондай-ақ қалыптасады да. Оларсыз мұның барлығы дерексіз белгілерге айналады. Бүкіл адамзатты жақсы көру өзіңнің пәтерлес көршіңді жақсы көруден жеңілірек деп текке айтылмаған ғой.

Араласудың мұнан басқа маңызды жағы – адам бойында әр алуан танып-білуге қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетіндігінде: ол өз бетімен біліп алуға итермелей немесе керісінше мүлдем кері кетіре алады. Бұл ждас жеткіншектердің серіктіктерінде, топтарында ерекше байқалады.

Араласуға деген қажеттіліктің қанағаттандырылмауы қай жастағы адамда да жағымсыз эмоциялық толқулар, өзіне ешқандай қауіп төнбесе де, үрейлену сезімін туғызады. Қарым-қатынас жасауда ұзақ уақыт сәтсіздікке ұшыраса, адамның мінез-құлқы да біршама өзгеруі мүмкін. Ол үнемі басқалардыңөзіне оң қабақпен қарамауын, өз мінез-құлықының шынайы себептерін түсінбеушілікті, өзінің іс-қылығына теріс баға берілуін күтіп жүретін болады. Бір адам басқа адамдармен араласу мүмкіндігінен айрылса, ондай оқшауланудың өте ауыр екенін айтқан болатынбыз. Басқалармен араласуға нағыз мүмкіндік бола тұрып, ол әлдеқандай себептермен жүзеге асапаса, яғни көпшілік арасында жалғызсырау одан да жаман болады.

3. Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын, тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынаста, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Өзара қарым-қатынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа бөлуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім – шәкірт, бастық – қарамағындағы қызметкер, дәрігер – емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.

Қарым-қатынастың әртүріне бейім адамдардың бір-біріне қояр талаптары да әр басқа, мысалы, топ старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да әр қилы.

Өзара қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырласытығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Таныстардың, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағт табу үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық деп бөлегн еді. Адамдар тек қана таза достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі – бір-бірін сүйген адамдардың арасында болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Араласу ұғымының мәні мен мағынасы?

2. Жеке тұға болып қалыптасу үрдісі?

3. Қарым-қатынас түрлері?

4. Қарым-қатынастағы мәдениттелік дегеніміз не?

5. Қарым-қатынас түзу, оңды болуы үшін адамға қандай қасиеттер қажет?


9 лекция

Қарым-қатынас мәдениеті

(1 сағат)

Жоспары:

1. Дұрыс қарым-қатынас жасауға қажетті мінез сипаттары;

2. Қарым-қатынас мәдениеті және оны тәрбиелеу;

3. Өзара әрекет ету және адамдардың бір-бірін қабылдауы;
Мақсаты: Студенттерге дұрыс қатынас жасауға қажетті қасиеттердің, адамдардың бір-бірін қабылдау мәнін түсіндіріп, қарым-қатынас мәдениеттілігіне, оны тәрбиелеуге үйрету.

Лекция мәтіні:

1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас „адам адамға дос, жолдас және бауыр” деген принципте құрылатын біздің елімізде адамдардың жаппай бір-біріне жат болуы мүмкін емес. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты, бізде де жалғыз жүретін, достары жоқ, басқалармен қарым-қатынас жасауды ерекше қажет ететін адамдар кездесуі мүмкін.

Мұндай жағдайдың неге орын алатынын түсіну үшін, қарым-қатынас жасауда адамға не көмектесетінін, керісінше, не кедергі келтіретінін қарастырайық.

Дұрыс қарым-қатынас дегенді қалай түсінген жөн. Жазушы В.Поронин „Ошибки в объекте” повесінде сырахана маңынан шықпайтын бір топтың „қарым-қатынас сипатын” былайша суреттейді: „Ол жерге жақсы жігіттер келеді... Ересектерге қайда шер тарқатады, ескі достар қайда кездеседі? Мысалы мен күн сайын достарымды көргім келеді, ал кұн сайын жайнатып дастархан жасауға жағдайым жоқ. Олар да олай ете алмайды. Маған бірер сөзбен хал жағдайы сұрассам, әңгіме айтсам, әңгіме естісем – жетіп жатыр, көңілім жай табады”

Көрінгенмен таныса кету, қалай болса солай қарым-қатынас жасау, түкке тұрмайтын „хабарлар”алмасу – міне, мұндай қарым-қатынасты дұрыс дей қоюға болар ма екен.

Дұрыс қарым-қатынас жасаудың қажетті бір шарты - басқа адамның іс-әрекетінің астарын, яғни „бөтеннің” өз мінез-құлқы арқылы не білдірмек болғанын дұрыс аңғара білу. Әйтпесе адам басқа біреуге шын мәнінде оның мінез-құлқында білінбеген себептерді таңады да, содан барып аралары суи бастайды.

Адамдар арасындағы бірқалыпты өзара қарым-қатынас олар басқалардың жайын ақылмен ғана емес, сезіммен түйсінуге, басқаларға жаны ашып, бірге толғана білгенде, өзін басқа адамның орнына қоя білгенде ғана орнығады.



2. Адамдар арасында дұрыс қарым-қатынастарды орнатуда өзара қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен. Оған адамдарды құрметтей білу, мейрімділік, шыдамдылық және т.б. мінез сипаттарынан басқа сыпайылық пен әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді.

Сыпайылық – бұл мінез сипатының негізгі мазмұнын адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында іс-әрекеттің белгіленген тәртібін сақтауға көргенділік көрсетуге дағдылануды құрайды.

Әдептілік көргенділік талаптарын білу мен сақтауға қоса адамдар арасындағы қарым-қатынаста әр нәрсенің орнын білуді, өз мінез-құлқын нақты жағдайға тез әрі дәл бейімдей қоюды да қажет етеді. Өзіміз басқалардан жиі күтетін, бірақ өзіміз сирек көрсететін тағы бір мінез-сипаты бар – ол кіші пейілділік көрсету. Кіші пейілділік пен принциптілікті дұрыс ұштастыру – дұрыс өзара қарым-қатынастың кепілі.

Адамдардың өзара қатынас жасау мәдениеті олардың бойында қатынастардың кейбір ерекше машықтығы мен дағдыларының қаншалықты қалыптасуымен тығыз байланысты. Мұндай ептіліктердің қатарына мыналарды жатқызуға болады. Ең алдымен адамның басқа кісімен танысқанда ол тірішілік алғашқы әсерін өзгерте білу қабілеті. Көбіне бұл алғашқы әсерлер шектеулі мәліметтің негізінде қалыптасады- біз жаңа танысымыздың „шын мәнінде” қандай адам екенін білмейміз, оның сырт келбетін ғана байқаймыз. Сондықтан да адамның сырткедбеті - бет-жүзі, денесі, өзін-өзі ұстауы, киімінің, шаш қоюының сәнділігі, өзіндік сөз саптау - алғаш көрген кезде қалай қарайтынымызға едәуір әсер етеді. Алайда, көпшіліктің барлығын бірдей адамды бағалауға келгенде „киіміне”, „ақылына” қарап бағалауға болмайды.

Басқа адамдармен бөтен пиғылсыз араласа бастай білу, мәдениетінің мәнді бір қыры. Адамдарға, әсіресе әлі онша таныс еместерге қалай қарайтынымызға әлеуметтік үлгі дейтін үлкен ықпал етеді. Бұл – нақты бір ортада адамның қандай әлеуметтік, кәсіптік, ұлттық және басқа топқа жататынына байланысты қолданылатын оның схемалық, стандартты бейнесі. Бұрын ғалым атаулының тұрмыстық ұсақ түйекке дәрменсіз, жаңғалақ және т.б. болып келетін бейнесі кең тарағаны баршаға белгілі. Қазыргі күнде де біздің нақты бір адамның мінезі, еркшеліктері туралы түсінуімізді бұрмалайтын көптеген әлеуметтік үлгілер бар.

Қатынас мәдениеті қалыптасқан адам өзінің талғамын, әдет-дағдыларын, нені ұнататынын басқаларға таңбауын талап етеді. Біздің әрқайсымызда бірте-бірте адам қандай болуы керектігі, қандай қасиеттерді іс-әрекеттерді неғұрлым мәнді деп санайтындығымыз жөінінде өзіндік наным-сенімдеріміз қалыптасады. Осы тұрғыдан біз өзімізді ғана емес, басқа адамдарды да саналы түрде немесе өзіміз ғана емес, басқа адамдарды да саналы түрде немесе өзіміз аңғармай-ақ бағалап жатамыз. Мұндай көзқарастардың кейбіреулерінің шынында да принципті мәні бар. Оларды өмірде және басқалармен араласқанда сақтау қажет-ақ. Алайда тіпті жақын адамдардың өзара қарым-қатынасы ұсақ-түйек нәрселерге: қай жолмен жүру керек, фильм жақсы ма, жаман ба деген сияқты тағы бсқа жайларға тым үлкен мән беретінімізге байланысты жиі бұзылатыны болады. Басқалардың әдеттерін құрметтей білу балалық шақтан қалыптастырылуы тиіс.

Нақты қоғамда қабылданғанына сәйкес, белгілі бір түрде сезімді білдіру әдісі – алғыс айту, ықылас білдіру, көңіл айту және т.б. жайлардың да қатынас мәдениеті үшін мәні зор. әрине, басқаға жаны ауырып, бірге қиналған да маңызды, алайда әлгі кісінің сіздің сезіміңізді сезіне алғанының маңызы одан кем емес.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын айта келе кейбір ғалымдар „қарым-қатынас” ырғағы деген ұғымды да қосады. Мысалы, А.И.Титаренко қатынасты қажетсінудің өзіндік ырғағы, аумалы-төкпелі тұстары болады деп санайды: «Жеке бастың парасаттылығы өзінің және өзі араласатын басқа адамдардың осы ырғағын дәл білдіре білуіне байланысты. Адамды мезі ету мен томаға тұйықтық, жұртпен араласпау сияқты қарым-қатынастың адамгершілік-психологиялық сипаттамасы көбіне-көп олардың араласуына байланысты».

Адамдардың бойында өте әдептілік белгінің болуы да қатынасу мәдениеті үшін өте маңызды, бұл – адамның тәрбиелілігінен де терең ұғым.

3. Қарым-қатынастың интерактивті жағы – бұл адамдардың өзара байланысын, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әркетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.

Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мынадай үлгімен көрсетуге болады: индивид: А-ның қылығы индивид В-ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А-ның мінез құлқына әсер етеді.

Сонымен, қарым-қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез-құлқының бір-бірінің күтеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын ролдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі ролдерді атқарады. Ролдердің көптігі кейде қарама-қайшылық туғызады, ролдік конфликтілерге әкеп соқтырады. Ролдерді “орындау” әлуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады.

Психологиялық өзара әрекет ету кез-келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді.

Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды, басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады, бұл – қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады. Бұл жерде адамды адам қабылдау, яғни тұлға аралық перцепцияның ерекшеліктері туралы айтылады. Қабылдау термині жалпы психологиялық мағынада қолданып отырған жоқ. Сөздің шын мәнінде, мәселе қабылдау туралы емес, басқа адамды тану туралы болып отыр. Басқа адамды тану барысында бір уақытта басқа адамның эмоциялық бағасы іске асады. Басқаны тану үрдісінде негізінен ең азы екі адам қатысады, оның әрқайсысы белсенді субъекті болып табылады. Демек, өзіңді басқамен салыстыру екі жақты іске асады: әріптестердің әрқайсысы басқаға ұқасас болуға ұмтылады.

Басқа адам туралы түсінік өзіндік санамыздың деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан, өзің туралы түсініктің байлығы басқа адам туралы түсініктің байлығын анықтайды, екінші жағынан, неғұрлым басқа адам толық ашылып көрсетілсе, соғұрлым өзің туралы түсінік кең қалыптасады. Адам өзін басқа арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы саналы түсінудің екі жағы бар – идентификация және рефлексия.

Идентификацияға мазмұны жағынан жақын құбылыс – эмпатиямен байланысты.

Рефлексия – бұл өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау немесе өзінің көңіл-күйін талдауға бейімділігі. Рефлексия басқа адамды түсіну тетіктерінің бірі.

Бақылау сұрақтары:

1. Бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады?

2. Адамдардың өзара қатынас жасау мәдениеті?

3. Адамдар арасындағы бірқалыпты өзара қарым-қатынас түрлері?

4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы?

5. Ролдік конфликті дегеніміз не?

6. Идентификация дегеніміз не?
10 лекция

Жас жігіттер мен қыздардың өзара қатынасының адамгершілік негіздері

(1 сағат)

Жоспары:

1. Ерлік туралы түсінік;

2. Әйелдер мен әйелге тән нәзіктік;

3. Тән сұлулығы мен жан сұлулығы;
Мақсаты: Студенттерге жас жігіттермен қыздардың арасындағы адамгершілік негіздерін түсінідіріп, ерлік, ер, әйел ұғымдарына талдау жасап, тән сұлулығы мен жан сұлулығының мәнін ашу.
Лекция мәтіні:

1. «Ер адам», «ері» – қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұлсөздердің түбірі «ер», «ерлік», «ер жету» сөздерімен қатар тұр. Бұл ұғымдар лексикалық тұрғыдан ғана туыстас емес, олардың жақындығында рухани мән-мағына да бар. Ер адам деп ер, батыр, қандай жағдайда да саспайтын адамды айтады. Жас өспірім туралы ер жетіп, яғни күш-қуаты, төзімділігі толысып, кәмелтетке жетіп келеді дейде.

«Ерлік» - жинақы ұғым. Ол тарихи дәуірге байланысты үнемі дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады. әрине, мұнда негізгі орынды қашан да еңбек алады. Батылдық та әр кезде-ақ еркек мінезінің ерекше бір құндылығы саналған.

Бағасы мұнан кем түспейтін ер адам мінезінің тағы бір қыры - әрқашан да сөзде тұру, айтқанды орындау.

Негізінде, бүгінгі ер адамдарға тән қасиет туралы ұзақ айтып, пікір таластыра беруге болады... Қанша адам болса, сонша пікір болады. Солай десек те, бұл мәселені талқылауға қатысушылардың көбі ерліктің басты белгілері ретінде; еңбек сүйгіштікті, ар тазалығын, жауапкершілікті, адалдықты, ақылдылық, ерік күші мен әділдікті, батылдық пен табандылықты, тәрбиелілікті, тектілікті, қайырымдылық пен өзін-өзі ұстай білушілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті, қыздар мен әйелдерді сыйлай білуді, әлсіздерге қорған бола білу, әділдікті жақтау, қиын істі өз мойнына ала білу парызын сергек сезіну секілді қасиеттерді атаған.

Осыдан кейін жекелеген жастардың бойында ерліктің белгісі: өз құрбы-құрдастары мен өзінен жасы үлкендерге тәкәппарлана қарау, үстірт қарау, мақтаншақтық, ұятсыздық, сәнге есі кете қызығушылық, әдейі дөрекі көріну, жөнсіз жеңілтектік, темекі тарту, ішімдікке әуес болу, былапыт сөйлеу деп білетін аңғырт пайымдау кездесіп қалатыны жайында сөз қозғаған мақұл. Мұндай көзқарастардың ескіргендігін, жалған әрі зиянды екенін көрсете келе, барынша әдеп сақтай отырып, жергілікті жердің жағымсыз мысалдарын пайдалана отырып, оқушылардың бойында осындай қателіктерді айыптау сезімін ояту қажет.

«Ерлік» ұғымын ер адамның әйелге көзқарасын айтпай сөз етуге болмайды. К.Маркс ер адамның әйелге көзқарасында «адам болмысының адам табиғатына қаншалықты айналғаны, немесе табиғаттың өзі адам болмысына қаншалықты айналғаны сезім күйінде, көрнекі факті ретінде көрінеді. Демек осы көзқарастың негізінде адам мәдегиетінің жалпы деңгейі туралы ой түюге болады ....» деп атап өткен.

Қай кезде де әйелдің абыройы мен намысын сақтаушы ер адам болған. Ол өзінің сүйіктісі туралы құрметтемей сөйлеуге жол бермейтін, ол бар жерде басқалар оның сүйіктісіне оймен көз тіге қоймайтын.

Алайда «қыз намысы» деген ұғым жалпы адамзатқа тән мәнге ғана ие емес, оның басқаша, әлдеқайда сырластық мәні де бар. Екі адамның сүйіспеншілігінде жас жігіттің ролі қандай? Мұнда да барлығынан бұрын қыз балаға жауапты да аялап қарау туралы айтқан жөн. Нағыз ерлікке әрқашанда шыдамдылық, ұстамдылық тән, ер адамның жүрегі саналы ақылдың сарабына бағынышты болғаны жақсы.



2. Кейнгі кезде «әйел мәселесін» талқылауға арналған басылымдапрдың көбейіп кеткенін байқадыңыздар ма? Былайша қарағанда, әйелдерге заң жүзінде ер адамдармен бірдей теңдік берілген біздің елде алаңдайтындай ешқандай себеп жоқ сияқты.

Адамзат қауымы дамуының алғашқы дәуірінде әйелдің ролі басым түскені тарихтан белгілі. Тамаққа жарайтын шөптерді теріп әкелетін де, аң аулап, балыққа тор құратын да, ошақ отын сөндірмейтін, киім тігетін де әйел еді. Міне, сондықтан да отбасының да, рудың да басы әйел болатын: адамдардың үрім-бұтағы да насаы жағынан таратылатын. Өйткені отбасының өмір сүріп кетуі әйелге байланысты еді. әйелдің негізгі міндеті – отбасы ошақ қасының ұйтқысы бола білу дейтін түсінік сол матиархат дәуірінен бері келе жатса керек. Ұғымның өзі ошақтағы отты сөндіріп алмау деген қарапайым түсінікпен салыстырғанда әлдеқайда кеңи түссе де, арғы тегі сол ескі дәуірге тірелетін тәрізді.

Адамзат қоғамының жетілуіне, мал бағып, кетпен-шотпен егін салуға көшуге байланысты әйел қоғамның экономикалық өміріне басшылық етуді еркекке берді. Енді дүние-мүліктің негізгі иесі, отбасының басы ер адам болды. Ал әйел ұзақ жылдарға, тіпті ғасырлар бойына оның күңіне айналады.

3. Қаншама қыз баланы бітісі жаман мұрыны немесе орынсыз жіңішке ұзын балтыры уайымға салмады десеңізші! Қаншама қыздың сүйікті актрисасына қас-кірпігіне ұқсата реттеліп, боялады, яөйтіп жүргенде қыздың өзіне тән тартымдылығынан түк қалмауы мүмкін. Сондықтан „нәзіктік” ұғымына өзгеге ұқсамайтындығын сезіне білу, айналадағы адамдарға өзіндік көркі, өзіндік әсемдігі бар екенін байқата білу де кіреді.

Адамның талғаммен киінуінің бір сыры оның моданы өзіне бкейімдей білуінде. Яғни мода ұсынатын киімнің арасынан өз тұрқының кемістігін жасырып, жақсы жағының барлығын айқын көрсете алатындай киіне білуінде. Моданың талабын ескере отырып, өзінің келбетінен айырылып қалмай, сырбаз күйінде қала білетін адам жайында оның өзіндік киіну стилі бар дейді. Тегінде әр адамның осыған ұмтылғаны жөн шығар.

Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы сымбаты көбіне бір-бірімен үйлесіп келетіні де бар. Жігіттің қызға деген сезімі қаншама шынайы болса да, егер қарапайым тәрбиелілігі жетпей жатса, әдептілік талабынан хабарсыз болса, оның өзі сүйген қызбен жүздесуге барғанда өзін шат көңілді сезінуі екі талай. Адамның бойында барлығы да, оның ішінде жүріс-тұрысы да әсем болуға тиіс. Жақсы мінезді бала жастан үйренсе ғана, ол бойға қонымды болмақ.

Бақылау сұрақтары:

1. Ерлік ұғымының мәні мен мағынасы?

2. Қыз намысы деген ұғымды қалай түсінесіз?

3. Қазіргі қоғамдық ортадағы әйелдің ролі?

4. Тән сұлулығы мен жан сұлулығының мәні?

5. Ер адамға тән қапсиеттер?


11 лекция

Ғашықтық мінез-құлық мәдениеті

(1 сағат)

Жоспары:

1. Адамның жалпы мәдениеті мен ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті;

2. Ғашықтардың бірін-бірі тәрбиелеуі;

3. Қателеспеу жолдары;
Мақсаты: Студенттерге адамның жалпы мәдениетімен ғашықтардың мінез-құлық мәдениетін, ғашықтардың бірін-бірі тәрбиелеудің мәнін түсіндіріп, ғашықтық жолында қателеспеуге үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Бізге мінез-құлық мәдениеті туралы көп естуімізге тура келеді. Бізді дастархан басында дұрыс әрі әдемі отыруға, үлкендермен сыпайы және елгезек болуға, қоғамдық орындарда, достар ортасында өздеріңді ұстай білуге үйретеді. Бірақ кейбіреулерге ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті ... туарлы айтылатын әңгіме оғаштау көрінуі де мүмкін. Былайша қарағанда, таңдану жөнсіз емес те сияқты: егер адам тәрбиелі болса, онда ол біреуді сүйген кезде де өзін лайықты ұстайды, демек оған мінез-құлық мәдениеті туралы еске салудың өзі артықтау болады...

Махаббатың керемет қуаты бар. Ғашықтар өздерінің таңдаған адамдарының „жақсысын асыруға” бейім тұрады. Мұндайда айналадағылар ғашық жандар махаббатын көзі қарайып, сүйгенінің шын келбетін көре алмайтын болған деп санайды. Дұрысында ғашықтарды көрсоқыр емес, көреген деген жөн, яғни олар сүйіктісінің бойынан басқаларға байқалмайтын жақсы қасиеттерді көре алады. Жай қараған кісінің көзіне олар көріне бермейді, ал сүйген адам анық көреді де, мұның өзі ғашығының асыл қасиеті екеніне сенеді. Махаббатттың арқасында біз өзімізге қымбат адамның қандай бола алатынын көреміз. М.М.Пришвин: «Менің бойымнан сен тапқан қасиеттердің көбі менде болмас та, әрине, мен дәл сен ойлағандай мінсіз емеспін. Бірақ сен сүйсең, мен қазіргіден жақсырақ болуға тырысамын» деп текке айтпаған.

Ғашық адамдар әрқашанда өз махаббатының болашағы жарқын боларына сенеді, өкінішке орай: жиі алданып жатады. Неге? Иә, өйткені, қадірлеп жүрген қасиеттердің адам бойында шынында да бар екенін немесе бар сияқты көрінетінін түсінуге талай уақыт керек. Сонымен бірге сүйген адамның қадір-қасиеті шынайы екендігіне көз жеткізе тұрып қателесуге болады. Өйткені әуел баста негізі бар жақсы қасиеттердің уақыт өте келе сөнуі мүкін. Психологтар әр адамның бойында сүюге қабілет жасырын жатады дейді. Бірақ ол жұрттың барлығында бірдей жүзеге аса бермейді. Ой аясы тар өзімшіл адамдар көбіне махаббатта сол жан жадаулығы жағынан зардап тартып жатады. Біздің сүйе отыра жақсы бола түсуіміз үшін сүйген адамның ғана емес, сүйікті адамның да ақылы мен жанының күнделікті еңбегі махаббатқа, сенімге, береке-бірлікке толы ықылас, өзіңді-өзің жетілдіре түсуді талап етеді. Тек сонда ғана ол адамды бақытты етеді. Ғасырлар бойы келе жатқан сенім бойынша махаббат адамды үлкен атақ-даңққа, биік мақсат мен ұлы істерге, азаматтық ерлікке жетелейді.

Махаббатын табуда жас адамдар рухани жағынан әзір болуы керек. Ең алдымен олардың өздері махаббатқа лайық болуы керек. Махаббатпен жолығысуға даяр тұру – адамның жан сұлулығы, рухани күші неде екенін анық түсіну деген сөз. Махаббаттың шабыт берер қуат-күші орасан. Ол – ғажап ұстаз, кейде ұстаздардың ішінен ең тамашасы да.

Сезім жаңа оянған, ол әлі нәзік, оны аялау керек. Адам өзін толғантатын жайды айта бастаса, екіншісі оны тыңдағысы келмей, оған онша қызықпайды, сөзін бөле береді. Бір ренжиді, екі ренжиді, сөйтіп жүргенде қарасаңыз – жаңа оянған махаббат сөінп, тұншыға бастайды. Махаббатта әрқайсымыздың екінші адамды тыңдай білуіміз, оның айтқанына ой жіберуіміз қандай маңызды десеңізші. Кейде біржола айрылысуға соқтыратын ұрыс-керістер екінші адамның жан күйін, шынайы ой-тілегін түсінбеуден шығады.

«Махаббаттың басталу шағында, - деп ой толғайды жазушы әрі педагог Н.Долинина, - онда барлығы да жұмбақ, барлығы түсініксіз, ең алдымен сүйікті адамның жаны беймәлім болып тұрады. Ол үшін сезім де, оның іс-әрекетінің дәлелін де ойлап табасың, өзіңе орайластыра бейімдейсің – сөйтіп жүріп өзің қиялмен жасаған бейнеге өзіңнің бойың үйреніп кетеді. Шынында да ол мұнан басқа адам. Қиялыңдағыдан артық та емес, кем де емес, тек басқа. Мұны ұғыну қиын-ақ. Қиындығы ер адам мен әйел психологиясының бір жағынан ұқсас келетіндігінде. Ал тағы бір жағынан атымен ұқсамайтындығы».

Шынын айтсақ, кейде алдымен өзіміз сөйлеуге асығып, бір-бірімізді бөле беретініміз құпия емес қой. Міне, жалпы мәдениеттілік пен екі адам қатынасының мәдениеті осы арада түйіседі.

2. Көптеген адамдар газет-журнал беттерінен бүгінгі отбасы, махаббат туралы пікір таластарын оқыған болар. Екі жыныс өкілдерінің хаттарында үйленгенге дейін барлығы жақсы еді, онан кейін ... өзгеріп сала берді деген реніш тудыратын кездер көп-ақ. Мұнан әрі тойдан кейін, өкінішке орай, нелер өзгергені тізіліп айтыла бастайды. Ойлап қарасақ неге бұлай болады деген сұрақ келеді? Тойға дейін бірін-бірі аз білгенліктен бе? Бірақ талай жыл таныс болғандар да қателеісп жатады. Мұның бір себебі жастардың өзара әңгімесінде бір-бірінен болашақта не күтетіні туралы аз айтатыңдығында сияқты: серігінің мінез-құлқында не ұнап, не ұнамайтыны, келешктегі күнделікті өмірін көзге қалай елестетіні туралы әңгіме аз қозғалады. Дұрысында, мұндай әңгімелер адамдардың бір-бірін жақынырақ танып, өз сезімдерін бағалай білуіне көмектеседі.

Ғасырлар бойы дәстүр бойынша махаббатта ер адам әлдеқайда белсенділік танытады: қатынастардың сипат-арнасын айқындайтын дәл сол, ғашығының өзін сүйікті сезінуі немесе сезінбеуі де ер адамға байланысты. Бұл – қыз пассив күйде қала береді деген сөз бе? Жоқ. Қарым-қатынас стилі, оның тазалығы, пәктігі алдымен қызға байланысты. В.Г.Белинский: „Ер адамның жүрек қуатын, асыл құштарлық жалынын қоздыру, парызға адалдық сезімі мен асқақ та ұлы мұраттарға ұмытылысын қолдап отыру әйелдің үлесіне тиген игі іс, әйелдің міндеті де осы, бұл – ұлы да қасиетті міндет”, - деді.

Жігіттер құрдасындай көретін қыздар қай ұжымда да болады: жігіттер оларды, олар жігіттерді иықтан қағып, отырған жерде мағынасы екі ұшты анекдот айтып немесе тілдеп тастай салады. Басқа бір қыздар да бар – былайша елеусіздеу көрінгенмен, ол көз тоқтатса-ақ, жігіттер сымдай тартылып, байсалды бола қалады. Мұндай қыздармен көшеде құшақтасып жүрмейді, оларды аялай сүйеді. Себебі олардың талаптары биіктеу. Вильнюстегі отбасылық қарым-қатынастар кабинеті қызметкерлерінің бақылауына қарағанда, нәзік жыныс өкілдерінің басты байлығы - әйелдік нәзіктік екенін ұмытқандар көбіне некеде бақытсыз болады екен. Мұндай әйелдер ер кісілерше сөз сөйлейді. Л.Н.Толстой бірде: „Еркекке ұқсауға тырысатын әйел де әйел кеіпті еркектей жексұрын” деген еді.

Әйелдің әлсіздігі ұлы күш. әйел нәзік бола түссе, ер адам қайраттана түседі, қамқор болып, қорғай жүруге бейім тұрады.

Ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті туралы айтқанда сырластық мәселелерді қозғамай кетуге болмайды, мұның өзі жігіттерді де, қыздарды да толғантатын тақырып. Жоғарыда айтылғандай, махаббат сезімсіз болмайды. Тән құмарлығы жоқ жерде жан құмарлығы да жоқ. Бізді... қысылдыратын жайдың өзі осы. Екі адам үшін де қызығылықты әңгіме емін-еркін қозғалып келе жатқандай еді, міне қос жанар жолығысты да – жүрек алқына соғып, әңгіме жайына қала берді.

Мұның барлығы әбден табиғи жағдай, бірақ олар әлі де нағыз сезім оянғанның белгісі бола қоймайды. Бұл табиғаттың бізді „сынап көріп” кейін, оянатын ересектерге тән сезімдерге дайындауы сияқты. Сондықтан да ересектер көбіне жастар қателесіп кетеді-ау, алдамшы сезімді махаббат деп қалып, бір-біріне ұмтылар, ересектер өміріне аяқ басып асығар ма екен деп қорқады. Ал бұл қадам қатерлі болуы мүмкін. Жастарды алғашқы жыныс байланысына итермелейтін себептер де әр алуан. Профессор Р.Борман жастарға сұрақ беріп байқаудың нәтижесі ерте бастан жыныс байланысын жасауға мына жайлар себеп болатынын айтады: жас өспірімдердің тән жақындығына құмарлығы, қыздың қарсылассам, көңілін қалдырам ба деп қорқуы, жаны ашу, әуестік, өзін танытуға тырысу, ата-анасы онша жақсы көрмегендіктен басқаның сүюін өте-мөте қажетсіну, жалғыздықты сезінуі және сақтана білмеу, жолдастары мен достарының теріс ықпалы, егер жеткіншек жыныс мәселесінен хабары мен тәрбиесінің кемдігінен мұндай ықпалға ерігіш болса, оның әсері елеулі болады.

Р.Борман алғашқы жыныс қатынасы, әдетте мұнан кейінгі сексуалдық қатынастарға жол ашатынын айтады. Ерте басталған жыныс тіршілігі есейе бастаған адамға бұған дейін атымен беймәлім сексуалдық қажетсіну туғызбайды. Сонан барады да, әркіммен бір жүріп, кейде тіпті қысқа сәттік, жауапсыз байланыстарға жолығады, олар үшін ешкім де жауап беріп жатпайды. Некеге дейін жыныс қатынасын бастағандардың ең жаман жері - әркіммен бір жүру. Қысқа сәттік байланыстарға бой үйрету басқа жыныспен қатынастың қасиетін кетіріп, нағыз махаббат сезімінің оянуына кедергі жасайтынын қоса айту қажет. Тегі, қыз бен жігіттің қалай жүріп-тұруы жөнінде ғасырлар бойы қалыптасқан қатаң ережелердің өзі жастардың парасатты болуын ойлап, сақтанудан туған шығар.

Л.Н.Толстой күте блген адамға барлығы да өз кезінде келеді деген. Мінез-құлықтың бағыт-бағдарын парасат тұрғысынан таңдай отырып, өмірде ештеңе де қайта оралмайтынын, бастан өткен дәуренді қайта сүруге болмайтынын есте ұстау керек.



3. Адамды жақсы тану үшін, онымен мүмкіндігінше көбірек араласқан жөн. Бұрын: „әйелді алтыбақанда таңдама, малды баққанда таңда” дейтін, яғни адамның қандай екені той-томалақта емес, күнделікті тіршілікте көбірек көрінеді. Сүйіктіңнің жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де жете білу үшін оны өмірдің әрқилы сәттерінде көрген шығар...

Ғашықтардың ортақ таныстары болғаны жақсы. Ондай орта болмаса, сүйіктіңді достарыңмен таныстырып, олардың сенің таңдаған адамыңа қалай қарайтынына зер салу орынды. Оны қалай қабылдар екен? Ақыры таңдауын таңдап қойған күнде де олардың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың зияны жоқ. Достары оның қандай мінезін бағалайды? Несін ұнатпайды? Әрине, ғашық адам бүкіл әлем оның таңдауына қарсы болса да, бетінен қайтпай өзінің дұрыстығына, өз сезіміне сенеді. Сонда да, егер адам басқа адаммен тағдыр қосуға бел буған болса, ол өзі таңдаған кісі жөніндегі сын пікір, жазғырулардың барлығын салқын қандылықпен ақыл таразысына алғанна келер зиян жоқ.

Қосағыңды өмірлік деп таңдайсың, сондықтан да некеге тұру жөніндегі шешіміңді туағн-туысқандарың мен достарыңа айтудың алдында әбден ойланып-толағанған дұрыс. Ата-анамен сүйіктіңді некеге тұру жөнінде шешімге келуден әлдеқайда бұрын таныстырған орынды. Себебі, өмір бойы бірге болуға келісіп жүрген адамыңыздың өскен отбасының тіршілігін бақылай отырып, сүйіктің жөнінде талай тың жайға қанығуға болады. Байқампаз болсаңыз, көргеніңізді дұрыс бағалай алсаңыз, осы арқылы-ақ келешектегі отбасылық қарым-қатынастарыңыздың стилін көзге елестетуіңіз мүмкін. Егер жас жігіт сізбен сыпайы сөйлесіп, ал анаңызбен тік немесе тіпті дөрекі болса, оның өзі секем алдырмай қоймайды: демек, ол әйелді құрмет тұтып, сыйлай білмейді, ал әуелгі сезімі басылған соң, сізге қалай қарайтынын кім білсін.

Жас жұбайлардың арасында отбасы құра салысымен бөлек тұруға мүмкіндігі болатындары сирек екенін де ұмытпаған жөн. Қазір көбіне жастар бірге өмір сүруді бірінің ата-аналарының отбасында бастайды. Басқа отбасыға кірігіп, оның өз адамы, туғанындай болып кетуі тіпті де оңай іс емес. Келін, күйеу бала ретіндегі алғашқы қадамдар қақтығыстың бастауына айналмауы үшін, талай жерде әдептілік, шыдамдылық көрсетуге тура келеді.

Біз осыған дейін бірін-бірі сүйген бақытты жағдайлар туралы айттық. Ал егер сезім тек бір адам тарапына ғана болса не істеу керек? Өзін біреудің сүйгенін байқамау сирек кездесетін жағдай. Сен сүйгенмен, ол сені сүймесе не істеген жөн? Біреуді қатты сүйетін адамнан бастайық. Ең бастысы ол ғашық болған кісіге мұндай жағдай өте ауыр тиетінін түсінуге тиіс. Оның жанын ұғып, күйзеліске ұқыптылықпен, әдеппен қарау керек. Бұл әрине, текке үміттендіріп қою немесе жалған сезім ойнау керек деген сөз емес, бірақ жиіркене қарауға, күлкі етуге, қажауға тіпті де болмайды. Қажет болса, түсіндірген жөн, соның өзінде барынша әдептілік, ұстамыдылық сақтау қажет.

Азап шегіп жүрген адам, бәрінен бұрын өзіңізді-өзіңіз құрметтеу, абыройды асқақ ұстау сезімін жоғалтпау және ...жағдайды тым қиындата бермеу керек. Жауапсыз қалған сезім тез өте шығады. Мұндай сезімнің қандай адамға кезіккеніне оның өмірдің осынау қиын жағдайынан нендей тағылым алатынына тікелей байланысты. Пушкиннің «Мен сізді сүйемін...» деп басталатын өлеңін еске алайықшы. Оның лирикалық кейіпкері қандай әдепті десеңізші.



Сүйгем сізді: бәлкім, әлі махаббат

Сөніп болған жоқ та шығар жанымда.

Бірақ, сізге болмасын ол машақат,

Жолатпаспын уайымшыл сарынға.
Ол өз махаббатымен былай қоштасады:
Сүйгем сізді бар жаныммен, тым нәзік,

өзгеге де, о құдая, шын сүйікті бола көр!
Бұған түсінік беріп жатудың өзі артық.

Бақылау сұрақтары:

1. Мінез-құлық мәдениеті дегеніміз не және мәдениетті адам деп қандай адамдарды айтамыз?

2. Ғашық адамдардың әрекеті жөніндегі мәселелер?

3. Махаббат ұғымына өз ойыңызды салыстыралы түде жеткізіңіз?

4. В.Г.Белинскийдің және Р.Борман еңбектері?

5. Жар таңдауда есерілетін мәселелер?

6. Ғашықтық ұғымының мәні мен мағынасы, көрінісі?
ІІІ тарау НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

12 лекция

Некеге психологиялық даярлық;

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-бағдары;

2. Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеу;

3. Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі әдістері;
Мақсаты: Студенттерге некеге тұруға деінгі психологиялық даярлықтың мәнін, отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-бағдарын, отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеу жолдарын үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің некеге тұрған кезде өздеріне белгілі өзара адамгершілік міндеттер жүктеп, осы сәттен бастап, олардың бір-бірінің, болашақ балаларының, қоғамның алдында өз отбасын, өз балалары үшін жауапты екенін аңғарту болып саналады.

Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулер бірінші орынды сүйіспеншілік пен мүдде, көзқарас ортақтығы алатыныніс жүзінде көрсетіп отыр. Отбасы құру мәселесін шешуде материалдық мотивпен моральдық мотивтің айқын басым болуы қуантпай қоймайды. Ол біздің өмірмізде жаңа түрдегі отбасының қалыптасып, дамығандығын дәлелдейді. Алайда зерттеулер отбасылық өмірдің тек сүйіспеншілік, жеке бақытпен шектелмейтінін де көрсетіп берді. Оның мінездер қақтығысы мен тұрмыс қиындығынан бастап, бір кезде жас адамдарды біріктірген сүйіспеншілік сезімінің эволюциясынан туындайтын күрделілік тәрізді әр салалы қиындықсыз болуы мүмкін емес. Ресей социологы А.Г.Харчев: «... ерлі-зайыптылық тиісті дәрежедегі берік отбасы болуға жету үшін әдетте сүйіспеншілікпен байланыстырылып келген қасиеттермен ғана емес, сонымен қоса неке жауапкершілігінен туындайтын ауыртпалыққа төзе білу қабілетімен де қарулануы тиіс. Оның үстіне бұл қабілет ғасырлар бойы қалыптасқан жыныстардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің әрбір нақтылы ерлі-зайыптылар жұбында қандай дәрежеде жетілуімен анықталады», - деп дұрыс айтады.

Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Некеге тұрғысы келген кездегі оның некеге деген даярлығы әр дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен талапты өзіңе қою керектігін біліп және өзіңді жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойыңды жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажет.

Алдынан айтып келе жатқандай, болашақ жар, өзінің екінші жартысы туралы армандау мен ойлану, әсіресе қыздарда жиірек және ертерек кездеседі, ал ұлдарда кешірек басталады. Армандаған бейненің кітаптан, фильмнен, суреттен, келбеттің сыртқы белгілері жас қиялды таң қалдыратын бір сәттік кездесулерден келіп шығатыны да сирек емес. Бірақ өмірде жұртың барлығына бірдей сұлулар мен ер жүректілер кездесе бермейді. Өз болашағы жайында ойлануы байсалды болған сайын, адам жұбай таңдау көп белгіге сай болатынын, бірақ солардың арасында адамгершілік рухани саналардың, көзқарас пен өмірлік мақсат ортақтығының бірінші орында тұруы керектігін көбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін құрметтеп және өз сезімдерінің мен қалаулыңа деген көзқарасыңды ақылға қоынмды бағалай білу, жеңіл-желпі қылымсынудан туындаған үстірт құмарлық пен жалт етпе сезімді нағыз сүйіспеншілік екен деп ойлап қалмаудың кепілі болып саналады.

Отбасылық өмірге психологиялық даярлық өз отауыңды құруға кіріскен жөн бе? Жоқ, әлде еретерее пе? Деп әуелі өзіңмен-өзіңнің ойланып-толғанып, одан соң сырлас досыңмен әңгімелесуден көрінеді.

Егер албырт сезімді жас адамадар бір-біріне сенбесе, бір сәттік ұрыс-керісте бір-бірін өкпелетіп, тілдеп жатса, сол сияқты екеуінің біреуіне ұшқалақтық мінез тән болып немесе біреуінің сүйікті адамының абырой, намысын қорғауға батылы жетпесе, мұндай жар таңдауды сәтті деу екі талай болады. Егер бірін-бірі сүйген адамдар өздерінің отбасында қалай болары, өздері бірлесе және әрқайсысының жеке-жеке немен шұғылданары, бір-біріне қалай көмектесуі, неше балаларының болары, өздерінің жас отбасының материалдық негізін қалай құру керектігі жөнініде нақтылы талқыласа, одан романтикалық сезімге еш нұқсан келмейді.

Социологтар, демографтар, психологтар тату және дүрдараз отбасыларды зерттеген. Олар отбасының іштей беріктігі көбінесе адамның өз бойында жас кезінен дамытып, сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа және егер өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені түсінбедім) байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді. Осындай отбасыларының бірінде алғашқы ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін жұбайларға көмектесетін мынандай тоғыз «өсиет» тізімі жасалағн.

1. Ашуыңды баса біл.

2. Жаман сөзді айтуға асықпа, жақсы сөзді қайталауға асық.

3. Кінәлі басқа деп өзеуресең, кінәнің өзіңде болғаны.

4. Ізгі сөз жақсы, ал ізгі іс одан да артық.

5. Бір-біріңді түсінуге бағытталған әрбір қадамың көп күндік шаттыққа тең.

6. Біреудің орнына өзіңді қоя білу ғана емес, өзіңді-өзің сол орында абыроймен ұстай біл.

7. Өзі алдампаз басқаға да сенбейді.

8. Отбасының алғашқы сезімі «біз» деуден басталады.

9. Серігінің достарымен достасң, сенің достарың да ортақ достарға айналады.

өзіңнің жақын адамыңның нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, әсіресе оны не қуантып, не мұңатынын, көңіл күйінің неге өзгеретінін, қай кезде екеу ара үндемей қоя салып, қай кезде оның ойын бөліп, көңілдендіріп, жұбатып, кейбір ұсақ-түйектерге көңіл бөлудің керексіздігін түсіндіру қажеттігін көре, бақылай және осы жайлары өзіңнің түсіне білуің баға жетпес қасиет болып саналады. Басқа адамның әдет-дағдыларын құрметтеп, олармен санасып, өз кемшіліктеріңе сыншылдықпен қарай білу де өте маңызды болмақ. Көп адамдар өздерінің айтқанынан қайтпауын беделге ие, болудың, ерік күші мен батылдықты көрсетудің белгісі деп ойлайды. Мұндай бірбеткейлік әлі, бекіп, нығайып болмаған көптеген жас отбасын құртып жібереді. Жеке адамның нағыз адамгершілігі айтқанға көне, кешіре, тіпті кейде жаңсақтық байқамаған бола білуден, өзі бастап жұбайына қашан болсын және әр істе болсын көмек беруге даяр болып, қиындықтарға төзімді де байсалды шыдай білуінен көрінеді.

Ерлі-зайыптылық басқа адамға деген тұрақты бағыттылықты, оны дәл өзіңді түсінгендей түснуде психологиялық даярлықты қажет етеді де, ал мұның өзі ері мен зайыбының екеуінің де өз сезім, толғаныс, тебіреністерін ашып көрсетуге даяр болып, өз жартысының қателігі мен ағатттықтарын қолайлы сәт пен арнайы көңіл-күйді дөп басып, өнегелі көрсете білу жағдайларында қолға түседі.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт толық мәнді тұрмыс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету. Отбасы ең алғаш жастарды тәрбиелеу ұясы. Оның негізгі мақсаты - балалар тәрбиесі. Отбасындағы ең басты тұлға ана мен әке, ата мен әже. әрбір отбасыда балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру үлкендерді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік, қатынастар жасау осының барлығы қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты болған.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осы жанұяның есігін айқара ашып енеді және ер ежітп, жанұясының тәрбесін алады.

Сондықтанда жанұя – адазаттың аса қажетт, әрі қасиетті алатын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы әсер күшін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше. Бұл жанұя мектебінің ұстаздары болады. әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері баланың “Әдепті бала” болып өсуі.

Қазіргі отбасы өзімен-өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп алдық.Отбасы – кіші әлеуметтік топ. Ал оның мүшелері неке мен енемесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өара адамгершілік жауапкершілігімен байланысты. Жастарды отбасы тәрбиесіне тәрбиелеуде ең басты ролді ата-ана және мектеп ортасының маңызы зор.

Жастарды отбасылық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе болып отыр. өскелең буынның семья басы болып тәрбиеленуі қалыптасына семьяны және оның маңындағы адамдардың ықпалы өте зор.



2. Отбасылық құқық. Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немеса балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.

Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері бланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

Куәландыру жолдары:

- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттр негізінде, ал бала медиицналық мекемден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулірінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

Өзара некеде тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен щещесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде, баланың әкесі, сот арқылы анықталады.

Өзара некеде тұрған әке мен шше қай-қайсысының болсада арызы бойынша туу арқылы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса шешесінің фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.

Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша бегіленеді.

3. Отбасы басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ болмасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа жар салмай-ақ шақыратын, ата-ана көңілін жақындастарына түсетін –бала.

Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы екендігін халқымыз білген, сондықтан да “бесіксіз үйде береке жоқ” деп көргендікпен ой түйіндеген.

“Балада туада екенсің, мінезді тумайды екенсің” деп бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.

“Ата көрген оқ жанар ана көрген тоң ішер”, деп ата-аналарға алдымен, балаңды бетімен жіберме, бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылаққа үйрет. Жамандықтан жүрент деген тағлымы мол қасиеттерді бойына құя біл дейді.

Жастарды отбасылық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе. Өйткені, “отбасы – шағын мемлекет” деген аталы сөз бар. Алдын-ала ойланып, даярлану барысында оқушылар немесе жастар отбасылық өмір, оның мәні, жауапкершілігі жайлы мағлұматтар ала отырып, бойында белгілі бір түісінік, бағыт-бағдар қалыптастырады. Отбасы іргесінің неғұрлым сыйластықпен, ынтымақтастықпен, сенімділіктермен берік болып қалануы – соғұрлым қоғамның, ал қоғам өз кезегінде – елдігінің, халықтығының іргелілігін танытады. “Отан – отбасынан басталады”. Елін, жерін, отанын, халқын сүйген азамат “отбасы” ұғымына бей-жай қарай алмас неге? Өйткені отбасылық өмірге даярлану дегеніміздің өзі – адамның парасаттылығын, саналылығын өз өміріне үлкен жауапкершілікті сезінуі және түптеп келгенде, өзіндік тұлғасына деген құрметтілік көзқарасын көрсетеді. өйткні қоршаған ортаға қатысты құрмет атауларының бәрі де – ең алдымен өзіне деген құрметпен бастау алатыны ақиқат. Өскелең буынның отбасы басы болып тәрбиеленуі мен қалыптасуына отбасының және оның маңындағы адамдардың ықпалы зор. Отбасының жетекешілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мне мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта.

Жалпы жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі әдістерін: әңгіме, түсіндіру, әңгімелесіп, пікір алысу, рөлдік бағыттағы ойындарды орындау арқылы өткізілетін сабақтар, көрнекі әдістерді қолдану түрінде жүзеге асыруға болады. Сондй-ақ бұлардың қай-қайсысының да тақырыптың, мәсленің тартымдылығы мен еріктілігі, этикалық қағидаларды сақтай отырып, оқушыларға сенім арту, сабақ мазмұнының бүкпесіз шынайы баяндалуы және оның шәкірттерге әсерлілігі мен ашық жеткізілуі, шындықты оқушылар ұжымының қатысуымен ашып көрсету т.б. тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар әдістерді барынша түрлендіріп отырғанда дұрыс: дара оқушымен жасалатын жұмыс, сыныптың жалпы түрде орындайтын тапсырмаларды, оқушыларға тікелей және жанама түрде әсер ету.

Бақылау сұрақтары:

1. Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер?

2. Некеге психологиялық даярлық қажетпе және қандай дарялық қажет, қажет болса қалай жүрігізіледі?

3. Отбасына адам баласының алтын діңгегі ретінде сипаттама беріңіз?

4. Отбасылық жағдайында мінез-құлыққа байланысты ескерілуі қажет мәселелер?

5. Отбасыға даярлдаудың тәрбие істері арқылы жүргізілуі жөнінде айтар ойыңыз?

6. Отбасылық құқықтар?

13 лекция

Отбасының психологиялық ахуалы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Психологиялық жағдай туралы түсінік;

2. Психологиялық ахуал және үйлесімділік;

3. Үйлесімділік түрлері;
Мақсаты: Студенттерді отбасындағы психологиялық ахуал сипаттамасымен, үйлесімділік жағдайымен, түрлерімен таныстыру.
Лекция мәтіні:

1. Психологиялық ахуал – бұл топ пен ұжымдағы адамдардың жағдайы, көңіл-күй қатынастарының жиынтығы. Нақтылы психологиялық ахуал өте көп, бірақ солардың барлығын жайлы, жайсыз деп. Еі топқа бөлуге болады. Топтың немесе ұжымның ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады: топ немесе колективтің ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады: топ немесе ұжым үшін әдейі құрылған оқу, еңбек, кез келген іс-әрекеттен қанағат табу, қызметкерлер (сыныптастар, курстастар) және жетекшілерімен (мұғалімдер, оқытушылар) жасалатын өзара қарым-қатынастардан қанағта табу: өзара өзара түсінушілік, әркімнің тұрақты көңіл күйі; эмоциялық жайлылық дәрежесі; бірлігі; ұжым мүшелерінің басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу дәрежесі; іс-әрекет нәтижесінен қанағат табу.

Адам әрқашан қандай болмасын шат көңілді, оптимст не қайғылы, мұңды не басыңқы, жабыраңқы эмоциялық күйде болады. Бұл он көңіл күйінен көрінеді. Және де әр адамда тек соған ғана тән көңіл-күйінің жалпы реңкі деген болады. Сондықтан біреу туралыбіз, он белгілі бір жағдайларда қапалы, жабыраңқы көңіл-күйі кездессе де, „шат көңілді адам” деп атйып, басқа біреуді қай кездедерде де, шат-шадыман, сергек болып жүрсе де, жабыраңқы, бір нәрсеге наразы адам ретінде қабылдаймыз. Бір адамның көңіл-күйі өзі қарым-қатынас жасап, қатар жұмыс істеп, бірге сабақ оқитын басқа адамдарға жиі әсерін тигізіп отырады. Жағымсыз эмоциялық толқулары елеулі қандай болсын орынды себептерсіз –ақ ТУП, үнемі көңіл-күйі жабыраңқы болатын адам өзінің осы күйін өзін қоршаған басқа адамдарға таратып отыратын психологиялық зеттеулер көрсетуде. Соның нәтижесінде өзі отырған ореада жабыңқы көңіл күйі пайда болуы мүмкін. Сондықтан топ немесе ұжымның жалпы психологиялық күйі үшін он әр мүшесінің қандай к? йде болуының мәні жоқ емес. Шығыс халқында адамның өзінің ұнамсыз көңіл-күйін ғана емес, сонымен қоса қайғысын да, уайымын да көрсете беруіне болмайтын дәстүр сақталған. Бұл дәстүр өзіңнің қам-қарекет, толғаныстарыңмен басқа адамдарға ауыртпалық салмай, қашанда жылы жүзділігіңді сақтауға кеңес береді. Біді мәдениетісізде мұндай дәстүр жоқ, слайда әркім топқа, ұжымға жақсы көңіл-күй, жылы жүз, шаттықпен келіп, айналадағы адамдардың көңіл күйінің көп жағдайда өзіне байланысты екенін білуі қажет.

Басқа адамның абыройын өз абыройыңдай қадірлей білу, әсересе тұрақты қарым-қатынас тжасау кезінде өте қиын іс. Орынсыз қалжың, тым өткір сын, көңілге клерлік ат тағу – міне мұның барлығы, әрине, әрбір сыныпта кездеседі.

Басқа адамның ішкі Жан дүниесіне деген қызығушылық, он тебіреністерін танып білу қаблеті қайсыбір жоғары сынып лқушыларында басқаларға қарағанда нашар жетілуі мүмкін. ...



2. Психологиялық ахуал адамдардың үйлесімділігінен өте айқын байқалады. Қазір е? бек ұжымындағы, оқудағы және әсіресе отбасындағы үйлесімділік жөініде көп айтылып та, жазылып та жүр. „Мінедердің үйлеспеушілігінен ” – деушілік айырылысудың кең тараған себептеріне айналып жүр.

Адамдардың бір-бірімен үйлесімділігі жөініде сөз қозғағанда, ең алдымен құныдылықтар, мүдделер, эмоциялық бағдарлар, өмір сүрудің жалпы стильдерінің белгілі үндестігі ескеріледі. Егер отбасында осындай үндестік болса, онда, әрине, оның барлық мүшелерінің арасында басқалардың жақсы жағын да, кемшіліктерін де біле отырып, бірақ соған қарамастан, адамды сол өз қалпында қабылдау түріндегі өзара түсінушілік пайда болады. Отбасының бір адамы өте жігерлі болады, бірақ қайтымы шапшаң, енді біреуі жасқаншақ, жалтақ, бірақ оның есесіне өзіне берілген істен бастартпайды, үшінші біреуі көмектескіш, жаны ашығыш, оған өзіңнің тіпті ең елусіз немесе болмашы қиындықтарыңның және т.б. туралы қашан да айтуыңа да болады. Мұндай отбасында әркім басқалардың ерекшелігін білсе де, өзінің де мүлтіксіз емес екенін ескере отырып, оларды түзетуге тырыспайды. әрине, дәл осы жағдайда бұл, негізінен, отбасының ересек мүшелерінің өзара қатынасына байланысты болып отыр. Бақытты ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы түсінеді, олар басқаны толық бақылайды, мұның өзі – жақын адамдардың өзара қарым-қатынасындағы психологиялық жақтан жақсы жағдайды қаматамасыз ететін негізгі шарт болып табылады.

Нағыз сүйіспеншілік (үйлесімділік) мақсат пен адалдықтың белгілі ұштастығын қажет етеді. Жастық шақта нағыз азмат адам, нағыз еркек пен әйел үлгілерін мұрат тұтып, жұбайдың қандай болуы, бақытты отбасының қандай болуы туралы ойлану елдің барлығында кездеседі. Бұл мұрат тұтқан елестер кейін өмір тәжірибесінде өзгеріске ұшырайды. Шынайы жұбайдың, адамда бұрын қалыптасқан елесінен қайтсе де айырмасы болатыны табиғи жай. Сондықтан жақын адамыңның бойынан жақсы қасиеттерді, мұрат тұтқанды таба біліп, ешбір кемшіліксіз адамның болмайтынын мойындау – міне, бұл – адамдардың нағыз үйлесімділігінің көрінісі болмақ.

Үйлесімділік, сонымен бірге отбасы мүшелерінің ой-талғамдарының, бағалай білудегі аікірлердің жақындаса түсуінен көрініп отырады. Бағалаудағы белгілердің мұндай жақындасуы табиғи түрде пайда болады. Пікірілердің біркелігі басқа бағаларды басып, елемеу есесінен өз баға, талғамдарының зорлап енгізу арқылы пайда болса, онда әрине, үйлесімділік жөнініде ешқандай сөз болмақ емес. ...



3. Адамдардың үйлесімділігі - бірнеше, алуан сатысы бар күрделі құбылыс. Бұл ең алдымен идеялық-адамгершлікітік ортақтық пен әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Олар қоршаған дүние мен ондағы өз орныңа қатысты өмірлік позицияң, негізгі құнды бағдар-бағыт, пікірлер сай келгенде байқалады. Психологиялық үйлесімділік отбасы мүшелерінің мінез-құлық, жеке бас ерекшеліктерін өзара әсерін керек етеді. Психологиялық жеке бас ерекшеліктерінің өзара әсерін керек етеді. Психо-физиологиялық үйлесімділік темперамент ерекшеліктерінің өзара әсеріне негізделеді. Үйлесімділіктің соңғы екі тармағын бір түрге біріктіреді. Жұбайлық қатынастар құрамына үйлесімділіктің барлық түрі енеді.

Адамдардың идеялық-адамгершілік ортақтығы. Әдетте, құндылықтарды бағалу сай келмеген жағдайда жұбайлар арасындағы немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе ондағы өзара қатынасқа сырттай бейтарап, елеусіз себептерге байланысты пайда болады. Кинофильмді, оқыған кітаптарды талқылау, таныс адамдардың мінез-құлқын бағалау сияқты кездейсоқ жағдайлар кенеттен өмірлік позицияны бағалауда елеулі келіспеушіліктің бар екенін көрсетіп береді.

Әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Әлеуметтік-психологиялық үйлеспеушілік себептері болып көбінесе жұбайлардың білім, жас, жалпы мәдени дәрежелерінің айырмашылығы есептеледі. Үйлесімділікке білім айырмашылығы елеулі әсер ете қоймайды, жалпы мәдениет, жеке адамның даму дәрежесінің маңыздылығын атап өту керек.

Отбасының әлеуметтік-псхологиялық үйлесімділігіне балалардың өмірге келуі мен тәрбиеленеуі, тұрмысты ұйымдастыру, бір-бірін моральдық, экономикалық және көмек жағынан сүйемелдеу, бос уақытты ұйымдастыру және сондай-ақ отбасының қоғамдағы өкілеттілігі сияқты отбасының негізгі міндеттерінің жүзеге асуына байланысты көзқарастар бірлігі де жатады. Жұбайлардың көзқарасының сәйкес келмеушілігі бір құндылықтарға артығырақ көңіл бөліп, басқалардан елемеушіліктен (тым шаруақорлық, „біз енді тек балалар үшін өмір сүруіміз керек” деп балаларға тым артығырақ аөңіл бөлу) кқрініп отырады.

Психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік. Үйлесімділіктің басқа түрлері (дәрежелері) болып психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік есептеледі. Үйлесіміділіктің (немесе үйлесімсіздіктің) бұл түрлері жұбайлардың жеке басына, мінез және темперамент ерекшеліктеріне байланысты болады.

Өте күшті үйлеспеушілік эгоизм, жауапсыздық, жалқаулық, т.б. сияқты кейбір жағымсыз мінез белгілерінің ұқсастығынан көрініп отырады.

Үйлесімді серіктердің бір қасиеттері ұқсас болады (бұл негізінен тәрбиеге байланысты болатын ақыл, құнттылық т.б. сапалар), ал, негізінен, табиғи, темперамент ерекшеліктерімен байланысты басқа сапалары қарама-қарсы болып кездеседі. Сондықтан үйлесімділіктің бұл түрі оның бірінішісіне бағыныңқы тәрізді болып көрінеді. Отбасындағы жұбайлардың темпераменттері мен мінез ұқсастығы негізінде ғана емес, сонымен бірге олардың айырмашылығы болғанда да дұрыс жағдай жасалуы мүмкін.

Күнделікті өмірде өзіңе үйлесімді адамды іздеуге салынудың орны жоқ. Әрине, ойдағыдай өмірлік серігіңді таңдай білу өте маңызды. Бірақ бұл жерде де мінсіз еш нәрсе болмайды. Оның үстіне адамдар бұрынғысындай бір қалыпты болмай, үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан ең маңыздырағы бір-біріңді түсіне білуге үйреніп, бірлесе өмір сүрудің қиындығын жеңуге тырысып, өз тілек, қажеттіліктеріңді басқа адамның талаптарымен үйлестіре білушілік болмақ.



Бақылау сұрақтары:

1. Психологиялық ахуалдың жалпы көрінісі?

2. Эмоциялық толқулар дегеніміз не?

3. Топтың немесе ұжымның ахуалына сипаттама беріңіз?

4. Нағыз сүйіспеншілік дегеніміз не?

5. Психофизиологиялық үйлесімділік темперамент ерекшеліктерінің өзара әсеріне негізделуі?


14 лекция

Жекелік психикалық зардаптарды қамтамасыз етуші, отбасы әрекетінің бұзылыс түрлері

(1 сағат)

1. Психикалық зардап;

2. Әлемдік отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай;

3. Отбасылық қауіп-қатер;
Мақсаты: Психикалық зардап сипаттамасымен таныстырып, психикалық зардап біліміне негізделе отырып отбасындағы оның пайда болуы мен дамуындағы мәні мен негізгі заңдылықтарын қарастыру, әлемдік отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай, отбасылық қауіп-қатерлердің алдын-алуға үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Психикалық зардап. Нервтік психикалық ауру барысында маңызды немесе негізгі роль атқаратын күрделі индивидуалды психикалық уайымдар. Отбасылық психиатрия психикалық зардап жайлы білімдерді нақтылап дамыта түсуде.

Психикалық зардап – бұл отбасы бұзылыстарының жағымсыз әсерлерін және жекелік психикалық бұзылыстарды жанамалаушы фактор. Отбасының бұзылуы күрделі индивидуалдық психикалық уайым-психикалық зардапқа әкеп соқтырады, ал бұл зардаптың дамуынан отбасы мүшесінің нервтік-психикалық ауытқушылығы байқалады.

Психикалық зардап біліміне негізделе отырып отбасындағы оның пайда болуы мен дамуындағы мәні мен негізгі заңдылықтарын қарастыру керек.

Отбасы – психикалық зардаптың бастауы ретінде. Психиклық зардап – бұл ең алдымен айқын эмоционалды жағдай қалыптасқан психикалық уайым.

В.Н.Мясищев “Адамның кез-келген терең уайымына зер салу арқылы уайым негізінде адамның қоршаған ортадағы әртүрлі өзара қатынастары бар екендігіне, яғни қатерлі уайым бұзылған қарым-қатынастың салдары болып табылатындығына көз жеткізуге болады. Орнын жоғалту, өсек-аяқ, жала, жұбайын ауыстыру, баласынан айырылысу, жетістікке жетудегі сәтсіздіктер, өзіндік қорлану т.б.лар адамның болмыстағы қатынас жүйесінде маңызды, негізгі рольде болса ғана қатерлі уайымның бастауы бола алады. Олардың маңыздылығы аффективті күш пен аффективті реакцияның жағдайы болып табылады” деп жазған.

Отбасылық басқарушы ролі патогенді жағдайлармен психозардаптық уайымдар, пайда болғанда бірнеше бірнеше ситуациялар қатарымен қамтамасыз етіледі. (3 жағдай)

1. Отбасының қарым-қатынастық басқарушы қызметі адамның қарым-қатынас жүйесінің негізінде;

2. Отбасылық қатынастың көп жақтылығы мен өзара байланысының тығыздығы;



2. Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай. Нақты бір уайымды қамтамасыз етуші патогенді отбасылық жағдай – бұл индивидтің отбасы мен шынайы отбасы өміріне қатынасындағы саналы және сансыз күтулері отбасындағы айқын айырмашылық. Осы патогенді жағдай салдарынан фрустрация жағдайы байқалады (саналы немесе санасыз). Фрустрацияның жалпы психологиялық заңдылықтарына сәйкес көрінуінен көптеген зардаптардың пайда болуы мүмкін. Осы зардаптардың бөлігінен, олардың жеткілікті көрінуі және нақты жекелік ерекшеліктердің бар болуы әртүрлі психогенді ауруларға тап болдырады. Қанағаттанбаушылықтың зардаптық әсерінің өзгешілігі нақты жағдайдың (түсінікті) саналы деңгейіне байланысты.

Саналы қанағаттанбаушылық жағдайында жұбайлардың отбасылық қатынасқа қанағаттанбайтындығы анық байқалады. Мұндағы негізгі өзгешелік әлемдік сипатты нұсқайтын, отбасылық өмір минимальды талаптарға да сәйкес келмейтін қанағаттанбаушылық болып табылады. (“Біздің отбасылық өміріміз біркелкі, түнде де, күндіз де нашар”, “Отбасын құруда менің жолым болмады”, “Біз қателесіппіз, бір-бірімізбен жақсы тұрмаймыз”). Тез арада ажырасуға кедергі келтіретін қандайда бір маңызды және психологиялық түсінікті (көбіне балалар, түрлі қиыншылықтар өмірлік-тұрмыстық ажырасуда пайда болатын) жағдайлардың арасындағы кикілжіңдермен байланысты.

Немесе толығымен түсінікті емес қанағаттанбаушылық көрінеді. Жұбайлардан отбасылық өмірге салыстырмалы қанаттанушылық байқалады (“Орташа өмір сүрудеміз”, “Басқалардан жаман емес”), отбасылық өмірге қанағаттанарлық деген баға беріледі. Қанағаттанбаушылық жанама түрде анықталады. Біріншіден сезімдер мен жағдайлардың көрінуі арқылы және тікелей қанағаттанбаушылықтың шекарасы: бір қал ыптылық, зерігу, өмірдің мәнсіздігі, қуыныштың болмауы. Отбасында жүріс-тұрыстың негізгі қозғаушы мотиві қажеттілік болып табылады (қалағаныңды істейсің, қалағаныңша өмір сүресің, керек дегенімізді аламыз). Екіншіден отбасылық өмірдің әртүрлі бөліктеріндегі көптеген наразылықтардан пайда болады. Жұбайлардан алынған сұрақ-жауап нәтижесі бойынша көптеген ерлі-зайыптылардың жалпы отбасылық өмірге қанағттануына қарамай, олар өмірдің кейбір жеке бөліктеріне, мысалы тұрақты жеріне, денсаулығына, баласының мінезі немесе үлгеріміне, бос уақытын өткізуіне қанағаттанбайтындығы мәлім болды. (3)

3. Отбасылық қауіп-қатер. Бұл қауіп-қатер типіне тән белгі барлық отбасына қатысты күдік, қорқыныш, қауіптену ретінде көрінетіндер болып табылады.

Отбасылық қауіп-қатер негізінде индивидтің отбасылық өмірдегі қандайда бір маңызды аспектісіне нашар білінетін қанағаттанбаушылығы жатады. Бұл жұбайының сезіміне, өзіне сенбеушілігі болуы мүмкін, мысалы: индивид отбасылық қатынаста көрінетін сезімін қысылып шығарады. Сондай-ақ бұл жағдайдың маңызды аспектілері әлсіздік, отбасыдағы оқиғаларға қатысуға, оларды дұрыс бағытқа салуға қабілетсіздігін сезіну болып табылады.

Отбасы нервтік психикалық күш қалыптасу барысында оның мүшелері бірнеше жолдарды басынан өткізуі мүмкін:

1. Индивид үшін үнемі психологиялық қысым, қиын немесе демалыссыз жағдайлар жасау. Бұған маскүнемнің әйелі мысал бола алады. Ол оны үнемі қорқытып, ақшасын алып қойып, қорғансыз ұстайды, әйелі оған қарсы тұра алмайды.

2. Отбасы мүшелеріне олар үшін анық, төтенше маңызды сезімдерін көрсетуіне, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруына кедергі келтіру. ...

3. Индивидтің ішкі кикілжіңдерін қолдау немесе жағдай жасау.



Бақылау сұрақтары:

1. Психикалық зардап ұғымының мән-мағынасы мен оның бастауы?

2. Фрустрация дегеніміз не, ол қандай жағдайда қалай көрінеді?

3. Отбасылық қауіп-қатерлердің пайда болуы мен орын алуы?

4. Саналы қанағаттанбаушылық жағдайы?

5. В.Н.Мясищевтің отбасылық зардап жайлы көзқарасы?


15 лекция

Отбасылық қызметтердің жекелік алғы шарттарының бұзылыстары;

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасы қызметтерінің психологиялық қасиеттері.

2. Отбасылық талаптардың деңгейі;

3. Әлеуметтік дамуда отбасының адамгершілік негіздері.
Мақсаты: Отбасылық қызметтердің психологиялық қасиеттерімен, отбасында қойылатын тлапатармен таныстырып, отбасының әлеуметтік ортамен өзара байланыс мәселесін қарастыру.
Лекция мәтіні:

1. Отбасылық өмір отбасы мүшелеріне көптеген қиындықтарды қояды, мысалы: отбасылық өзара қарым-қатынасқа түсу; отбасындағы талаптарға бағыну; үй шаруашылығы қызметі мен отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық барлық мүмкіндіктегі мәселелерді шешу. Мұндай барлық міндеттерді сәтті орындау үшін отбасы мүшесі нақты психологиялық қасиеттерге ие болу керек.

Бұл қасиеттер бір жағынан оның өзіне отбасы қоятын талаптарды шешу үшін қажет. Екінші жағынан оған барлық отбасы қызығады, яғни отбасының әрбір мүшесі отбасылық өмір қойған талаптарды орындап отырса, жалпы отбасы жақсы қызмет етіп, әрекет етіп отырады. Отбасылық өмір барысында пайда болатын мәселелерді сәтті орындап отыру үшін әрбір отбасы мүшесіне қажетті психологиялық қасиеттердің жиынтығын біз отбасылық қажетті қасиеттер деп атаймыз. Ал бұл қасиеттердің аумағы өте кең.

Бұл біріншіден қажеттіліктер. Мысалы индивидті отбасылық өмірге қатысуға мотивтендіру қажеттіліктері, ондағы қиындықтарды болдырмау мен мәселелерді шешуге қажеттіліктер, ерлі-зайыптылық өзара қарым-қатынаста қанағаттандырудағы қажеттіліктердің кең ауқымы, яғни махаббат, симпатия жыныстық-эротикалық қажеттіліктер, шаруашылық-қажеттіліктер т.б.

Екіншіден, - қабілеттіліктердің, іскерлік пен дағдылардың көптігі. Ең алдымен отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінуіне қажетті қабілеттеіліктер, ерлі-зайыптылық қатынасты сақтау мен балаларды тәрбиелеуге қажетті ісерліктер мен дағдылардың жиынтығы.

Үшіншіден – еріктік эмоционалдық қасиеттердің аумағының кеңдігі, сондай-ақ өзіндік эмоционалдық жағдайын реттеуге қажетті, қасиеттер, фрустрация жағдайын жеңуге қажетті қасиеттер, қазіргі тілектерін келешек мақсаттарына бағындыра білу қасиеттері, тәрбиелік, ерлі-зайыптылық қатынастарды дамытуға қажетті шыдамдылық, тұрақтылық қасиеттер т.б.

Отбасы мүшелеріндегі психопат, невроз, әуестік (құштарлық) бұзылыстар (алкоголизм, қызғаншақтық), ақыл-ой кемістігі, психоз сияқты нервтік-психикалық бұзылыстар отбасылық қажетті қасиеттерді зақымдайды, (жарақаттайды). Индивидтегі ауру дами беретін болса отбасының жақсы әрекет етуіне қажетті қасиеттер жоғала бастап, қажеттіліктердің, еріктік қасиеттердің төмендеуі байқалады. Бұл жекелік бұзылыстар жағымсыз өзгерістердің тізбекті реакциясын әкеліп, отбасына теріс әсер етеді. Бұл өзгерістер ары қарай отбасының басқа мүшелері үшін де зардаптардың факторы болады.



2. Отбасы мүшелерінің бірінің зардап шеккендегі отбасына тән жалпы белгілер қатары.

1. Жалпы отбасына тән жеке мүшелеріне жоғары нервтік-психикалық және дене күшінің түсуі. Жоғары нервтікпсихикалық күш, зорлану,үрейлену отбасылардағы маңызды белгілер ретінде көрсетеді. Нервтік-психикалық күшке, қорқынышқа, ертеңгі күнге сенбеушілікке, үрейленуге наразылықты сол аурулардың отбасы мүшелерімен әңгімелескенде едәуір жиі кездестіреміз. “Үнемі нервтік күш жағдайында жүреміз, тағы не болар екен, ол тағы не шығарар екен” – деген сөйлем үзінділерін шизофрения, психопат, алкоголизммен ауыратын отбасыларының мүшелері жиі айтады. Жанжалдар, әсіресе түнгі уақытта күтпеген жерден үйден кету, азаптаушықорқыныштар сияқты жиі кездесетін жағдайлар бұндай отбасының әлеуметтік-психологиялық атмосферасын анықтайды.

2. Жеке адамның теріс мотивациялық ықпалы және науқастың отбасылық басқа мүшелеріне әсері.

Нервтік-психикалық ауруға шалдыққан индивид әрекеті, оның жекелік ерекшеліктері көбіне отбасының басқа мүшелерінің әлеуметтік уайымдарына, жалпы адам, әйел, бала қандай болуы керек деген көзқарастармен қарама-қайшы болады. Нервтік-психикалық бұзылысы бар отбасы мүшесінің мінез-құлқындағы эмоционалды әрекеті мен көптеген жекелік ерекшеліктері ызалылық, наразылық, күйініш болып табылады. Отбасы мүшелері науқас адамды отбасы, балаларды жақсы тұратын адамдарғы көре алмайтындығын, өмірде толы болмағандығын жиі айтады.

3. Отбасылық өзара қарым-қатынастың бұзылуы. Отбасы – оның әрбір мүшесі белгілі бір орын, алатын, нақты бір қызметті атқаруға қатысатын, басқа мүшелердің қажеттіліктерін өз әрекетімен қанағаттандыратын, өзара қарым-қатынасты қолдайтын өзара қарым-қатынастың күрделі жүйесі. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылысы болған жағдайда отбасылық қызметтердің орындалмауына әкеледі, сондай-ақ “Қызметтік маңызсыздық құралып, өзара қарым-қатынас бұзылуы жүзеге асады. Мысалы: әке отбасында ең маңызды қызметтерді атқарады. Оның іс-әрекеті “үйретуші” (үлгі) болып табылатындығына қарай, қызметтердің көпшілігін орындап отыру алғы шарты оның беделділігін, жекелік қасиеттер қызметін атқарады. Мысалы өзара қарым-қатынас барысында пайда болатын әртүрлі мәселелерді қалай шешу керек екендігін үйренеді, сондай-ақ әкенің пікірі олар үшін сендірерліктей маңызды роль атқарады. Мұндай қатынаста әке алкоголизммен ауырса немесе мінезіне психопатиялық белгілер болса ғана тікелей қарама-қайшылықты жағдай болады. Қажырсыз, ындық, агрессивті, жалтақ, дербессіз әке тәрбие процесінде ... орнатады. Оның балаларына маңызды, қажет қасиеттерді өздері дербес меңгеруіне тура келеді.

4. Отбасының және оның жеке мүшелерінің әлеуметтік статусының төмендеуі. Отбасы – мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен күресу жұмыстарымен айналысатын құру және үйымдастырудың негізгі объектісі болады. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылыстары отбасында ғана емес, сондай-ақ жақын әлеуметтік ортада мәселелердің тууына себеп болады. Отбасы көбіне милиция мен медициналық мүшелердің бақылауында болғандықтан көршілер, мектеп, қызместтер мінез-құлқының ауытқушылығы барлығына куә болады. Отбасында психиатрдың бақылауындағы бір адамның барлығы жайлы қоғамдық жағымсыз көзқарастар қалыптасқан-соң отбасылық әлеуметтік статусының күрт төмендеуіне әкеледі. Отбасы мүшелері отбасында отбасында психикалық ауытқушылығы бар адамның тұратындығынан қысылады, ал кейбіреулер бұны жасырады.

5. Отбасы мүшелерінің бірінде нервтік-психикалық ауытқушылығы бар болатын болса, онда мұндай отбапсындағы мүшелерінің арасында пайда болатын ерекше психикалық кикілжің тән. Оның мәні әртүрлі болады. Бір жағынан, олар қоғамдық пікірлер әсерімен нервтік-психикалық ауытқушылығы бар индивидтің әрекеті үшін өздерін кінәлідей сезінеді. Қоғамдық пікір отбасынан науқастың әрекетін қалпына келтіруқажетіне қарай ықпал етуін талап етеді. Көптеген әрекеттер отбасына қаражат жағынан қолайлы әсер етуі мүмкін. Мысалы алкоголизация жағдайында кикілжіңдер, жанжалдар, кейде ұрып-соғу, спирттік ішімдіктерден қалған бөтелкелерді жерге тастай салу т.б. Спирттік ішімдіктерді үйде сақтамайды, әйелі ерінің шығңындарына бақылау жасауды күшейтеді, оған азғантай ақша қалдырады, кейде жалақыны ерімен бірге барып алады, көпшіліктен өтініш сұрайды.

Ал, екінші жағынан, отбасы тырысып, күш салудың нәтижесіз екенідігін байқайды, яғни маскүнемнің, психопаттың, қызғаншақтың ырыққа көнбейтін болуы мүмкін. Сондықтан айтылған көпшілік пікірлері айыптауын қоймайды. Олар жеткілікті мөлшерде күш жұмсамайды, қажетті “күшті” шараларды қолданбайды деп ойлайды. Бұндай қарама-қайшылықтағы тенденциялар отбасы мүшелерінің арасындағы негізгі кикілжіңге айнала береді.

6. “Жанамалушы сырқат” феномені, яғни отбасылық өмірді бұзатын науқастан көбіне білінбейтін, көрінбейтін отбасы мүшелерінің басқасының (немесе басқаларының) нервтік-психикалық бұзылушылығы жайлы сөз қозғалып отыр. Мысалы, еркек маскүнем болған жағдайда отбасындағы жағымсыз жағдайлардың тікелей немесе жанама әсер етуі арқылы әйелі мен балаларының науқастануын байқаймыз.

3. Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналикатикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивті жақын. Осы терапевттік бағытта қоланылатын техникалар төмендегңдей: конфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасы – тәрбиенің негізі. Оның құндылығын “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деген мақалда анық көрінген. Отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды.

Адамгершілік принциптерінің идеялық мазмұнымен қаруланған отбасының негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осының негізінде әрбір адамның, әрбір отбасы мүшесінің өмір және еңбек процесінде қарапайым, кішіпейіл, қайырымды және ұстамды болуы, бірін-бірі сыйлай білуі, балалар тәрбиесіне ерекше қамқорлық жасауы – адамгершілік принциптерінің негізі. Мысалы, қарапайымдылықты әрбір адамның сөзінен, ісінен, тәртібінен, басқа адамдармен сыйласып, қарым-қатынас жасай білуінен көруге болады. Кішіпейілдік пен қайырымдылық адамдарға ілтипатты, сыйлаушылықты білдіреді. Қайырымды адам әр уақытта, әр түрлі жағдайда көмек көрстуге дайын тұрады. Ал, ұстамдылық – адамның өзін-өзі бақылай блуі. Қандай да бір қиыншылық жағдайда болсын немесе өте күрделі қиын мәселелерді шешуде шыдамдылық көрсету ұстамдылықтың белгнісі. Ұстаз адам “Тежеуіші жоқ машина”, -дейді А.С.Макаренко.

Осындай жағымды қасиеттер жеке адамның жан-жақты және жарасымды дамына, қалыптасуына игі әсер етеді.

Отбасы негізінің берік, баянды болуы бақытқа байланысты. Бақыт жайлы ұғымды әркім әртүрлі түсінеді. Біреулер бақытты жаратқан тәңірге шүкіршілік ету, оған қзымет жасау, бұл дүниедегі игіліктен бас тарту деп түсінсе, екіншілері ләззат алу, махаббатқа бөлену, енді біреулер бақытты шындықты, ақиқатты айтушылық деп түсінеді.

Бұл анықтамаларға қарағанда бақыт әрбір жеке адамның, ақсүйектердің мүддесі тұрғысынан қарастырылып, халықтың негізгі іс-әрекет өрісі – еңбек және әділетті адамгершілік принциптері есе алынбайды. Бақыт туралы мұндай ұғым қоғамның табиғатына жат, ақиқатқа қайшы болады.

Адамның бақыт туралы ұғымы адамгершілік принцип негіздерімен ұштасады. Мысалы, махаббат, отбасы мүшелерінің міндеттері мен бір-біріне тәуелділігі (ата-ананың балаға қамқорлығы, олардың қарияларға қамқорлығы), отбасының микроклиматы отбасының моральдық негізін құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасылық қиындықтарды жеңу және отбасылық талаптарды шешу үшін отбасы мүшелеріне қажетті психикалық қасиеттер тізбесі?

2. Отбасы мүшелеренің бір-бірін түсінуіне қажетті қабілеттіліктер?

3. Отбасы мүшелерінің еріктік-эмоционалдық қасиеттер аумағының кеңдігі?

4. Отбасы мүшелерінің бірінің зардап шеккендегі отбасына тән жалпы белгілер?

5. Нервтік-психиклық күш дегеніміз не?


16 лекция

Отбасындағы адамаралық қарым-қатынастың бұзылуы.

(2 сағат)

Жоспары:

1. Қарым-қатынастың жолдары жайлы ілім.

2. Психикалық зардаптар бастаулары;

3. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас мәдениеті;

4. Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті;

5. Неке гигиенасы;
Мақсаты: Студенттерді қарым-қатынастың жолдары жайлы ілімдер, қарым-қатынас процесінің күрделілігін, қарым-қатынастық мәселелермен таныстырып, психикалық зардаптардың бастауларымен күресу жодарын үйрету.
Лекция мәтіні:

1. Ғылыми психологиямен психотерапияның пайда болуына дейін-ақ ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінісуі отбасы бақыты мен отбасы тұрғындарының алғы шарты ретінде қарастырылып отырады. Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің негізгі белгілері – талас-тартыс, жанжалдар, ұнамсыз, сәтсіз, бақытсыз отбасының ерекше белгісі – келіспеушіліктер болып табылады.

Отбасылық психотерапияның алғашқы сатысынан-ақ зерттеуші ғалымдарды “Өзара түсіністікке қалай жетуге болады?”, “Отбасы мүшелері бір-біріен мәліметті қалай алмасады?”, “Бір-біріне қалай қарайды”, “Олар қалай шешім қабылдайды?” деген сұрақтар қызықтырады.

Отбасылыққарым-қатынас жұмыстарының көпшілігінде қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдер бар. Ілім бұл – мәліметтердің берілу процесін зерттейтін, мәліметтік қателердің жалпы себептерін анықтайтын кибернетика мен ақпараттық теориялардың даму нәтижесі. Қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдердің пайда болуына дейін отбасы мүшелерінің арасындағы ақпарат алмасу өте мардымсыз (немқұрайлы) болған.

Қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдер, қарым-қатынас процесінің күрделі екендігін көрсетті. Мәлімет (ақпарат) алмасу процесін қамтамасыз етуші аралық көріністер, беріліс механизмдер қатары анықталды.

Қарым-қатынас процесін зерттеу барысында тренингтік әдістемелерде жасалды. Біріншіден бұл, қарым-қатынас барысындағы қабылдаушылық пен назар аудару жаттығулары отбасы мен айналысатын дәрігерлер мен психологтар ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуі, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың өзара түсінісуі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің маңызды сәттерін жеткізуге көрсетілген қызығушылығы екенің әрқашан анықтап отырған. Дегенмен, T.Gordonның (1957) зерттеулерінен кейін бұл маңызды сәттер көрсетілді. Отбасы мүшелерінң алмасатын ақпараттарының көптеген бөліктері көбіне енбей қалатындығы көрсетілген. Мәлімет берген адам айтқысы келгенінің барлығы түсінікті және қабылданды деп ойлауға бейім.

2. Қарым-қатынастық мәселелер. Психикалық зардабы бар адамның жанұясындағы адам аралық қарым-қатынас процесінің ерекшеліктері байланысын талдауға қажетті белгілер мынадый:

1. Отбасы мүшелерінің бірінің нақты бір қажеттілігінің болуы;

2. Ал ол қажеттіліктің қанағаттандырылуы отбасы мүшелерінің басқасының әрекетіне байланысты;

3. Қажеттілікті сезінуші отбасы мүшесі нақты мәліметті білдірсе (өтінішг жасау, ым-ишара білдіру);

4. Немесе ол адамның психологиялық ерешеліктеріне байланысты ақпаратты (мәліметті) білдірмейді;

5. Қанағаттандырудың мүмкін еместігіне қарамай, қажеттілік сақталып қалады;

Ол қажеттілікер, жұбайының қанағаттандыруына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: махаббатқа, симпатияға, қандайда бір қатынасқа көмекке, құрметке т.б. Отбасында мұндай қажеттіліктердің қанағаттандырылуы отбасының басқа мүшелеріне байланыстылық ситуациясы күнделікті кездесіп отырады.

Қарым-қатынастағы тосқауыл деп қандай да бір қажеттілікті сезінуші және басқа адамның (қажеттілікті қанағаттандырушы) психологиялық ерекшеліктерін немесе ақпарат алмасуы қиын болғандағы олардың өзара қарым-қатынасын айтамыз.

Қарым-қатынастағы мәселе ретінде отбасылық психотерапияға қатысушылардың бұл процес басында толтырған “Танысу сауалнамасының” сұрақтарына берген жауабтарында байқалған ситуацияны қарастырайық.

Сауалнамада мынадай сұрақ: “Көз алдыңызға елесететіңіз, сіз ауыр сөмкені көтеріп келе жатырсыз, ал сіздің жұбайыңыз (еріңіз) көмектесуді ойламайды да. Бұндай жағжайда өзіңізді қалай ұстайсыз?” жауап берушілер мынадай жауап варианттарын таңдауы тиіс.

1. “Көмек беруі үшін тіке айтамын”

2. “Ештеңе айтпаймын, бірақ наразылық пішін білдіремін”

3. “Ишаралаймын”

4. “Ол түсініуі үшін, бірдеңе жасауға тырысамын”

5. “Ештеңе істемеймін”

Сауалнаманы 58 адам (69%) тотырады. Ең көп берілген жауап “Ештеңе істемеймін” және “Ештеңе істемеймін, бірақ наразылық пішін білдіремін” жауаптары болады. Бұл ситуация қарым-қатынас мәселесінің нақты анықтамасын қарастыруға, мысал келтіруге мүмкіндік туғызады.

Пайда болған ситуация қарым-қатынас мәселелсінің бірінші белгісіне сәйкес отбасы мүшелерінің бірінде нақты бір қажеттілік бар. Бұл ситуацияда жұбайларда бір немесе бірнеше қажеттілік: ауыр жүктен жеңілдеу, назар аудару, жан ашырлық, аяушылық білдіру. Қарым-қатынас мәселесінің екінші белгісіне қажеттілікті қанағаттандыру басқа адамның (бұл жағдайда еркектің) әрекетіне байланысты. Үшінші белгісі шамалы күрделі. Қасында келе жатқан жолдасы әйелінің жағдайын жақсы түсінуі мүмкін, мысалы:жолдасы оған ауыр екенін түсінсе (ым-ишара түсінуі, әйелінің немесе басқа біреудің тікелей айтуын естуі) немесе оған ауыр және жәбірленгенін қаншалықты онымен бірдей сезініп, түсінсе онда соншалықты тез көмекке кірісуі мүмкін.

Осылай болған жағдайда ғана қарым-қатынас мәселесінің үшінші белгісіне сәйкес келеді. Ең соңғы төртінші белгіге сәйкес ситуация: қарым-қатынастағы тосқауыл, яғни әйелімен ерінің ерекшеліктері немесе олардың өзара қарым-қатынасы, нақты ақпарат қарым-қатынас жолдарымен жүрмейді, ол оған айтпайды және ым-ишара білдірмейді.

Қарым-қатынас мәселелерінің дамуы – қандайда бір әсермен пайда болады және отбасының психозардаптық ерекшеліктеріне әкелетін процестердің жиынтығы. Қарым-қатынас мәселесі дамуының нәтижесінен отбасында психозардаптық ерекшеліктер пайда болуының клиникалық талдуы бойынша даму кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

1. Ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл кезеңде пайда болады және анық қарым-қатынас мәселесіне айналады. Қанағаттандырылмаған қажеттілік жағдайының басқаға байланысты болуы және қарым-қатынастың мүмкін еместігі.

Бұл қарым-қатынас мәселесі индивид басқаға ойша қарайды, яғни серігіне ойша өтінішпен, талаппен, ым-ишарамен қарап, жауабын естиді. Бұл қарым-қатынас – анығырағы ойша тәжірибе жүргізудің нәттижесі серігі жайлы елестетуіне, оның жекелік психологиялық ерекшеліктеріне индивид қатынасына, сұранысқа қарай әрекет етуіне байланысты болады. Ойша тәжірибе жүргізу көбіне қарым-қатынас тосқауылы да болады. “Неге сен маған барлығын айтпадың?”, “Мен сені күледі деп ойладым” бұлар кейінірек пайда болатын диалог ойша қарым-қатынас пен оның мүмкін болған тосқауылдық ролінің мәнін анықтайды. Осы кезеңде жарым-жартылай қарым-қатынастың орнауы мүмкін, мысалы қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін жасалған қорқу немесе ұялғандағы әрееттер. Жоғарыда келтірілген “Ештеңе айтпаймын, бірақ наразы пішін білдіремін” деген мысал, тек қана (физический) өзінің шаршағандығының ғана емес, нақты жартылай ым-ишаралық қарым-қатынасты білдіреді.

Осылай немесе басқаша болсын бірінші кезеңнің қорытынсында отбасы мүшесі үшін маңызды қажеттілік (махаббатқа, симпатияға, жанашырлыққа, құрметке т.б.), одан берілген ақпарттың түсініксіздігі немесе мүлде берілмегендіктен қанағаттандырылмай қалады.

2. Бұзылған қарым-қатынасты түзету кезеңі. Қарым-қатынас мәселесі бұл кезеңде өз дамуында және “Әлсіз қанағаттанбаушылықтың” бастауы ретінде қалуы мүмкін. Дегенмен де оның ары қарай дамып кетуі де мүмкін. Оның мәні отбасы мүшелері өз қажеттіліктерін қарым-қатынасқа түсіруге тырысатындығында, бірақ оны тікелей айтуға, көрсетуге оның күші жетпейді, ол ашық сұраудың, талап теудің жолдарын іздейді. Назар аудару мен қамқорлыққа қажеттілікті сезінуші әйел, жодасының әрекетіне, мінезіне дегеніне, айтқанына жетпей қоймайды. Өз қассиеттерінің немесе отбасылық көзқарастарының ерекшеліктеріне байланысты, оның тек көңіл бөліп, назар аударуы мен қамқорлығына мұқтаж екендігін, мойындай алмайды. (ей, скажем, представляется, что такое признание может вызвать у муже чувство превосходства над ней, что было бы ей неприятно). Сондықтан ол қажет деген әрекетіне қарай, жақсы отбасында осылай болуы керек деген сияқты болымсыз себептермен айтқаны орындата бастайды. Мұндай тәсіл көбіне өз қажеттіліктерін ашық жеткізуге мүмкіндік береді және ақпарат жеткізіп әрекетті қажетіне қарай өзгертуіне қол жеткізеді.

Дәл сол уақытта жаңа мәселеде тууы мүмкін. Біріншіден отбасы мүшелерінің бір-бірі жайлы көзқарастарының бұрмалануы немесе бұзылуы. Жоғарыда келтірілген мысал бойынша өз әйелін қоршаған орта үшін отбасынгың беделін, абыройын маңызды орынға қояды деп есептей бастайды. Екіншіден нақты ақпарттық ресмилікке бүркемеленуінен (тасалануынан) болмыстың шындықпен сәйкес келмеуі мүмкін. Келтірілген мысалда күйеуі үшін таңданаралықтай жағдай болмауы мүмкін емес, себебі алдын әйелі үшін барлығы “ереже бойынша болуы ” оншалықты маңызды емес еді.

Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың бір-бірі жайлы көзқарстары бұзылады, соған сәйкес өзара түсінісуі де болады. 3. Әрекеттік қарым-қатынас кезеңі.

3. Жастардың некеге дейінгі өзара қарым қатынастарының олардың болашақта некелесіп, отбасылық өмір құруға даярлауға бағыттайтын қажетті фактор. Жастардың есейіп, әлеуметтік өмір тіршілігіне араласуы, мінез құлқын қалыптастырып, физиологиялық жағынан жетілуі, сезім эмоциясының қарқынды дамып, өздігінен тіршілік етуге ұмтылуының барлығы, оның жеке басының өсуін көрсететін факторлар.

Адамдардың қарым қатынасындағы құштарлық сезімі жастар өмірінде жаңа бір кезеңді бастайды. Қазіргі кезеңде некелесуге дейінгі мәселе жайлы жастар арасында әр түрлі көзқарастардың бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Жастардың некелесуге дейінгі қатынастарын білу және олардың болашақ бақытты отбасылық өмірі, неке оның бұзылу себептері жайлы көзқарастарымен танысу үшін, педагогикалық институттарда социологиялық зерттеу жүргізілді. Бұл мәселелер жөнінде зерттеу мәліметтері жастардың некелесуге дейінгі ұғымдарының әртүрлі екенін көрсетті. Олар:

Отбасылық бақыт бұл жас жұбайлардың бір бірін сыйлауы, олардағы махаббат, жұбайлық сезім, рухани байлық, өз өмірін жұбайы үшін қию міне сонда ғана берік, бұзылмайтын одақ болады, ал бала туу, оны тәрбиелеп өсіру жас отбасын одан әрі біріктіреді.

Бақытты отбасылық өмірді әркім өзінше түсінуі мүмкін. Біреулер экономикалық есеппен үйленуді мақсат етіп, барлық жағынан қамтамасыз етілген, (яғни жеңіл автомобиль, қымбат гарнитур, ыңғайлы пәтері бар, қазіргі модамен киінетін, институтта оқитын) адам табылса дейді. Біздіңше бақытты отбасылық өмір бұл ең алдымен келешекте бір бірімен өмір сүретін екі адамның бақытты болуы, тек бір бірін ғана емес, айналадағы адамдарды да сыйлай білу, барлық қиншылықтарды ұрыс керіссіз шешу, отбасылық өмірде жас жұбайлардың тең құқылы болуы.

Бұл мәселелер А.И.Крыловтың ертегісіндегідей (Аққу, шаян және шортан) сияқты. Аққу бұл жас отбасы, шаян ер баланың (күйеу) ата анасы, шортан қыздың (әйел) ата анасы, әрқайсысы өз жағына тартып, өздінше талап қояды. Осының нәтижесінде отбасы бұзылады.

Кейбір жастар неке жасына жетпей ақ үйленуге шешім қабылдайды. Олар ата аналарының,аға жолдастарының ақылын тыңдамайды, айтқандарына көнбейді. Он сегіз жаста оқу мен отбасы өмірін ұштастыру өте қиын бұл ұйқысыз ұзақ түн, жүйкенің тозуы, материалдық жағдайдың қиыншылығы. Осы ауырлықтардың барлығын жастар көтере алмайды, өзара қатынастары асқынады, конфликтілік жағдай туады. Ал мұның барлығы отбасының бұзылуына келіп соқтырады.

Некенің мызғымас берік болуының басты себептері: берік отбасын құруға тырысулары керек, рухани жақындық, яғни қасыңдағы адамды сезе білу, қиыншылық жағдайда бір біріне көмек көрсетуі тиіс, көзқарастарының, ниеттерінің, мінездерінің үйлесімді болуы керек, ізгілік, сенімділік, әдептілік жоғары мәдениеттіліктің белігісі.

4. Жас жеткіншек ұрпаққа неке дегеніміз не екендігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Неке отбасының заң жүзіндегі негізі, ер мен әйелдің өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құралатын одағы. Отбасы дегеніміз махаббат, достық, өзара құрмет сезімін біріктірген, ортақ шаруашылық ұстап, бір біріне материалдық және моральдық сүйеу бола білетін ер мен әйел адамның одағы. Некенің тұрақты болуы үшін, ерлі зайыптылардың өзара түсінушілігі маңызды роль атқарады. Некелесу үшін тек сезім жеткіліксіз. Ол алдымен некенің құқықтық негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялық даярлаудың болуы, үй ішінде тіршілікке қажетті тұрмыстық дағдыларды игеру, өмірге ұрпақ келтіріп, оны өсіріп, бағып қағып тәрбелей білу. Некеге дейінгі қатынас жастардың бірін бірі сүюіне, махаббатына байланысты, әрбір жас некеге психологиялық әлеуметтік жағынан дайын болуы керек.

С.Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» еңбегінде адамның дене мүшелерін атап өтті, соның ішінде жыныс мүшесінің ерекше қызметіне тоқталады: «Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан кейін бауыр, көкбауыр, сосын басқалары пайда болады. Барлығынан соң барып қимылға енетін жыныс мүшелері. Үстем күшінің мекені жүректе, қызмет етуші күштің мекені жыныс мүшелерінде»

Жас өсірімнің өсіп жетілу кезеңіндегі жыныстық ұғымдарын табиғи құбылыс деп тану қажет. Сол себепті ата аналар, мүғалімдер оларға күдікпен қарап, ол құбылысты әдепсіз деп түсінбеуі тиіс. Керісінше бойында жыныстық құштарлық жоқ «салқын» тартып өсіп келе жатқан ұл мен қызға бойында бір кемістік жоқпа екен деп күдіктене қарауымыз керек. Дегенмен адамда жыныстық қабілет туа біткенмен, ол адамның өзге қабеліттеріндей емес, кеш пісіп жетіледі, кеш өалыптасады. Жасөсіпірмдер жыныстық жағынан өсіп, пісіп жетіліп келе жатқан кезеңде оларға басшылық ету, әрине оңай емес. Қалай болған күндеде бозбалалық пен қызбалалықтың осы бір өтпелі кезеңі олардың өмірінде өшпес із қалдырады. Олардың есейіп, келешекте отбасы некелік өмірлері саналы да бақытты болу болмауы осы жасөсіпірім кезеңдерінде алған жыныстық трбиесінде, оның дұрыстығы мен бұрыстығына байланысты.

Қазіргі жастарға жыныстық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтардың арасында жүргізілетін жалпы идеолгиялық және тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол эстетикалық және рухани тәрбиемен тығыз байланысты. Себебі мұның өзі болашақ қоғамның құрылысшылары ретінде болашақ жастарды бақытты отбасы мен берік неке құруға қалыптастырады.



5. Кәмелетке толған жігіт пен қыз неке гигиенасының, тазалығының негізін білуі тиіс. Неке гигиенасы деген ұғымның аясы кең. Атап айтқанда неке гигиенасы дегеніміз ерлі зайыптылардың денсаулығын,олардың жыныстық жне қмірге ұрпақ келтіруге қабілеттілігін сақтауға, шыр етіп жарық дүниеге келетін нәрестенің аман болуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізі бар, профилактикалық шаралардың жиынтығы. Солардың ішінде әсіресе некелесуге тілек білдірген болашақ ерлі зайыптылардың жастары аса маңызды роль атқарады. Біздің елімізде 18 жасқа толғандардың барлығына некелесуге рұқсат етіледі. Өйткені осы жасқа келгенде ғана қыздар жыныстық жағынан жетіледі.

Кәмелетке толмай жатып жыныстық қатынасты ерте бастау, әсіресе бала көтеру ананыңда, дүниеге келетін перзенттің де денсаулығына үлкен зиян келеді. Оның үстіне өзі балалық дәуірден шықпай жатып, бала тапқан адамның оны дұрыс трбиелей қоюы да екі талай нәрсе. Жыныстық жағынан жетілмей тұрып бастаған жыныстық қарым қатынас тжас организмнің, психиканың даму, қалыптасу поцесіне зиянын тигізетіні, оның функциялық қабілеттерін жас кезде ғана емес, есейген кездеде әлсірететіні қазіргі кезде дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат деп білу керек. Әлі 18 ге толмағандардың жүкті болу және босану ерекшеліктерін зерттеген кезде, толысқан әйелдер мен салыстырғанда олардың түсіктің жиі тастап, баланы шала туатыны, жүктілік токсикозы мен толғақтың әлсіздігі жиі байқалатыны анықталды.



Бақылау сұрақтары:

1. Отбасындағы өзара түсінісбеушіліктің негізгі белгілері?

2. Отбасылық қарым-қатынас жұмыстарындағы қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдер?

3. Қарым-қатынас процесін зерттеу барысындағы тренингтік әдістемелер?

4. Қарым-қатынас мәселелері?

5. Қарым-қатынастағы тосқауыл дегеніміз не?

6. Бұзылған қарым-қатынастарды түзету кезеңі?
17 лекция

Отбасылық диагностика әдістері. Отбасын зерттеу және оның бұзылыстар диагностикасы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Отбасылық диагноз. Отбасылық психотерапия.

2. Жүйелі отбасы психотерапиясы;

3. Стратегиялық отбасы психотерапиясы;

4. Отбасы жайлы ақпарат алудың диагностикалық мәселелері.
Мақсаты: Отбасын зерттеп оған диагноз қою, отбасын зерттеу міндеттерімен, отбасылық психотерапиялық жұмыстармен таныстыру.
Лекция мәтіні:

1. Отбасын зерттеудің басты мақсаты, біріншіден отбасылық диагноз қою, яғни отбасылық тіршілік әрекетіндегі, оның бір немесе бірнеше мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыс сақталуын анықтау, екіншіден отбасылық және оның мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыстарының коорекциясына қажетті психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Отбасын зерттеу міндеттері өте күрделі. Бұл мынадай жағдайлармен қамтамасыз етіледі:

1. Отбасының әлеуметтік-психологиялық жүйе ретіндегі күрделілігі. Отбасында көптеген қарым-қатынас пен өзара байланыстар болады. Осы қатынастардың қалыптасуында отбасы мүшелерінің жекелік ерекшеліктерінің бірқатарлары, отбасының әлеуметтік ортасы, әдет-ғұрпы, дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық жағдайы т.б. жүзеге асады.

2. Отбасы мәселесіне бірде-бір тәсіл, оның мәні мен құрылымы жайлы бірде-бір түсініктің болмауы. Әзірге отбасын зерттеу үшін теоретикалық базис ролін атқаратын ешқандай теория жоқ. Ал бұның орнына отбасы психотерапия мәселесіне әртүрлі бағыттар, ағымдардағы салыстырмалы тәсілдердегі көптеген мектептер бар.

3. Отбасы психотерапиясының зерттеу тақырыптары – отбасы, отбасының әлеуметтік орта аумағы, бірлескен тәжірибенің едәуір әсерін сезінетін пікірлер мен әлеуметтік стереотиптер әсерімен бейімделген пікірлер. Әрбір адамның өзіндік отбасылық тәжірибесі болады және отбасылық қарым-қатынасты түсінуі үшін бірден-бір дұрыс үлгі деп есептейді.

4. Отбасында болған көптеген оқиғалардың құпиялылығы (сырлы болуы), сондай-ақ олардың өзгермелілігі, айқын нұсқасының болмауы отбасын зерттеуін қиындатады.

Бұның барлығы зерттелуші отбасы алдына күрделі міндеттерді қояды.

Бұл міндеттерді 3 топқа бөлуге болады:

1) Отбасы психотерапиясына көрінген мәселелер, яғни бірқатар сұрақтарды шешу, нервтік-психикалық бұзылыстар себебін зерттеуде отабасына жолығу қажет пе?

2) Нервтік-психикалық бұзылыстың пайда болуымен дамуында қандайда бір рольді атқаратын отбасылық зерттеу жүйесі;

3) Отбасы жайында қажетті мәлімет алудың әдістері мен жолдары

Отбасылық психотерапияға мәселесі. Нервтік-психикалық бұзылысы бар индивидті тексеруші дәрігер немесе психолог бірінші кезекте, дәл сол жағдайда отбасылық психотерапия



2. Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері – Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды. Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы терапиясындағы мәнді терапевттік бағыт жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.

Отбасы бұл бағытта бүтін жүйе деңгейінде қарастырылып, эволюциялық қалыптасқан байланысты сақтауға арналады. Отбасы барлық даму кезеңдерінде заңды дағдарыстан (некеге отыру, отбасынан бөлініп шығу, жүктілік, баланың өмірге келуі, баланың бала-бақша, мектеп мекемесіне баруы, мектеп бітіріп, өмірге өз таңдауын жасауы, ата-анасынан бөлініп шығуы, ата-анасының зейнеткерлікке шығуы) өтеді. Отбасы осындай кезеңдерде жаңа мәселелерді бұрынғыдай шеше алмайтын қабілет көрсетіп, бейімделу әрекетін күрделендіру қажеттігін түсінеді. Жүйелі отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары төмендегідей көрінеді:

1. Психотерапевттің отбасымен бірігуі, отбасы құрылымында ұсынылған ролге қосылу;

2. Психотерапевттік тапсырысты құрастыру;

3. Отбасылық қатынасты қайта құру;

4. Психотерапияны қорытындылау және бөліну;

Мара Сельвини – Плаццоли жұмысқа мынадай ұстаным енгізді, терапевт құрамы отбасымен жұмыс жүргізіп жатқанда, келесі тобы бір жақты – мөлдір әйнектен олардың әрекетін бақылап отыруы қажеттігін түсіндірді. Отбасының барлығы бірлі жарым жағдайда ғана кездесуге түгелдей қатысуы кездесетінін айта кетіп, айына бір мәрте кездесуге келісу және барлығы көп дегенде он реттен аспауы қажеттігін ұсынды. Оның әдістері қысқа әрі тұтқиылдан болды, ол әдістерді күтпеген жағдайларды өзгерткге шешуші қимыл болып табылатын тұстарды көре білді. Кездейсоқ тапсырмалар (басқаша айтқанда өзгермеушілік белгілер) өте тыңғылықты отбасындағы қалыптасқан қиялы және тоқталған ережелерді қарама-қайшы деңгейі ескеріліп, отбасы мүшелерінің барлығы қатысуына қажетті қимылдар қарастырылады.

3. Отбасы терапиясында бұл бағытты “мәселені шешуші”, “қысқа” негізі мәселе шешу әдістері деп аталады. Бұл бағыттағы танымал тұлғалар – Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевттер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар адаруды жөн көреді. Бұл бағыт 1970 жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алып қарастырды. Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша әдістердің әсері және клиенттің ұсынғандарының барлығын қабылдау болып табылады. Стратегиялық ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс, оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді. Стратегиялық терапевттер мәселеге тұрақтылық береін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзара қимылды қолдау арқылы, мәселеге негізделген мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады. Стратегиялық терапевттердің көбі қалыпты отбасы қызметі – деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.

5. Мәліметтерді жинау мен қолдану. Психологтар өз кәсіби қызметтерін жүзеге асыруда клиенттің құқығын сақтап құпиялылыққа мұқият көңіл бөлу қажет. Талап етілген әрекеттерді орындауға қажетті ақпаратты психологтан клиенттің рұхсатымен алынады.

Психолгогтардың кәсіби бақылау нәтижесінде алған клиент жайлы мәліметтерді,олардың кәсіби құқұғымен міндеті ретінде кәсіби сақтауға тиісті сырлары,құқығы болып табылады. Мұндай мәліметтер тек қана клиенттің рұхсатымен жарияланады психолгогтар ақпаратқа,яғни клиент жайлы мәліметтерге қатысты бұл ережені басқада қызматтерінің сақтауына назар аудару қажет.

Егер зерттеу немесе психологтың зерттеуге қатысуы зерттелінушінің өзінің емес басқа адамдардың (өреші,білім министірлігі органдарының өкілдері, ата-аналары немесе қамқоршысы т.б.) Бастамасымен жүзеге асатын болса,онда оның ата-анасы немесе қамқоршысы психологтың зерттеуге қатысатынынан және психологтың зерттеу нәтижесінің есебі кімге жіберілетінінен хабардар болу қажет. Зерттелінуші психологқа немесе өзіне қатысты қауіпті болмаған жағдайда зерттеу нәтижесін білуге құқылы. Мекемелер немесе ұйымдар сұранысымен жүргізілген нсихологиялық зерттеу нәтижелері де,психологиялық этикалық талаптарда көрсетілген бөлімдердегі талаптар бойынша таратылады. Психолог сияқты сұраныспен келген ұйымдар құпиялылықты сақтауға және зерттеу мақсатына сәйкес өз іс-әрекеттеріне шектеу қойп қолданылу шарт.

Қажетті мәліметтерді; яғни клиентті тануға мүмкіндік беретін ақпараттар жоспарлау, еңбек ресурстарын бағалау мақсатында талап етілген жағдайда,аса қажет болғанда ғана беріледі.

Ауызша жазбаша,аудиовицуалды және басқа жарияланғандар клиникалық жағдайда білім беру және ғылыми мақсатта көрсетілуші адамды,топты немесе ұйымды танымайтындай дәрежеде иллюстрациялау қажет. Егер мұндай танылу мүмкіндігі болатын болса клиенттің рұхсатын алу қажет психологиялық мәліметтердің ақпараттар қоры(сұрақ жауап,тесттер нәтижелері т.б) жазбаша немесе электронды түрде, савқталған жерге бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып сақтау жауапкершілігі жеке психологқа тапсырылады.

Психологтың кәсіби іс-әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті емес студенттер неммесе практиканттар сияқты үшінші адам тек клиенттің рұхсатымен ішке кіргізіледі.

Психологтың зерттеу нәтижесі жайлы берген есебі,түсінікті,анық,ашық болуы керек.

Клиент қандай да бір қоғамдық ұйым өкілі немесе басқа адам болсада ол жоғалып немесе өмірден өтіп кетсе психолог ол жайлы мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.



Бақылау сұрақтары:

1. Отбасын зерттеудегі басты мақсат?

2. Отбасын зерттеу міндеттері?

3. Отбасының әлеуметтік-психологиялық жүйе ретіндегі күрделілігі?

4. Отбасы психотерапиясының зерттеу тақырыптары?

5. Отбасында болған оқиғалардың құпиялылығы?


ІV тарау ОТБАСЫН ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
18 лекция

Отбасы татулығы бағдарламасы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет